С.Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Сейфуллиннің "Ақсақ киік" өлеңі арқылы оқушыларды туған жер,табиғат,жан-жануарларды қорғауға,аялауға үйретеді.Қиындық тудыратын сөздермен жеке жұмыс жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірі жайлы түсінік алады. Өлеңнің мазмұнын меңгереді,талдайды.

2) Дамытушылық: Оқушылар өлеңнің идеясын ашуға талпыныс жасайды,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

3) Тәрбиелік: Өлең идеясы арқылы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиеленеді.

Міндеттері:

-Әр оқушы өз ойын толық жеткізеді.

-Топта,ұжымда жұмыс істеуге үйренеді.

-Шығармашылық атмосфера құра отырып,өлеңнің идеясынан үлгі алады.

Сабақ түрі : дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО,АКТ,топпен жұмыс,проблемалық ситуация тудыру.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,слайд,ақынның портреті.



Ұ-ру: «Ақынның сымбатты сұлу тұлғасы көрушінің назарын өзіне қалай қызықтыра тартса,оның өмірі мен шығармашылық жолы да сондай жарқын,сондай қызықты» дегім келеді.Бұл кім деп ойласыңдар?

Үй тапсырмасын сұрау. Ал,құрметті оқушылар сендерге Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін өз бетімен оқып келу тапсырылған.

Сендердің өлеңді қаншалықты оқып келгендеріңді анықтау үшін,әр топ келесі топқа 2 сұрақтан қойып жіберейік .

1)Өлеңнің басты кейіпкері не?

2)Өлең неге олай аталды?

3)Оқиға қай жерде болған?

4)Өлең қандай тақырыпқа жазылған?

5)Өлеңде оқиға бар ма?

6)Жағымсыз кейіпкерлер бар ма?

Бекіту: Сонымен киік қандай жануар екен?

(қасиетті,киелі,оны бөкен деп те атайды)

Оны атуға болмайды,обал болады,киесі атады,дейді халқымыз.

Тағы қандай киелі аң-құстарды білесіңдер? Аққу,қарлығаш.

Қызығушылығы: Кәне,слайдқа қарап, Сәкен туралы білімімізді толықтырып жіберейік.

1 топ. Өлеңнен сендерге қиындық тудырған сөздерді таба қойыңдар.

1)Қу баялыш-шөптің атауы .

2)Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

3)Тана-жануардың әсем,сұлу мүсіні.

4)Қос-шатыр күрке.

5)Бетеге-шөп атауы.

2 топ. Табиғат көрінісін, ақын қандай бейнелі сөздермен жеткізген?Арқаның Бетпақ деген даласы бар,шөл,ойлы-қырлы,ел жоқ,күн жоқ, өзен-көл жоқ,қу баялыш,қара жусан.

3 топ.Өлеңдегі негізгі оқиғаны тап.

Ақын Бетпақдаладағы киікке кездескен оқиғасын баяндайды.

1 топ. Бетпақдала қайда орналасқан ? Табиғаты қандай?

Арқа яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр.

2 топ. Ақын неге кездесті? (жаралы киікке)

Көңіл күйі қандай? (жабырқау (Сәкен)

3 топ. Киіктің портретін табыңдар,мінездеме (киік) беріңдер.

Киік-көздері мөлдіреген ақбөкен,әдемі екі танау желбіреген,елеңдеп жас балаша жаутаңдайды,ботагөз сахарада қына терген.

Ал,енді өлең құрылысына талдау жасап ,жіберейік(ауызша)

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар (11буын)

4 тармақты ,1 шумақты,11 буынды,қара өлең ұйқасы.

Сендер ақынның орнында болсаңдар ,не істер едіңдер?

Қорытындылау: Не білдік? Не үйрендік?

Үйге: «Мүйізін пайда қылып ,шетке сатып» атты ой-толғау жазып келу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
962
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі