Материалдар / Сөйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа буынның «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды; 2. 1 жастан 6(7) дейінгі жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген); 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығы-мен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2018
2009
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К.
СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы
педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017


Page 2

© Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К.,
Молдабаева Г.К., 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К.
  Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне
арналған/Тұрсынбаева Г.Ж., Халықова А.К., Молдабаева Г.К. – Алматы: Алматыкітап
баспасы, 2017. – 88 б.
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
Т 86
Т 86
ISBN 978-601-01-3078-4
ISBN 978-601-01-3078-4
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102


Page 3

3
Түсініктеме
Жаңа буынның «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік
құжаттарға сәйкес дайындалған:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) дейінгі жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығы-
мен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі
5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Осы барлық қағидалар жаңа буынның «Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешенінің
құрылымы мен мазмұнында ұтымды көрініс тапты.
ОӘК төмендегі оқу құралдарынан тұрады:
1) Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау ( бұдан әрі – нұсқау);
2) 32 ұйымдастырылған оқу қызметінен тұратын әліппе-дәптер.
Әдістемелік нұсқауда:
• Ұзақмерзімді жоспар;
• Қысқамерзімді жоспар берілген.
Әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған сабақ мазмұнынан
тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар,
сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдау-
дың бірізділігін тағы да бір дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі:
1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімше-
лер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
2. Жоспарда сабақтың сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар,
балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан
пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоциялық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер
қарастырылған.
Екінші бөлім негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған
әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған.
Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік,
электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық
мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің барлық тапсырмалары
ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір сабақта 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік
нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік


Page 4

4
нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды,
ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау,
ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын
зерттеулер және т.б. бар.
«Сөйлеуді дамыту» сабағының мақсаты:  нақты, мәнерлі тілдік дағдылары мен
біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру болып
табылады.
 Міндеттері:
• балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың
ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту;
• тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту;
• тілдесу дағдыларын (диалогтік және монологтік) қалыптастыру;
• сөйлесу әдебінің нормаларына баулу;
• тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті
тәрбиелеу.
«Сөйлеуді дамыту» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырыл-
ған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелер-
ден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке
жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі
кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік тудырады.
№Бөлім Бөлімше
1Тыңдалым және
айтылым
1.1 Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру

1.2 Сөздік қорды толықтыру
1.3 Оқиғаны болжау
1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас
жағдаяттарына қатысу

1.5 Тыңдаушының назарын аударту
1.6 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру
2Жазылым 2.1 Ақпаратты түрлі нысанда ұсыну
«Сөйлеуді дамыту» сабағының алдына қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге
асыру үшін Әліппе-дәптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес
ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыптары таңдалды:
1. Мен кіммін және қандаймын?
2. Мектепке не үшін барамыз?
3. Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым)
4. Менің айналамды не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)
5. Жолдар бізді қайда бастайды?
6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?
8. Денсаулықты қалай күту керек?
Әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар әдістеме-
лік нұсқауда берілген ҰОҚ үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сәйкес
мазмұнын ашу негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусым-


Page 5

5
да бекіткен №391 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың даярлық
сыныптарында бағдарламада берілген «Сөйлеуді дамыту» ұзақ және қысқамерзімді 32
сағатқа ҰОҚ жоспары ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы ұсынып
отырған басты міндеттердің бірі – мектепалды сыныптарындағы 6-7 жас шамасында-
ғы балалардың сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыру міндеті, яғни, түрлі жағдайлардағы
қарым-қатынастағы сөйлеуді дамыту, балалардың сөздік және коммуникативтік даму-
ын арттыру және тәрбиелеу.
Сонымен қатар тақырыпты талдау, тілдік лексикалық, грамматикалық жаттығулар
жасату, тапсырмалар мен ойын тәсілдері, көру және вербальды ойлау мен қиялдауына
ерекше назар аударылады. Жоспарланған оқу қызметінде толық жауап беруді дағдыға
айналдыру және әңгімелеп айтуға үйрету үшін тапсырмалар беріледі. Бұл жоспар әліппе-
дәптер негізіне сүйене отырып заманға сай көрнекіліктерді және қосымша дидактиканы
ұсынады. Интонацияны дұрыс қою, оның ішінде ырғақты әуенді, дауыс күшін, екпінді
бала саналы түрде қолдануға арнайы жаттығулар арқылы жетеді. Баланың алты
жасының аяғына қарай ана тілінің барлық дыбыстарын сөзден оңай ажырата алуына
көңіл бөлінеді. Мақал-мәтелдер, ауыспалы мағынадағы сөздер және мағынасы жақын
сөздер (синонимдер), теңеу сөздер, антонимдер, әр дыбысқа арналған жаңылтпаштар,
тіл ұстарту жаттығулары баланың сөздік қорына нақты сөздіктер енгізеді. Сонымен
қатар грамматикалық нысандар мен құрылымдар, лингвистикалық қорыту, зат есімдер
мен сын есімдерге арналған жаттығулар, санды, істі, бір түбірлі сөздерді таңдау
мектепке дейінгі баланың белсенді сөйлеуіне ерекше үлес қосады. Балалармен жеке
және топта жұмыс істеледі, интерактивті әдістер пайдаланылады.
Педагог шығармашылығы мен ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықты
әліппе-дәптермен бірге пайдалану ауқымды сөйлеуді дамытуға оқыту ортасын құруға,
баланың сөйлеуін жан-жақты сапалы өзгертуіне, лексикасының, грамматикасының
дұрыс құрылуына көмектесе алады. Осылайша баланың сөздік қоры жоғары деңгейге
жетіп, болашақта мектепте табысты білім алуына көмектеседі.
Құрметпен және ынтымақтастықта
жұмыс істейміз деген үмітпен авторлар


Page 6

6
«СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНЕ
АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Ұйымдастырылған
оқу қызметінің (ҰОҚ)
тақырыбы
Мақсаттары
I.Мен кіммін және
қандаймын?
1.Кел, танысайық! 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
2.Мен үлгілі баламын 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
3.Өскенде мен кім болам?0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
4.Отан деп соғады жүрегім0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
II.Мектепке не үшін
барамыз?
5.Кітап – алтын қазына0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру.
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу.
6.Мен білімді баламын0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
ҰЗАҚмерзімді жоспар


Page 7

7
7.Мектеп ауласында 0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау,
тілдесудің вербальды емес құралдарын қолдану
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
8.Мектептегі оқиға 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
III.Менің айналамда
кімдер бар?
9.Бақытты отбасы 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну,
оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
10.Анама бәрін арнаймын0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну,
оларды сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
11.Менің досым 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы
бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
12.Ағайынды екеуміз 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы жақын сөздерді қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер
қолданып жеткізу
IV.Менің айналамды не
қоршап тұр?
13.Қанаттылар тіршілігі0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу


Page 8

8
14.Мөлдір бұлақ 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну,
оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
15.Жануарлар қайда
тұрады?
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер
қолданып жеткізу
16.Қысқы орман 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/ қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
V.Жолдар бізді қайда
бастайды?
17.Бағдаршам – көшедегі
көмекшім
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
18.Көліктер және оның
түрлері
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы менмәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
19.Алматыға саяхат 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
20.Жолда абайла 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
VI.Салт-дәстүрді білу
не үшін керек?
21.Өмірге келдім 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу


Page 9

9
22.Қонақжайлылық 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
23.Қос ішекті домбыра 0.1.1.1 Сөздер мен фразаларды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді
қолданып жеткізу
24.Наурыз – жыл басы 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
VII.Мен үшін не дәмді және
пайдалы?
25.Дастарқан басында 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
26.Жеміс-жидектер мен
көгөністер
0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
27.Ас атасы – нан 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу


Page 10

10
28.Атамның ауылында 0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау,
тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және
т.б.)
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
VIII.Денсаулықты қалай
күту керек?
29.Тазалық пен ұқыптылық0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау,
тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және
т.б.)
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну,
оларды сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
30.Спорт – денсаулық кепілі0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
31.Денсаулық еліне саяхат0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін
қолдана білу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу
32.Он екі мүшең сау болсын
десең
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,
мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде
қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізу


Page 11

11
ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық! Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана
білу
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,
белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен
сөйлесе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда
әдептілік сөздерін қолдана алады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Ойын еркін жеткізе алады. Диалогпен сөйлеседі,
әдептілік сөздерін біледі.
Көптілділік: танысу – знакомиться – to meet
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жазушы, мақала, конверт
Пікір алмасу сұрақтары:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Өткен сабақтардан
алған білім
Қоршаған орта туралы білімі бар, өзі жайлы айтып бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері
- Қайырлы таң, балалар!
- Бүгінгі күн қандай керемет!
- Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй
сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен
бастайық.
Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Қысқамерзімді жоспар
№1


Page 12

12
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-27 минут
Педагог балалардан журналист деген кім екенін, ол
немен айналысатынын сұрайды.
- Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер
туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің
әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді.
Сонымен бүгін біз өзіміз туралы - аты-жөніміз
кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен
шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен
тілшімен амандасып алайық.
Тілші балалармен әңгіме өткізеді:
Аты-жөнің кім?
Сен неше жастасың?
Өз түріңді, мінезіңді сипатта.
Шашың ұзын ба, қысқа ма?
Бойың ұзын ба, аласа ма?
Қай жерде тұрасың?
Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?
Немен шұғылданғанды ұнатасың?
Киімдеріңді өзің жинайсың ба?
Не кигенді ұнатасың?
Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба?
Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың?
(Балалардың тілшімен әңгімесі.)
Дидактикалық ойын:
«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз».
Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп
тұрады. Педагог ұл бала мен қыз бала киімдерінің
суреттерін араластырып, екі конвертке балалардың
бөліп салуларын сұрайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен
қыздың айырмашылығы туралы айт.
Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос.
Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма?
Көптілділік: танысу – знакомиться – to meet
Сергіту жаттығуы:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Алға қарай – бір адым,
Артқа қарай – бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен
неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет.
Тілші:
– Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты
екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте
қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға
кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!
– Сау болыңыз!
Қуыршақ
Көк түсті, қызыл
түсті конверт,
ұл бала мен қыз
баланың киімдері
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер


Page 13

13
– Кездескенше күн жақсы болсын!
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Көк көйлек, көк көйлек,
Дәл өзіме дөп көйлек.
Педагог жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсынады.
Балалар барлық дыбысты анық айтуын қадағалау.
Мақал – сөздің мәйегі:
Анасына қарап қыз өсер,
Әкесіне қарап ұл өсер.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын
талқылайды.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал.
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
№2
ТАҚЫРЫБЫ: Мен үлгілі баламын Мектеп/ МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы
бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап сөйлем, әңгіме құрап айта
алады. Қарама-қарсы сөздерді қолдана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын
болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді ойын
барысында қолдана алады.
Көптілділік: үлгілі – примерный – goody
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Қарама-қарсы, мақал сөздің мәйегі
Пікір алмасу сұрақтары:
Үлгілі бала қандай болады?
Аналары жұмыстан келгенде не істейді деп ойлайсыңдар?
Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?


Page 14

14
Өткен ҰОҚ алған
білім
Күн тәртібін және оның маңызды екенін біледі.
Ненің дыбысы екенін ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
(Ұ) Педагог балаларды ортаға, шаттық шеңберіне
шақырады.
Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын
қайталайды.
Мен үлгілі баламын,
Айтқан тілді аламын.
«Жина,- десе, - ойыншықты»,
Өзім жинап қоямын.
Ініме де көмекке
Бірінші боп барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын.
Айтқан тілді аламын,
Мен үлгілі баламын.
– Балалар, үлгілі деп қандай баланы айтамыз?
– Біздің арамызда үлгілі бала бар ма?
– Кімнің үлгілі бала болғысы келеді?
– Ол үшін не істеу керек?
– Өздерің үлгі алатын аға, әпкелерің бар ма?
– Олардың қандай қасиетін үлгі тұтуға болады?
Балалар достарының арасынан үлгілі балаға
лайықтыларды атайды.
Көңілді ырғақты
әуен
Сылдырмақ
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-27 минут
Көптілділік: үлгілі – примерный – exemplary
Педагог: Үлгілі бала жан-жақты болуы керек. Таза
жүріп, ұқыпты болғанымен, ойыншығын жинамаса
немесе анасына көмектеспесе, ол бала үлгілі балаға
жатпайды. Үлгілі баланың сабақ үлгерімі жақсы,
ұқыпты, кішіпейіл, досына да көмек бере біледі.
Мен сендерге «Нағыз дос» деп аталатын әңгіме
айтып беремін. Мұқият тыңдаңдар.
Нағыз дос
Ерлан мен Дидар жақын достар, олар көрші
тұрады, ата-аналары да бір-бірін жақсы таниды.
Екеуі кішкентай кездерінен бірге ойнайды, бірге
серуендейді. Бірде серуеннен келе жатқан екеуінің
алдынан үлкен ит шығып, Ерланға бас салды.
Педагог:
- Балалар Ерлан мен Дидардың оқиғасын өз
ойларыңмен жалғастырыңдар, әрі қарай не болды
деп ойлайсыңдар? Оқиға немен аяқталуы мүмкін?
- Дидардың орнында болсаң, сен не істер едің?
(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттерді қара. Өзіңе ұнаған суретті
таңда. Ол туралы әңгіме құрастыр. Балаларға ат
қой. Қай баладан үлгі алуға болатынын айт.
Бірінші суреттегі бала не істеп жатыр?
Ол қандай бала? Гүлдің қандай пайдасы бар?
Аулада өсетін гүлдерді қандай гүлдер дейміз?
Тағы қайда өсетін гүлдерді білесің?
Екінші суретте не көріп тұрмыз?
Әліппе-дәптер


Page 15

15
Қыз не істеп жатыр?
Атаға кім орын берді, ол қандай іс жасады?
Қыз не оқып отыр? Ал сендер кішіге қамқор бола
білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөзді айт».
Ойынның шарты: Педагог допты кез келген балаға
лақтырып, бір сөз айтады, допты қағып алған бала
сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері
лақтыруы керек.
Мысалы:
Жина - шаш
Ақылды - ақымақ
Ұзын - қысқа
Тәртіпті - тәртіпсіз
Ұқыпты - ұқыпсыз
Пысық - жалқау
Жаман - жақсы
Ыстық - суық
Жат - тұр
Қатты - жұмсақ
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз үлгілі баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра, қай
баладан үлгі алуға болады?
Үйге келген соң аналары не істейді деп ойлайсың?
Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?
Сөздік жұмыс:
Мұнтаздай – кіршіксіз, тап-таза.
3-тапсырма. Мақалдардың мағынасын
түсініп ал:
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсы болу өз қолыңда.
Атадан жақсы ұл туса,
Елдің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елдің малын жейді.
Педагог мақалдың мағынасын сұрайды, түсіндіреді.
Балаларға қайталата отырып жаттады.
Ойын-жаттығу: «Мен орындай аламын».
Әліппе-дәптер


Page 16

16
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар
№3
ТАҚЫРЫБЫ: Өскенде мен кім болам?
Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,
белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен
сөйлесе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: мамандық – профессия – profession
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Мамандық иесі, дәрігер, аспаз, құрылысшы, тігінші, балықшы, мұғалім,
ғарышкер, суретші, оқу құралдары, ғимараттар.
Пікір алмасу сұрақтары:
Сендер кімдерді көріп тұрсыңдар?
Сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Ата-аналарының мамандығын кім біледі?
Өткен ҰОҚ алған білімҮлгілі бала қандай болатынын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Page 17

17
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
(Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге
қосылып айтады.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалардың назарын тақтаға аударады.
– Кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
(Балалар әр мамандықтың не істейтіні туралы өз
ойларын әңгімелеп айтады.)
– Ал, балалар, сендер ойландыңдар ма, өскенде кім
болғыларың келеді?
(Балалар қалаған мамандықтарын айтады және не
үшін таңдағандарын түсіндіреді. Ата-анасының да кім
болып жұмыс жасайтынын айтып өтеді.)
Педагог:
- Балалар, автобуста құрылысшы, дәрігер, аспаз
кездесіп қалды, айтыңдаршы, олар не туралы
әңгімелесуі мүмкін?
- Ортаға шығып, көрініс ойнап көрсетейік. Кәне, кім
дәрігер болам дейді, кім құрылысшы, аспаз болам
дегендерің шыға қойыңдар.
Педагог ниет білдірген балаларды ортаға шығарып,
құрылысшы, дәрігер, аспаздың атрибуттарын кигізіп,
педагогтің көмегімен рөлдерді ойнайды, диалогпен
сөйлеуді үйренеді.
Көптілділік: мамандық – профессия – professio
Дидактикалық ойын: «Сұхбат».
Ойын шарты: Педагог мен тілші ретінде сендерден
сұхбат аламын дейді де, балаларға микрофон ұсынады
және бір мамандықты айтады, балалар мамандық иесі
не істейтінін өз атынан айтады.
Мысалы: Сіз әншісіз – ән айтамын, сахнада өнер
көрсетемін.
Сіз дәрігерсіз – балаларды, адамдарды емдеймін.
Сіз ғарышкерсіз – ғарышқа ұшамын.
Сіз мұғалімсіз – балаларды оқытамын.
Сіз құрылысшысыз – үйлерді, ғимараттарды саламын.
Сіз суретшісіз – сурет саламын.
Сіз тігіншісіз – киімдер тігемін.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру,
қайталау арқылы өлең жолдарын жаттату.
Ұшқыш боламын
Көкке ұшамын,
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.
Батыр болам,
Көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға
Барып-келіп жүремін. (Т. Молдағалиев)
Интербелсенді
тақта немесе
тақтаға ілінген
суреттер
Микрофон


Page 18

18
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Өзіңе ұнайтын мамандық иелерінің
суреттерін белгіле. Сен кім болғың келеді?
Дидактикалық ойын: «Төртінші артық».
Логикалық ойлау қабілетін дамыту мен заттардың
жалпылама түрін білуге үйрету. Суреттердің біреуі
артық, ал үшеуінің мағынасы бірдей. Сол үш затты
жалпылама сөзбен айт немесе қай мамандыққа
қажет екенін айт. Мысалы:
Қасық, қазан, етік, кесе - ыдыстар;
Балта, балға, ау, шеге - саймандар;
Ине, жіп, қайшы, қасық - тігінші заттары;
Қайық, ау, қармақ, қалам - балықшы заттары;
Нан, торт, бәліш, балта - тағамдар.
Сергіту жаттығуы:
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қолды жоғары көтеріп,
Қолды төмен түсіріп,
Терең тыныс аламыз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр:
«Үй қалай салынады?»
Педагог балалармен бірге шартты белгілерді
талқылайды.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіреді.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
3-тапсырма. Қай зат кімге тиесілі? Сызықпен
қос. Оларды не үшін пайдаланатындарын түсіндір.
Артығын сыз.
4-тапсырма. Тіл ұстарту.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Ас аспай
Бас аспаз.
Ас асты
Жас аспаз.
Іске іскер,
Істі
Іскер істер.
Әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан зымыранды түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар


Page 19

19
№4
ТАҚЫРЫБЫ: Отан деп соғады жүрегім Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана
білу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,
белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра
алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда
әдептілік сөздерін қолдана біледі.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік
қорын кеңейтеді.
Көптілділік: Отан – Родина – Motherland
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Отан, Қазақстан
Пікір алмасу сұрақтары:
Біздің еліміз қалай аталады?
Еліміздің елордасы қай қала?
Еліміздің қандай көрікті жерлері бар?
Өткен ҰОҚ алған білімМамандықтар туралы білімі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, педагогпен
қосылып өлең жолдарын қайталап айтады.
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел! (Ермек Өтетілеуұлы)
Педагог «Отан – анаң, қамқоршың», «Отан деп
соғады жүрегім» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Балалармен бірге талқылайды. Балалар өз болжамда-
рын айтады.
Педагог қорытынды жасайды: Отанын сүйе білмеген
адам бақытты бола алмайды. Өйткені атақ та, даңқ та,
бақыт та, бақ та Отанды сүюден басталады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен Астана қаласында болдың ба? Саған
бәрінен де не ұнады? Әсеріңмен бөліс. Суретте қандай
орындар бейнеленген?
Әліппе-дәптер


Page 20

20
Педагог әрбір қаланың өз эмблемасы, символы
болатыны жайлы ой қозғайды.
- Астана қаласының символы не?
- Бәйтерек туралы не білесіңдер?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Боя.
Сергіту жаттығуы:
Төскейде жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
«Кім Отан туралы көп мақал айта алады»
конкурсын өткізу.
Көптілділік: Отан – Родина – Motherland
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.
«Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпта
әңгіме құрастыр.
Педагог балаларды біздің Отанымыз – үлкен
ел. Елімізде барлық халық тату-тәтті, келісімде
өмір сүреді деген ұғымға келуге жетелейді. Біз өз
Отанымызды сүйіп, қорғауға тиіспіз.
Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіру.
Отан
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Отан осы, достарым,
Көңілде мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл. (Бүркіт Ысқақов)
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен
бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар


Page 21

21
№5
ТАҚЫРЫБЫ: Кітап – алтын қазына Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс
дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды, диалогпен
сөйлейді.
Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Кітапхана, жазушылар, ғалымдар
Пікір алмасу сұрақтары:
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Суреттегі балалар қайда жүр?
Кітапханада балалар не істеп отыр?
Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?
Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтады деп ойлайсың?
Өткен ҰОҚ алған білімОтанның адам баласына қаншалықты қымбат екенін түсінеді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Педагог:
– Балалар, мен сендерге қазір сұрақтар қоямын,
сендер менімен келіссеңдер, «Уәде береміз!» – деп
дауыстап айтыңдар.
Педагог:
– Бүгін бір-бірімізбен ренжіспеуге уәде бересіңдер ме?
– Тату, дос боп ойнауға уәде бересіңдер ме?
Ойын бұрышын көрсетіп:
– Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға уәде бересіңдер
ме?


Page 22

22
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс.
6-27 минут
Суретші бұрышын көрсетіп:
– Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме?
Кітапхана бұрышын көрсетіп:
– Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?
– Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды,
кітаппен де дос болуға болады.
Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып,
кітапханаға жақындайды.
– Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты
сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап –
алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға
теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана»
дейміз.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе?
Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың?
Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда
жүр?
Кітапханада балалар не істеп отыр?
Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге
болмайды.
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Педагог
сотқар бала мен кітапханашы сөзін балаларға
диалогпен айтқызады.
(Балалар кітапханашы мен сотқар баланы сахналап
береді.)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс
суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге
болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз.
Педагог кітапханада өзін ұстау ережесін құруды
ұсынады. Бірлесіп талқылау.
Көптілділік: кітап – книга – book,
кітапхана – библиотека – library
Сөздік жұмыс: қазына – байлық.
Сергіту сәті:
Қызық кітап табайық,
Қолға оны алайық.
Ішінде не бар екен деп,
Парақтап ашып қарайық.
Педагог әртүрлі кітаптарды балаларға көрсетеді.
Кітапты жазушылар, ғалымдар, білімді адамдар
жазады. Кітаптар үлкен-кіші, қалың-жұқа, суретті-
суретсіз және әртүрлі тақырыпта болады. Ертегілер
жинағы, аңдар туралы, киімдер туралы, тағамдар
туралы кітаптар болатыны түсіндіреді.
Кітапхана
бұрышы, кітаптар
Әліппе-дәптер


Page 23

23
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Қай кітапта не туралы айтылған деп
ойлайсың, сызық арқылы қос.
Ойын: «Сөз айт, тез айт»
Шарты: Балалар мен сөйлемнің басын айтам,
сендер аяқтайсыңдар.
Өлең жазатын адам ... (ақын)
Байды алдайтын кейіпкер? (Алдаркөсе)
Бәйгеде шабады ... (ат)
Ең сұлу құс ... (аққу)
Қонжықтың анасы ... (аю)
5-тен кейінгі сан ... (6)
Аң патшасы ... (арыстан)
Ұлттық ойынның бірі ... (асық, алтыбақан, ақсүйек)
Жеміс түрі ... (алма, алмұрт)
Қасқыр, түлкі, қоян ... (аң)
Әкемнің әкесі ... (ата)
Көлік күтетін жер ... (аялдама)
Ең қадірлі ас ... (нан)
Анамның туыстары ... (нағашы)
Бір өркешті жануар ... (нар)
4-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт:
Айланбадан арба айналып барады,
Арбадағылар айбарланып барады.
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан кітапты түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі
түсті қарындаштар
№6
ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу


Page 24

24
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрайды.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын
болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: үйрету - учить - to teach
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Балабақша, мектеп, оқушы, студент
Пікір алмасу сұрақтары:
Балалар, сендер білімді баламын деп айта аласыңдар ма?
Білімді бала болу үшін не істеу керек?
Өткен ҰОҚ алған білімКітап туралы білімі, кітапхана туралы түсінігі бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
Педагог:
- Балалар, көңіл күйлерің қандай?
Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ым-
ишарамен, қимыл-қозғалыспен
көрсетуді сұрайды.
Педагог:
- Менің де көңіл күйім өте жақсы.
Өйткені білімге құмар, талантты,
талапты балалармен бүгін тағы бірге
боламын.
- Балалар, білімді бала болу үшін не
істеу керек?
- Сендер өздеріңді білімді баламын деп
айта аласыңдар ма?
Тақтадағы суретке назар аударыңдар,
суретке қарап әңгіме құраңдар.
Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?
Мектепте оқитын балаларды кім дейміз?
Өздеріңнің аға, әпкелерің бар ма?
Олар қайда оқиды?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттегі балалардың іс-
әрекетінің қайсысын жасай аласың, сол
суретті белгіле. Өзің белгілеген сурет
бойынша әңгімелеп бер.
Көптілділік: үйрету - учить - to teach
Тіл ұстарту: (л, р)
Ла, -ла, -ла - ол білімді бала
Ла, -ла, -ла - салынып жатыр қала
Ла, -ла, -ла - жайнап тұр ғой дала
Рет, -рет, -рет - бала салды сурет
Тер, -тер, -тер - алып келдім дәптер
Дар, -дар, -дар - келді біздің қыздар
Тыр, -тыр, -тыр - біздің Қайсар батыр
Демонстрациялық материал
Әліппе-дәптер


Page 25

25
«Р»-ға тілің келе ме?
Қаламқасқа «тұр», - деші,
Қарындашқа «жүр», - деші.
«Қара қарындашты
Қаламқас алып тұр», - деші,
Ал енді өзің-ақ
«Р-р-р-р», - деші.
Сергіту сәті:
Қаламсапқа кәнекей
Өзімізді теңейік.
Ақ қағазға жүгіріп,
Жазу жазып көрейік.
Сөз соңына келгенде
Нүктені де қояйық.
Керек болса егерде
Суретті де бояйық.
Педагог балалардан оқу үшін қандай
оқу құралдары қажет екенін сұрайды.
Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін
оқу құралдары туралы әңгіме айтып
береді.
Танысу
Оқу құралдары - дәптер, кітап, қалам,
қаламсап мүлде бір-бірін танымайды
екен. Райхан әже немересі Ләйлаға
сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап,
қарындаш, қаламсап сатып алады.
Сатушы оларды бір сөмкеге салып
береді. Сөмке ішінде кездескен оқу
құралдары бір-бірімен жөн сұрасып,
танысыпты. Тіпті неден, не үшін
жасалғандарын да айтыпты...
Педагог әңгіме желісін тоқтатып,
ықылас білдірген балаларға оқу
құралдарының атрибуттарын кигізіп,
қайсысы өзін қалай таныстыруы мүмкін
диалогті сұрақ-жауап арқылы сахналап
жалғастыруларын сұрайды.
(Балалар кітап, дәптер, қарындаш,
қаламсап ретінде өздерін таныстырады.)
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай
заттарды салады? Сызықпен қосып
көрсет.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Артық затты сыз.
«Төртіншісі артық» ойыны.
4-тапсырма. Мақалдардың мағынасын
түсініп ал.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Күш – білімде, білім – кітапта.
Педагог балалармен бірге мақалдардың
мағынасын талқылайды.
Кітап, дәптер, қарындаш,
қалам атрибуттары
Әліппе-дәптер


Page 26

26
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды,
балаларды марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын
бағалап қорыту.
Балалардан арқақоржынның суретін
түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл
қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын –
сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере
аламын – жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі түсті
қарындаштар
№7
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп ауласында Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің
вербалды емес құралдарын қолдану
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс
дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер
қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме
құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қимыл-қозғалыспен көрсетілген әрекетті
түсінеді.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.
Сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: аула – двор – yard
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: спорт алаңы, футбол, волейбол,
баскетбол, теннис
Пікір алмасу сұрақтары:
Аулаңда қандай ойын түрлерін ойнайсың?
Өзіңнің мектебіңнің ауласында қандай өсімдіктер өседі?
Өткен ҰОҚ алған білімБілімді бала қандай болу керектігін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Page 27

27
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Келіңдер, келіңдер,
Шеңбер құрып беріңдер.
Ортаға түскен бұл допты,
Бір-біріңе беріңдер, - деп
педагог балаларға тілек айтып, допты қасындағы
балаға беріп, әрі қарай жалғастыруларын сұрайды.
Балалар бір-біріне жақсы күн тілеп, допты береді.
Педагог балаларға ым-ишаратпен, қимылмен іс-әрекет
көрсетеді, ал балалар не істеп жатқанын табады.
1. Педагог гүлдерге су құйып жатқанын келтіреді.
2. Жүгіріп футбол ойнап жүргенді.
3. Секіріп баскетбол ойнағанды көрсетеді.
4. Ағаштарды түптеп жатқанын көрсету.
Ойынды балалар жалғастырып, теннис, хоккей, шаңғы
тепкенді қимылмен, ишарамен келтіреді.
Педагог слайд арқылы мектеп ауласын көрсетеді.
Балалар суретке тақырып қойып, әңгіме құрайды.
1. Мектеп ауласынан не көріп тұрсың?
2. Спорт алаңы қай жерде орналасқан?
3. Спорт алаңында кімдер жүр?
4. Аулада нелер өсіп тұр?
5. Ауладағы өсімдіктерді кім күтеді?
6. Аула тазалығына кім қарайды?
Көптілділік: аула – двор – yard
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суреттердің ішінен өз мектебіңнің
ауласында бар заттарды белгілеп көрсет.
Сергіту сәті:
Доп ойнауға лайық
Мектеп ауласына шығайық.
Жүгіріп доп тебеміз,
Футболдан біз жеңеміз.
Баскетболда достармен
Доп лақтырып ойнаймыз.
Нысананы дәл көздеп,
Доп түсірмей қоймаймыз.
Тіл ұстарту:
Ол-ол-ол – бұл мүшеміз қол,
Ол-ол-ол – бұл, әрине, гол.
Оп-оп-оп – мұның аты доп,
Оқ-оқ-оқ – бұл қып-қызыл шоқ.
Педагог балалардан өз ауласында нелер бар, әңгімелеп
берулерін сұрайды.
– Қандай ойын түрлерін ойнайсың?
– Аулаң саған ұнай ма?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. «Сабақ», «спорт алаңы», «достар»,
«футбол» сөздерін қолданып мектеп жанындағы спорт
алаңы туралы әңгімеле.
3-тапсырма. Мектеп ауласында достарыңмен бірге
қандай қозғалыс ойындарын ойнайсыңдар?
Доп
Мектеп ауласы
туралы слайд
немесе
демонстрациялық
материал
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер


Page 28

28
Балалар өздері ойнайтын ойын түрлері, ойын кезіндегі
өзара сыйластық туралы әңгімелейді. Содан соң оқу
құралында берілген суретке қарап, балалардың қандай
ойын түрін ойнап жатқанын айтады. Ол ойынның
шартын естеріне түсіреді.
4-тапсырма. Берілген допты боя. Басқа доп
түрлерінің суретін сал.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды, балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
№8
ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі оқиға Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау
0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу
0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды
дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке
қатысады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын
болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады.
Көптілділік: мектеп – школа – school
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Мектеп, өлең шумақтары
Пікір алмасу сұрақтары:
Мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?
Бақыт мектептің ішінде не көрді?
Сыныпта қандай оқиға болды?
Өткен ҰОҚ алған білімОтан, туған жер туралы білімдері болады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Page 29

29
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
(Ұ) Педагог балаларды ортаға шақырып, шаттық
шеңберін Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық »
өлең шумақтары арқылы жасатады.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Педагог:
- Сендердің мектепте оқитын аға, әпкелерің бар ма?
- Ендеше сендер сияқты Бақыт атты баланың басынан
кешкен оқиғасын айтып берейін. Сендер мұқият
тыңдаңдар.
Мектептегі оқиға
Бүгінгі күн күндегідей басталды. Жанар мектеп
формасын киіп, мектепке жиналды. Бақыт Жанардың
бес жасар інісі. Жанардың соңынан қалар емес.
- Әпкетай, мен де мектепке барайыншы.
- Болмайды.
- Менің де мектепке барғым келеді.
- Жоқ, болмайды.
- Сөмкеңді көтерсем?
- Жоқ дедім ғой, болмайды.
Бақыт Жанар есіктен шыға бере айғайға басып жылай
бастады.
- Мен де барам!
Осы кезде әжесі қастарына келіп:
- Жанаржан, бұл бала енді түске дейін жылайды.
Мүмкін ертерек барып сыныбыңды, мектебіңді
көрсетіп таныстырарсың, бір көріп қайтсын, - деп
өтінді.
Жанар үлкендерді сыйлайтын, әжесінің көңілін
қимады.
- Жарайды, тек тезірек, мұғалімім келгенше үлгерейік.
Бақыттың қуанышында шек жоқ, Жанардың соңынан
жылдам басын еріп келеді. Міне, асыға күткен
мектепке де кірді.
Педагог: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Бақыт
мектептің ішінде не көрді?
Сыныпта қандай оқиға болды? Балалар
жалғастырады.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Суретке қарап әңгіме
құра. Мектепте не
істейсіндер?
Сергіту жаттығуы:
Дәптерге жаздық,
Суретті салдық.
Кітапты оқыдық,
Әліппе-дәптер


Page 30

30
Сөмкеге салдық.
Осылай күнде біз
Оқу, білім алдық.
Педагог балаларға әңгімедегі Жанар мен інісі
Бақыттың және әжесінің сөздерін диалог арқылы
рөлге бөліп айтқызады.
Көптілділік: мектеп – школа – school
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суреттерді салыстыр, екінші сынып
бөлмесінде не жетіспейді? Олар не үшін қажет? Өз
сөзіңмен әңгімелеп бер.
3-тапсырма.
Мақалдардың мағынасын түсін.
Ақыл озбайды, білім тозбайды.
Оқы да біл, ойна да күл.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Мақалдың мағынасын бірлесіп талқылайды.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан қарындаштың суретін бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім - қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
№9
ТАҚЫРЫБЫ: Бақытты отбасы Мектеп/МДҰ :
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
00.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды
сөйлегенде қолдану
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Дыбыстарды ажырата біледі.
Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілерді қолданып
жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме
құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынада айтқан сөздерді түсінеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!