400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Спорттық жарақаттардың болу себептері және оның алдын алу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық жарақаттардың болу себептері және оның алдын алу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Өзіңдік жұмыс
Тақырыбы:Спорттық жарақаттардың болу себептері және оның алдын
алу жолдары

Орындаған: КЯЛ бағдарламасының 2 курс студенті
Маткерімова Рахат
Тексерген: Жұмарыстанов Қ.Ө

Спорттық жарақаттардың болу себептері және оның алдын алу жолдары
Түрлі жаттығулармен әсіресе, жарыс кезінде спортшы организіміне түсетін ауырпалық өте зор.
Әр спорт түрінде жарақаттану қаупі де әр түрлі болады. Спорт түріне орай өзіне тән
зақымдануы және жиірек жарақаттанатын дене бөлімдері – «осал жерлері» де болады.
Жалпы спорттық зақымдардың ішінде жиі кездесетіндері – соғып алу, бұлшық еттер мен
сіңірлердің созылуы, жыртылуы, үзілуі. Бұлар жабық жарақаттарға жатады. Жабық дейтін
себебі теріде жара болмайды. Ашық спорттық жарақаттардың ішінде жиі кездесетіні – терінің
сыдырылуы, сызаты.
Кейде жаттығу барысында, жарыс кезінде ауыр жарақаттар да кездеседі (буынның шығып
кетуі, сүйектің сынуы, мидың шайқалуы, буындардың, омыртқа жотасының зақымдануы және
т.б.).
Жаттығу мен жарыс кезінде ең жиі зақымданатын дене бөлімдері бар. Олар әр спорт түрінде әр
түрлі болады. Мысалы, боксшыларға бас пен беттің жарақаттары тән болса, спорттық
гимнастика мен шаңғыда аяқ сүйектері, буындары, бұлшық ет пен сіңірлердің зақымданануы,
ал футболшыларда тізе буындарының зақымданануы жиірек кездеседі.
Сонымен спорттық зақымдарға ортақ ерекшеліктер: спорттық жарақаттардың тоқсан пайызы
жеңіл жарақаттарға жатады, ал орташа жарақаттар тоғыз пайыз шамасында болса, ауыр
жарақаттар бір пайыз көлемінде кездеседі.
Спортшылар жеңіл болмашы жарақаттарға өздерінің жұмыс қабілетіне әсер етпегесін, оған
онща көңіл бөлмей емделе бермейді. Сол себепті жеңіл зақымдардың біртіндеп жиналып,
тірек-қозғалыс жүйесінің созылмалы ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.
Спорттық жарақаттардың себебін сыртқы және ішкі деп екі топқа бөлуге болады.
Сыртқы себептер:
1. Жаттығу әдістемесінің қателіктері. Спорттық зақымдардың бастысы (екіден үш бөлігі немесе
алпыс пайыздайы) осы себептен пайда болады.
Жаттығу әдістемесінің басты қателіктері: жаттығу барысын жылдамдату, шектен тыс
жүктемелер қолдану, шаршаған кезде қызметтік қабілетті бұрынғы қалпына келтіру әдістерін
пайдалана білмеу, жаттығуларды орындау техникасын арттыруға бағытталған жұмыстарды
жүйелі жүргізудің маңызын түсіне білмеушілік, күрделі жаттығуларды орындауға
дайындықтың жоқтығы немесе оларды шаршаған кезде орындау, сақтандыру шарттарын
жеткіліксіз қолдану немесе мүлде қолданбау, толық бой жазбау және т.б.
Демек жаттығу әдістемесінің қателіктері жаттықтырудың дидактикалық негіздерін бұзудан
шығады.
2. Жаттығу сабақтары мен жарыстарды үйымдастырудағы қателіктер. Бұл себептер барлық
спорттық зақымдардың сегіз пайызға дейінгі көлемін құрайды. Олардың ішінде бастылары:
оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу туралы нұсқауларды бұзу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау,
жарыс жоспарын дұрыс жасамау.

Зақымдануға себепкер болатын қателіктерідің тағы бір түрі: бірге жаттығатын топ
ішіндегілердің дайындықтарының, машықтығының, жасының, жынысының, дене
салмақтарының әр түрлі болуы; жаттығу сабағында жаттықтырушының болмауы; бір
жаттықтырушының қол астында тым көп кісінің жаттығуы; бір жерде әр түрлі
жаттығулар өткізу, т.б.
3. Жаттығу сабағын материалдық-техникалық тұрғыдан толық қамтамасыз етпеу;
спорттық құрал-саймандардың сапасыздығы; киім-кешектің лайықсыздығы; сабақ
өткізетін жерді дұрыс та мұқият дайындамау; спорттық құрал-саймандарды дұрыс
қолданбау, т.б.
4. Гигиеналық және метеорологиялық жағдайлардың жайсыздығы: спорттық
құрылыстардың санитарлық күйінің нашарлығы, жарықтыққа, ауа алмасуына, ауа мен
судың жылылығына қойылатын гигиеналық талаптарды ескермеу, тым ыстық не тым
суық кезде, жаңбыр, тұман, боран, қарлы жел тұрған кездерде жаттығу не сайысу
өткізу.
5. Спортшының тәртіп ережелерін бұзуы: дәрігердің рұқсатынсыз жаттығу, ауру-сырқау
кезінде толық айқпай тұрып жаттығуды бастау, дайындық топтарына дұрыс бөлмеу, т.б.
Спорттық жарақаттарға ұшырататын ішкі себебтер жаттығу мен жарыс кезінде ғана
болып қоймайды, олар түрліше ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты қалыптасуы
мүмкін.
Спорттық зақымдардың алдын-алу үщін жан-жақты ұйымдастыру және әдістемелік
шаралар қолдана білу керек. Олар спорттық зақымдардың даму мүмкішілігін ескере
отырып қолданылады: материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыздықты жетілдіру,
жаттығу сабақтары мен жарыстарды дұрыс ұйымдастыру, жаттықтырушылардың
мамандығын арттыру, дәрігерлік бақылауды мерзімінде жүргізіп, берілген нұсқауларды
мүлтіксіз орындау, дайындау барысының дидактикалық негізін сақтау, спортшының
жалпы және арнайы жұмыс қаблеттіліктерін арттыру.
Ең жеңіл болмашы жарақаттардың өзінің болу себептерін талдап, оны жоюзақымданудың алдын-алудың нәтижелі жолының бірі.
Спорттық зақымдардан сақтандыру жұмысының тиімділігін арттыру үшін оны үш
бағытта бірдей жүргізу керек.
Біріншісі – жаттығу барысының тиімділігі;
Екіншісі – жаттығушының қызметтік мүмкіншілігін, жұмыс қаблеттін арттырып, «осал»
жүйелерінің болмауын қамтамасыз ету.
Үшіншісі – жүктемеден кейін спортшының қалыпты жағдайына келуіне көмектесе білу.

Қорыта айтқанда, әр дене тәрбиесінің мұғалімі, әр жаттықтырушы спорттық
жарақаттардың пайда болу себептері мен жағдайларын білуге және жедел
медициналық көмек көрсетуге дайын болуға тиіс. Тек сонда ғана жаттығушыны
жарақаттанудан, олардың асқынуынан сақтандыруға болады.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23.10.2023
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі