2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ш.Қанайұлы "Зар заман" толғауы

Ш.Қанайұлы "Зар заман" толғауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Қанайұлы "Зар заман" толғауын тақырыбындағы сабақта оқушыларға қайталаудың түрлеріне талдау жасалып, білімін бекіттіруге болады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: «Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Сабақ: 2-сабақ

Мектеп: Қараөткел ауылы IT мектеп-лицейі

Күні: 19.11.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні : Аубакиров С.Т

Сыныбы: 7 «б»

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»толғауы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту;

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (қайталау түрлері: эпифора,анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды ,үзінділерді жатқа айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады :

Көркемдегіш құралдардың (қайталау түрлері: эпифора,анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды.


Бағалау критерийлері

Шығармадағы кейіпкер бейнесін ашады,үзінділерді жатқа айтады ;

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды,қолданылу ерекшелігін талдайды;


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі уақыт.

Әдіс-тәсіл.

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

1 мин

10.40-10.41

Амандасу. Түгендеу .

Оқушы зейінін сабаққа шоғырландыру.

Амандасу.

Жоқ оқушыны атау. Оқу құралдарын дайындау.


Күнделік kz

Қазақ әдебиеті 7 сынып оқулығы

Өткен сабақты еске түсіру.

6 мин

«Күннің көзін ашу» әдісі

10.41-10-47

Шортанбай Қанайұлы өмірі, «Зар заман толғауы»

бойынша сұрақтар беру.


Сұрақтарға жауап беріп, өткен тақырыпты қайталайды, еске түсіріп, білімдерін жинақтап,бекітеді.

Дескриптор

-сұрақтарға жауап береді -1балл

ҚБ

ым-ишара арқылы бағалау береді Жарайсың, бәрекелді, алғырсың, тапқырсың


АКТ слайд

Жаңа сабақ.

Ой шақыру.

1мин

10.47-10.48

Миға шабуыл

« 4 сурет= 1 ұғым» әдісі.

Жаңа тақырыпқа кіріспе.

Көрсетілген сурет фрагментіне қарап, не бейнеленгенін болжайды?

Сурет фрагментін беру арқы зейіндерін шоғырландырады, тақырыпқа ой жүгіртеді. Зар заман ақындары туралы білетін мәліметпен бөліседі.

Ауызша. Мадақтау сөздер арқылы

Слайд. сурет

Жаңа сабақ

Мағынаны тану.

Топқа бөлу: «Фри» әдісі


10 мин

10.48-10.58


1.Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

Толғау туралы,кейіпкер туралы , қайталаудың түрлері туралы түсінік беріледі.

«Зар заман» толғауы бейнетаспадан тыңдатылады. https://yandex.kz/video/preview/14774756222865857844?text=%D0%97%D0%B0%D1%80%20%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%20%D1%82%D0%BE%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%83%D1%8B%201%20%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BC&path=yandex_search&parent-reqid=1731872002085670-14821220890335424033-uzk5vigo2xkc7xvt-BAL&from_type=vast

Үзінділерді жаттаған оқушыларға мәнерлеп оқыту арқылы оқушыларды топқа бөлу.


Толғау, кейіпкер , көркемдегіш құрал туралы түсінік алады.

«Зар заман» толғауы бейнетаспадан тыңдатылады.

«Зар заман» толғауы үзінділері жазылған фри таяқшалары қиындысын алып, мәнерлеп оқыған оқушының тобына бөлінеді.


Ауызша. Мадақтау сөздер арқылы












Таныстырылым. Слайд АКТ.

Бейнетаспа.

Оқулық тапсырмалары

«Бірге

ойланамыз» әдісі

Топтық жұмыс 10 мин

10.58-11.08










Жеке жұмыс

«Сәйкестендіру» әдісі. 2 мин

11.08-11.10
























































Жұптық жұмыс

«Жеңілдетілген анықтама немесе түсіндірме» әдісі 5 мин

11.10-11.15

1-тапсырма.

1. Берілген «Зар заман» толғауының үзінділерін дұрыс ретімен құрастырып , толғауда кездесетін көркемдегіш құралдарды табыңыз, қолданылу ерекшелігін талда.

2.Үзіндіні мәнерлеп , оқып, жатқа айт.









2-тапсырма

Берілген жыр жолдарынан үзіндіні сәйкестендіріңіз.

Shape4

АAutoShape 1 AutoShape 2 қынның зар замандағы адамның жаңа тұрпатын аңғартқан тұстары


Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы-жаннан түңілген,

Жаман-малдан түңілген.

Мұның өзі-зар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мұның өзі-тар заман...

Заман ағымының беталысы өзгеріп, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің ауытқыған тұстарын көрсетеді.

Заманақыр боларда

Алуан-алуан жан шықты. Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Байлар ұрлық қылады,

Көзіне малы көрінбей,

Билер жиді параны

Сақтап қойған сүріндей.

Заманың сенің құбылды

Текеметтің түріндей.

Ақын өмір туралы қорытынды жасап, жақсы менен жаман туралы ой қозғайды.

Заман кетті қырынға,

Бұрынғы, шіркін, заманның

Иісі де келмес мұрынға.

БAutoShape 3 иттей нәрсе қалсайшы

Бұрынғы заңнан ырымға,

Халық санасына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне ене бастаған жаңа заман жаңалықтарын сынға алып,қазақ даласына келген отарлаудың салдарын,халыққа тигізер зияны мен зардабын,ел мен жер тағдырын жырлағанымен, одан шығудың жолдарын көрсетпей, жақсылықты өткен күнді іздейді, өткен күнді көксейді.

Жақсыменен жанассаң,

Келеді ісің оңына.

Жаманменен жанассаң,

Пәле ертесің соңыңа,

Дұшпаның қарар оңына.

Жаманға түссе жұмысың,

Жағаңнан алар сорыңа.

Әркім тайып жығылар

Өзінің қазған орына.



3-тапсырма.

Ақын жыр жолдарында зар заманда туған балалардың бейнесін қалай бейнелегенін түсіндіріп , мысал келтіріңіз.

Түсінік

Шығармадан үзінді

«Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп,»-деп жастардың парасаттылық,сыпайылық, кішіпейілділік сияқты адамдық қасиеттерден алыстап, рухани құндылықтардың әлсірей бастағанын ашына жырлайды.

Бұл асылық, асқан заманда,

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп,

Баласы кетіп тыюдан...



Оқушылар топта толғау үзіндісін дұрыс құрап, қайталаудың түрлерін табады, қолданылу ерекшелігін талдайды.

-Үзіндіні мәнерлеп , оқып, жатқа айтады.

.














Оқушылар берілген үзінділерді оқып ,жыр жолдарынан ақынның зар замандағы адамның жаңа тұрпатын аңғартқан тұстарын мен

әлеуметтік теңдіктің ауытқыған тұстарына ақын өмір туралы қорытынды жасап, жақсы менен жаман туралы ой қозғайтын тұстарын және халық санасына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне ене бастаған жаңа заман жаңалықтарын сынға алған тұстарды анықтап, сәйкестендіреді.

































Оқушылар жұбымен берілген тапсырманы кестеге орындап, ақын жыр жолдарында , зар заманда туған балалардың бейнесін қалай бейнелегенін түсіндіріп , мысал келтіреді.





Дескриптор: -Толғау үзіндісін дұрыс құрастырады 1балл

-Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды-1балл
-Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін
талдайды-1балл -Үзіндіні мәнерлеп , оқып, жатқа айтады- 1балл

ҚБ

Дескриптор:

-Жыр жолдарынан ақынның зар замандағы адамның жаңа тұрпатын аңғартқан тұстарын анықтайды-1балл

-Әлеуметтік теңдіктің ауытқыған тұстарын көрсететін жолдарды анықтайды-1 балл

-Ақын өмір туралы қорытынды жасап, жақсы менен жаман туралы ой қозғайтын тұстарын анықтайды-1балл

- Халық санасына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне ене бастаған жаңа заман жаңалықтарын сынға алған тұстарды анықтайды-1балл

ҚБ
























Дескриптор:

-Ақын жыр жолдарында зар заманда туған балалардың бейнесін қалай бейнелегенін түсіндіреді-2балл

-Үзіндіден мысал келтіреді-1балл

Қ.Б

Қазақ әдебиеті 7 сынып оқулығындағы «Зар заман» толғауы үзіндісі

А3 парақ














Қазақ әдебиеті 7 сынып оқулығы

«Зар заман» толғауы үзіндісі

А4 парақ


Слайд













































Қазақ әдебиеті 7 сынып оқулығы

«Зар заман» толғауы

А4 парақ


Слайд









4.Сабақты бекіту

5 мин

11.15-11.20


4-тапсырма. «Quizizz»әдісі Тест орында

https://quizizz.com/join?gc=423674


Оқушылар ұялы телефон арқылы сілтемеге өтіп, жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қолданып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-Берілген сұрақтарға мұқият жауап береді-

7 балл

ҚБ

платформасы

5.Сабақты қорыту.

«ия-жоқ» әдісі

2мин

11.20-11.22










5-тапсырма

Сұрақтар

ия

жоқ

Толғау-белгілі бір мақаммен , музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады

+


Кейіпкер белгілі бір тұлға, әдебиетте берілетін кейіпкер автордың қиялынан туындаған

+


Анафора-сөздің аяғында келеді


+

Эпифора-сөздің басында келеді


+

Аллитерация- дауысты дыбыстан басталады


+

Ассонанс- сөйлемнің басында келетін дауысты дыбыстар



Риторикалық сұрау- өлең жолдарында кездесетін жауабы өздігінен айқын сұраулы сөйлемдер

+



Оқушылар қойылған сұрақтарға (ия немесе жоқ ) жауабын айтып, ауызша жауап береді.

Мұғалім









Дескриптор: -сұраққа дұрыс жауап береді 1балл

-Шығармадағы көркемдегіш құралдардың дұрыс ережесін айтады-1балл

ҚБ «Бас бармақ»

Ауызша (сұрақ-жауап)


«ҚҚҚ» әдісі

1 мин

11.22-11.23

Кері байланыс алу

ҚиынҚызықҚұнды

«ҚҚҚ» әдісімен стикерге жазып кері байланыс береді.



2 мин

Үй жұмысы

Бағалау

11.23-11.25

«Бүгінгі және болашақтағы Қазақстанның келбеті» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау

Оқушылар

жинаған ұпайын санайды


























Зар заман


Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмілла,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!


Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды,
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым - ақ тәуір еп болды —
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!





































Қыс көбейді — жаз азбоп,
Бай таусылды — мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақында,
Елді еркіне қоймады
Буыршындай тақымдап.


Дуан басы, болыс тұр
Кәпірдің сөзін мақұлдап,
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себепті қорқамын!


Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам сулы балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Жарлы - кедей жоқ десек,
Қорлықпенен күн өтер.
Көзіне малы көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүрін.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.

















Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,


Тәңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Әр не түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Енді сенің торыңа.
Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды...



Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан.
Патша жұртын қанады,
Байлар жөргем санады...
Жамандықтың белгісі:
Ұлың көңілі — бір бөлек,
Қызың көңілі — бір бөлек,
Алысар тұстар болса да,
Әлсіз айбар не керек?..


Зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніш
Мал болыпты таяғы.
Айрылмай дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәріңді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!.
















05 Наурыз 2025
105
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі