Материалдар / Солақайлық-ерекше қабілет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Солақайлық-ерекше қабілет

Материал туралы қысқаша түсінік
Солақай оқушылардың қандай әрекет барысында қабілеттері басым екендігі анықталған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
342
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі” ММ

Қарақұдық орта мектебі” КММ

Жас ойшылдар” оқушылардың ғылыми қоғамы


Мұқанова Назерке Талғатқызы

  1. класс







Ғылыми жоба тақырыбы:

Солақайлық - ерекше қабілет”




Жетекшісі: гуманитарлық ғылымдар магистрі - Тонтова Г.М.


Бағыты: психология





Алға-2021

КІРІСПЕ

Солақай – қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, тағы басқа жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда  тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар, яғни баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді. Туа пайда болған солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез-құлқы өзгеріп, ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін.

  Зерттеу жұмысының мақсаты. Солақай ерекше қабілет екендігін дәлелдеу, зерделеу, зерттеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

-Бала солақайлығының мектеп сатысында кездесетін қиындықтың бірі деп есептеп, зерттеу жұмысын жүргізу.

-Солақай баланың іс-әрекетті орындау барысында табыстарға жетуі: оң қолды балалармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсететіндігін айқындау.

Практикалық маңыздылығы:

Қазіргі кезде, уақытта мәселесі негативті құбылыс ретінде емес, керісінше оны нақты булыс ретінде қаратырамыз. Егер мектеп кезінен бастап осы мәселеге көңіл аударып, онымен жұмыс істесе, солақайлық оқу іс-әрекетіне ешқандай қиындық туғызбайды.

Біз жұмысымызда солақайлықтық оқу іс-әрекетіндей ерекшеліктерін, оңақай балалармен салыстырғанда айырмашылықтары бар екенін көрсете алдық.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Солақайлық - ерекше қабілет

Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатындығын айтады. Бұл арада адам жан дүниесінің білгірімен келіспеске шара жоқ. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, есімдері жалпақ әлемге танымал мынадай жайсаңдар тіл ұшына оралады. Олар әйгілі солақайлар Аристотель, Юлий Цезарь, Наполен, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Марк Твен, Елизавета патшайым, сондай-ақ Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон, әлемнің ең бай адамының бірі Билл Гейс, киножұлдыздар Мерилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталоне, Том Круз, Николь Кидман тағы басқалар... Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз бишіге ұқсайтындығы баршаға мәлім. Осыны байқаған биші ұстаздар Нұрғиса ағаны консерваторияда оқып жүргенде би факультетіне алып кеткен. Арада біраз уақыт өткенде халқымыздың тұңғыш музыкатанушысы Ахмет Жұбанов Нұрғиса Тілендиевті қолынан жетектеп, домбыра класына қайта әкелгенін қазіргі жұрт аңыз қылып айтып жүр. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш спорт журналшысы болған Сейдахмет Бердіқұловтың «спорт деген бір сиқыр» атты сөз тіркесі бүгінгі таңда мақал-мәтелге айналып кетті. Ол ағамыз да осы солақайлар қатарынан. Және одан қалды қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова Ресейде оқып жүргенде сол қолымен сурет салудан ұялып жүргенде, оның жанына келген ұстазы «сен ұялма, қай қолыңмен сурет салған ыңғайлы сала бер» деп әлемнің әйгілі суретшісі  Леонардо да Винчидің де сол қолмен сурет салғанын айтқан. Кеңес үкіметі демекші, кеңестік дәуірдегі әккі саясаткерлер арасында «ақ түлкі» деген лақап атқа ие болған Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе де солақай екен.

  Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Осыдан-ақ, солақайлардың сирек жаратылыс иесі екендігін мойындамасқа амалымыз жоқ. Әсіресе, бокс пен тенниске ебіңіз болса, бағыңыз жанды дей беріңіз. Бұған да айтар уәж табылады. Мәселен, кубалық боксшылардың барлығы солақай болып келеді. Және олар еңбекқор. Сондықтан да олар әлемдік додаларда алдарына жан салмай жүр. Осыны байқаған еліміздің танымал боксшысы Ермахан Ибраимов өзі оңқай болса да, солақай боксшыларша кейіп танытып, сол жақпен қырындап, оң қолын алға жұмсап жүріп-ақ Сиднейде алтын медаль олжалады. Мұның сырын кейін сұрап білдік. Бұл Ермаханның қарсыластарына көрсеткен қулығы екен. Кезінде әлемге әйгілі теннисші болған американдық Пит Сампрастың да солақай екендігін спорт сүйер қауым жақсы біледі.

  Күнен-күнге қарыштап дамып келе жатқан ғылым құрсақта жатқан жас сәбидің солақай немесе оңқай екененін небары 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Оны білу аса қиындық тудырмайды. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса-оңқай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ғалымдар сондай бір сәбиді ер жеткенше бақылағанда қателеспепті. Сонымен, ғылым солақай жандарды мынадай төрт топқа бөледі. Біріншісі, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Осындай алғашқы топтың санатына жататындардың саны 10 пайызға ғана жуық. Екінші, әйелдердің кеш босануына байланысты. Карьера қуып, көк етіктіні менсінбей уақыт создырып алған әйелдер құрсағынан жаралған сәби дүниеге келерде ауыр қиналысқа түседі. Соның салдарынан оң қолдың қызметіне жауап беретін мидың клеткалары зақымдануға ұшырайды. Жыл өткен сайын солақайлықтың осы түрімен дүниеге келетін сәбилердің саны артып келеді. Елімізде жұмысбасты бойдақтардың саны 2 жарым миллионға жетіп отыр. Үшіншісі, мәжбүрліктен орын алады. Мысалы, сәби қолын күйдіріп алған жағдайда сол қолдың көмегіне тәуелді болады. Төртіншісі, саналы түрде өзін-өзі күштеп үйретуден. Осы топтың арасында екі қолымен де тамақ ішетін, қос қолымен жазу жаза алатындар да кездеседі. Адамзат баласының қолынан небір таңғажайыптар келетіндігін, ниеттенсе адам кез келген істі үйренбей қоймайтындығын осы төртінші топтағылар тағы дәлелдей түскендей.

  Солақайлықтан қашудың қажеті жоқ. Солақайлық кемшілік емес, әр адамның басына қона бермейтін ерекше қабілет деп қабылдауымыз керек. 

Бала өзінің солақай екенін көбінесе мектепке барып, балаларға қосылғанда түсінеді. Бұл кезде педагогтардың, ата-аналардың солақай балаға «оң қолың жоқ па, неге оң қолмен жазбайсың, оң қолмен тамақ ішпейсің» деген зілді сөздері дұрыс емес. Бала өзін айыпты сезінбеуі керек. Мұғалім балаға әдемі жазбағаны үшін төмен баға қойған кезде, солақайлықты себеп қылып көрсетпеуге тиіс. Баланың өзіне ыңғайлы қолмен жазуына мүмкіндік беру керек. Солақай бала жазуды үйренуге біраз қиналады: дәптерді қисық ұстайды, тез жаза алмайды, жазған жазуын қолымен жасырып, көре алмайды… Бірақ үйреніп кеткеннен кейін, әдемі де тез жаза алады. Кейбір бастауышта солақай болған балалар уақыт өте келе өз-өзінен оң қолға үйреніп кетеді. Сондықтан, ересектер арасында балаларға қарағанда солақайлар кем кездеседі.

Кейде солақайларға «ұят» деп айқайлайтын адамдарды да көп кездестіреміз. «Ұят» түсінігін бала «кемістік» деп қабылдайды, нәтижеде жүйкесіне қатты әсер етіп, баланың білім алуға да қызығушылығы төмендейді.

Солақай балалар мен басқа балалардың мінез-құлқында айырмашылықтар байқалады. Солақай балаларда сезімталдық басым болып, олар кішкентай кезінен басқа балалармен араласпай өзімен-өзі сурет салу, сызумен айналысып қалуы күзетіледі. Әсіресе, музыка тыңдап, оны қайталап айтуға әуес болады. Олардың тілдері жайлап шығуы, кейбір сөздерді қате айтуы мүмкін, бірақ кейіннен дұрыс сөйлеп кетеді. Солақай адамдар сенгіш, өзгеруші, нәзік көңілді, көңіл-күйіне қарап қарым-қатынас жасайтын жандар. Олардың ішінде бетге шабатын, ашушан, дөрекі, қайсар балалар өте кем кездеседі.

Жалпы айтқанда солақайлардың дарынды болуы кездейсоқтық  емес, заңдылық. Себебі, солақайларда оң жақ ми бөлігі жақсы дамыған. Ал, ол ми бөлігі-шығармашылыққа яғни «елестету» қабілетіне ие. Солақайлар символды, образды, ақпаратты тез өңдейді, сонымен қатар параллель ақпаратты игеру олар үшін аса қиындық туғызбайды. Яғни, бірнеше істі қатар атқара алады.


2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы

Жүргізілген әдістемелердің нәтижелерін талдамас бұрын олардың сипаттамасын бере кетейік.

Давыдов көрсеткен оқу іс- әрекетінің құрлымына сүйене отырып, сонымен қоса іс- әрекеттің индивидуалды стилі туралы әдибиеттерге сүйене отырып [5, 233] бойынша біз келесідей оқу іс- әрекетінің компоненттерін бөліп көрсеттік. Осы құрлымға сәйкес әдістемелер алынған болатын :

1. Информацияны қабылдау

2. Информацияны өңдеу

3. Тапсырманы орындау

4. Мотивацияның бағытталуы

5. Бағаны қабылдау

Негізінен әдістемені жүргізген кезде біз оқу іс-әрекетінің құрлымына сүйенген болатынбыз. Бұл құрылым мынандай компоненттерден тұрады:

  1. Оқу ситуациясынан.

  2. Тапсырманы орындаудан.

  3. Орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен.

  4. Баға қоюдан.

Бірінші әдістеме.Осы компоненттердің барлығын негізге ала отырып, сәйкесінше әдістемелер жүргіздік. Көрсетілген іс-әрекеттің индивидуалды құрлым бойынша ең біріншіден оқушылардың информацияны қалай қабылдауы болып табылады. Ол үшін біз оқушының информацияны қабылдау ерекшеліктерін, яғни қабылдаудың басым модальділігін анықтау үшін НЛП техникасын қолдандық. Толығырақ айтқанда, НЛП техникасы бойынша және баланың информацияны қабылдағандағы типтерге бөліп көрсеттік. Біз білетіндей, адамды үш түрлі типке бөлуге болады.

1.Визуал типті адамдар – бұл адамдар негізінен көргендері және елетері арқылы қабылдайды.

2. Аудиал – информацияны есту анализаторлары арқылы қабылдайды.

3. Кинестетик – түйсіну, интуиция арқылы қабылдайды.

Бұл техника бойынша анықтауда біз балаларға өздерің ұнататын ертегі геройлары туралы, ұнататын ертегісі немесе мультфильмі жайлы айтуды сұрадық. Және осы алынған мәліметтер бойынша баланың информацияны қалай қабылдайтындығын және қай түрге жататынын анықтадық.

Екінші әдістеме.

Енді ойлаудың вербалды -логикалық және бейнелі түрінің қайсысы басым және оң қолдылармен салыстырып, айырмашылықтарын анықтау үшін келесі әдістемелерді қолдандық:

Вербалды-логикалық ойлауды анықтайтын әдістеме.

Бұл методиканы жүргізу үшін артық сөзді сызып бастайтын бланкілер қажет. Бұл жерде зерттелінушінің жалпылай оқу қабілеттілігін және маңызды белгілерін бөліп көрсету. Методика 15 сериядан тұрады, әр серияда 4 сөзден тұрады. Зерттелінушіге секундомер және протокол қажет. Зерттелінуші уақытты және жауаптың дұрыстылығын протоколға белгілейді. Тапсырманы орындау балдар арқылы есептелінеді. Әрбір дұрыс жауап үшін – 2 балл; қате жауап үшін – 0 балл қойылады.

«Бейнелі ойлауды» анықтайтын әдістеме.

Зерттеуді жүргізу үшін 4 сурет бейнеленген 5 түрлі карточкалар қажет; секундомер және жауаптарды белгілейтін протокол керек.

Зерртеуді жүргізу индивидуалды түрде өтеді. Зерттеуді бастамас бұрын сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Нұсқауы бойынша көрсетілген карточкадағы 3 зат жалпы бір қасиетті бейнелейді, оларды бір топқа, бір атпен атауға болады, ал қалған біреуі олардан ерекшелінеді және ол сызылып тасталу керек. Зерттеуші уақытты белгілеп прокотолға тіркеп отырады.

Үшінші әдістеме жоғарыда көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асады. Онда біз баланың оқуға бағытталған мотивациясын анықтаймыз. Негізінен екі әдістеме жүргіздік.

Біріншісі, «Білім алуға бағытталу» әдістемесі.

Бұл методика негізінен тесттік сұрақтамалар жиынтығынан құралады.

Екіншісі «Баға алуға бағытталуы» әдістемесі.

Бұл методиканы С.П.Ильин және Н.А.Курдюкова ұсынған. Негізінен сұрақтар беріліп оған «иә», «жоқ» деген жауап қойылады.

Төртінші әдістеме «Оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақтама.Бұл сұрақтаманың мақсаты – Солақайлықтың оқу іс-әрекетіне әсерін анықтау.

Негізінен бұл сұрақтама мұғалімге қойылатын арнайы сұрақтардан тұрады. Бұл жерде мұғалімнің солақай оқушының оқу іс-әрекетіндей ерекшеліктерін, оның оң қолды балалармен салыстырғандағы айырмашылығы жайлы айтылады. Және де оқу сұрақтамада мұғалімнің солақай балалардың оқу іс-әрекеті кезіндегі ерекше көріністері, қиыншылықтары туралы пікірін білдіреді.









2.3. Зерттеу мәліметтерін сандық және сапалық талдау жасау


Информацияны қабылдаудың басым модальділігін анықтауға байланысты жүргізілген әдістеме нәтижелерінің пайыздық қорытындысы.


Солақайлар:


1)


2)


3)


Оңақайлар


1)


2)


3)

Кесте 1- Солақайлар мен оңақайларда кездесетін қабылдау типтерінің пайыздық көрсеткіштері.


Солақайлар

Оңақайлар

Визуал

33,3%

26,5%

Аудиал

46,6%

40%

Кинестетик

20%

33,3%

Сурет 1 Солақай мен оңақайлардың басым модальділігінің көрсеткіші.

Осы көрсеткіштер бойынша біз солақай балалар мен оңақай балалардың информациясын қабылдау кездегі айырмашылықтарын, өзіндік ерекшеліктері бар екеніне көзіміз жетті. Сонымен информацияны қабылдаудағы солақайларда аудиал модалдылығы басым екенін, екіншіден визуалдар кейін кинестетиктер екенін көреміз. Ал оңақайларда аудиалдар басым екенін, екіншіден кинестетиктер, үшіншіден визуалдар екенін көреміз. Сондықтан біз оңақайлар мн солақайлар арасында информацияны қабылдауда үлкен айырмашылық жоқ екенін көреміз.









Қорытынды


Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында білім беру саласының әр сатысында шешуін күткен келесі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенцияларын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысының балалардың жақын арадағы даму аймағын бағыттау.

Дегенмен, баланың мектептегі оқу іс-әрекетін зерттеп, оның мектеп табалдырығына аттағанынан бастап кездесетін қиыншылықтарын болжап, зерттеу нысанынан тыс қалып қоятын бір мәселе бар.

Ол ұзақ уақыттар бойы педагогика саласында «келеңсіз», «қайта үйретуге тиіс», «икемсіз», «дарынсыз», «қабілетсіз» деген атпен белгілі болған солақайлық мәселесі. Бұл мәселе көпшілік балада кездеспесе де, ішінара жекелеген балада байқалатын өзіндік ерекшелік. Бүкіл оқу іс-әрекетінде қоятын талабы, оқу құрал-жабдықтары, сабақтың гигиеналық, психологиялық талабы тек оң қолды баланың жағдайына сәйкестендіріліп құрылғандықтан, мектептік өмірдің алғашқы кезінде солақай балада қиындық туғызып, бейімделу үрдісі өте баяу, тіпті оқуға қызығушылығыда төмендеп, эмоциялық жағынан мазасыздану байқалады. Сондықтан баланың мектеп кезінде сирек кездесетін болса да, солақайлық мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Олардың бастауыш сынып кезіндегі кездесетін ерекшеліктерін ескеріп жұмыс істеу керек.

Біздің ойымызша, осы бастауыш сыныптағы солақай қолды балалардың ерекшеліктерін ескере отырып дамыту жұмыстарымен айналысу кекрек, яғни осыған байланысты жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Біз өз жұмысымызды солақайлықтың оқу іс-әрекетін зерттеуге бағыттадық. Біз өз зерттеуіміздің барысында методикалар жүргіздік. Сол арқылы солақайлардың оқу іс-әрекетіндегі ерекшеліктері бар деген қорытындыға келдік.

Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында әдістемелер арқылы жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады.

Біздің ойымызша, бастауыш сыныптағы солақай балалармен жеке түрде жұмыс істесе:

1. Олар жоғарғы сыныпқа барғанда оқу үлгерімі оңақай балалармен тең түрде болады.

2. Оқу іс-әрекеті кезінде байқалған қиыншылықтармен жұмыс істесе, нәтижесінде үлкен табыстарға жетеді.















700 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!