С.Мұқанов "Сұлушаш" поэмасы 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Мұқанов "Сұлушаш" поэмасы 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды қазақ әдебиеті бойынша 11 сынып оқушыларына және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.Сәбит Мұқановтың "Сұлушаш" поэмасындағы Сұлушаш пен Алтайдың өз тағдырлары үшін күресуі, махаббат жолында кездескен қиындықтары туралы толық таныстыруға мүмкіндік береді.Тілеуберді бйдың байлығы , жалғыз қызы Алтынайды өз сүйгені Алтайға емес ,байдың ұлы Байболсынға ұзатуы , Алтайдың інісі Ермекті құл қылып беріп жіберуі туралы таныса отырып , Қайсардың достыққа адалдығын ұғынады. Махаббат үшін мерт болған екі жастың тағдырымен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Отаргалиева Камарслу Серикболатовна



Қазақ әдебиеті 11 а – сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы

1. Білімділік: «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау.

2. Дамытушылық: «Сұлушаш» поэмасының идеясы әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес екенін оқушыларға іздендіру жұмыстары арқылы ұғындыру.

3.Тәрбиелік: Поэманың мазмұнын игерте отырып, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, «Жуан – жіңішке сұрақтар», «Интервью» әдісі, Топтастыру, «Бес жолды өлең», сұрақ – жауап, ізденіс- шығармашылық, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд – презентация, аудио - жазба, флипчарт, маркерлер, Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы жазылған ресурстар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: 1. Амандасу

2. Түгендеу

3. Оқушыларды топқа бөлу

4. Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды

5. Топ басшыларына бағалау парағы үлестіріледі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы берілген болатын. «Жуан – жіңішке» сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

«Жуан – жіңішке» сұрақтар

  1. С.Мұқанов кім ?

  2. С.Мұқанов қай жерде, қашан дүниеге келді ?

  3. Өлең – жырға әуес Сәбитті ауылдастары қалай атады ?

  4. С.Мұқановтың алғашқы өлеңдерін ата.

  5. Сәбиттің қандай шығармалары бар ?

  6. Сәбит қандай тақырыптарға қалам тартты ?

  7. «Ботагөз» романының алғашқы атауы?

  8. «Сұлушаш» поэмасы осыған дейін танысқан қандай шығармаларға ұқсас деп ойлайсыңдар?


ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Қызығушылықты ояту

Оқушылар, сендер осы уақытқа дейін Сәбит Мұқановтың қандай туындыларымен таныстыңыздар ? («Балуан Шолақ» хикаяты, «Өмір мектебі» романынан алынған «Лашын», «Саятшы Ораз», «Есіл бойында» әңгімелерімен таныстық) Бүгін біз Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасымен танысамыз.



2. Мағынаны тану

Слайд – презентация арқылы С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріледі. Аудио – жазбадан С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы тыңдатылады.


«Даналық ойдан дән ізде»

«Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі.»

М. Әуезов.

«Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия.»

Ғ. Мүсірепов.

«Сәбит Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді.»

М. Қаратаев.

Топтық жұмыс:

І топ: С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы жазылған ресурс үлестіріледі.

Оқып шығып, «Интервью» әдісі арқылы 1 оқушы «Тілші» болып,

«Сұлушаш» поэмасы туралы сұрақ қояды. Қалған оқушылар тілшінің сұрағына жауап береді.

Поэманың композициялық құрылымына қарай талдау жасайды.

ІІ топ: «Сұлушаш» поэмасының мазмұны жазылған ресурсты оқып,

І, ІІ бөлімдерінің мазмұны туралы топтастырып, постер қорғайды.

ІІІ топ: «Сұлушаш» поэмасының мазмұны жазылған ресурсты оқып,

ІІІ, ІҮ бөлімдерінің мазмұны туралы топтастырып, постер қорғайды.


Мәтінмен жеке жұмыс

1.С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасында Алтайдың дүниеге келуін қалай бейнелейді?

2. Поэмадағы Сұлушаштың портреті.

3. Жолбарыстан қорыққан Сұлушаш бейнесі қалай суреттелген?


3. Ой толғаныс

Сыр - толғау

Топтық жұмыс:

І топ: Авторға тікелей тіл қату.

ІІ топ: Алтай рухымен сырласу.

ІІІ топ: «Бес жолды өлең» жазу.

Сұлушашқа арнау өлең (1 – 2 шумақ өлең шығару)

«Бес жолды өлең» жазу

  1. Сұлушаш

  2. Ақылды, шыдамды

  3. Кездесті, үміттенді, күтті

  4. Сұлушаш – Тілеуберді байдың қызы.

  5. Сұлу

    1. Сұлушаш

    2. Адал, көрікті

    3. Пікірлесті, қарсыласты, шақырды.

    4. Алтай Сұлушашты шын сүйді.

    5. Байдың қызы


4. Бағалау: Топ мүшелері бағалау парағы арқылы бағаланады.

5. Үйге тапсырма: С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасынан әділдік іздеген қаһарманның арманы бейнеленген үзіндіні жаттау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі