
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сібір шамшырағында
Бөлім: Қазақтың Қанышы |
Мектеп:№118жоббм |
Пән мұғалімі:Қожамұрат Г. Күні : |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып : 10 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сібір шамшырағында |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру; 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі ұлттық құндылықтарды контекстермен үндестіреді ,әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңкезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушыныңәрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (7 минут)
Сабақ тың ортасы (30 мин) |
1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа аудару “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырамын. Топқа бөлу Бақытжан Тобаяқовтың «Ұлылыққа іңкәрлік» өлеңінің шумақтарының реті бойынша 1,2,3 топқа бөлемін. , Ұлылыққа іңкәрлік Қашап тастап ғұламалы көп ойлар, Ойларынан өніп кетті тоғайлар. Жезқазғанға алғаш түрен салғанда, Жүрегі де лүпілдейді оңай ма? Сыннан өткен батырлардай нар біткен, Жез қорытып, долмиттен, карбиттен, Еңбегіне қайран қалып, таңырқап Иіледі оған мына тал біткен. Иіледі тау да, тас та, дала да, (Саған мәңгі қарыздар ғой, жан аға,) Биік шыңдар, биік құздар, төбелер, Ұқсайды ылғи Қаныш сынды данаға. Алдыңғы білімді бекіту:Гугл форм Тест сұрақтары арқылы алдыңғы сабақты бекітемін. 1.М.Сәрсеке қазақ әдебиетінің қай саласын дамытпады? А) пьеса В) роман-эссе С) өлең D) ғылыми-фантастикалық шығарма Е) мақала 2. М.Сәрсекенің спектаклі Семей театрында қанша рет қойылған? А) 550 В) 650 С) 600 D) 603 Е) 500 3.М.Сәрсеке туралы жазған қандай тарихшыны білесіңдер ? А) Н.Мұқаметханұлы В) Ә.Марғұлан С) Е.Бекмаханов D) М.Қозыбаев Е) С.Асфендияров 4.М.Сәрсекенің ғылыми-фантастикалық шығармасын атаңдар. А) «Жаңғырық» В) «Көмбе» С) «Жарылыс» D) «Шыңғыс хан» Е) «Жетінші толқын» 5.Қазақтың тұңғыш ғалымы Қ.И.Сәтбаев қазақ халық әндерін жинауға кімге көмек берді? А) С.Г.Рыбаков В) Е.Г.Брусиловский С) Л.А.Хамиди D) А.В.Затаевич Е) А.Қ.Жұбанов Жаңа сабақ «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «Сібір шамшырағында» бөлімін оқытып, мазмұнын еске түсіру. 1-топ Сынақтың алғашқысы.Сібір шамшырағы. Технология институты. 2-топ.Кен факультеті. Сыйға –сый,сыраға-бал 3-топ. Ауруға шипа.Тұңғыш емтихандар.Ұстаздар 1-тапсырма.Ж «Қос жазба күнделік» әдісі бойынша Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман- эссесінен берілген үзіндідегі кейіпкерлер бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, қазіргі өмірмен байланыстырады.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға кеңес беру арқылы ұлттық құндылықтарды өмірлік мысалдар келтіре отырып қолдаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі сұрақ-тапсырмалар ұсынамын: 1.Қазақта бүгінгі таңда Қаныш Сәтбаевтай тұлға туылды ма? 2. Қ.Сәтбаевпен бірге оқыған көрнекті қайраткерлердің ұлт келешегі үшін атқарған ерен еңбегін дәлелдеп сипаттап бер. 3. Уинстон Черчилльдің сұрағына Қаныштың: «Халқым менен де биік» деп жауап беруіндегі астарлы ойды қалай түсіндің?
ЕББ( құлағының ақауы бар оқушыға) оқу дағдысын дамыту үшін берілген тапсырма: Мәтіннен ұлттық құндылықтарды тап.
«1936 жылдың шілде айы. Шаңқай түс. Кеңгірдің Наушабай аталатын төменгі саласында жайлауда отырған Бекболат ауылының үлкен – кішісі үй сыртынан естілген автомобиль гүріліне елеңдеп есік алдына жүгіріп шыққан: кішкене фордигін зыр қақтырып тағы да келіп қалған Сәтбаев екен, жалғыз емес, қасында бір топ кісілері бар… — Қаныш шырағым, сен өзі кейінгі кезде біздің Наушабайға келуді жиілетіп барасың. Күн құрғатпай десем өтірік болар, әйтеуір биыл сағындырмай соғып жүрсің. Немене, мұның да астынан бірдеңе таптың ба? – деп сұрады Әбдірахман қарт тегене толы қымызды алдына ала беріп. — Мұның кереметі астында емес, үстінде болайын деп тұр, Әбе. Шынымен білгіңіз келсе, ауыл адамдарын шақыртыңыз. Наушабайда енді бірер жылда қандай өзгеріс болатынын айтып берейін .Мына кісілер соның жобасын жасауға келген мамандар, москвалық жігіттер, — деп Қаныш Имантайұлы қасындағы серіктерін таныстырды. Бәрі жиналған соң: -Бұл жерге менің анық білетінім – нақ осы дөңеске, сіздің ауыл қонып отырған биік жарқабақтың үстінен үлкен қала салынады … … Бұл Қазақтың Қанышының қиялында туған қала 18 жылдан кейін қала мәртебесін алған бұрынғы Кеңгір поселкесі, қазіргі Жезқазған қаласы еді … »
|
Оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа аудару. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады
«Ұлылыққа іңкәрлік» атты Қаныш Сәтбаевқа арнау өлеңінің шумақтары арқылы топқа бөлінеді
Тест сұрақтарына жауап береді.
«Түртіп алу» әдісі бойынша бөлімді оқиды,өзіне қажет мәліметтерді жұмыс дәптеріне түртіп алады. «Қос жазба күнделік» әдісі бойынша Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман- эссесінен берілген үзіндідегі кейіпкерлер бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, кестені толтырады.
Оқу дағдысын дамыту үшін мәтіннен ұлттық құндылықтар ды табады.
Оқушылар оқыған романның бөлімі бойынша шығарманың композиия лық құрылымына сәйкестендіру кестесін толтырады,көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды лі Оқушылар оқыған романның бөлімі бойынша шығарманың талдау жасайды
Оқушылар топта біріге отырып, «Ойлан-бірік-бөліс әдісі» арқылы шығарманың композициялық ерекшеліктеріне талдау жасайды |
Мадақтау
Дескриптор:
бағалаймын (1-3 балл)
Дескриптор: -кейіпкерлер дің бір-біріне жасаған қарым-қатынасы арқылы дәріптелген құндылықтар ды анықтайды; (1 балл)
-кейіпкердің халық мұрасына құштарлығы тұрғысынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды; (1 балл)
-кейіпкердің өмірлік мақсат-мұратынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды; (1 балл)
-құндылықтар дың қазіргі өмірдегі маңыздылығын түсіндіреді; (1 балл)
Дескриптор: -Мәтіннен ұлттық құндылықтар ды табады; -оқу дағдысын дамытады; (1 балл)
Дескриптор: - сюжеттік мысалдарды шығарманың композиция лық құрылымының бөлімдерімен сәйкестендіреді -композициялық ерекшеліктеріне талдау жасайды.
Дескриптор негізінде оқушыларды бағалаймын. (3 балл)
Дескриптор: Шығарманың композициялық ерекшеліктері не талдау жасайды. (2балл)
|
Қима қағаздар
10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
https://forms.gle/E4wQjp5cqxqPeWez9
Интербел сенді тақта
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі
М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі
10-сынып Қазақ әдебиеті оқулығы Жұмыс дәптері
А3 қағазы, мәтін үзінділері
Қазақ әдебиеті. Хрестома тия |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тың соңы (5 мин)
|
ҚБ Бекіту. «Соңғы сөзді мен айтайын...» әдісімен ойын қорытындылайды.
Кері байланыс: Qynzy.com сервисінде кері байланыс алу.
Мақсаты: білім алушылардың саналы ішкі рефлексиясын даярлау. Үйге тапсырма: Қ.Сәтбаевтың образына байланысты кестені толтыру:
|
«Соңғы сөзді мен айтайын...» әдісімен ойын қорытындылайды.
Qynzy.com сервистерінде кері байланыс жасайды.
|
ҚБ Оооооо! – тамаша жауап |
https://teacher.gynzy.com/en/board
|
Қосымша ақпарат |
||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). |
Қабілеті орташа оқушыларды «талқы себепшісі» немесе «белгілеуші» болуға бағыттаймын. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды |
|
|
Рефлексия |
Өз сабағыңызды талдау |
|
- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме? - Оқушылар бүгін не үйренді? - Оқу ахуалдары қандай болды? - Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма? - Мен уақытттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқуларға жол бердім және неліктен? |
|
|
Қорытынды бағалау |
||
Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті? 1. 2. Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді? 1. 2. |

