Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
№2 Мыңбұлақ орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рахымбаева Меруерт Әбдіханқызы
«Елбасы сенімі – ел сенімі»
(эссе)
Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бүл күнде бұл есімді төрткіл дүние біледі. Даналық, көшбасшылық, көрегендік қазақ басшысына тән.
«Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады» деген Елбасымыздың даналық ойынан дән іздеп отырған өскелең ұрпаққа мағынасын жеткізу - ұстаз қауымының алдындағы міндеттердің бірі. Адамның сансыз армандарын, өмір сүру жолындағы әрекеттерін іске асыруға дәнекер болатын дүние, ол – ел. Ал елдің басын біріктіріп, дамудың даңғыл жолына салатын, халқы үшін жан беріп, елінің тұғыры болатын, елінің тұғыры болатын жан – Елбасы. Ұлт көшбасшысы болу – мақтаныш емес, аса үлкен жауапкершілік. 1991 жылы ел тәуелсіздігін алғалы қазақ сынды ұлы елдің кемеңгер көшбасшысы болып, халқының көк туын көкке көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еңбек жолын қарапайым металлург болып бастаған жанның желбірететінін кім білген?! Елбасымыз қандай болса, елдің тұтқасы да сондай болмақ. Біз ешқашан жеке дара дами алмаймыз, себебі, ұлт болып өсіп, жан салғанда ғана «Ұлы ел» боламыз. Ата-бабаларымыздың арманы келешек ұрпаққа тәуелсіздік туын ұстату еді. Сол арман бүгінде орындалып, қазақ халқы өз жетістігімен төрткүл дүниеге танылыпотыр. Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанып , елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы - тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндігі бар байлықтың анасы, қазақ халқының кір жуып, кіндік кескен аяулы мекені болып дамуда. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан да өзінің егемендігін алып, дамушы елдердің қатарына қосылды. Халқымыз ежелден аңсаған мақсатына жетті ,себебі егемендік - ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен еліне қамал болған батырларымыз бен ел бірлігін сақтаған жарқын болашақтың, кемел келешектің жолында ұландарымыз аянбай тер төкті. Бірақ, «Ақтабанның ізі», «Желтоқсанның сызы» жүрегіміздің түбіне жазылмастай жара салды. Бүгін көп ұлтты, түрлі дінді ұстанған халықты бір тудың астына біріктіріп, сүттей ұйытып отырған Қазақстан сынды ел кемде-кем. Бұл - баға жетпес құндылық.
Қазақстанға қазіргі таңда бейбітшіліктің ақ құсының қонғаны -Елбасымыздың сындарлы еңбегінің арқасы. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді. Біздің Президентіміздің Қазақстанның әл-ауқаты мен ел экономикасын жақсартып, елдің тыныштығын сақтаудағы істері орасан зор.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенді, біліктілігі мен ұйымдастырушылық тума таланты Қазақстан мемлекетінің гүлденіп, өркендеуіне жол ашқаны Астана қаласының көрік-келбеті айғақ.Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасымыздың даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Тәуелсіздігімізді ала сала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру - тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, парасаттылығы. Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылық пен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан жайында жылы сөздер айтпау мүмкін емес.
Президентіміздің басшылығымен еліміздегі экономикалық жүйені түбегейлі реформалау, нарықтық экономикаға көшу жузеге асырылуда. Осының бәрі біздің елдің дамуының алғышарттары. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білеміз. Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне, оның болашақ дамуына арналған. 30 елдің қатарына қосылу жолындағы ерен еңбегіңіздің, сарабдал саясатыңызды заманауи, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы сізді үнемі қолдайды деп сенемін. «Үш тұғырлы тіл», тіліміз үшін жасалған игі қадам – латын әліпбиіне көшу – ана тіліміз үшін жасалған игі қадам, тіліміздің қолданыс аясын кеңейтетін бірден-бір құбылыс екеніне сенімім мол.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Слово и текст»

шағым қалдыра аласыз