СӨЗ МЕНЕДЖМЕНТІ
Нургужина Гульжайна Жаксыбаевна
педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Сөзіңді түзе –әдетіңе айналады, әдетің –мінезіңе, мінезің –тағдырыңа айналады» деп Шәкәрім атамыз айтқандай ауыздан шыққан әр сөзімізге мән беріп мұқият қадағалауымыз жөн.[1] Сөз біреудің жан-жарасын емдейтін болса, кейбір сөздер - біреудің жан дүниесін жаралайды. «Жүйелі сөз-жүйесін табады, жүйесіз сөз –иесін табады» дегендей, дұрыс сөйлеу өнері ежелгі Грек елінің көсем сөздің қас шеберлері Сократ,Цицерон т.б. тұлғаладан бастау алады. «Тура биде туған жоқ,түп атасы-Майқы би» дегендей, шешендік пен шебер сөйлеу ұлтымыздың дуалы ауыз би-шешендерден жалғасын табады.Шешендік сөздер қазақ халқының ата-бабаларынан мұра болып қалған ең асыл қазынасы. Сондықтан сол қазынаның кілті - мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, термелер мен толғаулар, шешендік сөздер, ақындардың өлең-жырларындағы сырлы сөздерінде.
Мектеп оқушыларын, өскелең ұрпақты ораторлық өнерге, яғни ойын нақты, айқын, әсерлі жеткізе білуге үйретудегі негізгі маңыздылық: сөзді сұрыптап, қадағалап, бақылап қолдану. Оқушының тіл байлығы мол, өткір, шешендік қабілеті дамыған болса, ол соғұрлым тіл мәдениеті мен белгілерін де, қасиеттерін де толығырақ тани алады. Ол белгілер мен қасиеттердің айқындығын оқушы мүмкіндігінше терең бойына сіңіреді. Сөйтіп, оқушы ораторлықтың сырын ұғынып қана қоймайды, сонымен қатар оның ойлау қабілетінің де тереңдей түсуіне мүмкіндік жасайды.
Қазіргі кезде оқушылардың заманауи ойлау жүйесі ерекше болғандықтан, ақпаратты жылдам қабылдау және жылдам қорытуға дағдыланғандықтан, аудиториямен жұмыс жасау, өз ойын еркін жеткізе алуда сабақ барысында үлкен қиындықтарға кездесіп жатыр. Балаларымыз сенімсіз, дәйексіз сөйлеуде. Сөйлеу үшін де білім керек, ғылыми негізге, деректерге сүйену керек. Осындай жақтардан ақсап жатырмыз. Осының бір шешімі ретінде «Сөз менеджменті» курс бағдарламасын дайындап жүргізудемін. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. «Сөз менеджменті» дегеніміз сөзді меңгеру, басқара білу мағынасында қолданылып тұр. Курс оқу бағдарламасындағы «Айтылым» дағдысын жан-жақты меңгертуге уақыт жете бермегендіктен, өз ойларын еркін, айқын, әсерлі, көркем жеткізе алатын, көпшілік алдында ораторлық қабілетін шыңдауға бағыттайтын қосымша құрал ретінде қарастырылды. Бағдарламаның мақсаты: сөз өнерін меңгерту арқылы аудитория алдында еркін сөйлей алу дағдысын дамытуға, сөз өнеріне ден қоюға, ойын жинақты, айқын, әсерлі жеткізуге , сөйлеу мәнері жоғары интеллект тұлға қалыптастыру болып табылады.
Курста қарастырылған шығармаларды оқу арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтары артады, қоршаған орта, қоғамға деген көзқарастары қалыптасады, алынған ақпарат арқылы пікір алмасып, сөйлеу дағдысы шыңдалады. Бағдарлама оқушыны ораторлық шеберлігіне, сөйлеу мәнеріне, көпшілік алдында еркін сөйлеуіне, ойын жүйелі жеткізуіне, сөз ырғағына, сөзді шұбарламай анық, таза жеткізуіне септігін тигізеді. Бұл бағдарламада берілген тапсырмалар арқылы еркін өз ойын дәлелді, дәйекті жеткізуге итермелеу көзделді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін бала өзін еркін сезінеді, яғни қаруланған жауынгер сияқты қаруланып, аудитория алдына шыққан соң сөздің басында, сөздің ортасында не айтады, қалай қорытады, аудиторияға шыққанға дейін өзін қалай ұстау керектігін, шыққаннан кейін аудиториядан не алып шыққандығын білу керек. Сонымен қатар өзі психологиялық тұрғыдан да түрлі әдіс- тәсілдермен дайындалуы тиіс. Сөйлеу өнерін, ораторлықты үйренген адам айтар сөзін бақылауға, қадағалауға, сұрыптап қолдануға, ойын жинақты, айқын, әсерлі жеткізуге, адамдармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге, өзіне деген сенімділігі мол, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
Сөйлеуге дейінгі 7 қағиданы ескерген жөн: шынайы болу, тыңдаушыны досыңыздай көру, диалог құра білу,пайдалы сөз сөйлеу, оқиға айту, ерекше болу, өзіңізді төмендетпеу, жұмсақ болу. Сөйлеу барысында аудитория алдындағы қорқынышты жеңу, аудиторияны игеру, дауыс пен дикцияны қою, микрофонмен жұмыс істеу, әсерлі әңгіме айту, уақыт регламентін сезіне білу қажет. Ал сөйлеуден кейін сөйлеу стилі мен жеке бренд қалыптасады.[2]
Оқушыларға қызықты оқиға, ғибратты әңгіме, анекдот-статистика, логика-риторикалық сұрақ әзірлеу тапсырмасы берілген кезде, олардың қызығушылығы оянып өздерінің көмескі қабілетін ашуға жол ашады. Мысалы ұнатқан бір мәтінді видеоға түсіріп бірнеше рет көріп плюс және минус жақтарын жазу арқылы түзету керек болған мәселелерді анықтауға болады.
Ұнаған хобби туралы видеоға жазып сөйлейді; Креативті мәтін даярлайды; Мәнерлеп оқу сайысын өткізеді; Бір ақынның өлеңін немесе жазушының мәтінін оқып видеоға жазады; Инстрагмда тікелей эфирге шығарады; Шағын интервью ұйымдастырады; Сөйлеу мәнері мен жеке бренд қалыптасады; Нақыл сөздерді видеоға жазып сөйлейді.
Әр сабағымды поэзиямен ұштастырып, оқушыларды ақындық өнерге, сөз құдіретін түсіне білетін шешендікке баулу арқылы дұрыс сөйлеу біліктілігі мен дағдысын меңгерту, сөз төркініне мән беріп сөйлеу шығармашылығын дамытуға, жетелеуді мақсат етемін. Ауыздан-ауызға таралып халықтың жүрегіне жол салып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің (Төле би, Қазыбек би, Жиренше шешен, т.б.) аузынан шыққан өнегелі шешен сөздерін, толғауларын рөлге бөліп оқытып, мәні мен мағынасын жан-жақты ашу үшін пікірталас, пікір сайыстар, сахналық көріністерді ұйымдастырамын.
Поэзия минутының "Кім жылдам?", "Кім тапқыр?" ойындары оқушыны көлемді білім алып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі мәліметті өзі таба білуге, талдап, өңдеп үйренуге, ізденуге жетелейді. Сабақ барысында, оқушылар арасында "Ұйқасын тап!", "Жалғасын тап!" ойындары өте қызық өтеді. Олар әрқайсысы ұйқас табуға немесе мақалдардың жалғасын табуға тырысады. Мақал-мәтелдер сөздік қорды байытады, алайда сөздік қорға бай болып, оны қате айтпау үшін жаңылтпашты айтып, әрбір дыбыстың анық шығуына назар аударған дұрыс. Жаңылтпаш айту - таза дикцияға ие болудың көпке танылған жолы. Оқушыға жаңылтпашты жиі-жиі айттыру арқылы тілін жаттықтырғанда кез келген аудиторияда емін-еркін жаңылыспай сөйлеуге дағдыланады.
Қолына қалам алып ақын-жазушы, журналист болсам деп армандамайтын оқушы кемде -кем. Оқушыларға шешендік, ақындық өнері туралы сөз қозғағанда ең алдымен , мұғалім күнделікті сабақ беру үдерісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер, ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
Қорыта айтқанда ,қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы.[3] Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!
Әдебиеттер тізімі
1. А.Исин.Алаш ұлағаты.- Алматы,2017.-224б.
2. Ж.Бұлғақ. Сөз менеджменті. – Алматы, «Самға» баспасы,2021.
3. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. – Астана: Елорда,
2001. – 230 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөз менеджменті

шағым қалдыра аласыз