400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай

Уәлиханов – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлға. Ол тек ағартушы ғана емес, сонымен Шығыстың жарық жұлдызына айналған, Сарыкөлдің Құсмұрын өңірінде дүниеге келген Шоқан қатар шығыстанушы, зерттеуші әрі публицист ретінде де белгілі. Шоқанды қазақ журналистикасының бастауында тұрғандардың бірі деп атауымызға толық негіз бар.

Зерттеушінің еңбектерінен қырғыз-қазақ бауырластығының тамыры тереңде жатқанын байқауға болады.Шоқан Уалихновтың “Жоңғария очерктері (Очерк Джунгарии) мен Алатау қырғыздары туралы жазбалар (Записки об алатауских киргизах)” жинақтарынан алыған «Қырғыздардың қоныстану аймағы» туралы ол: «Қырғыздар тау жоталарын бойлай қоныстанады. Негізгі бөлігі Сырдария мен Әмудария бастауындағы таулы өңірлерде шоғырланған. Бұл жерден олар Тянь-Шань мен Алатау жүйелерін бойлай, бір бөлігі солтүстікке, енді бірі оңтүстікке қарай қоныс тебеді» – деп жазады.

Көшпелі халық үшін ең басты байлық – мал. Малдың еті, сүті, көлігі – барлығы тіршіліктің кепілі. Шоқан «Қырғыздар туралы» мақаласында мал шаруашылығын терең зерттеп, қазақтармен салыстыра отырып ортақ және ерекше тұстарын көрсетеді. Мысалы, Алатау қырғыздарының дәулеттілері 3000-ға жуық қой ұстағанын, ірі қарасы да мол болғанын айтады. Сонымен бірге жылқы малының жайылымға талғамын да жіті жазып кеткен. Қазақ жылқысы бетеге мен ебелекті сүйсе, қырғыз жылқысы қоңырбасты таңдайтынын келтіреді.

Бірақ Шоқанды қынжылтқан жайт та бар. Қырғыздар өз малдарының нақты санын айтпай, шынайы мәлімет беруден қашқақтағанын ол сынға алған. Сондай-ақ, қырғыздар балық аулау мен аңшылық кәсіптерін аса дамытпағанын атап өтеді. Бұл да оның зерттеуіндегі бір қызық деректердің бірі.

Шоқан Уәлиханов тек тарихшы ғана емес, нағыз публицист ретінде де көзге түсті. Ол халықтың тұрмысын, шаруашылығын, салт-дәстүрін терең талдап, ғылыми айналымға енгізді. Оның мұралары – Орталық Азия халықтарының бір-біріне жақындығын, мәдени сабақтастығын айқындайтын баға жетпес қазына.



Өз пікірім

Менің ойымша, Шоқан Уәлихановтың еңбектері – жас ұрпаққа үлгі. Ол небәрі қысқа ғұмырында халық үшін көп іс тындырып кетті. Оның ғылыми еңбектерін оқу арқылы біз өз тарихымызды ғана емес, көрші қырғыз халқының да мәдениеті мен тұрмысын жақсырақ түсіне аламыз. Қазіргі заман жастарына осындай ізденімпаздық пен халыққа деген адал қызмет үлгі болуы тиіс деп ойлаймын.









Төлеш Шынар, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті.

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева





,













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
29.09.2025
129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі