Сөз-тілдің көркі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз-тілдің көркі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тіліміз-қазақ тілін құрметтеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы













«Сөз –тілдің көркі»

Ана тілім, Алтын ұям, құндағым













Тәрбиеші:

Баймуратова Н.Ж.

















Ақтөбе2021ж.

(қаңтар айы)

«Сөз –тілдің көркі» Ана тілім, Алтын ұям, құндағым атты тақырыпта тәрбие сағаты

Мақсаты: тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екенін түсіндіру.

Сабақ барысы: Интеллектуалдық ойын 3 кезеңнен тұрады.

1«Мақал-сөздің мәйегі» мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
1. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

2. Әсері жоқ сөз – өлі сөз.

3. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.

4. Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар.

5. Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді.

6. Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады.

7. Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ.

8. Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.

9. Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.

10. Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер.

11. Сөздің басы бір пышақ, аяғы бір құшақ.

12. Ауыр істің салмағы білекке түсер. Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер. 

13. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме.
14. Сөзге сөз келгенде, Сөйлемесе атасы өледі.
15.
Өлең — алтын, Сөз — күміс.
16. Сөз жіп, созсаң кете береді.
17.
Тіл қаруы — сөз, Сөз қаруы — ой.
18.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

2 «Білгенге маржан» сөздерден синоним, омоним қатарларын табу.

бала перзент ұстаз мұғалім ақсақал қария өмір ғұмыр сұлу әдемі

ат бас шаш бөлме өкпе қой біз түс сен қорық


3 «Ұшқыр ой» 3 минутта сөздерден сөйлем құрап шығу.

Сөзге сөз келгенде, Сөйлемесе атасы өледі.
Тіл қаруы — сөз, Сөз қаруы — ой.








Бұл жанды тіл менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры қуат, сөзі ана уызындай.
Жасай бер Ана тілім Қазақ тілім.

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2021
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі