Материалдар / Шешендік өнер

Шешендік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған. Ұлттық шешендік өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы , шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді, “шешен”, ”би” деген ұғымның этимологиясын, шешеннің болмысын, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, тақырыбын, түрлерін, стильдік табиғатын, біртұтас өнер, импровизациялық өнер екендігінен мәлімет беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
128
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат



Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, оқушыларды ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Курс бағдарламаcы қазақ халқының мәдени мұраларын таныту, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатымен елтану материалдары негізінде жасақтап, жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, білім деңгейлеріне сәйкестендіре беруді жүйелі жоспарлаумен қоса, оларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу жайларын да қарастырады. Мазмұндық жағынан бірізділігі, жүйелігі, өзара байланысы ескеріледі

Бұл бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған. Ұлттық шешендік өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы , шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді, “шешен”, ”би” деген ұғымның этимологиясын, шешеннің болмысын, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, тақырыбын, түрлерін, стильдік табиғатын, біртұтас өнер, импровизациялық өнер екендігінен мәлімет беріледі.Оқушылар көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Оны бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашады. Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады,сөздік қорын өз бетінше толықтырады,оқу материалдары бойынша қажетті дағдыларды меңгерді.

Бағдарлама сабақтары түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға әсіресе, топтық және жеке оқушылармен жұмыс түрлерін жүргізу арқылы, оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділігін арттыруға, дамыту ынтасын анықтауға, оларға бағыт-бағдар беруге бағытталады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.















Мақсаты:

«Шешендік өнер» курсы – Шешендік өнер қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнердің тарихын, ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін пәндердің бірі екендігін, дамуына қойылатын алғы шарттарынан, қойылатын талаптарынан мәлімет береді.Ұлттық шешендік өнердің табиғатын, ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы , шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлерді, “шешен”, ”би” деген ұғымның этимологиясын, шешеннің болмысын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, тақырыбын, түрлерін, стильдік табиғатын, біртұтас өнер, импровизациялық өнер екендігін игерту

Міндеттері:

- шешендік өнердің тарихын білу;

- шешендік өнердің шарттарын меңгерту;

- шешенге қойылатын талаптарды білу;

- шешендік сөйлеудің түрлерін игеру.



Оқушылар білуі тиіс:

- Оқушылар шешендік дауды, арнауды, толғауды білуі тиіс.

-Шешендік сөздердің тектерін ажырата білу білуі тиіс.

-шешендік сөздердің идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуі тиіс.

-Шешендік сөздердің талдауда оның табиғатын білуі тиіс.

-Шешендік түрлеріне талдауды меңгеруі тиіс;

-Шешендік сөздердің түрлерінен жатқа білуі тиіс.

Күтілетін нәтиже:

- Оқушылар тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере біледі.

- Шешендік сөйлеу түрлерін ажырата алады.

- Шешендік сөздердің идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуге

дағдыланады.

- Шешендік сөздердің талдаудағы оның табиғатын біледі.

- Шешендік сөздердің түрлерін меңгереді.







Қолданылатын әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:

1.Адамбаев Б.Халық даналығы. Алматы, 1976

2.Жармұхамедов М.Шешендік өнер Алматы, 1998

3.Негимов С.Шешендік өнер.Алматы, 1997

4.Қазақтың би-шешендері. Алматы,1993

5.Шешендік сөздер. Аламыты,1992

6.Хасенов С.Шешендік тәсілдер Алматы, 1999

7.Есхожин І.Шешендік жырлар Алматы,1993

8.Дәдебаев Ж.Шешендік сөздер.Алматы,1993

9.Сыздықова Р. «Сөздер сөйлейді».-Алматы,1998



Оқушылар үшін:

1.Адамбаев Б.Халық даналығы. Алматы, 1976

2.Қазақтың би-шешендері. Алматы,1993

3.Шешендік сөздер. Алматы,1992






























«Шешендік өнер»  курсының жоспары


Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Ескерту


1

Шешендік өнері туралы

1

6.09


2

Шешендік сөздер мәні

1

13.09


3

Шешен сөйлеудің құпиялары

1

20.09


4

Ұлттық шешендік өнердің бастаулары

1

27.09


5

Шешендік өнер туралы ой-пікір

1

4.10


6

Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би

1

11.10


7

Бұқар жыраудың даналық сөздері

1

18.10


8

Үйсін Төле би

1

25.10


9

Қаз дауысты Қазыбек би

1

8.11


10

Алшын Әйтеке би

1

15.11


11

Бөлтірік шешеннің шешендігі

1

22.11


12

Практикалық жұмыстар

1

29.11


13

Сырымның шешендік сөздері

1

6.12


14

Мөңке бидің шешендігі

1

13.12


15

Ақтайлақ бидің сөздері

1

20.12


16

Тайкелтір бидің сөздері

1

27.12


17

Абайдың шешендік өнері

1

10.01


18

Ескелді бидің сөздері

1

17.01


19

Әбу насыр Әл Фараби, Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі шешендік ойлар

1

24.01


20

Балпық бидің сөздері

1

31.01


21

Ұлттық шешендің өнердің қалыптасуы мен дамуы

1

7.02


22

Практикалық жұмыстар

1

14.02


23

Шешендік ақылмен билеу өнері

1

21.02


24

Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты

1

28.02


25

Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы

1

7.03.


26

Байдалы бидің даналық сөздері

1

14.03


27

Жанқұтты бидің даналық сөздері

1

4.04


28

Практикалық жұмыстар

1

11.04


29

«Мен шешен сөйлеймін» байқауы

1

18.04


30

Қазіргі шешендердің орны мен ролі

1

25.04


31

Сөз тыңдай білу әдебі

1

2.05


32

Шешендік өнер сайысы

1

9.05


33

Би -шешендердің қоғамдағы орны

1

16.05


34

Қорытынды сабақ

1

23.05
















«Шешендік өнер» қолданбалы курсының мазмұны

Жұмыс уақыты

Мақсаты


1

Шешендік өнері туралы

Шешендік өнердің тарихы туралы шолу


2

Шешендік сөздер мәні

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына екенін түсіндіру

3

Шешен сөйлеудің құпиялары

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар екенін меңгерту

4

Ұлттық шешендік өнердің бастаулары

Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы екенін дәлелдеу

5

Шешендік өнер туралы ой-пікір

Шешендік өнер туралы мәлімет беру

6

Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би

Шешендік өнердің атасы Майқы би туралы түсінік

7

Бұқар жыраудың даналық сөздері

Бұқар жыраудың даналық сөздерін оқу, талдау

8

Үйсін Төле би

Төле бидің өмір жолы, даналық сөздерін оқу, жаттау

9

Қаз дауысты Қазыбек би

Қазыбек бидің шешендік шешендік өнері

10

Алшын Әйтеке би

Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқу, талдау. Эссе жазу

11

Бөлтірік шешеннің шешендігі

Бөлтірік шешеннің шешендік сөздерінің мағынасы , тәрбиелік мәнін ашу

12

Практикалық жұмыстар

Шешендік сөздерді салыстыру

13

Сырымның шешендік сөздері

Сырым батырдың шешендігін , басқа шешендерден ерекшелігін таныту

14

Мөңке бидің шешендігі

Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би» екенін, келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын түсіну

15

Ақтайлақ бидің сөздері

Ақтайлақ бидің қазақ халқының шешен биі, төкпе ақын екенін меңгеру

16

Тайкелтір бидің сөздері

Тайкелтірдің өмір жолы, Төле бимен кездесуі

17

Абайдың шешендік өнері

Шешендік өнердің тарихында «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін салған» Абайдың орны ерекше екенін түсіну

18

Ескелді бидің сөздері

Ескелді бидің есімі тек аңыздарда ғана емес, ақындардың өлеңдерінде кездесуін дәлелдеу

19

Әбу насыр Әл Фараби, Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі шешендік ойлар

Фараби мен Уәлиханов еңбектерін оқу, талдау

20

Балпық бидің сөздері

Балпық бидің есімі тек аңыздарда ғана емес, ақындардың өлеңдерінде кездесуін дәлелдеу

21

Ұлттық шешендің өнердің қалыптасуы мен дамуы

Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен даму тарихы туралы эссе жазу

22

Практикалық жұмыстар

Шешендік сөздерді салыстыру, ойдан аңыздар құрастыру

23

Шешендік ақылмен билеу өнері

Шешендікке қойылатын талаптарды меңгеру

24

Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты

Шешендік сөздерді көркемдік ерекшелігіне қарай талдау

25

Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы

Шешендік өнерді тарих, математикамен байланыстыру

26

Байдалы бидің даналық сөздері

Байдалы бидің даналық сөздерінің тәрбиелік мәнін ашу

27

Жанқұтты бидің даналық сөздері

Жанқұтты Ботанайұлы туралы әңгімелерді оқу

28

Практикалық жұмыстар

Мақал мәтелдерді қатыстыра отырып, шағын мәтіндер құрастыру

29

«Мен шешен сөйлеймін» байқауы

Оқушылар арасында байқау өткізу

30

Қазіргі шешендердің орны мен ролі

Қазіргі шешендіктің түрлері мен жанрлық сипаты

31

Сөз тыңдай білу әдебі

Сөз тыңдай білу әдебі қазақ халқына тән екенін тыңдауды сүйген ел екенін түсіну

32

Шешендік өнер сайысы

Шешендік сөздерді жаттау

33

Би -шешендердің қоғамдағы орны

Би шешендердің қоғамдағы орнын түсіну

34

Қорытынды сабақ

шешендік сөздерден көрініс


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ