Материалдар / Статья

Статья

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка оқыту әдістері
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру

Исаева Aйгуль Aрыстанбековна.

aigul_isaeva_20@mail.ru

88 «Баян сұлу» балабақшасының музыкалық жетекшісі, Астана, Казахстан

Білім және ғылым саласында мектепалды тәрбие туралы тұжырымдамаларда жас буындарды тәрбиелеу ісін қазіргі заман талабына сәйкестендіру мәселесі қойылған. Еліміздің болашағы мен келешегі қолдарына сеніп берілетін, жас ұрпақ тәрбиеленетін жалпы мектепке дейін білім беретін мекемелердің алатын орны ерекше .Алғашқы кездең дәріс алған еліміздің мыңдаған ертеңгі ұрпағын осы бастан дұрыс тәрбиелесек, келешекте көптеген келеңсіздіктерге жол берілмейді .Музыкалық тәрбие осы келеңсіздік жағдайларға жол бермейтің мәнді тәрбиенің бірі.

Ұлттық музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу - қазақтың осы ұлттық руханияттық игі дәстүрін үнемі жандандырып, жалғастырып отыру деген сөз. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан - жақты дамуына мүмкіншілік жасау – жалпы мектепе дейін білім беретін мекемелердің мақсаты осы.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, негізгі талап - Елбасымыз Н.Назарбаев айтқанындай, "Бәсекеге сай білімді де өркениетті елдің ұрпағын дайындау"[2].

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауында: «Мен өзіме отыз үш жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің азаматтары болады» - деп халқымыздың болашағына зор үміт артады. Сондай-ақ, «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан аймақтың, және мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады. Оны барлық ұлттар үшін тең мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады» - деді. Көптеген мемлекеттер өзін бүгінгі таңдағы көркеюге жеткізген жолын – өнер тәрбиеге баулудан бастаған болатын [1].

Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Әр түрлі ұлт пен дәстүрге қарамай мектепалды музыкалық тәрбие мен білім беруде, көкейкесті мәселелер мазаны алады:

-психофизикалық және әлеуметтік үлестегі балаларды тәрбиелеудегі ,жаңа әдіс пен тісілдерді қарастыру [3].

- балалардың мәдени-этникалық көзқарастарын дамытып, байытуға жағдай жасау. Сол себептерден дамыған қатарында жүрген елдердің тәрбие беру модельдерін қарастырып, салыстырайық.

Жапония елінің мектеке дейін білім беруі. «Дәстүр» - күншығыс елінің мәденетін түсінудегі, кілтті сөз. Дәстүрмен бүкіл жапондық білім жүйесі қамтамасыз еткен. Соның ішінде балабақшадағы тәрбие. Бұл елде мектепалды білім беру сатысы міндетті мемлеттік білім алу деп саналмайды. Әр бір ата-ана кашан балабақшаға берем десе өз еркінінде. Бірақ тәрбие берудегі басты мақсат дәстүрлі мәдениетті сақтап, үлкендерді деген құрметтеуді уйрету.

Тағыда айта кететің бір мәселе – Сузуки әдісі елу жыл бұрын іске еңген. Бұл әдістің ерекшелігі - баланы тілді қалай қабылдаса, солай музыканы да ерте(екі) жастан қабылдауға уйретеді. Сузукинің ұстанымы «музыкалық қабілет – ол табиғи талант емес ол тума қабілет. Оны кез келген қабілет сияқты дамытсан, күшіне еңеді». Ол үшін бала мен бірге ата-ана аспапта (скрипкада) ойнауды, музыканы бірге сабақтарға қатысып уйренеді. Оның әдісі бойынша, баланың дамуындағы бірінші жылда тілді уйренуде есте сақтау мен тыңдау қабілеттері жақсы дамуда болғандықтаң. Соңдықтаң осы сәтті пайдалана отырып музыканы уйренуді қолайлы сәті деп саңайды. Музыканы баланы қоршаған ортаға айналдыру арқылы балаға туған тілімен бірге музыканы да сіңдіру. Бала туылғаннаң бастап музыканы тыңдату, бірге концерттерге алып бару. Келесі де бала сол музыканы таңып отырады, сөйтіп есте сақтау қабілеті мен музыкаға деген сүйіспеншілігі арттырады.

Сузуки әдісінің бір бөлігі болып келетің – балалардың жетістігі үшін қуану және оларды мадақтау, мақтау. Әр аспап үшін өзіндік бір реттілік пен орындалып, дамытатың репертуарлары бар. Сонымен қатар әр балаға техникалық қүрделі шығармаларды ересек балалардың орыңдауында тыңдатады сол кезде кішкентай бала сол деңгейде оындауға тырысады. Ноталық сауат уренуден бұрын ,Сузуки балалардың қолдарын дұрыстап, интонациясын нақтылап,дыбысты әдемі алуға көніл аударған жөн деп әдістерінде қолданады.

Грециядағы мектепалды тәрбие жүйесі. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) - Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор .мемлекеттік мәдениет қалыптасты. Оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің дамуы. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар.

Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спарта құлдар мекені болған мәлім. Құлдар бұл мемлекетте, мемлекеттің жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық құлдары.мемлекеттің қаржы және мәдени дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғам тек ғана салауат және мәдениет ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықдықтаң да құлдар көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды дайындау да ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты-спартиат балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды,жігерлі,баларды дайындау болды,соңдықтаң ерте жастаң бастап, жанұя тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, бақылап отырған.

Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін білдіреді. естияр жастан бастап мемлекеттік тәрбие дене шыңықтыру мен мәдениет және әскери жаттығуларға ерекше мән берілді.

Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, жаттығуға жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар дамып отырды. Саз және ән айту өзіндік аты бар ерекше топқа аударылды, онда әскери ұл балалар мен қатар, қыз балалар да дене шыңықтыру мен айналысты. Оның мақсаты - ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери көмек үшін қараластырылған тәрбие жүйесі.

Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгешелігі бар. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесі әскери жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, деңі сау, мәдениетті азаматтарды тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д.төмендегіше қалыптасты: бірақ осы кезде де олардың тәрбиесі салауатты өмір мен музыкаға зор мән береді.

Неміс педагогикадағы Карл Орфтың әдісі «Шульверк. Балаларға арналған музыка». Әдісті Орфтың өзі ойлап тауып «қозғалыста оқыту» деп атаған. Бұл педагогиканың ұстанымы - «іс әрекеттеніп және жасап оқимыз» - деп балалар бірге музыканы шығарып, орындайды. Концепция «теориясы» ноталармен қатайтқан – ән салу, ойнау, би билеуді кішкентай партитурамен көрсетілген. Шульвергтің әр бір кішкентай шығармасын кез келген балалар орындап шығалады. Шығармашылық ойын мен іс-әрекет үрдісі негізінде балаларды музыкамен қатынасу жуесіне еңгізу. Орф педагогикасы, музыкалық педагогикада ерекше түр болып саналып, креативті деп аталады. Орф концепциясының негізі- музыкалық имровизация болып келеді. Шығармашылық арқылы әр-бір балада, универсалдық креативті дамыту музыкалық педагогикада басты мақсат. Аспапта сүйемелдеу, ән салу, қимыл-қозғалыстарды біріктіре отырып, баланың музыкаға сүйіспеншілігін арттырады.

Қытайдағы мектепалды білім мен тәрбие. Қытай балабақшасында, музыкалық қалып ұйымдастыру ішіне- сабақ және мерекелер кіреді. Музыкалық сабақтар фронталдық (топтық) және жеке турде өтеді. Топтық сабақтар басылым болып, жиі өтеді. Күнделік сабақтар топтық бөлмеде өтеді. Қытайда музыкалық сабақты екі мұғалім өткізеді: бір мұғалім аспапта(фортепиано да ойнайды), екіншісі балалармен билейді немесе ән айтады және керекті көрнекіліктерді, музыканы түсіну ушін көрсетіп тұрады. Бала мен мұғалімнің қарым-қатынасы, педагогикалық үрдісінде нысанды-субъеті болып құрылады. Зерттеу кезінде музыкалық сабақтың екі түрі аңықталды: бір турі, дәстүрлі, сабақты үш бөлімге бөледі- бастапқы (дайындық кезеңі), негізгі және қорытыңды бөлім. Бірінші мен үшінші бөлімнің мазмұны: сабақта өткен әндерді ,музыкалық-ритмикалық қимыл-қозғалыстарды,би, музыкалық ойындар, музыкалық аспаптарда ойнауды қайталау.

Екінші (негізгі) бөлімнің мазмұны: жаңа әндерді жаттау, музыкалық қабілеттерді қалыптастыру. Бастысы ән салу үрдісінде, мұғалім балалармен шығармашылық әс-әрекет жүргізеді. Мұғалім балаларға таңыс әуенге, өзі сөздер шығарып салуға ұсынады. Музыкалық сабақтың екінші түрі бөлімдерге бөліңбейді. Бұл музыкалық сабақ бір ғана музыкалық іс – әрекетті (моноіс-әретт) кірістіреді. Зертеу мен тәжірибе алмастыруды қарастырады. Жалпы алғанда қытай музыкалық тәрбие беру педагогикасы біздікінен алыстамаған, өйткені совет үкіметі кезінде олар жиендік жасап, музыкалық тәсіл- әдістерін қарап өздеріне еңгізіп алған деген мәліметтер бар.

Менің педагогикалық практикамда салыстырмалы халықаралық тәжіриебемде басқа да технологиялар қаралыстырады. Украина мемлекетінің, мектепалды мекемелерінің көптеген методологиялық әдістерің салыстыра, бір-бірімізден тәжіриебе жинауға болады. Мысалы:

2012 жылы шыққан «Мен және әлем » программасында, О.В.Гусактың «Мектепалды балаларының музыкалық-эстетикалық дамуын жобалаундағы-интеграциалық шығармашылық» деген әдістемелік аспектілер беріледі.

  • Перспективтік жалпы-тақырыптық жоспар.

  • Күнтізбелік жоспар.

  • Графикалық күнтізбелік жоспар.

Бұл бағдарламада жаңа технологиялар қарастырылған, жалпы мектепалды балаларының дамытатың әдістемелік жолдар көрсетіледі [4].

Мектепке дейiнгi мекеме педагогiнiң кәсiби бiлiктiлiгi, халықаралық тәжіриебесі мен шеберлiгi мектеп жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу мен дамыту бағдарламаларын iске асырудың негiзгi құралы болып табылады. Осыған байланысты мектепке дейiнгi ұйымда жұмыс iстейтiн педагог:

-Бiлiм беру мен дамыту процесiн дараландыруды қамтамасыз етуге, өзiнiң балаларды дамытуға қатысты бiлiмiн пайдалануға, өзара қарым-қатынасты әрбiр баланың бiрегей қажеттiлiктерi мен әлеуеттi мүмкiндiктерiн ескеру негiзiнде құруға тиiстi; - деп көрсетiлген мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен дамытудың Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартында.

Бүгiнгi таңда бiлiм беру жүйесiнiң алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейiнгi балалардың ақыл-ой қабiлетiн жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесiне ерекше мән берiлуде, себебi осы кезеңде балалардың ақыл-ой қабiлетiн дамыту мүмкiндiктерi мол. Ғалымдардың пiкiрiнше табиғи жаратылысында ақыл-ой қабiлетiнiң алғашқы шарттары -50-60% байқалған. Баланың ақыл-ой ерекшелiктерi жаратылыстан шығармашылық, iзденгiштiк сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабiлетiн дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшелiктерiн ескерiп тәрбиелеуге байланысты Балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесiн сенсорлық процестердi қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетiн дамыту сөйлеусiз мүмкiн емес. Бала тiлдi меңгере отырып заттар, олардың қасиеттерi, белгiлерi туралы бiлiмдердi игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негiзiнде санау, салыстыру, заттардың ұзындығын, енiн, биiктiгiн өлшеу, сұйық және сусымалы заттардың көлемiн шартты өлшеуiштердiң көмегiмен өлшеу, сондай-ақ жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренедi.

Бiлiм берудiң ең төменгi сатысы – мектепке дейiнгi кезең жеке тұлғаның даму iргетасы, оқу әрекетiн қалыптастырудың ең қуатты кезеңi. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабiлетi, қабылдауы төмен болғанмен бiлуге құштарлығы зор болады.

Мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған музыкалық және көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңiстiктегi сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетiмен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздiк қорын молайтып, тiлiн байытады. Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық-адамгершiлiк, эстетикалық қызметiнiң маңызы жоғары. Оған мектепке дейiнгi бала қиялын дамыту, көркем бейнелi ойлау әрекетiне әсер етудi, әлемдiк ұғымдарын кеңейтудi, түрлi мазмұндағы өнер түрлерiмен таныстыруды, ауызекi сөйлеу тiлiн, баланың дербес сөздiк шығармашылығын дамытуды айтуға болады.

Қоғамның мәдени даму кезеңдерiндегi оқиғалардың аталып өту қажеттiгi әлеуметтiк – мәдени өмiрдiң басты формасы болып табылады. Мектепке дейiнгi балалар үшiн мерекелер бала сезiмiне ерекше әсер ететiн, оны игiлiктi мiнез-құлыққа тәрбиелейтiн қайырымдылық әрекеттерге бағыттайтын маңызды форма болып саналады. “Алтын күз”, “Аналар мейрамы”, “Наурыз”, “Бала-бақшамен қоштасу” т.б. мерекелердi өткiзу кезiнде қолданылатын көркем өнер, саз өнерi, ән, би өнерi баланың рухани дамуына оның жаны мен тәнiне терең бойлап, кемел жетiлуiне, баланың бойына адамгершiлiк құндылықтардың терең тамыр жаюына ықпал етедi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың өмiрлiк дағдыларын қалыптастыру құралдарының бiрi – ойын. Ол баланы бiр жағынан қуаныш сезiмiне бөлесе, екiншi жағынан баланың келешек өмiрiне ықпал ететiн адамгершiлiк сезiм, қасиеттер мен дағдылар қалыптастырады. Қазiргi ойындар танымдық сипатына қарай дидактикалық, логикалық, сахналандырылған және iскерлiк ойындар болып бөлiнедi. Олар бала үшiн қоршаған ортаны тану тәсiлi, тәрбие құралы, ойындар ақыл-ойды кеңейтедi, тiлдi ұстартады, сөздiк қорды молайтады, сезiмдi кеңейтедi, ерiк пен мiнез қасиеттерiн бекiтедi. Халыкаралық тәжіриебе алмасуда, балалардың көзқарасын кеңейтудегі қызықты музыкалық, дидактикалық ойындарын мысалы келтіреміз.

«Музыкалық лото» ойыны. Қолданылатын көрнектіліктер: әр түрлі қатты қағаздарда, бес нота сызығы (нотный стан), ноталар-дөнгелекткр, музыкалық аспаптар(металофон, музыкалық ұшбұрыш, балалайка)[2].

Ойынның шарты: жүргізуші-бала бір аспап түрінде, әуенді жоғары ойнайды болмаса төмен. Балалар әртүрлі қатты қағаздар үстіне дөнгелктерді(ноталарды) қағаз үстіне бірінші сызықшадан бесінші сықшаға дейін орналастырады. Осылай ойын аспаптар ауыстырылып, ойнала береді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік үрдістер қатарына жатады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді. Әсіресе мәдени жағынан қарасақ, өсіп келе жатқан ұрпаққа музыкаға деген қызығушылықты жан-жақты арттыру қажет. Басқа елдердің тәжіриебесінен бала тәрбиесіне қажет әдіс-тәсілдерің қарастырып,жаңалаңдырып керегін тәрбие қоржынына салып, жаңа тиымды әдістер қарастырған жөн деп санаймын.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан - 2030 //Ел президентінің жолдауы. Егемен Қазақстан. 11 қазан,1997.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», Астана, 2010

3. Парамонова Л. А., Протасова Е. Ю. Дошкольное и начальное образование за рубежом: История и современность: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб, заведений. -- М.: Издательский центр "Академия", 2001. - 240 с.

4. О. В. Гусак, 2011 "Творчески - интегративные подходы для планирования музыкально-эстетической деятельности дошкольников". ТОВ. Видавнищтво "Ранок", 2012.-65с.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ