«Смағұл Сәдуақасұлы: ұлттық сана, мәдениет және білім беру құндылықтары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Смағұл Сәдуақасұлы: ұлттық сана, мәдениет және білім беру құндылықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі баяндамада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі – Смағұл Сәдуақасұлының ағартушылық көзқарастары мен қазіргі Қазақстандағы білім беру құндылықтарының өзара сабақтастығы қарастырылады. С.Сәдуақасұлы – ұлттық мәдениет, тіл, жастар саясаты, оқу-ағарту мәселелеріне терең талдау жасаған ойшыл қайраткер. Оның идеялары бүгінгі білім беру жүйесінің бағыттарымен табиғи түрде үйлесіп жатыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Смағұл Сәдуақасұлы: ұлттық сана, мәдениет және білім беру құндылықтары»

1 бағыт: Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық – саяси қызметі және Алаш ұлттық идеясы

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ саяси элитасының көрнекті өкілі болған Смағул Садуақасұлының қоғамдық-саяси қызметі және оның Алаш ұлттық идеясына қосқан үлесі талданады. Автор Садуақасұлының ағартушылық бағыттағы еңбектерін, ұлт мүддесін қорғауға бағытталған саяси бастамаларын, мемлекеттік басқарудағы реформаторлық көзқарастарын жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар, Алаш зиялылары ұсынған ұлттық жаңғыру, мемлекеттік дербестік, мәдени-рухани өрлеу идеяларының Садуақасұлы шығармашылығында және іс-әрекетінде қалай көрініс тапқаны сараланады. Мақалада оның қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, білім беру жүйесін дамытуға және ұлттық мемлекеттіліктің негізін нығайтуға бағытталған ұстанымдары тарихи деректер мен ғылыми тұжырымдар арқылы негізделеді. Мақаланың негізгі мақсаты – Смағул Садуақасұлының қызметін Алаш идеясының жалғастырушысы әрі дамытушысы ретінде көрсету және оның тарихи рөлін қазіргі ұлттық сана қалыптастыру контекстінде бағамдау.

Бүгінгі баяндамада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі – Смағұл Сәдуақасұлының ағартушылық көзқарастары мен қазіргі Қазақстандағы білім беру құндылықтарының өзара сабақтастығы қарастырылады. С.Сәдуақасұлы – ұлттық мәдениет, тіл, жастар саясаты, оқу-ағарту мәселелеріне терең талдау жасаған ойшыл қайраткер. Оның идеялары бүгінгі білім беру жүйесінің бағыттарымен табиғи түрде үйлесіп жатыр.

Смағұл Сәдуақасұлы (1900–1933) — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ қоғамы үшін аса маңызды рөл атқарған мемлекет қайраткері, публицист, ағартушы, реформаторлық көзқарас иесі. Оның қоғамдық-саяси қызметі Алаш қозғалысы ұстанған ұлттық мемлекеттілік, рухани жаңғыру, білімге негізделген өркениеттік даму идеяларымен тығыз байланысты. С.Сәдуақасұлының ағартушылық, публицистік және саяси мұрасы — осындай тәрбие тұжырымдамаларына тарихи-теориялық негіз бола алатын құнды дерек. Оның еңбектеріндегі ұлттық рухани мәдениеттің тұтастығы, жастар тәрбиесі, елдік сана, мәдени код мәселелері “Адал азамат” бағдарламасының қазіргі ұстанымдарымен терең үндес.

С.Сәдуақасұлының саяси көзқарасы ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуалмен, атап айтқанда: отарлық жүйенің қысымымен,қазақ қоғамындағы реформалық ойлардың күшеюімен,Алаш зиялыларының ықпалымен қалыптасты.

Жас Смағұл Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кездің өзінде саяси пікірталастарға қатысып, ұлттық мәселелерді талқылауға белсене араласқан.-Журналистік қызметі — саяси күрестің құралы.Ол «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы бола отырып:

- жер мәселесі,

- халық шаруашылығын қалпына келтіру,

- жастардың білім алуы,

- тіл мен мәдениет,

- ұлттық өзіндік болмыс тақырыптарын жүйелі көтерді.

Мемлекеттік қызметі және реформаторлық бағыты.Қазақ автономиясы тағдырына қатысты көзқарасы . Смағұл Сәдуақасұлы 1920–1925 жылдары Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары, РКЖО ОК хатшысы, сондай-ақ әртүрлі шаруашылық және мәдениет салаларына жауапты қызметтер атқарды.Ол мемлекеттік қызметте жүріп:ұлттық кадрлар дайындау,қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту,ауыл шаруашылығын қайта құру, денсаулық, мәдениет, білім салаларын дамыту сияқты маңызды реформалық ұсыныстар жасады.

Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік ойлау жүйесі Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия идеясымен сабақтас келеді.. Ол Қазақстандағы ұлттық мемлекеттіліктің нақты мазмұнын былай түсіндіреді:

1.Қазақ тілінің мемлекетті басқару тіліне айналуы;

2.Ұлттық кадрлардың мемлекеттік аппаратқа енуі;

3.Экономикалық дербестіктің күшеюі;

4.Мәдени-ағартушылық дербестік.

С.Сәдуақасұлы ресми түрде Алаш партиясының мүшесі болмаса да, оның идеялық бағыты, саяси көзқарасы Алаш қозғалысының негізгі ұстанымдарымен толық сәйкес келді. Ол — Алаш дәстүрін жалғастырған кеңестік кезеңдегі жас буын өкілі.Алаш ұлттық идеясының өзегі,ұлттық мемлекеттілік,тіл мен мәдениетті сақтау,білім мен ғылымға негізделген өркениет, демократиялық басқару,экономикалық дербестік жатады.С.Сәдуақасұлының барлық шығармашылығы мен саяси қызметі осы құндылықтарды жүзеге асыруға бағытталды.

С.Сәдуақасұлы ұлтты жаңғырту үшін тіл, мектеп, мәдениет, баспасөз және ғылымды дамытуды басымдық санады. Бұл — Алаш зиялыларының негізгі бағыты.Ол білімді «миллион қазақтың тас қараңғы тағдырын жарыққа шығаратын күш» деп санады.Бұл идея Алаш қайраткерлері ұсынған «ұлт өркениеті білімге сүйенуі керек» тұжырымымен сәйкес келеді. С. Сәдуақасұлы ауыл шаруашылығын реформалауды, өндірісті дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды мемлекеттік саясаттың өзегі деп санады. Бұл да Алаштың экономикалық бағдарламасымен үйлеседі.Жүйе қыспағына қарамастан, ол ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді жолын іздеді: мәселен

- ашаршылықтың алдын алу жөнінде ұсыныстар айтты;

- орталық биліктің ұлт саясатын сынға алды;

- қазақтарға қатысты әділетсіздіктерді ашық көтерді.

С. Сәдуақасұлының ұлттық бағыттағы көзқарасы кеңестік билік үшін қауіпті саналып, ол идеологиялық қысымға ұшырады. 1927 жылдан бастап қызметтен шеттетілуі — оның ұлттық мүддеден таймағанын көрсетеді.Ұлттық мемлекетшілдік идеясының жалғастырушысы ол Алаш ұсынған жолды кеңестік кезеңнің саяси ахуалына бейімдеп, ұлттық кадр мен ұлттық тіл саясатын жүйелеуге тырысты.

Зерделі публицист, жастар идеологы С.Сәдуақасұлы жастар тәрбиесі жөніндегі тұжырымдары қазіргі ұлттық тәрбие концепцияларында да өзекті мәселе саналады. Мемлекеттік реформаторлық ойдың иесі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет саясатына қатысты ұсыныстары әлі күнге дейін зерттеліп, бағаланып келеді.Ұлт интеллигенциясының өкілі ретінде тарихи сабақтастықты қалыптастырды.Ол — Алаш идеясының кеңестік дәуірдегі жалғасы мен көпірі.

Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық-саяси қызметі — қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы күрестің маңызды бөлігі. Ол Алаш ұлттық идеясының негізгі қағидаларын ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы жаңа саяси жағдайда жалғастырып, ұлттық мүддені қорғаудың жаңа формаларын таба білді.Сәдуақасұлы ұсынған:

  • ұлттық тіл мен мәдениет,

  • білімге негізделген өркениеттік даму,

  • экономикалық дербестік,

  • әділетті басқару,

  • ұлттық кадр даярлау идеялары - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізгі құндылықтарымен үндестігін табуда..Сондықтан оның мұрасы — ұлттық саяси ойдың, мемлекетшілдік дәстүрдің әрі Алаш идеясының тарихи жалғастығы ретінде ерекше бағалы.

Қорыта келе айтарым Смағұл Сәдуақасұлы – қазақ ағартушылығының ірі өкілі, оның білім беру саласына қатысты идеялары ХХ ғасырдың басында айтылғанымен, қазіргі заманғы білім беру жүйесінің барлық құндылықтарымен үндеседі. Ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, инновация, жастар тәрбиесі, қолжетімді білім – бұлар С.Сәдуақасұлы мұрасының да, қазіргі білім реформаларының да негізі. Сондықтан Сâдуақасұлы идеялары заман талабына сай қайта жанданып, ғылыми-педагогикалық ойдың дамуына үлес қосуда.

Смағұл Сәдуақасұлы – қазақтың ағартушылық ойының алтын қорына енген тұлға. Оның білім мен мәдениетке қатысты идеялары заманынан озық болды және бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесі ұстанып отырған негізгі құндылықтармен тікелей сабақтас.Ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылу – Смағұл Сәдуақасұлының да, қазіргі білім беру саясатының да басты мақсаты. Сондықтан оның мұрасы бүгін де өзекті, болашақта да маңызын жоймайды.

Смағұл Сәдуақасұлы - қысқа ғұмырында қазақ халқының болашағы үшін жан аямай қызмет еткен, Алаш идеясының жас буын арасындағы жарқын жалғастырушысы.Оның қоғамдық – саяси көзқарастары мен жарияланған еңбектері тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеологиясының маңызды тіректерінің бірі болып табылады.С.Сәдуақасұлының өмірі мен күресі - отарлық қысым жағдайында ұлттық мүддені қорғаудың, саналы модернизация идеяларын жеткізудің үлгісі деп білемін.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2025
9
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі