2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Шерхан Мұртаза мұрасы Ғылыми жоба

Шерхан Мұртаза мұрасы Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба толық
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылы

5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы

Шерхан Мұртаза мұралары

Дайындаған: 10 сынып білім алушысы

Тасқара Ай Досқызы

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеген Гүлнар Сәбитқызы

5 Ақарал жалпы орта білім беретін

мектеп- гимназиясы



Аннотация

«Шерхан Мұртаза мұралары» қазақ әдебиетінің алтын қорына енген шығармалардан тұрады. Оның шығармалары қоғамдық мәселелерді, адам тағдырын, ұлт болмысын кеңінен қамтиды. Жазушының "Ай мен Айша", "Қызыл жебе", "Шыңғысхан", "Томирис" сияқты романдары тарихи және қазіргі заманғы тақырыптарды терең зерттеп, оқырманды ойлануға мәжбүр етеді. Шерхан Мұртаза өз шығармаларында қазақ халқының тарихи тұлғаларын, олардың өмірі мен күрестерін бейнелей отырып, сол заманның әлеуметтік және саяси жағдайларын да ашып көрсетеді. Әсіресе, оның тұлғалық ерекшеліктері мен шығармадағы реалистік сипаттар ұлттық әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқан.



Аннотация

«Наследие Шерхана Муртазы» включает в себя произведения, которые заняли важное место в казахской литературе. Писатель поднимает актуальные социальные проблемы, исследует человеческие судьбы и образ народа. Его романы, такие как "Ай и Айша", "Красная стрела", "Чингисхан", "Томирис", охватывают как историческую, так и современную тематику, заставляя читателя задуматься. Муртаза мастерски передает характеры исторических личностей, их борьбу и жизненный путь, раскрывая при этом социально-политическую обстановку своего времени. Литературный стиль Шерхана Муртазы отличается реализмом и глубиной, что принесло ему признание и уважение как в Казахстане, так и за его пределами.



Annotation

«The legacy of Sherkhan Murtaza» is an important part of Kazakh literature. His works address social issues, the fate of individuals, and the essence of the Kazakh nation. Novels like "Ai and Aisha," "The Red Arrow," "Genghis Khan," and "Tomyris" explore both historical and contemporary themes, challenging readers to reflect deeply. Murtaza skillfully portrays historical figures, their struggles, and their life stories, while also shedding light on the social and political environment of the time. His writing style is realistic and profound, contributing significantly to the development of national literature and earning recognition both within Kazakhstan and internationally.





























ПІКІР

Ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының оқитын тіліне, жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Екі жыл көлемінде істелген іс ауқымды болды. Жинақталған материалдар үнемі зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды. Ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды. Аты әлемге әйгілі Шерхан атамыздың тырнақалды туындылары өз алды зерттелді. Ол үшін ең алдымен Шерхан бүгінде әдебиетке жанашыр ұрпақтары туралы сөз еттік. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалды. Сыныптастарына Шерханның әңгіме жинақтарын отырып шығармаларын әрі қарай тереңірек оқу ұсынылды.

Ай еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.



Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. Төлеген









Мақсаты:

Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін зерттеу, жазушының қоғамдық, әлеуметтік және тарихи мәселелерді қалай көтергенін анықтау. Жоба аясында оның шығармаларындағы басты тақырыптар, идеялар мен шығармашылық стилі талданып, қазіргі қоғам үшін мәні мен маңызы ашылады.



Міндеттері:

1. Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасын зерттеу: жазушының ең танымал шығармаларын (мысалы, "Ай мен Айша", "Қызыл жебе", "Шыңғысхан", "Томирис") және оларда көтерілген басты мәселелерді талдау.

2. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы адамгершілік, ұлттық құндылықтар, тарихи сананың рөлі туралы идеяларды анықтап, олардың қазіргі қоғаммен байланысын қарастыру.

3. Мұртазаның шығармашылық жолын, оның әдеби стильіндегі ерекшеліктерді зерттеу.





Жаңашылдығы:

1. Жоба Шерхан Мұртазаның шығармаларының қазіргі қоғамдағы маңыздылығын жаңа көзқарастармен, заманауи әлеуметтік контекстте талдайды.

2. Жазушының шығармаларының көпқырлы аспектілерін, оның ішінде философиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастыру арқылы тың зерттеу жүргізу.

3. Әдебиеттану ғылымында Шерхан Мұртазаның шығармашылығына қатысты жаңа тұжырымдар мен пікірлердің қалыптасуына ықпал ету.

4. Шерхан Мұртазаның шығармаларындағы ұлттық мұра, тарихи сананың қалыптасуы мәселелерін бүгінгі күннің сұраныстары тұрғысынан зерттеу.



Өзектілігі

1. Ұлттық мұра мен тарихты жаңаша түсіну: Шерхан Мұртаза шығармалары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тануда маңызды орын алады. Бұл жобаның өзектілігі қазақ халқының тарихи тұлғалары мен оқиғаларын қазіргі заман талабына сай қайта қарастыруды қажет ететіндігінде.

2. Қоғамдық өзгерістер мен ұлттық сананың қалыптасуы: Шерхан Мұртазаның шығармалары қоғамның ішкі келбетін, әлеуметтік және саяси мәселелерін терең талқылайды. Осы тұрғыдан алғанда, жазушының шығармашылығын зерттеу қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді зерделеу үшін маңызды болып табылады.

3. Әдебиеттің жас ұрпаққа ықпалы: Шерхан Мұртазаның шығармаларының жастарға тигізетін тәрбиелік маңызы зор. Оның шығармалары арқылы жастарға адамгершілік, ұлттық сананы дамыту, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті ояту идеяларын насихаттауға болады.

4. Шерхан Мұртаза шығармаларының заманауи әдебиеттегі орны: Жазушының шығармаларын заманауи әдебиеттің аясында қайта қарау арқылы оның қазақ әдебиетіндегі орнын, әдебиетте алған ерекше орны мен жаңашылдықтарын зерттеу бүгінгі таңда өте өзекті.









Кіріспе

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992)

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955).

1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы.

1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі.

1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы.

ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты.

1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда.1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.

Шығармалары

Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. «41-ші жыл келіні», «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл садақ» романдарының; «Сталинге хат», «Бесеудіңхаты», «Бесінші бұрыш» пьесаларының авторы.

Аудармалары

Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді (1982). Ш. Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне аударды.

Марапаттары

«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны.

Шерхан 1956 жылы күз айынан бастап «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа кіріседі. Жастар редакциясында алғашқы кезде Мәскеуден келген ТАСС хабарларын орысшадан қазақшаға аударып, аудармашы болып жүреді. «Лениншіл жас» газеті беттерінде «Ихсан ханым», «Білеміз» (корей ертегілерінен), «Москва Октябрь күндерінде», «Ғажап күзетші» т.б. аудармалары жарияланды. Шерханның алғаш журналистік қабілетқарымының ашылуына бірден-бір себепкер болған адам талғамды журналист Тельман Жанұзақов еді. Жастар басылымында жүргенде: «Үнемі аудармамен айналыссаң құрисың, кішкентай да болса, өз жазғаныңның жарық көргені жақсы» деген. Журналист Тельман Жанұзақовтың қамқорлық ақылынан кейін, одан-бұдан хабар-ошар, суреттеме, корреспонденция, мақала, очерк жазуға бейімделе бастады.

1957 жылы Шерхан «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі болған күннен бастап қайнаған өмірдің қалың ортасында жүрді. Еңбекші халықтың өмірін, ұлтымыздың мұңмұқтажын ерте зерттеп, көкейге түйген ойлары мыңдардың көкейіне ұялап жатты. Осы орайда жазушы Тахауи Ахтановтың Шерхан туралы жазған мына бір естелігін сөзімізге дәйек ретінде алғанды жөн көрдік: «Шерхан Мұртазаевпен 1957 жылы Қарағанды қаласында таныстым, «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыға жуырда келген тілшісі, жиырмадан жаңа асқан жас жігітпен жиі кездесіп, әңгімелесіп жүрдім. Шымыр танау, пісте мұрынды, ат жақты қараторы жігіт жастығына қарамай тым салмақты көрінді… Шерхан да жастайынан қайнаған өмірдің қалың ортасында болды. Көтерілген тың, Қарағандыда салынып жатқан алып Магнитка Шерханның көп аралап, көзі ғана емес, көңілі қаныққан дүниелері. Жазушы жолының газеттен басталуы да – өзеннің құнарлы бұлақтан басталғаны іспетті» — деп жазады.

Ш. Мұртаза «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі бола жүріп, Қарағанды Металлургия алыбының құрылысындағы жаңалықтарды, ерен еңбек үстіндегі ерлерді көрді. Қазақстан магниткасындағы жетпіс метрлік домнаның ұшар басына темір сатымен көтеріліп, талай мәрте мартен пешінің алқымына үңіліп, отты болат тасқынын тамашалаған сәттері болды. «Теміртаудағы металлургия алыбының іргетасы қаланғанын өз көзіммен көрдім. Талай-талай шахталардың астына түстім» — деп Шерханның ой қозғауының өзі публицистикалық туындыларын жазбас бұрын өмірдегі бар құбылысты көзбен көріп, електен өткізіп, нәтижесінде, көңілі қаныққан дүниелерін баспасөзге жариялап отырғанын көрсетеді. Жас жазушының алғашқы әңгімелері «Әңгелек», «Әмеңгер» жазылып, жарыққа шықты.

Жазушы өміріндегі ең елеулі кезең 1956-1969 жылдар аралығын қамтыса, 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы қызметін атқара жүріп, еңбек адамдарының өмірінен көптеген әлеуметтік, портрет очерктерін, өндіріс тақырыбындағы проблемалық мақалаларын жазды. Оның болашақ шығармаларының да материалын жинай жүруіне себеп болды. Нәтижесінде, «Құрылысшы Дәку» (1958) атты алғашқы очерктер жинағы, ең алғашқы «Табылған теңіз» (1964) атты повесінен кейін, іле-шала «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969) шығармалары тап осы тұста жарық көрді. Бұл «журналистика – күллі шығармашылық қайраткерлікті танытатын сала, ол үшін екі элементті: өнімді, нәтижелі еңбек немесе өнімсіз, қажырсыз еңбекті айқын аңғара білу қажет, бұл екеуінің аражігі әр журналистің шығармашылығынан көрініп тұратындығын» байқатады.

Еліміздегі қоғам алдында тұрған мәселелер туралы қаламгер Ш. Мұртаза дер кезінде үн қатып, ой айтып, тұжырым жасады. «Миллиард толқынында», «Ақық дария алқабында», «Тебіренген теңіз» тағы басқа очерктері мен «Дән тасқыны», «Поездар заулайды» тәрізді мақалаларында тың өлкесінің абыройлы еңбеккерлерін көрсетті. Өндіріс тақырыбындағы публицистикалық шығармаларымен ерекше көзге түсе білді. Шерханның алғашқы кезеңдердегі публицист ретіндегі негізгі мақсаты – белгілі бір тақырыпты таңдап алу, соған байланысты өмір құбылыстарын мейлінше терең зерттеп, өз көзқарасымен айқын да салмақты қорытынды жасау болды. Бұл Шерханның ең басты қасиеті – дүние құбылысынан жазуға керектісін, яғни тақырыбын сараптап алу, оның табиғатын, сипатын білімділікпен зерттеу екендігін аңғартады. Қаламгердің бұл екеуінен соң, табиғат берген қабілет-қарымымен шебер жазылған көптеген материалдары кейіннен көркем шығармаға айналды.

Ал, 1970-1989 жылдар кезеңіндегі Ш. Мұртаза шығармаларына тән ерекшелік – тақырып ауқымдылығының кеңдігі. Кәнігі журналистік пайыммен өмірдің әр саласынан, мәдениетінен, өнерінен, ғылымынан, білімінен, экономикасынан мақалалар, очерктер жазып отырды. Айталық, «Өскелең мәдениет жаршысы», «Жасампаздық жолымен», «Абай сәулесі», «Алтын күрек», «Таушымылдық», «Отан даңқын асырайық», «Адал еңбек», «Не жетпейді?», «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды»тағы басқа публицистикалық туындылары жарық көрді. Шерхан мақалаларында көбінесе адамгершілік, парасаттылық, тәрбие, өнер мәселелері жиі жазылды. Публицистің «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды» атты проблемалық мақаласы ең өткір, ойлы, жұртты толғандырар қиянат мәселелердің бәрін жаны ауыра, аши отырып тұжырымдайды.

Ш. Мұртаза және оның буыны әдебиетке атақты жылымық кезеңінде – сол кездегі алып держава Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында жеке басқа табынуды әшкерелеген үлкен науқан өтіп, қоғам тынысы ептеп кеңген уақытта – келгенін еске алсақ, сол кездегі қоғамдық-рухани ситуация еркін ой, ерен ізденістерге мүмкіндік туғызғандай еді. «Ал алпысыншы жылдардан басталатын әдебиет кеңес тарихында шын жаңа дәуірді бастайды. И.В. Сталиннің қайтыс болуы, партияның ХХ сьезінің шешімдері, Н.С. Хрущевтің «жылымығы» белгілі дәрежеде бұрын тұсалып, таза идеологияның құралы болып келген әдебиетке бостандық берді, тақырыптық тежеуден босатты. Осы дәуірде әдебиетке келген жас ұрпақ бұрынғылар көрген тежеуді көрмей, өмір шындығын өзінше танып, ойындағысын еркін айтуға ұмтылды. Аға жазушылар да шындыққа жаңа көзбен қарауға, бұрын орын алып келген режимді сыншыл көзбен көруге ұмтылды. Негізінен, партия саясатынан, социалистік ел өмірінен тыс кетпесе де әдебиет жаңа сөз айтуға мүмкіндік алды. 60-жылдар ұрпағының тез өсіп-жетілуіне, көркемдік саласында ізденулеріне заманның өзі жағдай жасады. Сондықтан да 60- жылдардан басталатын әдебиет тұтас бір кезең болып тарихқа енді».

Әдебиеттің қоғам өміріндегі, адам тәрбиесіндегі роліне шәк келтірмеген, сондықтан да жаңа идеяларды жандандыруға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, бүгінгі күн биігінен қарасақ, идеологиялық догматғақлиялардан азат жаңа әдебиет жасауға бар жан-тәнімен кіріскен және өз идеялары үшін күрескен буынның көш басында, сөз жоқ, Шерхан Мұртаза тұрды. Ойы да, сөзі де алмастай өткір, көл-көсір білімді, от ауызды, орақ тілді шешендігімен ерекшеленген жас прозаик әдеби көркем проза жанрына жекелік сипат дарытуға ұмтылды. Кез-келген суреткердің қоғамдық және эстетикалық көзқарастарын өз уақытынан, заманынан бөле-жара қарауға болмайды. Шерхан Мұртаза мен оның буыны рухани аренамызға шыққан кез ХХ ғасырдың 60-жылдары. Демек, олардың әдебиет пен өнерге көзқарасы ХХ ғасыр гуманизмнің аясында қалыптасып-толысты, олар өнердің жасампаздық рөлін жоғары қойды. Бұл ретте бүгінде қазақ мәдениеттану ғылымына «60-жылғылар» ұғымы ретінде еніп үлгерген ол буынның болмысы тұтастығымен ерекшеленеді. Ал, Шерхан Мұртаза сол буын ішінде жаңа идеялықтақырыптық ерекшеліктерімен «өзінің жанры мен тақырыбын да, жанды проблемасын тапқан жазушы» айқын аңғартты.

Суреткер Ш. Мұртаза қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, коғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірінің қатарынан көрінеді. Ол қоғамдық ойөрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, қазақ әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Ол өзінің туған халқына асқақ сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды.

Жазушылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы – осалдығы болып шығады. Мұны кезінде В.Г.Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын. Ш. Мұртаза өз шығармаларында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен, қаламгер шығармалары оқырманның көз қуанышына айналып, көпшілік қауымның асыға күтетін рухани сусынына айналды. Әсіресе, Ш. Мұртазаның «Мылтықсыз майдан», «41-ші жылғы келіншек», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Шекшек шырылдайды», «Дәрігердің үш қаруы» секілді шығармаларында да сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи уақиғалар мен мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Ай мен Айшаның» алатын орны ерекше.

«Ай мен Айша» Ш. Мұртазаның ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сүйікті перзенті, Шерханның тұлғасы «Ай мен Айшада» көрінгендей, қаламгер тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. Мұнда оның бар өмірі, барлық жансыры, барлық махаббаты, сезімдері, ұғым-түсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан. Мұнда Ш. Мұртаза өз тұлғасын ең толық тұжырымды, келісті мінездейтін тұсын түгелдей алған, сонымен қазақ оқырмандарының қаламгер Ш. Мұртазаның психологиялық портретін айқын елестетуіне мүмкіндік туғызған.

Дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап, ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы да – бәрі де осы Ш. Мұртаза туындыларынан молынан сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса, ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш әлсіз көрінсе, қайғы мұң неге болмасын? Мейірімсіз қатал заман жан түршігер зорлық, озбырлыққа жол берсе, ыза, кек неге тумасын. Рас, жазушының ортасын қомсынатыны да бар. Бірақ, бұл озық жандарға бойы теңдес адамдар көбейе, молая түссе, олар сол ортада үлкен іске орайлас жай-жағдай таба алса деген тілектен туады. Суреткердің заман соққысына мойымайтын, қайта өмір ауыртпалығы ширата түсетін тасқындаған қайрат-жігері бар адамды көксеуі де осы келешекке сенім артуымен сабақтас қой. Осыны былай қойғанда, Шерхан шығармаларының салмағы тек қана мұнысында емес. Өйткені жазушының нені жек көретіні, нені жоққа шығаратыны қандай айқын болса, нені құптайтыны, қандай өнеге өріс алсын дейтіні де соншалықты ашық, айқын-ақ. Осының шығарушысы, айтушысы өмірдің қызығын тебірене сезінбейді деудің өзі тіпті қиянат. Суреткер жаны кейісе де, күйінсе де, көңілді үміт қозғап, алыс арман толқытып, содан барып шығарма тудыратыны жасырын жайт емес. Ш. Мұртазаның осындай туындыларының бағытын, идеялық өзгешелік сырын тереңірек түсіну үшін оларды өмірге деген орасан зор сүйіспеншілік сезімі, жалынды махаббаты тікелей, айқын көрінетін шығармаларымен қатар алып карастырған жөн.

Қорытынды: «Шын журналист жазбай тұра алмайды, шын шахтер қазбай тұра алмайды», - деп Ш.Мұртаза айтқандай «шын журналист» ретінде көзбен көргендерін , ұлт тағдыры, ұлт намысы туралы ойларын тайсалмай жеткізіп отырды.
Ш.Мұртазаның  ұлт намысы туралы жазылған ойлары «Шындықтың шымылдығы түрілгендей» мақаласында көрініс табады. Мақалада  режиссер Қалдыбай Әбенов түсірген «Аллажар» кинофильмі туралы айтылады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ащы шындығы баяндалған фильм туралы өзіндік көзқарасын жеткізеді.
«Басты тұлға – Азат деген жігіт. Ләззат деген қыз. Желтоқсан кейіпкерлері көп.Бірақ оның бәрі фильмге сыймайды. Сондықтан Азат пен Ләззат солардың жиынтығы. Сонау сақтар, көк түріктер дәуірінің жұрнағы асау да тарпаң Қазақстанның басына тұңғыш рет бұғалық түскеннен бері үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі болған екен: Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет, Кенесары... 1916 жыл...

Мына алаңдағы   толқын-толқын тулаған теңіз сол көтерілістердің көп жылғы талмаусыраған үнсіздігінен кейінгі бұлқыныс.Ұлттық рух сыздаған шақ. Ұлттық намыс кернеген шақ. Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел. Тәңірге тәубе! Рух сынбаған екен, намыс сөнбеген екен».

Осы мақалада Шерхан Мұртаза Желтоқсан көтерілісінің кейіпкерлері ұлттын рухы бойын кернеген, ұлттық намысы олардың егемендік деп ереуілге шыққанын, Желтоқсан көтерілісшілерінің ерлігін ерекше атап өтеді.

Шерхан Мұртаза мұрасы қазіргі әдебиеттану мен қоғамтану ғылымы үшін маңызды зерттеу саласы болып табылады. Бұл ғылыми жоба оның шығармаларын терең талдап, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін анықтап, ұлттық мәдениет пен тарихты жаңаша көзқарас тұрғысынан ұғынуға мүмкіндік береді. Жобаның өзектілігі мен жаңашылдығы қазіргі заманғы қоғамдық мәселелерді әдебиет арқылы талқылауға бағытталады.





«Шерхан Мұртазаның мұрасы»

сынып оқушысы дайындаған ғылыми жобаны жазуда атқаратын жұмыс жоспары:



қ/с



Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері




Жұмыс істеу дәрежесі

1

Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары

әр аптада

2

Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары

әр аптада

3

Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру

әр аптада

4

Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары

әр аптада

5

Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін тиімді пайдалану

әр аптада

6

Айналысу принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау

әр аптада

7

Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу

әр аптада

8

Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру(яғни оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу).

әр аптада

9

Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру.

әр аптада

10

Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру.

әр аптада

11

Интернетпен жұмыс

Аптасына 2 рет

Ғылыми жетекшісі: Төлеген Г.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. Мұртаза, Ш. «Қызыл жебе». – Алматы: Қазақ университеті, 2006.

2. Мұртаза, Ш. «Ай мен Айша». – Алматы: Жазушы, 1993.

3. Мұртаза, Ш. «Шыңғысхан». – Алматы: Өнер, 1997.

4. Мұртаза, Ш. «Қазақ әдебиетінің тарихы мен дәстүрі». – Алматы: Білім, 2001.

5. Тұрсын, Ж. «Шерхан Мұртаза: өмірі мен шығармашылығы». – Алматы: Ғылым, 2010.

6. Сарымсақова, З. «Шерхан Мұртаза және қазақ прозасының ерекшеліктері». – Алматы: Өнер, 2014.

7. Шапанов, Н. «Шерхан Мұртаза және ХХ ғасыр қазақ әдебиеті». – Алматы: Дәнекер, 2019.

8. Құнанбаев, А. «Шерхан Мұртаза шығармашылығы мен ұлттық әдебиет дәстүрі». – Алматы: ҚазМУ баспасы, 2004.

9. Асанова, Ә. «Шерхан Мұртаза: әдебиеттегі ұлт рухы». – Алматы: Айтыс, 2012.



Мазмұны

1.Аннотация..........................................................................................

2. Ғылыми жұмысқа пікір.................................................................

3. Кіріспе.................................................................................................

Негізгі бөлім

4. Шерхан Мұртаза өмірі..............................................

5. Шерхан Мұртазаның шығармашылдығы..........

6.Зерттеу жұмыстары, Шерхан Мұртазаның шығармаларындағы ерекшеліктері.......................................................................................

7. Шерхан Мұртазаның шығармаларындағы ерекшеліктері......................................

10. Қорытынды.......................................................................................

11. Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................

12. Ғылыми зерттеу күнделігі .............................................................

10 Желтоқсан 2024
254
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі