Материалдар / Сөйлеу не үшін қажет?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеу не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңді түсініп оқиды. Тіл және сөйлеу туралы түсінік қалыптасады, сөйлеудің тек адамға тән екенін ұғынады. Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап, көркем жазады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Тіл және сөйлеу

Педагогтің аты-жөні:

Калиева Б Т

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу не үшін қажет?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Өлеңді түсініп оқиды.

Тіл және сөйлеу туралы түсінік қалыптасады, сөйлеудің тек адамға тән екенін ұғынады.

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап, көркем жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық

«Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңбер жасап, дөңгеленіп тұрады. Мұғалім жұмсақ жүрекшені қолына ұстап тұрып, қасындағы оқушының есімін атап, оған есімінің бас әрпінен басталатын тілегін айтады. Осылайша балалар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіруді жалғастырады. Мысалы, Айдана, ақылды қыз бол!

Балалар, өте тамаша тілектер айттыңдар. Осы айтқан тілектеріңнің ішінен қандай жақсы сөздер жүректеріңе жылылық сыйлады?

Мұғалім оқушылардың айтқан сөздерін тақтаға жазып тұрады. Оқушылар осы сөздер арқылы топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.

Өз есімдерінен басталатын тілектерін дауыстап айтады. Осылайша барлығы бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

  • Айару, ақылды қыз бол!

  • Бақдәулет, білімді боп өс!

  • Самат, сабырлы бол!

  • Шерхан, шебер бала бол!

  • Мерей, мейірімді бол!

  • Томирис, тапқыр қыз бол!

  • Ақылды, мейірімді, білімді, тапқыр.

ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалайды.




Ортасы

  • Адамға сөйлеу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?


«Топтастыру» бойынша жұмыс жүргізіледі.

  • Балалар, бүгін біз «Тіл және сөйлеу» деген жаңа бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде сендер сөйлеудің адамға ғана тән екенін түсінесіңдер. Біздің сөйлеуіміздің өзі айту, тыңдау, оқу, жазудан тұрады.

Оқулықпен жұмыс

Интербелсенді тақтаға назар аударады (оқулықтағы сурет көрсетіледі).

1-жаттығу ауызша орындалады. Алдымен мұғалім сөйлемдерді дауыстап оқып береді.

  • Аңсар кіммен сөйлесіп тұр?

  • Олар не жайында сөйлесіп тұр деп ойлайсыңдар?

  • Айналасында нелер бар?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жер бетінде алуан түрлі тіршілік иелері бар. Солардың ішінде адам ғана сөйлей алады. Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Сөйлеу не үшін қажет?» деп аталады.

2-жаттығуда өлеңмен жұмыс жүргізіледі.

Балалар, құстар, жануарлар сөйлей ала ма, қалай ойлайсыңдар?

Алдымен өлеңді мұғалім дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.







«Топтастыру» бойынша

«Сөйлеу не үшін қажет?» сұрағына топтастыру жасайды. Сөйлеу адамға біреумен тілдесу, ұғынысу, әңгімелесу, пікірлесу үшін қажет екенін айтады.


  1. жаттығудағы сөйлемдерді оқиды. Мәтінде қандай ой айтылғанын суреттің көмегімен және мұғалімнің түсіндіруімен ұғынады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.








  1. жаттығуда оқушылар

«Түртіп алу жүйесі» бойынша өздеріне түсініксіз сөздерді жай қарындашпен белгілеп отырады.













ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.

















Топтық тапсырмалар

Shape1

21



Shape2

22



Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Өлең мазмұнына талдау жасалады.

  • Жануарлар, аңдар сөйлей ала ма екен?

  • Балалар, құстар да, аңдар да, тіпті өсімдіктер де өз тілдерінде сөйлейді, дыбыс шығарады. Ғалымдардың анықтауынша, өсімдіктің бір жапырағын жұлып алсаң, қатты шыңғырған дыбыс шығарады екен. Бірақ біз оны естімейміз. Сондықтан әрбір тірі ағзаға, құстар мен жануарларға қамқорлықпен қараған дұрыс.

Балалар өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды;

  • өз ойларын еркін жеткізеді;

  • сұрақтарға жауап береді.

Барлық оқушы бір өлең жолынан тізбектей түгел оқып шығады.

Бейнекөріністен табиғаттағы судың, құстардың дыбыстарын естиді. Құстардың өз тілдерінде сайрайтынын ұғынады.



Дәптермен жұмыс

А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында, яғни барлық буынында кездесетініне назар аударады. Сауатты, көркем жазуға дағдыланады.

(Мұғалім оқушының орындықта түзу, орнықты отыруына назар аударады.) Сергіту сәті



  1. жаттығу жазбаша орындалады.



  1. жаттығу. Суреттермен сәйкестендіреді.

  • Қарқылдайтын не?

  • Қаңқылдайтын не?

  • Шиқылдайтын не?

  • Ырылдайтын не?

Көркем жазу

А А А А А А

а а а а а а



Жел улейді, у-у,

Құйын келіп билейді, зу-зу. Қатты, қатты жел соқты, гу-гу, Жапырақтар қол соқты, ду-ду. Қимыл-қозғалыс жасай отырып орындайды.

  1. жаттығуда берілген өлең жол- дарын көркем етіп көшіріп жазады.

  2. жаттығуды Жұмыс дәптеріне сәйкестендіре отырып орындайды.

Қарқылдайтын – қарға. Қаңқылдайтын – қаз.


Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырмалар жазылған қағаздар таратылады.

Шиқылдайтын – торғай. Ырылдайтын – ит.

Белсенді оқу тапсырмаларын топта орындайды.

Құлақ тыңдалым, кітап оқылым, қалам жазылым, микрофон айтылым.



Қой маңырайды, сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді, түйе боздайды.

Мен әжемді жақсы көремін.

Ол өте мейірімді. Әжем қартаймасын деймін. Мен інімді жақсы көремін. Өйткені ол сүйкімді. Үлкен азамат болсын деймін.


Сөйлеу – адамға ғана тән құбылыс. Жан-жануарлар сөйлемейді. Олар тек дыбыс шығарады.


Топтық тапсырмалар

1-топ. «Ақылдылар»: Cөйлеу түрлерін суретпен сәйкестендір (құлақтың, кітаптың, қаламның, микрофонның суреттері болады).

Жазылым Айтылым Оқылым Тыңдалым



2-топ. «Білімділер»: «Қалай дыбыстайды?» (қой, сиыр, жылқы, түйе суреттері берілген) Төрт түліктің қалай дыбыстайтынын айтады.



  1. топ. «Мейірімділер»: «Кімді жақсы көремін?» (қағаз парағына ана, әке, ата, әже, аға, әпке, сіңлі, іні сөздері жазылған) Топтағы әр оқушы өзінің жақсы көретін отбасы мүшелерінің бірін таңдап, қалай жақсы көретінін, қандай жақсы тілек арнайтынын айтады.

  2. топ. «Тапқырлар»: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып шық.



Барлығы бір- бірін тыңдап,

«Көңіл күй» смайликтерін көрсету арқылы бағалайды.


... – адамға ғана тән құбылыс. Жан- жануарлар ... . Олар тек ... шығарады.



Соңы

«Иә және жоқ» ойыны

Мұғалім балаларға бүгінгі сабаққа орай бірнеше сөйлем айтады. Оқушылар оларға

«иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  • Бүркіт адам тілінде сөйлейді.

  • Жоқ.

  • Бұлбұл сайрайды.

  • Иә.

  • Көліктер ызылдайды.

  • Ара гүрілдейді.

  • Шегіртке шырылдайды.

  • Жаңбыр шақырады.

  • Әтеш тырсылдайды.



Shape3

23




Кері байланыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!