Материалдар / Шет елде білім алу - мақсат, қалу емес
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шет елде білім алу - мақсат, қалу емес

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жоғары сынып оқушыларына оқуға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
305
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы,

Нұресіл ауылы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулетхан Құралай



Шет елде білім алу – мақсат, қалу емес
Бүгінде білімді жастарымыздың шет елге шығып білім алуы қуантарлық, бірақ диплом алып, сол елде қызмет етуі қауіп деп санаймын. Себебі, Қытай,АҚШ, Еуропа сынды  
алып елдерге білім алу мақсатымен кетіп жатқан жастар саны жыл санап артып келеді. Мемлекеттің «Болашақ» бағдарламасымен басталған бұл үрдіс үлкен мүмкіндік. Дегенмен өз бетімен «Work and Travel» сынды түрлі бағдарламалармен кетіп, сол елде қалуды көздейтіндер бар. 
Зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан біз үшін бұл қалыпты жағдай. Ешкімнің жеке өміріне қол сұғып, оған талап қоя алмайсыз. Дегенмен көрші Қытай елі әлемдегі жан саны ең көп халық бола тұрса да, «сыймадым», «кетем» демейді. Қайта «Менің Отаным – Жуң го» деп сол елге беріліп тұрады. Бұл олардың тәрбиесінен. Ал бізде ше? 
АҚШ пен Еуропада білім алып жатқан жастарға шет елдегі мәдениет пен өмір сүру салты ұнайды және олар сонда қалуды жөн санайды. Себебі біздің елде жемқорлық немесе өмір сүруге жетерлік табыс табу қиын. Иә бұл үрдіс тек бізде ғана емес, кез келген елдің ішкі саясатында бар нәрсе. Бастысы қайда барғаның емес, қай жерден шықтың сол маңызды. Мәселен:
Ауылдан арман қуып Астанаға келеміз. Оқу бітірген соң ата-анамыз бізді қайтып үйге келеді, сол ауылда не ауданда жұмыс жасайды деп ойлайды. Өкінішке орай жоқ. Біздің Астанада қалғымыз келеді және қаламыз. Осында елімізге қызмет етіп, отбасын құрып, өмір сүріп кетеміз. Себебі үлкен мегаполиске ет үйренген соң ауылға қайтуға құлқымыз болмайды.
Шет елде білім алған дұрыс. Бұл қолдауға лайық нәрсе деп ойлаймын . Бірақ шет елге барып білім алып, отанға қайтып мемлекет үшін жұмыс жасамау – қателік. Әрине ешкім сізді соттап не жазаға тартпайды. Тек ардың заңын да ескеріп қойыңыз. 
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» - , деп Абай атамыз айтқандай, сол елдің мәдениетін санамызға серпін беретін игі істерін көңілге тоқығанымыз дұрыс.

Шет елде білім алған кезде «бүгінгі студент ертеңгі маман» екенімізді, туған топырағымызға келіп қызмет ететінімізді жадымыздан шығармауымыз керек. Қорыта келе, ең бастысы Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаев айтқанындай: «қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман» екенін естен шығармайық.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!