Материалдар / Шеңбер.Дөңгелек 5-сынып ашық сабақ

Шеңбер.Дөңгелек 5-сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Авторы:
16 Қазан 2018
2911
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4.С

Диаграмма бөлімі

Күні:

Сынып: 5

Мектеп: № 228

Мұғалімнің аты – жөні: Абенова Нурайм

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

5.4. Шеңбер. Дөңгелек.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу мақсаттарына сілтеме)

5.3.1.2. Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3. циркульдің көмегімен шеңберді салу

Сабақтың мақсаты


1. Шеңбердің, дөңгелектің және олардың элементтерінің (шеңбердің центрі, радиус, диаметр, доға) анықтамасын біледі;

2.Циркульдің көмегімен шеңбер салады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

1. Шеңбердің, дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр) анықтамасынын біледі.

2. Шеңбердің, дөңгелектің центрін, радиусын, диаметрін белгілейді.

3.Циркульдің көмегімен салынған шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды;

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

Шеңбер; дөңгелек; шеңбердің центрі, дөңгелектің центрі; жарты шеңбер, жарты дөңгелек; радиус; диаметр; шеңбердің доғасы;

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер:

-берілген нүктеден (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан жазықтықтағы нүктелер жиыны;

-шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді;

-шеңбердің центрі арқылы өтетін және екі нүктесін қосатын кесінді;

-дөңгелектің екі радиуспен шектелген бөлігі;

Құндылықтарға баулу

1. Индустрия мен инновацияға негізделген экономикалық өсу.

2.Тарих, мәдениет, тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

1. 4-сынып еңбекке баулу: дөңгелек, фигуралар

2. дүниетану: Күн жүйесі

Алдыңғы білім


4- сынып. Математика пәні: Шеңбер, дөңгелек

4-сынып еңбекке баулу: панно жасау, дизайн туралы түсінік



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


4-5 минут

















1минут

Ұжымдық жұмыс

«Айырмашылығы неде?» ширату жаттығуы

Ашық сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогке тарту

1.Қоршаған ортада шеңбер мен дөңгелекке қандай мысал келтіруге болады?

2.Шеңбер мен дөңгелектің бір- бірінен айырмашылығы неде?

Топқа бөлу (гендерлік топ)

I топ «Шаңырақ» қыздар тобы

II топ «Сақина» қыздар тобы

III топ «Дөңгелек» ұлдар тобы

IV топ «Тиындар» ұлдар тобы

«Stop кадр» оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына арналған ашық сұрақтар

1.Жеңіл машина мен жүк көлігінің дөңгелектері неге әр түрлі? Неге үлкен, неге кіші?

2. Трактордың алдыңғы дөңгелегі неліктен тез тозады?

Бағалау

Өз ойын нақты жеткізе білген оқушыларды смайликтермен бағалау,

«Менің түйгенім» парағы арқылы кері байланыс алу. Әр оқушыға бір-бір парақ таратылады. Сабақтың әр кезеңінде өз түсінгендерін қорытындылап отырады

кезең

Ұжымдық жұмыс

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

жеке жұмыс

Менің түйгенім








Шаңырақ,

сақина, теңге, дөңгелектің суреттері




АКТ машинаның суреттері


смайликтер

Сабақтың ортасы







10-13 минут











1-2минут


15-16 мин









Жаңа тақырып: Шеңбер. Дөңгелек.

Оқушыларды өзімнен қол созым арақашықтыққа орналастырып, олармен бірге қандай фигура жасағанымызды талқылау. Әр оқушыны еден жазықтығының қандай да бір нүктесі деп қарастырып, олардың әрқайсысы мұғалімнен (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан деген тұжырым жасау. Алынған шеңбердің радиусының, диаметрінің, доғасының анықтамасын қорытындылау үшін салыстыру мен салғастыруға арналған графикалық органайзер бойынша топтарға тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс

I топ: Венн диаграммасы бойынша дөңгелектің шеңберден өзгешелігі неде екенін ажыратады.

II топ: Квадранттар бойынша анықтамалар арасындағы өзара байланысты көрсетеді.Киіз үйдің элементтерінен мысал келтіреді.

III топ: Денотатты граф әдісін қолданып доғаның белгіленуін, ерекшелігін сипаттайды.

IV топ: “Борт журналы” тәсілі бойынша тарихи мәліметтерден бұрыннан білетінін, жаңадан білгенін, болжамдар мен тың ақпараттар туралы кестені толтырады.

Бағалау

Топтар бірін- бірі номинациямен бағалайды. Кері байланыс парағы толтырылады.

Ақпараттпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәсілдері

Жұптық жұмыс

IDEAL тәсілін қолданып жұптасып есептер шығару

I –тақырыбы D- сипаттау E- шешу жолы A- әрекет L- жауабы

А.№1255

В.№1263

С.№1270 есептері бойынша шеңберге, дөңгелекке тиісті, тиісті емес нүктелерді анықтайды.

А.№1257

В.№1264 Айдың, Жердің, Юпитердің диаметрі бойынша радиусын табуға берілген есептерді шығарады.

А.№1256

В.№1265 центрі мен радиусы бойынша циркулді пайдаланып шеңберді салады

Бағалау

Жұптар бірін- бірі бағдаршам бойынша бағалайды. Кері байланыс парағы толтырылады









А-3 қағазы

Маркерлер

Таратпа материалдар




Кесте









Сызба



Ай, Жер, Юпитердің суреті


Циркуль, қалам, өшіргіш, сызғыш

Сабақтың соңы

5-6 минут



2 минут


Қорытынды: жеке жұмыс жүргізу үшін оқушыларға интербелсенді тақтадан “Элективті тест” ұсыну. Жылдам жауап берген оқушыларды «бас бармақ» арқылы бағалаймын. Кері байланыс парағы толтырылады

Үйге тапсырма: Ауди машинасының символы, олимпиада символы, жанұя символы туралы мәліметтер жинақтау

А,В,С, Д,Е жетондары






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

«Тапсырма» оқушыларға күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын деңгейлік тапсырмалар беру.

1. Шеңбер, дөңгелек тақырыбына жоспарланған 2 сағаттың 1- сағатына арналады.

2.Сыни ойлауды дамыту үшін сабақтың басында оқушыларды диалогке тарту мақсатында «Айырмашылығы неде?» ширату жаттығуы жоспарланды.

3. Оқушыларды жауабын ескеріп, гендерлік топқа бөлу; «қыздар», «ұлдар» тобы

4.Жаңа тақырыпты түсіну үшін салыстыру мен салғастыруға арналған графикалық органайзер бойынша топтарға тапсырмалар беру.

5.Жұптық жұмыста оқушылар IDEAL қадамдарын сақтау қадағаланды.

6. Қорытындылау үшін “Элективті тест” жүргізілді.

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

1.Оқушылардың ашық сұрақтарға берген жауаптарына байланысты смайлик арқылы бағалау

2. Топтар бірін- бірі «номинациямен» бағалайды.

3. Жұптар бірін- бірі «бағдаршам» бойынша бағалайды.

4. Жеке жұмыста «бас бармақ» арқылы бағалайды

5. Сабақтың әр кезеңінде өз түсінгендерін қорытындылап отыру мақсатында «Менің түйгенім» парағы арқылы кері байланыс алу. Әр оқушыға бір-бір парақ таратылады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтауы керек екендігін ескертемін



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі