Материалдар / Шолпының тәрбиелік мәні ғылыми жоба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шолпының тәрбиелік мәні ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың Шолпы өлеңіне арқау болған қыздардың шашына тағатын әшекей бұйымы шолпының тәрбиелік мәніне кеңірек тоқталу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2024
110
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, шебер, қылықты болуын үнемі қадағалап, еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие беріп отырған. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі – қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Демек, бойжеткеннің бойы мен әдебін түзейтін, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні туралы кеңірек тоқталғым келіп отыр.

Зерттеудің проблемасы: халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тек әсемдік үшін ғана емес, қыз бала сымбатына, тәрбиесіне, денсаулығына маңыздылығын айқындау.

Зерттеудегі проблеманы шешудің болжамы: бұрымды бойжеткендерге шаштарыңыз ұзын әрі қалың болсын деген тілек білдіре отыра дендеріңіздің саулықтары үшін шолпы, шашбау тағуды әдетке айналдырып, қолданысқа енгізу.

Зерттеудің пәні мен нысанасы: тақырып негізінде жинақталған материалдар тарих, қазақ тілі, әдебиет пәндеріне қосымша ретінде қолдануға және тәрбие сағаттарында пайдалануға болады. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі.

Зерттеудің мақсаты: ұлттық құндылықтарымыздың кенеулісі және бойжеткен қыздардың көркі болып табылатын шолпының тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін зерделеу, кеңірек насихаттау және шаш өсіріп, шолпы тағуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттеудің міндеті: қазақ халқының шолпының түрлерін анықтап, зерттеу және тәрбиелік мәнін ұғыну.

Зерттеудің әдіс – тәсілдері: жинақтау, салыстыру, талдау, сұқбаттасу, сауалнама алу, мониторинг жасау.

Зерттеудің ақпарат көзіне талдау: әдеби оқулықтар, интернет ресурстары, ақын – жазушылардың пікірі, әженің ақыл – кеңесі.

Зерттеуді шешу жолдары: алдағы уақытта зергерлеріміз шолпының бірнеше үлгілерін жасаса, яғни қазіргі заман талабына сай, заманауи стильде мектеп оқушыларына арналған және бойжеткен қыздарға арнап шолпының бірнеше үлгілерін жасап, нарыққа шығарса бұл ұлттық әшекей бұйымның қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашады.

Зерттеуден алынған нәтижені талқылау, қорытындылау: Зерттеу жүргізу барысында өз әжемнен сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын байқадым. Ол кісілердің өзі әжемізден, анамыздан қалған көз дейді. Жұмысымды жүйелі жүргізу мақсатында 6 - 7 сыныптарда оқитын қыз балалардан сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 12-14 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпы туралы таныс болса, енді кейбірінің мүлде ешқандай хабары жоқ болып шықты.

















































2.1. Қызды тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің

Қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, шебер, қылықты болуын үнемі қадағалап, еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие беріп отырған, яғни қыз баланың бойына қарапайымдылық, сыпайылық, биязылық, инабаттылық, ұяңдық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, имандылық сияқты қасиеттерді сіңіріп өсірген.

Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Әсіресе, қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі – шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Шүберек адам көркі болса, ұзын шаш та кез – келген қыз баланың көркі. Ертеректе қазақ қызының шашы тобыққа дейін түсіп тұратын болған. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі – қолаң шаш десек артық айтқандық болмас. Қыз баланы ер баладан ерекшелеп тұратын да ұзын шаш болып табылады. Талай ақын – жыршылар жырларына қосқан шаштың әйел адамы үшін алатын орны зор.[1]



2.2 Шолпы ұғымы, түрлері

Сылдыр, сылдыр, сылдыр…

Қанымды қайнатты құрғыр.

Шық – шық жүрекке тиеді,

Күлпара талқан боп сынғыр – дауылпаз Мағжан ақынымыз жырлаған «Шолпы» өлеңінде қазақ қызының шашына таққан шолпысының сыңғыры әркімнің құлағына қазір де жетіп тұрғандай әсер беретіні сөзсіз. Үйді айнала жүретін сұлу қыздардың шаштарына таққан шолпы сылдырының көңіл ынтықтырар әсерін керемет сипаттаған. Қыз – келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібермейді ме?!

Алдымен, шолпы ұғымына тоқтала кетсем. Шолпы – күміс теңгелердің бірнешеуін бір – біріне кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырып жасап, ең үстіңгісіне күміс шынжырдан немесе матадан бау тағып, бауды бұрыммен қоса өріп, асыл тастармен көмкерген әшекей бұйым. Ол шол деген сөзден, яғни етістіктен жасалды деуге де дәлел бар, яғни шол →шолу – алыстан байқау, бағдарлау. Қыз таққан шолпының сыңғыры, шылдыры, сүйкімді үні суға түскен теңгенің дыбысына ұқсас келетіндіктен, қазақ халқы бойжеткен қыздар тағатын екі үзбелі етіп, күмістен соғып, үш бұрышты немесе сопақша тәріздес етіп жасап, ортасына асыл тас орнатып, бұрымға шолпы әшекейін таққан екен. Жас қыздар мынандай шолпы таққан (№1 қосымша)

Шолпының бірнеше түрлері бар, олар өз қасиеттеріне, жасалу жолдарына байланысты атаулары да өзгеше болған. Тоқтала кетсем:

1. Үзбелі шолпы: күміс, алтын тиындарды көптеп тізіп, үзбелеп жасаған

шолпының бір түрі.

2. Қос үзбелі шолпы: Үзбелі, қос үзбелі шолпылар көбінесе арналып соғылған әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне бірін үзбелеп жалғастыру арқылы жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер мен теңгелердің арасындағы үзбелер кейде лента сияқты күміс баулықтарды дәнекерлеп ұстау арқылы, кейде теңгелерді тесіп шығыр еткізу әдісімен тізбеленеді.

3. Маржанды шолпы: мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл, қара түсті әсем маталардан тігеді, бұрымның жуандығына қарай жасайды, кестеленіп әсемделеді, оған маржан, моншақ та тағады, күміс шеттіктермен де әшекейлейді.

4. Меруертті шолпы: көк, жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалады. Оның өң жаң бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ басы алтын күміспен зерленеді. Мақпалдың ортасына ою - өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ мерует тізеді.

5. Ақықты шолпы: күмісті немесе тиынды қолдан соғып, домалақ немесе сопақша етіп жасап, ортасына ақық орнатқан. Өте бағалы шолпы.

6. Қоңыраулы (сылдырмақты) шолпы: Қоңыраулы шолпы біріне - бірі тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес күміс құтышалардан құралады да, олардың ішіне сылдырмақтар салынады. Құтышалардың сырты әр түрлі өрнектермен безендіріліп, бұрыш - бұрышына күлтелі меруерт, моншақ, теңгелерден салпыншақтар үзбелінеді. Қоңыраулы шолпылардың әрбір детальдарын ұстап тұратын алтын, күміс алақандары бар. Құтышалар мен салпыншақтар көптігіне қарай, біріне бірі төгіліп, ажарланумен қатар шылдырлап, сыңғырлап дыбыстар шығарып тұрады.

7. Тізбелі шолпы: әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне біріне тізбелеп жалғастыру арқылы жасалады.

8. Сағат баулы шолпы: лента немесе тері пұшпағын алып, оны сағат баулы етіп сызып, ұшына темір, я болмаса күміс тағады.

9. Қозалы шолпы: Жас қыздар үшін кішкене күміс тиындарды үзбелеп қозалы шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады.

10. Көзді шолпы (асыл тас қондырылған): Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады.

11. Алтын шолпы: алтыннан соғып, ортасына асыл тас орнатқан өте бағалы шолпы. Дәулетті отбасының қыздары таққан.

12. Күміс шолпы: қолдан күмісті соғып, әшекейлеп ою салып, асыл тастармен безендірген. Дәулетті, орта дәулетті отбасы қыздары таққан.


2.3. Шолпының тәрбиелік мәні


«Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сиыңды» – демекші қазақта өрілген ұзын өрім сұлулықтың сәні саналған, оған шолпы тағып айрықша күтім жасаған. Қыз балалар қою өрілген шашқа сән беру үшін күмістелген шашпау, шолпы таққан. Шолпы шаштың ұшына, шашбау бұрымның түбіне шашпен бірге ілініп, түбімен бірге өріледі. Балауса қыздың жүрісін, қимылын, әдептілігін қалыптастыру үшін қоңыраулы шолпыны көбірек қолданған. Астарына үңілсек қоңыраулы шолпыны таққан қыздар далада жүргенде қатты күлсе, жүгірсе, шолпы сыңғырлап дабыл қаққан, ал шолпысына маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтары сылдырлап, жағымсыз дыбыс шығарып, қыздар оқыс қимылын дереу тоқтатқан. Қандай ғажап үйлесім! Шолпының бұл сыңғыры оларды елең еткізіп, жинақы болуға мәжбүрлеген. Шолпының әуеніне байланысты ырғақты қозғалысты сезініп, аяғын аңдап басып жүруге дағдыланған. Қазіргі тілмен айтқанда «дифиле». Көрікті әсем бой түзеуді , түзу сәнді жүруді арнайы үйрететін сәнгерлер мектебінің рөлін атқарған. Шолпы сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар берген, яғни үлкендер артық сөздерін тиып, қыз алдында өздерін тәртіпке шақырған. Балғын қыздар денесін тік ұстап, бойдағы сенімділікті қайрап, кез келген ортада өзін – өзі еркін ұстай білуді балалық шақта үйренеді. Шашқа тағылған күміс теңгелер белге түсіп, әйел затының өмірге дені сау ұрпақ әкелу үшін аса пайдалы екендігін дәлелдеп отыр, себебі күмісті медицинада адам ағзасына әкелер пайдасы мол екендігі мәлім. Сонымен қатар шолпының ауыр салмағы басты ауыртпайтын емдік қасиетке ие. Бұрындары ата – бабамыз шашбау пен шолпы шаш арасындағы жын – шайтанды да қашырады. Сонымен қатар көшіп қону кезінде далаға түнеп қалған уақытта күмістен жасалған әшекей бұйымдарға құрт – құмырсқа, шыбын – шіркей, қоңыз, қарақұрт, жылан тағы да басқа зиянкестер жоламайды деп білген. Сондықтан да күмістің қасиетін ерте білген әжелеріміз қолында бар күмісінен түйме тағып, әсіресе бойжете бастаған қызының шашын өріп, бұрымына күміс моншақ тағатыны осыдан болса керек. Бүгінгі заманауи күндері сыңғырлаған шашбау мен шолпы түгілі белге түскен қолаң шашты қыздарды көру сиреп бара жатырса да, ұзын шаш маңызын жоя қоймады. Сондықтан бұрымды бойжеткендерге шаштарыңыз ұзын әрі қалың болсын деген тілек білдіре отыра дендеріңіздің саулықтары үшін шолпы, шашбау тағуды әдетке айналдырыңыз деп кеңес берер едім.





































Қорытынды


Шолпы – қыз бала тәрбиесіне, денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Қазіргі заманда жастардың көбі бұл әшекей бұйымның денсаулыққа, тәрбиелік құндылықта маңыздылығы туралы біле бермейді. Өз сыныптастарымнан шолпы туралы не білетіндерін сұрастырғанда, шолпы туралы білмейтіндер де бар болып шықты. Қазақ әдебиеті сабағында сыныптастарымды жобамен таныстырдым. Оларға шолпының өте маңызды әшекей бұйым екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.

Қазақтың ұлттық әшекей бұйымы – шолпы адам денсаулығы мен тәрбиесіне қажетті бұйым. Біз, еліміздің жастары осы құнды бұйымның жойылуына жол бермеуіміз керек. Ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық дүние танымымен қалыптасқан ырымдар мен тиымдардың астарын, оның ішінде, қылықты қыздарымызға сыйға берген қасиетті шаштың да киесі барын жете түсініп, шолпы сылдыры мен күлкі сыңғыры, бұрымы мен қылығы жарасып, өшкенімізді жандырып, жоғымызды толықтырса деген тілегім бар және дендеріңіздің саулықтары үшін шолпы, шашбау тағуды әдетке айналдырыңыз деп кеңес берер едім.кро

























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

  2. ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9

  3. Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993;





















































Қосымша №1



























































Қосымша № 2

Сауалнама сұрақтары

Сұрақтары

Жауаптары

  1. Шолпы дегеніміз не?


  1. Шолпының қандай маңызы бар?


  1. Шолпыны шашыңа тағар ма едің?




12


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!