Материалдар / Шерхан Мұртаза "Бала Тұрар бейнесі 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шерхан Мұртаза "Бала Тұрар бейнесі 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала Тұрар бейнесі жайлы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1148
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Бала Тұрар бейнесі

Жалпы мақсат:

Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.

Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы - оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.

Мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын, сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.
Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

6-сыныпқа арналған оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ойды жеткізуде нақты және жүйелі сөйлеуге үйренеді.

Диалог кезінде өзгенің пікірін құрметтеп, өз пікірлерін мәнерлі,дәлелді жеткізуге дағдыланады Тапсырмаларды постермен қорғау арқылы жетілдіру.Тапсырмаға қарай оқушыларға өз ойларын ашық айту арқылы анық сөйлету.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Тақырып бойынша сызбалар, бағалау, бетшесі, кеспе қағаздар

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Күн шуағы» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІShape1

драматург

. Топтастыру

Shape2

Шерхан Мұртаза кім?

Shape3

жазушы

Shape4 Shape5




Shape6 Shape7

Shape8

Қоғам қайраткері

Shape9

Аударма





шы








ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)


1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?

2. Романның «Тұтқын бала»тарауында кім, не туралы айтылған?

3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?

4. Осы тараудағы басты – басты оқиғаларды атаңдар?

5. Рысқұл не сабепті Тұрарды қасына алдырды?

6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?

7. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?

8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?

9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?

10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?

11. Бронников қандай адам?

12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй кешті?

13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?

14. Тұрар мектепке қалай барды?

15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?

16. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?

17. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?

18. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?

19. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?

20. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді?

ІІІ. Жаңа тақырып

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін:


1 топ: Әдебиетшілер

2 топ: Тарихшылар

3 топ: Зерттеушілер


І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме беру.

  1. Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ...Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме » деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.

( әке-шешеге қамқор)

  1. Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қоранын ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.

(еңбекқор)

  1. Бала өте сезімтал –тын. Бір ауыз жылы сөзден іші- бауыры езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.

(сезімтал)

  1. Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!

(намысшылдық)

  1. Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.

(қабілетті, зерек, алғыр)


ІІ. Тұрардың прототипі-Тұрар Рысқұлов.


ІІІ.Топтық жұмыс


1 топ: Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар құру.

Shape10 Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы

Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы

Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы

Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі

Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы

Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі


2 топ: Тарихшылар


Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.

3 топ: Зерттеушілер

Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.

1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы

2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі

ІV. Тұжырым кестесі

Топтар

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері

Әдебиетшілер

Приходько



Тарихшылар

Бронников



Зерттеушілер

И.Владимирович



V.Венн диаграмма.

Өмір әділетсіздігін сезеді,

Күресуге дәрмен жоқ.

Пікір күнделігі.

IV.Шығарма

шылық жұмыс

Тест.

1. Тұрар кім?

а) ақын

ә) қоғам қайраткері

б) жазушы

2. Рысқұлдың Тұрарды қасына алдыруының себебі неде?

а) сағыну

ә) жау кегінен сақтану

б) науқастану


3. Тұрар оқу мен жазуды кімнен үйренеді?

а) әкесінен

ә) Иван Владимировичтен

б) Наташадан

4. Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері?

а) көке, ауыл, сағыныш

ә) қызыл жебе, Аспара, әке

б) қызыл жебе, көке, Аспара

5. Тұрар кімге көмекші болды?

а) Семашко

ә) Айбаров

б) Бронников

6. Ұзын бойлы, кең иықты, сары шашын жел ыратқан , жирен сақалды, ак жарқын адам? Кімнің портреті?

а) Аркаша

ә) Семашко

б) Бронников

7. Шығармадағы Салиха кім?

а) Тұрардың анасы

ә) Қырғызбайдың кемпірі

б) Мұғалім

8. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлерді ата?

а) Атамырза, Аркаша, Надзиратель

ә) Қырғызбай, Бронников, Рысқұл

б) Рысқұл, Семашко, Атамырза

9. Тұрар мен әкесі Рысқұл туралы жазылған шығарманы кқрсет?

а) «Жаңа достар»

ә) «Қараш- қараш оқиғасы»

б) «Ақырғы бәйге»

10. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы?

а) Рысқұлов

ә) Айдаров

б) Қырғызбаев

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ойтолғау жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!