Сөйлеу тілі бұзылысын түзету жолдары. Мақала.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілі бұзылысын түзету жолдары. Мақала.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыстананатын арнайы мамандарға,ұстаздарға,ата-аналарға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО. Орал қаласы № 19 ЖББОМ.

Мұғалім-логопед: Бекжанова Әлия Бақытқызы.

Мақала: Сөйлеу тілі бұзылысын түзету жолдары.

Түзету жұмыстары бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Арнаулы мектептер мен түзету сыныптарына жұмыстануы үшін көп ізденіс, тәжірибе, білім мен төзімділік қажет.

Арнайы түзету жұмыстарының мақсаты- даму мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік қалыптасуына, денсаулығына жағдай жасап, өз бетімен өмір сүруіне даярлау. Бұл санаттағы балалар үшін түзету жұмыстары өте қажет. Дер кезінде дұрыс көмек көрсету баланың психикалық, физиологиялық дамуына әсер етеді. Сондықтан мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста ізденімпаздықпен түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жұмыстануы тиіс.

Қимыл-қозғалыс аппаратына зақым келген балалармен жұмыстануда, саусақ моторикасының дамуының маңызы зор. Сонау, ата-әжелерімізден естіп өскен “Қуырмаштан” басталған саусақ ойындары бүгінгі таңда жалғасын табуда. Дана халқымыз: “Бас бармақ”, “Балалы үйрек”, “Ортан терек”, “Шылдыр шүмек”, “Кішкене бөбек” – деп санау, сөйлеу, қозғалыс әрекеттерін бір мезетте жүзеге асыра білген. Саусақ ойындарын логопедиялық сабақтарда тиімді пайдалану балалардың саусақ қимылы мен бұлшық еттерінің жетілуіне, сөйлеу тілі мен ойлау қабілетінің артуына және болашақта жазу шеберлігінің дамуына жағдай туғызады. Атап өтетін болсақ, сабақтарымда “Добым”, “Әтеш”, “Ешкі”, “Құлып” ойындарын қолданамын. Балалар саусақтарын сол кейіпте көрсетіп, тақпақты қосып орындайды. Баланың қызығушылығын туғызып, саусақ пен сөйлеу тілінің өзара үйлесімділікпен дамуына зор әсерін тигізеді. Шырпы талдарынан әріптерді құрастыру да тиімді жұмыстардың бірі болып табылады.

Тыныс алу жаттығулары мен артикуляциялық жаттығуларды күнделікті үзбей орындау бала сөйлеу тілінің анықтала түсуіне, жалпы моторикасының дамуына оң әсерін тигізбек.

Тіл бұзылушылығын түзету мақсатында логоритмикалық ойын жағдайын жасау балалардың өзіндік сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Логоритмикалық ойындардың мақсаты:

- Музыкалық естуі.

- Ритммен айту.

-Қимыл- қозғалыс координациясын дамыту.

Логоритмика- сөз, музыка, қозғалыстың бірігіп әсер етуі. Балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында логоұйқастар, сөзұйқастардың маңызы зор.Жас ерекшеліктеріне және диагноздеріне қарай сөзұйқастарды таңдап, лайықтап балаға айтқызу арқылы- қайталап айту, ілесіп бірге айту, жаттап айту жұмыстарын жүргізе аламыз. Берілген лексикалық тақырыптар бойынша немесе дыбыстарды ажырату кезінде сөзұйқастар айтқызу тиімді тәсілдердің бірі деп есептеймін. Мысалы, жыл мезгілдеріне байланысты сөзұйқастар:

Тем- тем- тем,

Көңілді көктем.

Ыр- ыр- ыр,

Жауады жаңбыр.

Ғай- ғай- ғай.

Жарқылдайды найзағай.

Шек- шек- шек,

Шығады бәйшешек.

Осындай сөзұйқастарды әр жыл мезгіліне байланысты айтқызу өте тиімді. Қайталап, жаттығып, оқуға, жаттауға ыңғайлы, әрі жеңіл.

Егерде, “Ғ” дыбысын өтетін болсақ:

Ғаламшар ғарышкері- Ғани,

Ғұлама ғалым- Ғайни.

Р” дыбысына буынұйқас:

Ра- ра-ра- Айжан шашыңды тара.

Ры- ры -ры- мінген атым торы.

Ар- ар- ар -далада қалың қар.

Ыр- ыр- ыр- жаттап алдым жыр.

Осындай жан жақты тәжірибе, ізденіс, білім мен еңбекті ұштастыра отырып, балаларымыздың жалпы сөйлеу тілі мен даму деңгейлері арта түсуіне жағдай жасап, түзету жұмыстарының ең бастысы- уақытты өткізіп алмау екенін ескере жүрейік!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2020
1526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі