
«Шешендік өнер – рухани асыл қазына»
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от
тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел- жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып
тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген.
Ел
намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыс", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөзбен
шешкен";
шеберді "темірден түйін
түйген"; жомартты
"атын түсіп
беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз" деп дәріптеген.
«Шаршы
топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң,
келеке қылады», - деген екен Досбол шешен.
Шешені
судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да,
баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап
өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың
алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін
данышпан халықтың перзентіміз.Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған,
сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы
шешендік өнерге машықтанғандар.
Біз –
шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз.
«Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ!
Шешендік өнерді ең асыл
өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем,
нағыз бағасын бергенім ғой.
Шешендік — тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл халықтың
қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке
ие, менің халқым!
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі
грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән
ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор,
Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет
қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика»
ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың
1748 жылы басылып шыққан
«Шешендікке қысқаша
басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына
түрткі болды.
Қазақтың шешендік
сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады.
Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп
жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен
сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның
өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық,
бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе
қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың
сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін
жазған.
Қазақ
шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан
түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына
жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған,
сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн,
халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да
баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге
жасайтын рухани асыл қазына.
Сарсекеева Динара Жумагельдиевна
Қарағанды облысы білім
басқармасының
Қарқаралы ауданының білім
бөлімінің
"Оқушылар орталығы"
КММ
"Шешендік өнер" үйірмесінің мұғалімі