Материалдар / Спорттық эстафета "Тәрбиеші және мен"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Спорттық эстафета "Тәрбиеші және мен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілермен олардың тәрбиеленушілеріне арналған көңілді эстафета. Мақсаты: топ арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2022
815
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәрбиеші және мен»

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Мақсаты: 1.Балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру.

2. Балаларды адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.

3.Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер (кегли), доптар (үлкен, кіші), гимнастикалық орындық, гимнастикалық қабырға, түрлі-түсті дөңгелектер, қап, шелектер(нысана ретінде), арқан...

Сабақ түрі: эстафеталық жарыс.

Сайыстың барысы: балабақша спорт залында көңілді әуен ойнап тұрады.

Балалар әуенмен спорт алаңына бір қатар түзіп кіреді.

Барысы:

Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз. ( топпен айту, иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Жүргізуші:

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділқазы бағалар. (әділқазы мүшелерімен таныстыру)





Жарыс түрлері:

1. Таныстыру.

2. «Жыланша иілеміз» сайысы.

3. «Кім жылдам?» сайысы.

4. «Кедергілер» сайысы.

5. «Кенгуру» сайысы.

6. «Нысанаға дәлде» сайысы.

7. «Арқан тартыс»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік!

1. Таныстыру. Топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

2. «Жыланша иілеміз» : «зигзаг» тәртібі бойынша орналасқан кедергілер арасынан қолға допты ұстап жүгіреді, межеден айналып, кері қарай жүгіріп келу. Келесі топ мүшесіне допты жалғастыру.Топ соңына тұру. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

3. «Кім жылдам?» сайысы: Бір қатарға, қол созым жерге сап түзіп тұрады. Белгі бойынша қолдарын үстіне көтеріп бастауыштың добынын соңына дейин жалғастыру. Доп соңғы ойыншыға жеткенде оны кері еңкейіп екі аяқтың ортасынан қайта жалғастырамыз. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

4. «Кедергілер» : белгі бойынша ойыншылар түрлі- түсті дөңгелек кедергілерден қос аяқпен секіріп, гимнастикалық орындықтан жатып сырғанап, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, кері тобына жүгүріп келеді. Келесі ойыншы дәл осылай жалғастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

5. «Кенгуру» : Қаппен секіре отырып 4-5 метр қашықтықта орналасқан межеден айналып келу. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

6. «Нысанаға дәлдеу»: 4-5 метр қашықтықта орналасқан нысанаға (шелекке) қолдарына таратылған кішкентай доптарды лақтыру, кезектесіп. Қай топ нысанасына көп доп дәлдесе сол топ жеңіске жетеді.

7. «Арқан тартыс»: Арқанды өз жағына тартып шығарған топ жеңіске жетеді.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Келесі кезекте би.

Жүргізуші:

Спортқа биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Сайысқа баға беріңіз!

(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).



































Маңғыстау облысы білім басқармасы

ММ “Облыстық санаторлық мектеп-интернат”













Спорттық эстафета.

Тақырыбы: “Тәрбиеші және мен”















Өткізген дене шынықтыру педагогы

Кайбалдеев И.Т









2019-2020 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!