Сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілін ойын технологиясы арқылы дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілін ойын технологиясы арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын технологиялары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз online «Бүгінгі ұстаз тағы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал


*Бақтиярова Д. А¹, Ибрагим И. А.².

¹˒²˒ Қазақ Ұлттық Қыздар Педогогикалық университеті,

¹˒²˒Алматы, Қазақстан

*(E-mail: dilnazbaktiarova.2003@gmail.com)


ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Аннотация


Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың тілдік әрекетін дамытуда ойын технологияларын қолданудың жолдары қарастырылады.

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру – олардың когнитивтік, әлеуметтік және эмоциялық дамуының негізі болып табылады. Тілінде ақаулықтары бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде ойын – ең тиімді әдістердің бірі, өйткені ол баланың табиғи қызығушылығын арттырып, қарым-қатынасқа еркін енуіне мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ойын технологияларының түрлері, олардың дыбыстау, сөздік қор және грамматикалық құрылымдарды дамытудағы рөлі талданды. Теориялық, диагностикалық және тәжірибелік әдістер қолданылып, сандық және сапалық талдау нәтижелері негізінде сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыста ойын технологияларын тиімді кіріктірудің әдістемелік ұсыныстары жасалды. Ойын – баланың табиғи қызығушылығын арттырып, қарым-қатынасқа еркін енуіне мүмкіндік беретін тілдік дамудың негізгі құралы ретінде қарастырылады.

Зерттеу Алматы қаласы № 22 бөбекжай-балабақшаның логопедиялық тобында жүргізілді. Барлығы сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық және жалпы сөйлеу дамымауынан тәжірибе барысына 4 бала ірктелініп алынды

Кілт сөздер: мектеп жасына дейінгі балалар, ойын технологиялары, сөйлеу тілінің бұзылыстары, тілдік әрекет, түзету жұмысы, қарым-қатынас.


Кіріспе


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтер оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім...», - деді [1].

Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың тұлғалық, когнитивтік және тілдік дамуының ең маңызды басқыштарының бірі. Дәл осы жаста баланың ойлау қабілеті қарқынды дамып, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады. Сөйлеу тілі – баланың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, оның әлеуметтенуіне, оқу іс-әрекетіне бейімделуіне және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына негіз болады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дұрыс әрі толыққанды дамыту – педагогика мен психология саласындағы аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Алайда соңғы жылдары мектепке дейінгі балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстары жиі кездесуде. Бұл жағдай дыбыстарды дұрыс айта алмау, сөздік қорының жеткіліксіздігі, грамматикалық құрылымдарды игермеу, байланыстырып сөйлеудің дамымауы сияқты әртүрлі көріністер арқылы байқалады. Мұндай ақаулар тек қарым-қатынас процесін қиындатып қана қоймай, сонымен бірге баланың ойлау қабілетінің дамуына, эмоциялық жағдайына, мектепке дайындық деңгейіне де әсерін тигізеді. Осыған байланысты сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балаларға арнайы түзету-дамыту жұмыстары жүргізудің маңызы арта түсуде.

Сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарының бірі – ойын технологияларын пайдалану. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті, олардың танымдық белсенділігінің, шығармашылық қабілетінің және қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін жетекші іс-әрекет. Балалар ойынды табиғи қабылдап, оған қызығушылықпен қатысады, сондықтан ойын арқылы тілдік материалды меңгеру жеңіл әрі нәтижелі болады. Әсіресе, логопедиялық ойындар, қимылды және рөлдік ойындар сөйлеу дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілінің бұзылыстары мен жазу дағдыларының қалыптасуындағы ауытқулар баланың танымдық іс-әрекетінің дамуына елеулі ықпал етеді. Жазудың бұзылуын сөйлеу тілінің жеке ақауы ретінде алғаш рет 1877 жылы А. Куссмауль атап өткен. Кейін бұл мәселе көптеген ғалымдардың назарын аударып, әртүрлі зерттеу еңбектерінде талқылана бастады. Жазу процесіндегі ауытқуларды психология, педагогика және дефектология саласының өкілдері зерттей отырып, бұл бағытта Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, Р.М. Боскис, Р.Е. Левина еңбектер жазды. Сондай-ақ, О.А. Токарева, Л.Ф. Спирова, Е.Ф. Соботович, Н.А. Никашина, Д.И. Орлова және Г.В. Чиркина да жазудың бұзылуына байланысты бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізген [2].

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың тілдік дамуы – көпқырлы процесс. Ол фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және байланыстырып сөйлеу дағдыларын біртұтас дамыту жүйесін қажет етеді. Дәстүрлі логопедиялық жаттығулар көбіне қайталау, жаттау, механикалық орындауға негізделгендіктен, балаларды тез жалықтырып жібереді.

Зерттеу өзектілігі соңғы жылдары сөйлеу тілінің бұзылыстары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездесіп отыр. Мұның себебі – экологиялық факторлар, әлеуметтік қарым-қатынас тапшылығы, экран алдындағы уақыттың көбеюі, ата-ананың сөйлеу белсенділігінің төмендігі және ерте жастағы тілдік стимуляцияның жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайлар балалардың фонематикалық естуін, артикуляциялық аппараттың қимыл икемін және сөздік қордың дамуын тежейді.

Осы тұрғыдан алғанда, ойын технологияларын қолдану – заманауи логопедия мен мектепке дейінгі педагогикада өзекті инновациялық бағыт болып табылады. Себебі ойын әрекеті барысында бала белсенді сөйлейді, тыңдайды, жауап береді, ережелерді сақтай отырып өз ойын жеткізеді. Бұл тілдік қарым-қатынас тәжірибесін табиғи жолмен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл тақырыпты зерттеу мақсаты қазіргі мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесінде сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың тілдік белсенділігін арттыру үшін дәстүрлі логопедиялық әдістерді цифрлық және ойын технологияларымен кіріктіріп қолданудың педагогикалық целесообраздылығын теориялық және тәжірибелік тұрғыда негіздеу.


Ибрагим Инабат – тәжірибе бөлімін өткізді, бақылау және анықтау кезеңдерін жүргізді.


Бақтиярова Дильназ – материалдарды жүйелеп, кестелер мен диаграммаларды рәсімдеді, мәтінді редакциялады.














МАЗМҰНЫ


  1. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Сөйлеу тілінің бұзылыстары және оларды түзетуде ойын технологияларын қолданудың теориялық негіздері

    2. Ойын түрлері және олардың логопедиялық әдістемеде қолдану ерекшеліктері

  1. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

    1. Зерттеу жұмысының тәжірибелік дәлелдемелері

  2. ҚОРЫТЫНДЫ

  3. ҚОСЫМША 1

  4. ҚОСЫМША 2

  5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ









































  1. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Сөйлеу тілінің бұзылыстары және оларды түзетуде ойын технологияларын қолданудың теориялық негіздері


Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың психикалық, когнитивтік және тілдік дамуының ең белсенді уақыты. Бұл кезеңде сөйлеу тілі адамның негізгі қарым-қатынас құралы ретінде қалыптасады. Тіл арқылы бала қоршаған ортамен байланыс орнатады, өзінің ойы мен сезімін білдіреді, әлемді таниды. Сондықтан сөйлеу тілінің толық және дұрыс дамуы – тұлғаның жалпы дамуының басты шарты болып табылады.

Алайда соңғы жылдары мектепке дейінгі балалар арасында сөйлеу тілі бұзылыстарының жиі кездесуі педагогтар мен логопед мамандардың назарын ерекше аударып отыр. Бұл бұзылыстардың табиғаты әртүрлі және олардың баланың жалпы даму процесіне әсері де елеулі.

Л.С. Выготскийдің пікірінше, баланың сөйлеуі оның ойлау қабілетімен тығыз байланыста дамиды, ал ойын – «жақын даму аймағын» кеңейтетін негізгі әрекет. Ол: «Ойын барысында бала өз мүмкіндігінен жоғары әрекет етеді» деп жазған.[3. 228б]

Д.Б. Эльконин «Психология игры» (Москва, 1989) еңбегінде ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті екенін атап көрсеткен. Ол: «Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру тәсілі және тілдік қарым-қатынасты дамытудың табиғи жолы» дейді.[4]

Осыған орай,Выготский мен Элькониннің бұл теориялары бірін-бірі толықтырады: ойын — баланың ойлау, сөйлеу және әлеуметтік дамуының негізгі қозғаушы күші. Әсіресе сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар үшін ойын — тілдік белсенділікті арттырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін ең табиғи әрі тиімді әдіс. Ойын барысында бала қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсіп, жаңа сөздерді тәжірибе жүзінде қолданады, сөйтіп сөйлеу мотивациясы күшейеді және тілдік әрекеті белсенді болады.

Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар кешенді сипат алып, баланың фонематикалық қабылдауынан бастап грамматикалық құрылымына, ойлауына, есте сақтауына және эмоциялық жағдайына әсер етеді. Соңғы онжылдықта логопедиялық тәжірибе дәстүрлі артикуляциялық және фонематикалық жаттығуларға қоса ойын терапиясын, нейрологопедиялық әдістерді және цифрлық интерактивті құралдарды белсенді енгізуде. Бұл тәсілдер балалардың қызығушылығын, сөйлеу мотивациясын арттырып, түзету жұмыстарын жеңілдетеді — сондықтан ойын технологиялары мен интерактивті әдістерді логопедиялық жүйеге интеграциялау — заманауи практиканың негізгі бағыты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын — әдістемелік жағынан негізделген құрал; ойын арқылы дыбыстық мәдениетті, сөздік қорды және байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға болады. Оқу құралында ойын әдістерін нақты сабақтық құрылымдарға енгізу жолдары мен әдістемелік талаптар ұсынылған.[5]















    1. Ойын түрлері және олардың логопедиялық әдістемеде қолдану ерекшеліктері


Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті және оның сөйлеу қабілетін дамытудың ең тиімді құралы. Л.С. Выготскийдің айтуынша, «ойын баланың шынайы өмірде орындай алмайтын әрекеттерін іске асыратын ерекше даму аймағы» болып табылады [7].

Бұл тұжырым логопедиялық сабақтарда ерекше маңызды. Себебі сөйлеу тілі бұзылыстары бар бала ойын кезінде өзін еркін сезініп, сөздік белсенділігі артады, жаңа сөздерді табиғи қарым-қатынас жағдайында қолданады.

Зерттеулер көрсеткендей, ойын әрекеті сөйлеу мүшелерін жаттықтыру, фонематикалық қабылдауды дамыту және грамматикалық құрылымдарды меңгерту үшін тиімді әдіс болып табылады. Бұл бағытта А.Н. Леонтьев ойынның құрылымдық-мотивациялық рөлін ерекше атап өтеді: «Ойын – адамның іс-әрекетінің бастау көзі, ол баланы мақсат қою мен оны орындауға үйретеді»[8].

Менің көзқарасымда, Леонтьевтің бұл пікірі логопедиялық сабақтарда ойын түрлерін кезең-кезеңімен ұйымдастырудың қажеттілігін дәлелдейді, өйткені ойын баланың сөйлеу мотивациясын арттырады.

Ғылыми деректерге сүйенсек, ойын түрлері үш негізгі бағытта қолданылады:

Дидактикалық ойындар – тілдік материалды бекітуге арналған;

Қимылды ойындар – сөйлеу ырғағын, дем алу мен артикуляцияны реттейді;

Рөлдік ойындар – байланыстырып сөйлеу мен диалогтық қарым-қатынасты дамытады.

Бұл бағытты Д.Б. Эльконин терең зерттеген. Ол «Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті, ол баланың еркін сөйлеуін, әлеуметтік рөлдерді игеруін қамтамасыз етеді» деп атап өткен [4 33-б.]

Пайымдауымша, Элькониннің бұл тұжырымы логопедиялық сабақтарда рөлдік ойындарды енгізудің маңызын көрсетеді, өйткені бала ойын рөлі арқылы тілдік және әлеуметтік дағдыларды қатар дамытады.

Сонымен қатар, К.Д. Ушинский ойынның тәрбиелік және дамытушылық маңызын ерекше бағалаған. Ол: «Ойын – баланың рухани өмірінің айнасы, сондықтан тәрбиеші оны ақылмен басқаруы тиіс» деген[9]

Менің ойымша, бұл пікір логопед үшін де өзекті: ойын баланың эмоциялық жағдайын реттеп, сөйлеуге деген ішкі сенімін қалыптастырады.

Қазіргі логопедиялық тәжірибеде ойын технологияларын қолдану бағыттарын И.И. Мамайчук жан-жақты қарастырған. Ол: «Психокоррекциялық ойындар баланың сөйлеу, таным және эмоциялық саласын бір мезгілде дамытуға мүмкіндік береді» дейді. [6. 56-б].

Осылайша, логопедиялық сабақтарда осындай ойындарды қолдану баланың психологиялық жай-күйін жақсартып, сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.

Ұлттық бағыттағы зерттеулерге сүйенсек, К.М. Метербаева қазақ балаларының тілдік мәдениетін дамытуда ұлттық ойындардың маңызы зор екенін атап өткен: «Қазақтың халықтық ойындары – баланың ана тілін сезінуін, сөз байлығын және сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын табиғи құрал» [5. 64-б].Сондай-ақ қазіргі зерттеулерде педагогикалық ойындардың сөйлеу тілін дамытудағы әсері эксперименттік тұрғыда дәлелденген.[10].

Менің пікірімше, бұл екі ғалымның еңбектері логопедиялық тәжірибеде ұлттық және заманауи ойын технологияларын ұштастыра қолданудың маңызын көрсетеді. Ұлттық ойындар баланың ана тіліне сүйіспеншілігін арттырып, тілдің табиғи дыбыстық жүйесін меңгеруге мүмкіндік берсе, заманауи педагогикалық ойындар баланың қызығушылығын арттырып, сөйлеу белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Осы екі бағытты үйлестіру сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың тілдік дамуын кешенді түрде қамтамасыз етеді.







  1. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР

2.1.Зерттеу жұмысының тәжірибелік дәлелдемелері

Зерттеу тәжірибесінің негізгі мақсаты – сөйлеу тілі бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік әрекетін дамытуда ойын технологияларының тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің сипатын анықтау, ойын технологияларын жүйелі қолдану арқылы тілдік белсенділікті арттыру әдістерін апробациялау және түзету жұмысының нәтижелерін бақылау мен талдау арқылы тиімділігін дәлелдеу міндеттері қойылды.

Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды: диагностикалық, түзету-дамыту және қорытынды бақылау кезеңдері. Диагностикалық кезеңде логопедиялық топтағы 5 жастағы төрт бала іріктеліп, олардың сөйлеу тілінің бастапқы деңгейі анықталды. Арнайы әдістемелер (Г.В. Чиркина, Т.Б. Филичева, О.Е. Грибова) негізінде фонематикалық қабылдау, сөздік қор, грамматикалық құрылым мен байланыстырып сөйлеу деңгейлері бағаланды. Бастапқы нәтиже бойынша балалардың басым көпшілігінде дыбыс айту кемшіліктері, сөздік қордың жеткіліксіздігі және байланыстырып сөйлеудің төмен деңгейі байқалды. Кейбір балалар сөздерді бұрмалап айтқан, сөйлемді толық құра алмады, ал пассив сөздік қоры белсенді қолданысқа енбегені анықталды.

Түзету-дамыту кезеңінде 3 ай бойы ойын технологияларына негізделген логопедиялық сабақтар өткізілді. Сабақтар аптасына үш рет, 25–30 минуттан жүргізілді. Ойын түрлері балалардың жас ерекшелігі мен сөйлеу кемшілігінің сипатына сәйкес таңдалды. Мысалы, дыбыстық есту мен ажыратуды дамыту үшін «Тыңда да, тап!», «Сиқырлы қорап», «Қай дыбысты естідің?» ойындары қолданылды. Сөздік қорды байытуда «Артық затты тап», «Кім не істейді?», «Суретті аяқта» жаттығулары тиімді болды. Грамматикалық құрылымдарды қалыптастыру үшін «Сөйлемді жалғастыр», «Қимылды сипатта», ал байланыстырып сөйлеуді дамытуда «Сурет бойынша әңгіме», «Ертегі құрастыр», «Роботтың саяхаты» сияқты ойындар енгізілді. Сабақтар барысында балалардың белсенділігі айқын артты: олар өз ойларын білдіруге ұмтылды, дыбыстарды дұрыс айтуға, жаңа сөздерді қолдануға және сөйлемдерді байланыстырып айтуға талпынды.

Қорытынды бақылау кезеңінде балалардың сөйлеу дағдылары қайта бағаланды. Алынған нәтижелер бастапқы көрсеткіштермен салыстырылды. Зерттеу соңында балалардың сөздік қоры шамамен 25–30%-ға артты, дыбыс айту сапасы жақсарды, сөйлеу кезінде бұрмалаулар азайды. Байланыстырып сөйлеу қабілеті күшейіп, балалар өз ойларын қысқа, бірақ мағыналы сөйлемдермен жеткізе бастады. Сонымен қатар сабаққа деген қызығушылық пен белсенділік деңгейі едәуір өсті, балалар өзара қарым-қатынаста еркін сөйлесіп, тілдік белсенділік көрсетті.Қысқа мерзімді бақылау нәтижелері түзету жұмысының тиімділігін дәлелдеді: фонематикалық қабылдау айқын жақсарды, артикуляциялық аппараттың қозғалысы нақты әрі үйлесімді бола түсті, сөздік қоры кеңейді және грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдану жиілей түсті. Тәжірибелік топтағы балалардың жалпы сөйлеу деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда едәуір жоғары нәтиже көрсетті. Бұл ойын технологияларын логопедиялық тәжірибеде жүйелі қолдану сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің тиімді әдісі екенін айқын дәлелдейді.Зерттеу сабақтары күннің бірінші жартысында, топтық және жеке формада өткізілді. Сабақтар барысында логопед пен педагог әр баланың жетістігін тіркеп, динамикалық бақылау жүргізді. Алынған нәтижелер ойын технологияларын сөйлеу тілін дамытуда кешенді және ғылыми негізделген құрал ретінде қолданудың маңыздылығын көрсетті.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманда мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту — педагогика мен логопедия ғылымының басты бағыттарының бірі болып отыр. Себебі баланың сөйлеу тілі – оның тұлғалық қалыптасуының, ойлау қабілетінің, танымдық белсенділігінің және әлеуметтену процесінің негізі. Сөйлеу тілінің бұзылыстары баланың қарым-қатынасқа түсуін, өз ойын еркін жеткізуін, оқу әрекетіне дайын болуын тежейді. Сондықтан логопедиялық жұмыстың мазмұны мен әдістерін жаңарту, ойын технологиялары сияқты инновациялық тәсілдерді қолдану — уақыт талабы.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың тілдік әрекетін дамытуда ойын технологияларын жүйелі қолдану жоғары нәтиже береді. Эксперименттік жұмыстың үш кезеңі (диагностикалық, түзету-дамыту және бақылау) барысында балалардың сөйлеу белсенділігі мен тілдік қабілеттерінде айтарлықтай оң өзгерістер байқалды.

Диагностикалық кезеңде балалардың сөйлеу дағдылары жеткіліксіз, фонематикалық қабылдау мен дыбыстық талдау қабілеті әлсіз, сөздік қоры шектеулі болды. Ал түзету-дамыту кезеңінде қолданылған ойындар баланың эмоциялық жай-күйін жақсартып, логопедиялық жаттығуларды қызықты әрі нәтижелі етті. Нәтижесінде балалардың дыбыс айту сапасы түзеліп, сөздік қоры 25–30%-ға артты, сөйлем құрау қабілеті жақсарып, байланыстырып сөйлеудің деңгейі жоғарылады.

Бақылау кезеңінің қорытындысы бойынша барлық балалардың сөйлеу тілі дамуының негізгі көрсеткіштері жақсарды: 10 балдық жүйемен бағалау нәтижесінде әр баланың көрсеткіші 4–5 баллға өскен. Бұл ойын технологияларының тілдік белсенділікті арттырудағы тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, балалардың өзара қарым-қатынасы жақсарып, еркін сөйлеуге деген сенімі артқан.

Жалпы алғанда, ойын технологияларын логопедиялық сабақтарда пайдалану баланың табиғи қызығушылығын оятып, танымдық және тілдік белсенділігін дамытады. Ұлттық және заманауи ойын түрлерін үйлестіре қолдану балалардың ана тіліне сүйіспеншілігін арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ойын – сөйлеу тілін түзетудің ғана емес, тұлғаның жан-жақты дамуының да пәрменді педагогикалық құралы болып табылады.

Қорыта айтқанда, ойын технологияларын қолдану — сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың тілін дамытудағы ең тиімді, заманауи және ғылыми негізделген әдістердің бірі. Ойын балалардың сөйлеу белсенділігін табиғи жолмен арттырып, түзету процесін қызықты әрі нәтижелі етеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасуы, цифрлық және интерактивті ойын орталарын қазақ тілінде бейімдеу, логопед мамандарды жаңа технологияларды қолдануға үйрету — алдағы жылдардағы өзекті міндеттердің бірі болып қала береді.

Ойын технологиялары арқылы сөйлеу тілін дамыту – баланың болашақ оқу жетістігіне, тұлғалық дамуына және қоғаммен еркін қарым-қатынас орнатуына жол ашады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ойын әдісін жүйелі қолдану – сөйлеу бұзылыстарын жеңудің, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың және баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің ең сенімді жолы.









ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелген.

  2. Бакраденова, А. Б. Қарым-қатынас баланың ана тілінде сөйлеу дағдыларын Дамытудың негізгі шарты ретінде / А. Б. Бакраденова, А. С. Таурбекова , Г. А. Тажинова // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. – 2023. - № 3 (144).

  3. Выготский Л. С. Педагогическая психология. -М.: АСТ: Астрель, Хранитель, 2013. - 671 с.

  4. Эльконин, Д. Б. Психология игры. — Москва: Педагогика, 1989. — 224 б.

  5. Метербаева К.М. Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ерекшеліктері. – Астана: ҰҒПББСО, 2017. – 120 б.

  6. Мамайчук И.И. Психокоррекционные технологии для детей с проблемами в развитии. – Санкт-Петербург: Речь, 2016. – 176 б.

  7. Выготский Л. С. «Воображение и творчество в детском возрасте», Москва, 1991, 45-б.

  8. А. Н. Леонтьев. «Деятельность. Сознание. Личность», Москва, 1975, 112-б.

  9. К. Д. Ушинский. «Адам – тәрбие нысаны ретінде», Санкт-Петербург, 1868, 210-б.

  10. С.Н. Жиенбаева, Gumilyov Journal of Pedagogy, 2024














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2025
20
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі