2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Шешендік өнер - рухани асыл қазына"

"Шешендік өнер - рухани асыл қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік өнердің маңызы: Шешендік өнер – қазақтың сөз өнерінің ажырамас бөлігі. Ол халықтың әлеуметтік өмірінде үлкен рөл атқарған. Шешендер қоғамдағы әділеттілік, тәртіп, ақыл-ойды қалыптастырушы тұлғалар ретінде танылған. Шешендердің халық алдындағы рөлі: Қазақ қоғамында шешендер әртүрлі дауларды шешіп, халыққа ақыл-кеңес берген, билер мен ақсақалдардың рөлін атқарған. Олар ұлттың мұрасы мен құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Шешендік өнер- рухани асыл қазына»

Мақсаты:

-Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқушыларға ұғындыру, мән-мағынасын ашу.

- Шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

- Қазақ шешендік өнері тарихын зерттеп-зерделеу;

- Шешендік өнердің қолданылу аясы мен түрлерін танып-білу;

- Шешен сөйлеу дағдыларын игеру ізденістеріне бағдар беру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, билер суреті, нақыл сөздер, лэпбук.

Сайыстың барысы:

1.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Психологиялық сәт: Әр оқушының көңіл-күйі қандай? Табиғатпен байланыстыру: күн, бұлт, кемпірқосақ, дауыл, жаңбыр,боран... Жүрекшені жақсы тілек тілеп бір –біріне сыйлау.

Үйірме ұраны: Оқимыз жазамыз, оқып білім аламыз!

Оқимыз жазамыз, біз үйірмеге барамыз!

Үлкенге де кішіге де «СІЗ»!

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Жүргізуші: Қош келдіңіз құрметті көрермендер!

Әрдайым қуанышқа кенелгендер.

Бастайық, сайысты рұқсат болса,

Бәріңіз тамашалап көріңіздер –

дей отырып, бүгін «Шешендік өнер» үйірмесінің оқушылар арасында өткелі отырған «Шешендік өнер- рухани асыл қазына» атты шешендік өнер сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел- жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген.

«Шешендер сөзі - ақылдың көзі» екендігін ескерсек, бабаларымыздан қалған сол мұраны дәріптеу - біздің борышымыз. Олай болса, біздің бүгінгі «Шешендік өнер» үйірмесінің оқушыларының арасында өткелі отырған сайысымыз «Шешендік өнер- рухани асыл қазына» атты шешендік өнер сайысымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі сайысқа оқушылар үш ауыл болып бөлініп, үш бидің атауы беріледі. Ауылдар өзара үш бидің шешендігін ортаға салып сайысады. Олай болса, сайысқа қатысушылар – билердің ауылымен таныс болыңыздар.


«Төле би» ауылы

«Қазыбек би» ауылы

«Әйтеке би» ауылы


Жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,

деп үш ауылдың сайыскерлеріне қол соғайық.


Ендігі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:


І кезең. «Сәлем – сөздің анасы» Әр ауыл өз тобын 4,5 шумақ өлеңмен таныстырады. (3-мин дайындық)

ІІ кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» Берілген сөздерді қатыстырып, мақал-мәтел құрау.(5-мин дайындық)

ІІІ кезең. Кім тапқыр? «Шешендік сөзді жалғастыру» кезеңінде оқушылардың ұшқыр ой, ұтқыр жауаптары бағаланбақ.

ІV кезең. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Әр ауыл бидің шешендігін сахыналайды.


«Шешеннің сөзі - ақылдың көзі» Би-шешендердің нақыл сөздерімен .

Бүгінгі сайыста әр ауылдың өнері мен білімін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Мекемеміздің педагог-психологы Инербаева Асемгүл Маратқызы

2. Жас мамандардың тәлімгері, «Englsh» үйірмесінің мұғалімі Алмагүл Каденовна

3. «Жігер» үйірмесінің жетекшісі: Мақсат Қайыркелдіұлы


Жүргізуші:

Мақсат емес, бәйге алып жарыстыру,

Мақсат - шәкірт білімін салыстыру.

Рұқсат болса басталсын ал, қанекей,

Бірін-бірі әрбір топ таныстыру

І КЕЗЕҢ. «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ»

«Сәлем – сөздің анасы» атты сайысымыздың алғашқы бөлімін бастаймыз. Яғни, әр шешен ауылы өздерін таныстырып өтсін. (3 мин.Әр топ кезек-кезек шығып, өздерін таныстырады).

Таныстырып болған соң. Бірінші сәлемдесу кезеңі бойынша қазылар алақасының бағалауын тындайық.

ІІ КЕЗЕҢ. «МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ» БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІ ҚАТЫСТЫРЫП, МАҚАЛ-МӘТЕЛ ҚҰРАУ.(5-МИН ДАЙЫНДЫҚ)

Мақал мәтелдер - ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол халықтың өмір-тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан өмірлік мұрасы. Олай болса біз бүгінгі сайысқа қатысушыларымыздың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігін байқау үшін сайысымыздың «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталатын келесі бөлімін бастайық. Интерактивті тақтадан сіздерге берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып айту керек.


Батыр Білім Жазу

Көсем ОРТАҚ Тіл ӨТЕДІ Сөйлеу БҰЛАҚ

Шешен Сөз Оқу

Ақын Ақыл Тоқу

«Шешеннің тілі ортақ, «Сөз сүйектен өтеді», «Оқу - білім бұлағы,

Шебердің қолы ортақ» Таяқ еттен өтеді Білім - өмір шырағы»



Ата Тіршілік Бас

Аға ЖОНАР Адам БҰЗАР Көз ӨТКІР

Бала Жануар Тіл

Туыс Дүние Құлақ

«Ата көрген оқ жонар, «Тау мен тасты су бұзар, «Тіл қылыштан өткір»

Ана көрген тон пішер» Адамзатты сөз бұзар»


Жауаптарын тындап болған соң. Екінші кезеңі бойынша қазылар алақасының бағалауын тындайық.


ІІІ КЕЗЕҢ. КІМ ТАПҚЫР?

«ШЕШЕНДІК СӨЗДІ ЖАЛҒАСТЫРУ» КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰШҚЫР ОЙ, ҰТҚЫР ЖАУАПТАРЫ БАҒАЛАНАДЫ.


Толе би ауылына: Жаңбыр жаумаса.... ЖЕР ЖЕТІМ

Басшы болмаса ....ЕЛ ЖЕТІМ,


"Бас кеспек болса да,.... тіл кеспек жоқ",

Тұзаққа түскен бұлбұлдан-..... еркін жүрген торғай артық


Тату болса-....ағайын жақын,

Адал болса-......дос жақын.


Байлық- мұрат емес-.....жоқтық-ұят емес


Қазыбек би ауылына: Ұқпасқа айтқан.... СӨЗ ЖЕТІМ

Көре алмаған..... КӨЗ ЖЕТІМ.

Тіл тас жарады .......тас жармаса.......бас жарады


Атадан жақсы ұл туса....елінің зоры болады

Атадан жаман ұл туса-....... адам біткеннің қоры болады

"Таяқ еттен өтеді, ...... сөз сүйектен өтеді"


Бір елдің атасы болма-.....Бар елдің данасы бол!



Әйтеке би ауылына: Атың жақсы болса..... Ер жігіттің пырағы

Балаң жақсы болса .......Жан мен тәннің шырағы 

Бірлігі кеткен.......ел жаман, егесіп өткен...... ер жаман. 

Ауруын жасырған- ......ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан.....-амалсыз көнеді.

Суалмайтын суат жоқ..... тартылмайтын бұлақ жоқ

Өнер алды...... қызыл тіл

Жауаптарын тындап болған соң. Үшінші кезең бойынша қазылар алақасының бағалауын тындайық.

ІV КЕЗЕҢ. «ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА» ӘР АУЫЛ БИДІҢ ШЕШЕНДІГІН САХЫНАЛАЙДЫ.

Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. Сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді айрықша қадірлеген. Бұл кезеңнің шарты бойынша оқушыларымыз шешендік сөздерден көрініс көрсетеді. Олай болса, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

.

Билердің шешендігін сахналап болған соң. Төртінші кезең бойынша қазылар алақасының бағалауын тындайық.

Жүргізуші: Әр ауылдың би-шешендігі бір атадан туған қазақ елін бірлікке татулыққа тартып тұрғаның түсіндік.

Осы қазақ неліктен бөлінеді,
Бөлінгендер бөріге желінеді.
Жүзге белген адамның жүзі қара,
Біліктілер биіктен көрінеді-деп бірлік бар жерде тірлік бар деген тоқтамға келдік.

.Біз шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп беретін Әділ қазылар алқасы ақылдасып, ұпай сандарын есептеп, өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге берейік. Әйтеке би ауылынан Рымбекова Мединаның өнерін тамашалайық(сайысқа қатысы жоқ). «Көңілді күн» әнімен ортаға шақырайық.


Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену жалықпау,

-дей келе, бүгінгі сайыстағы жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. (Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау).


Қорытынды: Біздің бүгінгі сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз - қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқушыларға ұғындыру, мән-мағынасын ашу, шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу болатын. Осы мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.Құрметті көрермендер, сайысқа қатысушылар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



25 Ақпан 2025
45
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі