Материалдар / Семинар «Ерекше балаға ерекше қамқорлық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар «Ерекше балаға ерекше қамқорлық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ерекше білімді қажет ететін педагогтармен,мамандармен және медбикелермен өткізілген семинар берілген.Бұл психологтарға,әдіскерлерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
978
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Атырау қаласы

«Зейнеп-Амина және балапандар» бөбекжай-балабақшасы

Психолог, Бекбаулиева Гулмира Өмірханқызы




«Ерекше балаға ерекше қамқорлық» семинар


Мақсаты:  Ерекше балалармен қызмет етеін педагогтармен өзара қарым-қатынасын жақсарту. Орталық өміріне етене араласу, педагог мамандармен тығыз қарым-қатынаста болу, психологиялық кеңестер беру, ағарту жұмыстарын жүргізу.


Семинар жоспары:

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
«Мейірімді жануар»ойын жаттығу.

«Карусель» ойыны. 

Ой қозғау. «Ерекше балаға ерекше көзқарас»

«Бірігіп ән салу» жаттығуы.

Психологиялық кеңестер, пікір алмасулар.

Қорытынды бөлім. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...


1.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл-күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. Тілек соңында, қыстырылған шоколадтарды ұсынып, «Өміріңіз осындай тәтті болсын» деген лебізбен аяқтайды.Сергіту – жаттығуы 2.«Мейірімді жануар»

Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын.Шеңбер жасап бір – бірімізге иық тіресіп, қолдарыңыздан ұстаңыздар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап дем аламыз. Бір қадам артқа аттап дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда.

Екі топқа бөлініп, бір қатарға сап түзеп тұрыңыздар.

1- топ азанғы ауысым, 2- топ түскі ауысым.

Жарыс ретінде өтеді. Барлық тапсырманы біз үнсіз, жасауымыз керек. Мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылуымыз керек.

1.тапсырма: бой – бойларыңызбен тұрыңыздар.

2.Тапсырма туылған күндеріңіз бойынша тұрыңыздар.1- қаңтар басында,

31- желтоқсан соңында.

3.Тапсырма топтарыңыз бойынша сәби топ басында, ересек топ соңында.

4.Тапсырма: жастарыңызға байланысты жасы кішілер алдында, жасы үлкендер саптың соңында

Ойын аяқталды. Рахмет. (қай топ жылдам әрі тез марапаттау)

3.«Карусель» ойыны. 

Топ мүшелері екіге бөлінеді.1- топ ішкі, 2- топ сыртқы болып екі шеңбер жасайды.

Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады. Жетекшінің белгісі бойынша тоқтайды. Бір – біріне қарыс келген екі ойыншы жұп құрайды. 2- минут ішінде жай әуеннің ырғағымен әңгімелеседі.Мүмкіндігінше бір – бірінің бұрын соңды білмейтін жақтарын айту. Уақыт біткен соң кезекпен таныстырады.

Талқылау.

Сізге қиын болған жоқ па?

Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезім пайда болды?

Қанекей, бір-бірімізді арқадан қағып қояйық.

4.«Бірігіп ән салу» жаттығуы.

Топтың мүшелері бір – бірінің қолынан ұстап дөңгелене тұрады. Ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірте дөңгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысулары керек.Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі.

Ой қозғау. «Ерекше балаға ерекше көзқарас» дәрігерлер, мамандар, тәрбиешілер, ата-аналар арасында.

1.Өмірде нені қатты бағалайсыз?

2.Ерекше бала үшін не істей аламыз?

3.Ерекше балаға ерекше көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?

4.Сіздің өмірдегі ең маңызды қадамыңыз? (тақырып аясындағы қадамы)

5.Мамандар ата-аналардан, ата-аналар мамандардан не күтеді?

6.Ерекше баланың жеке тұлға болып қалыптасуына қалай көмектесер едіңіз? Сіз ата-ана? Маман сіз не дейсіз?

7.Орталық пен отбасы арасындағы байланыс қаншалықты деңгейде болу керек деп ойлайсыз? Осы байланыс бүгінгі шарада байқалды ма?

8.Әр адам не үшін өмір сүреді?

Рефлексия «Өз әсерлерімен бөлісу»

Бүгінгі кездесуден өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар?

Сіздерге не ұнады, не ұнамады?

Кездесуден алған әсерлеріңіз қандай?

Құрметті педагогтар,мамандар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты

Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ол - ағаш.   Олай болса, сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңгегі ме, әлде жапырағы ма?Педагогтарға ағаштың діңі, тамыры, жапырағы салынған суреттер ұсынылады. Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңгек суреттерін таңдап алады.

Педагог: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік деп есептеуге болады, яғни таңдауы бір кісілердің бір-бірімен ұқсастық қасиеттері бар деген сөз.

Тамыр таңдағандар - істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар - берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар - сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.     

Енді мына үлкен қағазға «тамыр тобынан» бір кісі шығып тамырды, «діңгек тобынан» - бір кісі шығып діңгек пен бұтақтарын, «жапырақ тобынан» бір кісі шығып жапырақтың суретін саламыз. (баяу әуенмен). Міне, біздің үлкен саялы ағашымыз пайда болды, олай болса орталықмамандар бір-біріңізге деген жүректен шыққан тілектеріңізді «тамыр тобы» – тамырға, «діңгек тобы» – діңгекке, «жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар.       

       Педагог: Осы ағаштың тамыры – ата- аналар, діңгегі мен бұтағы – арнаулы білім мамандары, балаларымыз жапырақтары. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс берді. Олай болса, балаларымызды аялап, бір-бірімізге қолдау көрсетіп бірігіп жұмыс жасайық. Бүгінгі «Ерекше балаға ерекше қамқорлық» тақырыбындағы бас қосуымызға қатысып, ой бөлісіп, пікір алысып белсенділік таңытқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!