Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы





Куанышбекова Г.М

30 ЖББОМ, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы

Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану

Жалпы орта білім беретін мектептің алдына қойылып отырған міндеттерге қол жеткізу үшін мектеп мұғаліміне қойылар талап та, артылар міндет те үлкен.Мұғалім-білім беру ісін алға жетелеуші,жандандырушы.Білім беру процесінде мұғалім мен оқушы етене тығыз жұмыс істеу нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз.Ол үшін сабақ үнемі ерекше болып өтуі керек.Оқушының шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту мақсатында мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын ашуға,сабақ не туралы өтетіні жайлы қызықты сұрақтар қоюмен бастағаны жөн.Мынадай сұрақтар болуы мүмкін:1.What do you like? 2.What’s your favourite…..?3.Why do you like? 4.Do you know? т.б тақырыпқа қатысты сұрақтарды қамтуға болады.Қызықты сұрақтарға оқушылар жарыса жауап береді.Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету,ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп,жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және өз сабақтарымда қолданамын.Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушыларды топқа бөлу арқылы, жаңа әдіс-тәсілдермен оқытудың нәтижелі болатындығына, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді.Бүгінгі таңда жаңашыл сабақтың кезеңдері біршама өзгерген.Алдымен нақты мақсат,сабақ кезеңдері мен оқыту әдістерін жүйелі түрде құру қажет.Алғашқы бөлім «Ой қозғау» яғни жоғарыда көрсетілген сұрақтар тізбегі және проблемалық жағдаяттар секілді әдіс-тәсілдер жатады.Келесі «Мағынаны тану» бөлімі бойынша «Жигсо» «Жигсо-2» «Венн диаграммасы «Шындық па,жалған ба?» «Ашық микрафон» «Ыстық орындық» секілді әдіс-тәсілдер және тақырыптық жаттығулар қолдануға болады. Сондай-ақ сабақта сын тұрғысынан ойлау әдісі Блум Таксономиясын жиі қолдануға тырысамын. 7 сыныпта өткізген «Communication and technology» бөлімінің қорытынды сабағында ұйымдастыру кезеңінен кейін,оқушылар жұп және тақ сандар арқылы топқа бөлінді.Оқушыларға өзін-өзі бағалау парақшасы таратылды.Бағалау парақшасында әр бөлім бойынша критерийлер берілген.Сол критерийлерге сүйене отырып, балл қою арқылы сабақ соңында нақты бағасын анықтайды.Сабақ Блум Таксономиясы бойынша өткізілді.Білу кезеңінде «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау сұрақтары берілді.Оқушылар «Think and find» тапсырмасы орындады.Түсіну кезеңінде «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы тарауды қорытындылап, нақты ақпарат береді.Қолдану кезеңінде «SMS-s» тапсырмасын орындады.Ұялы телефондарымен жұптарына ағылшын тілінде хат жолдады.Талдау кезеңінде оқушылар ақпараттық құралдары қай уақытта қалай қолданатындарын айтып ой бөлісті.Сергіту сәтінде оқушылар бір-біріне телефон шалып, таза ағылшын тілінде тілдесті. Жинақтау кезеңінде бірінші топ ағылшын әнін тыңдап,қалып қойған сөздерді толықтырды,екінші топ қазақ әнін тыңдап сөздерді толықтырды.Бұл әдіс оқушылардың ізденуіне, сөздік қорларының артуына, дүниетанымдарын кеңейтуге көп көмегін тигізеді.Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалау парақшасына өз-өздерін бағалады.Міндетті түрде сабақ кері байланыс жасаумен аяқталды. Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазды. Сабақ оқушылардың көңілдерінен шыққанын, қызықты өткенін кері байланыс алған кезде,өз-өзіме рефлексия жасау арқылы көз жеткіздім.Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін,әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогикалық мақсат-мүддесіне байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Қорытындылай келе,ауылдағы балалардың қызығушылығын арттырып,оқуға ұмтылыс беру үшін көп жұмыс жасау керек екендігі сөзсіз, өйткені «Шетел тілі» деп саналатын ағылшын тілі оқушылар үшін үлкен жаңалық және болашағы үшін баға жетпес байлық болып есептеледі.

Әдебиет :

1.З.Боранбаева.Ағылшын тілі бастауышта «КанеевЕ.К» 2014 ж

2.Р.Амиржанова. Мектептегі шет тілі 2016ж.

3. С.Мирсеитова «Оқыту іденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» «Жолдак Е.В»2011 ж.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі