Stepik платформасында веб-дизайн курсын жасау әдістемесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Stepik платформасында веб-дизайн курсын жасау әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық оқу бағдарламасы Stepik білім беру платформасында жасалып, "Веб-дизайн негіздері" курсына арналған. Бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына арналған және HTML, CSS, мультимедиа элементтері, қарапайым скриптер мен деректер қоры сияқты негізгі тақырыптарды қамтиды. Курс құрылымы педагогикалық мақсаттарға сай модульдерге бөлініп, әр модульде: теориялық түсіндірмелер, бейнематериалдар, практикалық тапсырмалар, тест тапсырмалары, кері байланыс (рефлексия) элементтері қамтылған. Бағдарламада оқушының қызығушылығын арттыру, интерактивті оқыту әдістерін пайдалану және дербес жұмыс жасау қабілетін дамыту басты назарда. Оқу процесі Stepik жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алушының жеке қарқыны бойынша ілгерілеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл курс цифрлық педагогика, қашықтан оқыту және заманауи ІТ-құзыреттілікті дамыту қағидаларына негізделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ







АБДЫКЕРИМОВА Э.А., САБИТАЕВА М.Д.







STEPIK ПЛАТФОРМАСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚУ КУРСЫН ӘЗІРЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

























Ақтау 2025



МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

3

1.

WEB-платформада электрондық оқыту курсын әзірлеу және ақпараттық-білім беру ортасын құру саласындағы ғылыми зерттеулерге шолу



5

2.

Ақпараттық қоғамдағы білім беру инновациялары мен ақпараттық білім беру ортасын құру негіздері


7

3.

Электрондық оқыту курстарының даму эволюциясы, түрлері және педагогикалық негіздері


10

4.

WEB-платформалардың білім беру саласындағы функционалдық мүмкіндіктері мен ақпараттық-білім беру ортасын құрудағы ерекшеліктері


13

5.

Электрондық оқыту платформалары мен курстарының негізгі ұстанымдары мен теориялары


17

6.

Электрондық оқыту курстарын құрудың негізгі кезеңдері

19

7.

Электрондық оқыту курстарын құруда қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар


22

8.

Stepik платформасында «Web-платформада электрондық оқыту» курсын құру әдістемесі


24


ҚОРЫТЫНДЫ

60


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

61


КІРІСПЕ



Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдердің кеңінен қолданылуы оқыту үдерісін жаңа сапалық деңгейге шығаруды талап етеді. Әсіресе соңғы жылдары web-платформалар негізінде ұйымдастырылатын электрондық оқыту курстарының рөлі артып келеді. Бұл - оқыту мазмұнын икемді, жекелендірілген және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін маңызды педагогикалық құралдардың бірі.

Электрондық оқытуды web-платформаларда ұйымдастыру арқылы оқушының оқу үдерісіне белсенді араласуына, оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеуіне және цифрлық сауаттылығын дамытуына жағдай жасалады. Оқытушы мен оқушы арасындағы байланыс жаңа форматқа еніп, кері байланыс, бағалау, тапсырмаларды орындау секілді барлық үдеріс цифрлық ортада жүзеге асады. Алайда, мұндай оқыту форматының тиімді болуы үшін мазмұны мен құрылымы ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделген, педагогикалық талаптарға сәйкес келетін ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.

Қазіргі білім беру жүйесі цифрландыру мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. ХХІ ғасырда білім беру үдерісі оқушының тек білімді меңгеруін ғана емес, оны цифрлық ортада тиімді пайдалануын, өз бетімен ізденуін, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуды көздейді. Осы талаптарға сай, дәстүрлі оқыту әдістері мен мазмұны жаңа форматқа web-платформалар негізіндегі электрондық оқытуға бет бұрды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы стратегиялық құжаттарында, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» цифрлық ресурстар мен онлайн платформаларды оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын және цифрлық құзыреттілігін арттыру міндеті нақты қойылған. Бұл - оқушының заманауи технологиялар арқылы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және оқу үдерісін дербестендірудің тиімді құралы ретінде web-технологияларды кеңінен пайдалануды қажет етеді.

Web-платформалар (мысалы, Stepk, Moodle, Google Classroom және т.б.) оқыту мазмұнын құрылымдауға, бейнематериалдар мен тапсырмалар енгізуге, автоматты кері байланыс алуға, оқушының прогресін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер арқылы оқыту тек білім беруді ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар оқушыны белсенді қатысушы ретінде дамытуға ықпал етеді.

Дегенмен, web-платформаларда электрондық оқытуды ұйымдастыруда бірқатар әдістемелік қиындықтар туындайды: курсты педагогикалық талаптарға сәйкес құрылымдау, оқушылардың қызығушылығын арттыратын интерактивті ресурстарды таңдау, кері байланысты тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық білім беру ортасын мазмұнды түрде жобалау мәселелері .

Осыған байланысты, «WEB-платформада электрондық оқыту» курсы бойынша ақпараттық-білім беру ортасын құру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру – зерттеудің өзекті мәселесі ретінде анықталады.

Сондықтан бүгінгі таңда web-платформаларда электрондық оқыту курсын жобалау мен жүргізудің ғылыми негізделген әдістемесін әзірлеу - білім беру жүйесі үшін аса өзекті міндеттердің бірі. Бұл әдістеме заманауи дидактикалық талаптарға жауап беріп, оқытудың интерактивтілігін, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.




































1. WEB-платформада электрондық оқыту курсын әзірлеу және ақпараттық-білім беру ортасын құру саласындағы ғылыми зерттеулерге шолу


Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беруде. Электрондық оқыту - оқушылардың оқу үдерісіне қашықтықтан немесе web-платформа негізінде қатысуына жағдай жасайтын заманауи білім беру формасы. Бұл тәсіл дәстүрлі оқыту әдістерін толықтыра отырып, оқытудың интерактивтілігі мен икемділігін арттырады.

Ғылыми әдебиеттерде web-платформалар арқылы ұйымдастырылған электрондық оқыту курстарының артықшылықтары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Олардың қатарына оқу материалына тәулік бойы қолжетімділік, оқушының жеке оқу траекториясын құру мүмкіндігі, автоматтандырылған бақылау және кері байланыс жүйесі жатады [1-3]. Сонымен қатар, мұндай курстар оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Электрондық оқытуды ұйымдастыруда ақпараттық-білім беру ортасының рөлі ерекше. Ақпараттық-білім беру ортасы - бұл оқыту процесін қолдайтын, құрылымдалған цифрлық кеңістік. Мұнда оқыту мазмұны, цифрлық ресурстар, интерактивті тапсырмалар, бағалау құралдары және коммуникациялық тетіктер біріктіріледі. Бұл ортаның тиімділігі оның ғылыми-әдістемелік негізделуіне, қолданушыға ыңғайлы болуына және оқытудың мақсаттарына сай болуына тікелей байланысты.

Электрондық оқыту теориялық тұрғыда алғаш рет Мур еңбектерінде қарастырылды. Ол студенттің өзіндік білім алу белсенділігін арттыру қажеттігін негіздеді. Мур ұсынған «трансакциялық қашықтық» теориясы бойынша оқыту тиімділігі студенттің өз бетімен жұмыс істеу деңгейі мен оқытушы тарапынан көрсетілетін қолдаудың үйлесімділігіне байланысты [4,5]. Кейінірек Андерсон оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығын айқындады [6]. Сальмон (Salmon, 2000) онлайн оқытудағы бес сатылы моделін ұсынып, web-платформада студенттердің ынтымақтастығын арттыру жолдарын сипаттады [7].

Холмберг өзінің еңбектерінде электрондық оқытудың табысты болуы үшін студент пен оқыту жүйесі арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Ол оқу контентінің қолжетімділігі, түсініктілігі және оқу үдерісінің жекелендірілуі басты шарттар деп есептейді [8,9].

Ғылыми әдебиеттерде web-платформалардың тиімділігін арттыру үшін педагогикалық дизайн принциптерін (мысалы, ADDIE, SAM модельдері), конструктивизм және коннективизм сияқты оқыту теорияларын қолдану қажеттілігі айтылған [11], [12]. Бұл оқу материалының логикалық құрылымын жасауға, оқушының белсенділігін ынталандыруға және оқытудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ғалымдар да бұл бағытта бірқатар маңызды зерттеулер жүргізген. Әбдіманапов Т.Ә. мен Әліпқалиев А.А. web-платформалар арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін және олардың білім беру сапасына ықпалын зерттеді [14], [15]. Олардың пікірінше, web-платформалар оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Айтбаева А.Б., Жарылқасынова Ж. еңбектерінде отандық білім беру жүйесінде web-платформалар арқылы электрондық оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылған [16], [17].

Электрондық оқыту курстарын әзірлеуде қолданылатын негізгі платформаларға Stepik, Moodle, Google Classroom және Canvas жатады. Бұл платформалардың негізгі ерекшеліктері, қолдану аясы мен интерактивтілік деңгейі 1-кестеде салыстырмалы түрде көрсетілген.


Кесте 1. Электрондық оқыту платформаларының салыстырмалы сипаттамасы


Платформа атауы

Ерекшеліктері

Қолдану саласы

Интерактивтілік деңгейі

Stepik

Ашықтық, бейімделу, Python және HTML қолдауы

Web-курстар, бағдарламалау

Жоғары



Moodle

Модульдік құрылым, кеңейтілетін қосымшалар

ЖОО-дағы қашықтықтан оқыту

Жоғары



Google Classroom

Интеграция, жеңіл интерфейс, тапсырмалар мен тесттер

Мектеп сабақтары, шағын курстар

Орташа


Электрондық оқыту курстарын әзірлеу процесі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдер 1-суретте көрсетілген.


Shape1


Сурет 1. Электрондық оқыту курсын әзірлеу кезеңдері


Ғылыми зерттеулер web-платформалар негізінде құрылған электрондық оқыту курстары оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың дербес білім алу қабілетін дамытатынын көрсетеді [13]. Сонымен бірге, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін курс құрылымы логикалық, оқыту мазмұны тартымды және қолжетімді болуы тиіс.

Жалпы алғанда, электрондық оқыту курстарын әзірлеу саласындағы ғылыми зерттеулер ақпараттық-білім беру ортасының құрылымына, мазмұнына, педагогикалық және технологиялық аспектілеріне ерекше назар аударады. Бұл зерттеулердің нәтижелері электрондық курстарды әзірлеу әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеуге, олардың тиімділігін арттыруға және оқушылардың қажеттіліктеріне сай ақпараттық-білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, ғылыми зерттеулер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, web-платформада электрондық оқыту курстарын әзірлеудің теориялық және практикалық негіздері жеткілікті қалыптасқанын байқаймыз.



2. Ақпараттық қоғамдағы білім беру инновациялары мен ақпараттық білім беру ортасын құру негіздері


XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат қоғамында түбегейлі өзгерістер орын алды, бұл өзгерістер ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты болды. Осы үдерістің нәтижесінде ақпараттық қоғам қалыптасты.

Ақпараттық қоғам - бұл өндіріс, ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату негізгі экономикалық, мәдени және әлеуметтік құндылықтарға айналған қоғам түрі. Бұл қоғамда ақпарат негізгі ресурс ретінде қарастырылады, ал білім беру - әлеуметтік прогрестің басты факторы болады.

Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттамаларына мыналар жатады:

- ақпараттық өнімдер мен қызметтердің экономикада жетекші орын алуы;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданылуы;

- білім мен білім беру жүйесінің маңызының артуы;

- өмір бойы білім алу (lifelong learning) ұстанымының кеңінен таралуы;

- әлеуметтік-коммуникациялық өзара әрекеттің цифрлық сипат алуы.

Ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үдерісі түбегейлі трансформацияға ұшырап отыр. Бұл өзгерістер ең алдымен білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту технологияларының цифрлық сипатқа ие болуымен және оқушының рөлінің өзгеруімен сипатталады. Қазіргі оқушы - тек дайын білімді қабылдаушы емес, керісінше, өздігінен білім іздеуші, талдаушы және қолданушы субъект болып табылады [18].

Білім беру инновациялары - бұл жаңа идеялар, технологиялар, әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды білім беру процесіне енгізу арқылы оқытудың сапасын, тиімділігін және қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер.

В.А. Сластениннің анықтамасы бойынша, білім беру инновациясы - бұл оқыту тәжірибесін мақсатты түрде өзгерту процесі, ол оқыту нәтижелері мен оқушының дамуын тұрақты жақсартуға әкеледі.

Білім беру инновацияларының негізгі түрлері:

- технологиялық инновациялар - жаңа техникалық құралдарды, цифрлық платформаларды, онлайн ресурстарды қолдану;

- әдістемелік инновациялар - жаңа педагогикалық әдістерді енгізу (мысалы, жобалық оқыту, геймификация, аралас оқыту және т.б.);

-ұйымдастырушылық инновациялар - оқу үдерісінің жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу (қашықтықтан оқыту, онлайн курстар, білім беру желілері);

- мазмұндық инновациялар - білім беру мазмұнын жаңарту, заманауи еңбек нарығы талаптарына бейімдеу.

Білім беру инновациялары оқу үдерісін дараландыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және цифрлық ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеулер көрсеткендей, ақпараттық қоғам жағдайындағы педагогикалық инновациялар білім беру ортасының құрылымына да елеулі өзгерістер енгізуде. Ақпараттық-білім беру ортасы тек оқу материалы мен оқытушының қатысуымен шектелмей, цифрлық оқулықтар, мультимедиялық ресурстар, автоматтандырылған бағалау жүйелері, интерактивті платформалар, форумдар мен чаттарды біріктіретін кең кешенді жүйеге айналуда [19], [20].

Ақпараттық-білім беру ортасы - бұл оқу мазмұнын ұсыну, оқу қызметін ұйымдастыру, оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету және оқу нәтижелерін бағалау функцияларын атқаратын құрылымдалған цифрлық орта.

Ақпараттық-білім беру ортасы келесі негізгі элементтерден тұрады:

- оқу-әдістемелік материалдар;

- цифрлық білім беру ресурстары;

- виртуалды зертханалар мен тренажерлар;

- тестілеу және автоматтандырылған бағалау құралдары;

-коммуникациялық құралдар (форумдар, чаттар, видеоконференциялар);

- оқу үдерісін басқару жүйелері (LMS).


Shape2


Сурет 2. Ақпараттық-білім беру ортасының құрылымы


2-суретте ақпараттық-білім беру ортасының негізгі құрылымдық компоненттері көрсетілген.

Ақпараттық-білім беру ортасының тиімділігі оның қолжетімділігіне, бейімделу мүмкіндіктеріне, интерактивтілігіне және ашықтығына негізделеді [13]. Бұл қағидалар білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың оқу белсенділігі мен уәждемесін жоғарылатуға ықпал етеді.

Ақпараттық қоғам жағдайында білім беру инновациялары бірнеше негізгі бағыттар бойынша дамуда [21]. Олардың сипаттамасы төмендегі 2-кестеде берілген:


Кесте 2. Ақпараттық қоғам жағдайында білім беру инновацияларының негізгі бағыттары


Инновация бағыты


Қысқаша сипаттама

Қолдану аясы

Цифрлық оқыту платформалары

Оқуға қолжетімділік, контентті басқару

Қашықтықтан және аралас оқыту

Жекелендірілген оқу траекториялары

Оқушының қажеттілігі мен қарқынына бейімделген оқу

Онлайн курстар, бейімделетін жүйелер

Интерактивті және мультимедиалық құралдар

Визуализация, симуляция, бейне-аудио материалдар

STEM, информатика, жаратылыстану

Автоматтандырылған бағалау жүйелері

Тест, тапсырма, өзіндік тексеру, кері байланыс

LMS жүйелері, онлайн курс платформалары


Web-платформада электрондық оқыту курстарын әзірлеуде осы инновациялық қағидаларды сақтау - сапалы ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудың негізі болып табылады. Интерактивті тапсырмалар, бейне және аудиоматериалдар, тесттер мен автоматты кері байланыс құралдары бұл ортаның тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, дербестендірілген оқу траекториялары мен белсенді оқыту стратегиялары оқушылардың уәждемесін күшейтеді.

Қазақстандық тәжірибеде Stepik, Moodle, BilimLand сияқты web-платформалар арқылы ақпараттық қоғам талаптарына сай электрондық оқыту курстары кеңінен дамытылуда. Сонымен қатар, әзірленген Stepik платформасындағы «Web-платформада электрондық оқыту» курсы дәл осы инновациялық қағидаттарға негізделіп құрылды. Курста жекелендірілген траекториялар, бейнематериалдар, тесттер және автоматтандырылған кері байланыс құралдары қолданылып, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған.

Халықаралық тәжірибе де осы бағытты нақтылай түседі. Coursera, Khan Academy, EdX сияқты ірі онлайн платформалар заманауи оқыту теорияларына негізделген ашық курстарды ұсынып, жекелендірілген оқу траекторияларын, автоматтандырылған кері байланыс жүйелерін және интерактивті ресурстарды тиімді пайдаланып келеді.

Мен өзім әзірлеген Stepik платформасындағы «Web-платформада электрондық оқыту» курсын осы инновациялық қағидаттарға сүйене отырып құрдым. Бұл курста жекелендірілген оқу жолдары, бейнематериалдар, тесттер және автоматты түрде іске қосылатын кері байланыс жүйелері арқылы оқушылардың белсенділігі мен цифрлық сауаттылығын арттыру мақсат етілді.

Осы теориялық тұжырымдар диссертациялық жұмыстың тәжірибелік бөлімінде нақты іске асырылып отыр. Web-платформада құрылған электрондық курс мазмұны - ақпараттық қоғам талаптарына сай келетін цифрлық ортаны модельдеудің негізі ретінде қызмет етеді.



3. Электрондық оқыту курстарының даму эволюциясы, түрлері және педагогикалық негіздері


Ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үдерісі түбегейлі трансформацияға ұшырап отыр. Бұл өзгерістер ең алдымен білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту технологияларының цифрлық сипатқа ие болуымен және оқушының рөлінің өзгеруімен сипатталады. Қазіргі оқушы - тек дайын білімді қабылдаушы емес, керісінше, өздігінен білім іздеуші, талдаушы және қолданушы субъект болып табылады [23].

Электрондық оқыту (e-learning) ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Алғашқы кезеңдерде электрондық оқыту дәстүрлі білім беру жүйесіне қосымша ретінде радио, теледидар және видеотаспаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылды [24].

1990-жылдардан бастап интернеттің дамуына байланысты электрондық оқыту жаңа деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде қашықтықтан оқыту (distance learning) кеңінен таралып, электрондық пошта, веб-сайттар және алғашқы оқу басқару жүйелері (LMS) қолданылды [25].

2000-жылдардың басында виртуалды оқыту орталықтары, мультимедиалық курстар және онлайн платформалар (Moodle, Blackboard) белсенді қолданыла бастады. Бұл кезең электрондық оқытудың құрылымдық жүйесін қалыптастырды: курстар модульдерге бөлінді, форумдар, чаттар және бағалау құралдары енгізілді [26].

2010 жылдан бастап ашық онлайн курстардың (MOOC) дамуы электрондық оқытуды жаһандық деңгейде танымал етті. Coursera , edX, Udemy сияқты платформалар арқылы әлемнің кез келген нүктесінен білім алуға мүмкіндік туды [27].

Қазіргі уақытта электрондық оқыту жасанды интеллект, бейімделетін жүйелер (adaptive learning) және виртуалды шындық (VR/AR) технологияларымен толықтырылып, оқыту процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда [32]. 3-суретте электрондық оқытудың даму кезеңдері сызбалық түрде көрсетілген.


Shape3


Сурет 3. Электрондық оқыту эволюциясының негізгі кезеңдері


Электрондық оқытудың дамуы қоғамдағы цифрлық трансформациямен және білім беру жүйесінің икемділігін, қолжетімділігін арттыру қажеттілігімен тығыз байланысты. Бұл даму оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сай білім алу мүмкіндіктерін кеңейтті.

Электрондық оқытудың дамуы барысында оның әртүрлі түрлері қалыптасты. Әрбір түрдің өзіндік ерекшелігі, қолдану саласы және педагогикалық тәсілдері бар. Электрондық оқыту түрлерінің жіктелуі оқыту форматына, оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттесу деңгейіне, оқу мазмұнының ұйымдастырылуына және технологиялық қолдаудың ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі [29].


Кесте 3. Электрондық оқыту курстарының негізгі түрлері


Оқыту түрі

Ерекшеліктері

Қолдану саласы

Қашықтықтан оқыту (Distance Learning)

Географиялық тұрғыда бөлек отырып оқу, көбіне асинхронды форматта жүзеге асады. Оқу материалы алдын ала дайындалады және дербес меңгеріледі.

Жоғары білім, қосымша білім беру

Онлайн оқыту (Online Learning)

Толықтай интернет арқылы ұйымдастырылады. Бейне дәрістер, вебинарлар, тесттер және форумдар арқылы оқу үдерісі жүргізіледі.

ЖОО, мектеп, кәсіби даму курстары

MOOC (Massive Open Online Courses)

Ашық тіркеу негізінде ұйымдастырылады. Курстар үлкен аудиторияға бағытталған және өзіндік оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Өмір бойы білім алу бағдарламалары

Аралас оқыту (Blended Learning)

Дәстүрлі (бетпе-бет) оқыту мен онлайн оқытуды біріктіреді. Теориялық білім онлайн беріледі, практикалық дағдылар дәстүрлі форматта қалыптастырылады.

ЖОО, мектеп, кәсіби тренингтер

Бейімделетін оқыту (Adaptive Learning)

Оқушының деңгейіне, оқу қарқынына бейімделетін мазмұн мен тапсырмаларды ұсынады. Жасанды интеллект және деректер аналитикасы қолданылады.

Жеке курстар, жоғары технологиялы платформалар


3-кестеде көрсетілгендей, электрондық оқыту түрлері әртүрлі мақсаттарға және аудитория ерекшеліктеріне қарай таңдалып, білім беру процесін икемді және жекелендірілген етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Электрондық оқыту курстарын әзірлеу тек техникалық құралдарды пайдалануға ғана емес, сонымен қатар нақты педагогикалық теорияларға сүйенеді. Теориялық тұрғыдан негізделген электрондық оқыту білім берудің тиімділігін едәуір арттырады.

Конструктивизм: оқушы өз білімін белсенді түрде қалыптастырады. Бұл тәсіл курстарда өз бетінше зерттеу, тәжірибе жасау, рефлексия арқылы жүзеге асады [30].

Коннективизм: білім әлеуметтік және желілік құрылымдарда (интернет, форум, қауымдастықтар) қалыптасады. Бұл web-платформалардағы оқытудың теориялық базасы ретінде танылады [31].

Андрагогика: ересектерді оқыту теориясы. Оқытудың дербестік, тәжірибелік бағыттылығы және икемділігі ескеріледі [32].

Бұл теориялар электрондық оқытуда келесі қағидаларды іске асыруға негіз болады:

Электрондық оқыту курстарын әзірлеуде аталған теориялар мынадай принциптерді жүзеге асыруға ықпал етеді: Бұл теориялар электрондық оқытуда келесі қағидаларды іске асыруға негіз болады:

- дербестік;

- өзара әрекеттестік;

- жеке бейімделу;

- іс-тәжірибелік бағыттылық;

- икемділік.

Осы теориялық негіздер мен модельдер мен әзірлеген Stepik платформасындағы «Web-платформада электрондық оқыту» курсының мазмұны мен құрылымын жобалау барысында қолданылды. Бұл курс заманауи педагогикалық тәсілдерге сүйене отырып, оқушылардың белсенділігін, цифрлық сауаттылығын және дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.



4. WEB-платформалардың білім беру саласындағы функционалдық мүмкіндіктері мен ақпараттық-білім беру ортасын құрудағы ерекшеліктері


Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрландыру үдерісінің жедел дамуы білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін әртүрлі WEB-платформаларды кеңінен қолдануға алып келді. WEB-платформа - бұл білім беру контентін жасауға, таратуға, ұйымдастыруға және басқаруға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

WEB-платформалардың негізгі ерекшеліктері:

- білім беру үдерісінің икемділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- оқу ресурстарын орталықтандырылған басқару;

- білім беру үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы өзара әрекеттестікті қолдау;

- оқу нәтижелерін бағалау және талдау құралдарын ұсыну

Сурет 4-те web-платформалардың білім беру жүйесінде қолданылу үлесі көрсетілген. Moodle, Google Classroom, Coursera және Stepik платформаларының таралуына қатысты мәліметтер келтірілген.


Сурет 4. WEB-платформалардың қолданылу үлесі

Диаграммаға сәйкес, ең көп қолданылатын платформа – Moodle (40%), өйткені ол ашық кодты, модульдік құрылымды және көптеген оқу орындарына бейімделген. Екінші орында - Google Classroom (30%), ол өзінің қарапайымдылығы мен Google экожүйесімен толық интеграциясының арқасында мектептер мен колледждер арасында кеңінен қолданылады. Coursera әлемдік деңгейдегі курстар ұсынатындықтан, 20% үлесті иеленеді, негізінен кәсіби қайта даярлау саласында қолданылады. Stepik 10% қолданылу үлесімен, әсіресе техникалық бағыттағы (Python, бағдарламалау) курстар үшін таңдалады. WEB-платформалар білім беру үдерісін ұйымдастыруда кең функционалдық мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл мүмкіндіктер үш негізгі бағытқа бөлінеді: ақпараттық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізді. WEB-платформалар дәстүрлі оқыту әдістерін толықтыра отырып, жаңа форматтағы ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. WEB-платформалардың ункционалдық мүмкіндіктері үш негізгі бағытта топтастырылады: ақпараттық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық мүмкіндіктер.

Ақпараттық мүмкіндіктер оқу материалдарын цифрлық форматта сақтау, тарату және оларды дербестендіру арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Негізгі ақпараттық функциялар:

- білім беру контентін жариялау: WEB-платформалар әртүрлі форматтағы материалдарды (мәтіндер, бейне дәрістер, аудиоподкастар, инфографика) жариялауға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың әртүрлі қабылдау типтеріне бейімделуге ықпал етеді.

- цифрлық кітапхана құру: Барлық оқу ресурстары ортақ базаға жинақталады. Бұл материалдарды іздеуді, қайта пайдалануды және жаңартуды жеңілдетеді [36] .

- индивидуализацияланған оқу траекториялары: Stepik және Moodle сияқты платформалар оқушылардың білім деңгейі, қызығушылығы және оқу қарқыны негізінде жеке оқу маршруттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

- контентті үнемі жаңарту: WEB-платформаларда оқытушылар курсты ағымдағы өзгерістерге сәйкес оңай өзгертіп, жаңа бөлімдер мен тапсырмалар қоса алады.

- автоматтандырылған тестілеу және өзін-өзі бақылау: Тестілеу модульдері оқушыларға оқу материалы бойынша өз білім деңгейін дербес бағалауға мүмкіндік береді.

- метадеректер мен аналитика: Қатысу статистикасы, тапсырмаларды орындау уақыты, тест нәтижелері сияқты деректер автоматты түрде жиналып, оқу үдерісінің сапасын жақсартуға арналған талдау үшін қолданылады [37].

Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер оқу үдерісінің құрылымдылығы мен жоспарлылығын қамтамасыз етіп, басқару тиімділігін арттыруға бағытталған. Мен Stepik платформасында әзірлеген «Web-платформада электрондық оқыту» курсында оқу мазмұны модульдерге бөлініп, тапсырмалар мерзімі белгіленді, ал оқушылардың белсенділігі жүйе арқылы автоматты түрде бақыланып отырды.

Негізгі ұйымдастырушылық функциялар:

- курсты модульдік ұйымдастыру: оқу мазмұны модульдерге бөлініп, әр модуль нақты тақырыптар мен дағдыларға бағдарланады.

- сабақ кестесін және тапсырмалар мерзімін жоспарлау: платформаларда барлық тапсырмалардың орындалу мерзімі, сабақтардың басталу және аяқталу уақыттары алдын ала анықталады.

- тапсырмаларды автоматты басқару: web-платформалар үй тапсырмаларын беруге, практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға және студенттердің орындаған жұмыстарын жинауға мүмкіндік береді.

- оқу белсенділігін мониторингтеу: оқушылардың курстағы белсенділігі (кіру жиілігі, тапсырмаларды орындау, форумдағы жазбалар саны) автоматты түрде бақыланады [38].

- үлгерімді бағалау және есеп беру: бағалау жүйелері (балдық бағалау, проценттік шкала) оқушылардың жетістіктерін тіркеуге және жүйелі түрде есеп беруге мүмкіндік береді.

- пайдаланушының оқу траекториясын басқару: оқушының оқу жоспары мен жетістіктерін автоматты түрде бақылап, түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Коммуникациялық мүмкіндіктер студенттер мен оқытушылар арасындағы байланыс тиімділігін арттырып, білім беру үдерісінің интерактивтілігін қамтамасыз етеді.

Негізгі коммуникациялық функциялар:

- Форумдар: тақырыптық пікірталастар ұйымдастырылады. Бұл студенттерге сұрақ қоюға, ой бөлісуге және басқа оқушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

- Чаттар: нақты уақыттағы байланыс құралдары жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік береді (мысалы, Moodle, Google Classroom чат бөлмелері).

- Жеке хабарламалар жүйесі: студент пен оқытушы арасында құпия хат алмасу мүмкіндігін береді, бұл жеке кеңес алу үшін өте маңызды.

- Бейне конференциялар және вебинарлар: нақты уақытта онлайн дәрістер мен семинарлар өткізуге мүмкіндік береді (Zoom, BigBlueButton интеграциялары).

- Топтық жобалар мен бірлескен жұмыс: оқушылар топтарға бөлініп, жобаларды бірлесе отырып әзірлей алады. Бұл командалық жұмысты дамытуға ықпал етеді.

- Кері байланыс: тапсырмалар мен тесттер нәтижелері бойынша оқытушылар жедел кері байланыс беріп, түсініктемелер мен ұсыныстар ұсынады.

WEB-платформалардың ақпараттық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық мүмкіндіктері оқу үдерісін цифрландыруды жан-жақты қолдап, білім беру сапасын арттырады. Аталған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану оқу ортасының интерактивтілігін, дербестендірілуін және нәтижелілігін қамтамасыз етеді. 5-суретте WEB-платформалардың тиімділігіне әсер ететін факторлар көрсетілген



Сурет 5. WEB-платформалар арқылы оқытудың тиімділігін арттыру факторлары


WEB-платформалар арқылы оқытудың тиімділігін арттыру факторлары көрсетілген суретте білім беру үдерісінің негізгі жетілу бағыттары көрнекі түрде бейнеленген.

Суреттің ортасында орналасқан "WEB-платформалар тиімділігі" ұғымы білім беру үдерісінің сапасын арттырудағы басты мақсат ретінде белгіленген. Оны қоршап тұрған сегіз негізгі фактор - оқушылардың оқу нәтижелеріне оң әсер ететін ғылыми тұрғыдан дәлелденген негізгі элементтер.

Негізгі факторлар сипаттамасы:

Жоғары сапалы контент - білім беру материалының ғылыми негізделуі мен өзектілігін қамтамасыз етеді (Means et al., 2010).

Интерактивтілік - студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуын қолдайды, нәтижесінде оқу мотивациясы артады [39].

Дербестендіру - жеке оқу қажеттіліктеріне бейімделген маршруттар құру арқылы оқытудың тиімділігін арттырады [36].

Жедел кері байланыс - оқушының жетістіктері мен қателіктері туралы уақтылы ақпарат беріп, оқу үдерісін үздіксіз жетілдіруге ықпал етеді [40].

Автоматтандырылған бағалау - тесттер мен тапсырмаларды жедел және әділ бағалауды қамтамасыз етеді [41].

Оқу үдерісінің қолжетімділігі - уақыт пен кеңістік шектеулерінен тәуелсіз оқуға мүмкіндік береді [42]. Big Data аналитикасы - оқу үдерісін деректер негізінде талдау арқылы жеке оқу стратегияларын жетілдіруге көмектеседі [43].

Геймификация - ойын элементтері арқылы студенттердің мотивациясын және сабаққа қызығушылығын арттырады [44].

Білім беру үдерісіне WEB-платформаларды интеграциялау жаңа мүмкіндіктер ашқанына қарамастан, бірқатар өзекті проблемалар мен тәуекелдерді де тудырады. Аталған мәселелер оқу сапасына, білім беру ұйымдарының ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру деңгейіне және студенттердің оқу белсенділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

WEB-платформаларды енгізудің негізгі проблемалары мен тәуекелдері төмендегі бағыттар бойынша топтастырылады. 4-кестеде WEB-платформаларды білім беру үдерісіне енгізудегі негізгі мәселелер мен тәуекелдер жүйеленген. Бұл кестеде техникалық, педагогикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілер қамтылған.


Кесте 4. WEB-платформаларды енгізудегі негізгі проблемалар мен тәуекелдер


Проблема/тәуекел бағыты

Қысқаша сипаттама

1

Техникалық мәселелер

Инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, үйлесімділік ақаулары, киберқауіпсіздік тәуекелдері

2

Педагогикалық мәселелер

Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігінің төмендігі, әдістемелік бейімделудің әлсіздігі, студенттердің өзіндік тәртібінің жетіспеуі

3

Ұйымдастырушылық тәуекелдер

Платформаны дұрыс енгізбеу, әкімшілік қолдаудың жеткіліксіздігі

4

Қауіпсіздік және құқықтық тәуекелдер

Авторлық құқықтың бұзылуы, академиялық адалдықтың сақталмауы


WEB-платформаларды білім беру үдерісіне тиімді интеграциялау үшін аталған проблемалар мен тәуекелдерді алдын ала болжау және оларды басқару стратегияларын әзірлеу қажет. Техникалық инфрақұрылымды жаңарту, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістемелерін енгізу және ақпараттық қауіпсіздік нормаларын сақтау электрондық оқытудың сапасы мен сенімділігін арттырудың негізгі шарттары болып табылады. Бұл функционалдық мүмкіндіктер мен тәуекелдер келесі бөлімде сипатталатын мен әзірлеген әдістеменің құрылымдық негізін қалыптастырады.



5. Электрондық оқыту платформалары мен курстарының негізгі ұстанымдары мен теориялары


Электрондық оқыту платформаларын әзірлеу барысында бірнеше негізгі принциптер басшылыққа алынады. Бұл принциптер платформалардың тиімділігін, қолжетімділігін және оқушылардың белсенділігін қамтамасыз етеді. Олар мыналар:

- Ыңғайлылық (Usability): платформа интерфейсі пайдаланушылар үшін түсінікті, логикалық құрылымданған және оңай навигацияланатын болуы тиіс. Оқытушы мен оқушының қажетті әрекеттерді жылдам және қиындықсыз орындай алуы білім беру сапасын арттырады [52].

- Қолжетімділік (Accessibility): электрондық оқыту платформасы әртүрлі құрылғыларда (компьютер, планшет, смартфон) және әртүрлі физикалық мүмкіндіктерге ие пайдаланушылар үшін қолжетімді болуы қажет. Бұл талап білім беруде инклюзивтікті қамтамасыз етеді және кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді [53].

- Интерактивтілік: платформа оқушылардың белсенді қатысуын ынталандыруы керек. Форумдар, чаттар, кері байланыс құралдары, тапсырмалар мен тестілер арқылы оқушылармен үздіксіз өзара әрекет жүзеге асырылады. Интерактивті элементтер оқыту процесін белсенді етеді және білімнің беріктігін арттырады [54].

Электрондық оқыту курстарын жобалау кезінде әртүрлі педагогикалық

теориялар қолданылады. Олардың ішінде ең кеңінен қолданылатындары:

- Мурдың «трансакциялық қашықтық» теориясы (Moore's Theory of Transactional Distance): Бұл теория бойынша қашықтықтан оқыту процесінде физикалық қашықтықтан гөрі педагогикалық қашықтық маңызды рөл атқарады. Педагогикалық қашықтық - бұл оқытушы мен оқушы арасындағы өзара түсіністіктің, қарым-қатынастың деңгейі. Оны қысқарту үшін платформада кері байланыс жүйелері (форум, чат, хабарламалар), түсінікті оқу нұсқаулықтары және нақты бағалау критерийлері енгізілуі керек [45].

- Сальмонның 5 сатылы моделі (Salmon's Five Stage Model): Гилли Сальмон ұсынған бұл модель онлайн оқытудағы оқушылардың дамуын бес кезеңге бөледі [46] :

1. Қатынасу және мотивация: Платформаға қол жеткізу және алғашқы танысу.

2. Әлеуметтік өзара әрекет: Форумдар мен чаттар арқылы әлеуметтік байланыс орнату.

3. Ақпарат алмасу: Белсенді ақпарат іздеу және бөлісу.

4. Білім құру: Ақпаратты талдау және жаңа білім қалыптастыру.

5. Өзін-өзі дамыту: Тәуелсіз оқу және алған білімді өз тәжірибесіне қолдану.

Бұл модель оқыту курстарын кезең-кезеңмен жобалауға мүмкіндік береді және оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. 5-кестеде теориялардың онлайн оқытуға әсері мен практикалық ұсыныстар берілген.






Кесте 5. Теориялардың онлайн оқытуға әсері бойынша кесте


Теория

Онлайн оқытудағы маңызы

Практикалық ұсыныс

Трансакциялық қашықтық теориясы

Оқушылардың оқуға деген сенімділігін арттырады

Әр сабақта кері байланыс беруді жүйелеу

5 сатылы модель

Оқушылардың біртіндеп өзіндік білім құруына мүмкіндік береді

Оқытуды кезеңдеп жоспарлау, топтық жұмыстар ұйымдастыру


Оқыту платформасының құрылымдық элементтері бір-бірімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді және тұтас ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастырады. Әрбір элемент өзіне тән ерекше функция атқарады:

- пайдаланушы интерфейсі - оқушы мен оқытушы арасындағы негізгі байланыс арнасы болып табылады. Интерфейс қарапайым, түсінікті және қолданушының жылдам әрекет етуіне мүмкіндік беруі қажет [52].

- мазмұн басқару жүйесі (CMS – Content Management System) – оқу материалдарын жүйелеу, сақтау және ұсыну процесіне жауап береді. Бұл бөлім арқылы оқу контенті құрылымдалып, реттеледі [55].

- интерактивтілік модульдері - оқушылардың оқыту процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін элементтер. Олар форумдар, чаттар, тестілер, практикалық тапсырмалар сияқты құралдарды қамтиды.

- бағалау және кері байланыс жүйесі - оқытудың нәтижелілігін бағалау, оқушылардың жетістіктерін бақылау және уақтылы кері байланыс беру үшін қолданылады [40].

- техникалық қолдау және қолжетімділік құралдары - платформа жұмысын үздіксіз қамтамасыз етеді және әртүрлі құрылғылар арқылы (смартфон, планшет, компьютер) қолжетімді болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, арнайы қажеттіліктері бар пайдаланушылар үшін де қолжетімділік қамтамасыз етіледі [53].

Бұл құрылым оқыту процесінің толыққанды және сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Осы бөлімде сипатталған теориялар мен құрылымдық ұстанымдар менің Stepik платформасында әзірлеген «Web-платформада электрондық оқыту» курсын жобалауда әдістемелік негіз ретінде қолданылды. Бұл ұстанымдар келесі тарауда сипатталатын авторлық курс моделінің ғылыми негізін құрайды.



6. Электрондық оқыту курстарын құрудың негізгі кезеңдері


Қазіргі білім беру процесінде электронды курстар ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Оларды дамыту мұқият дайындықты, құрылымдық тәсілді және белгілі бір кезеңдерді сақтауды талап етеді, олардың әрқайсысы тиімділік пен оқу сапасын қамтамасыз етеді.

Бұл бөлім web-платформалар негізінде электрондық оқыту курстарын құрудың негізгі кезеңдерін қарастыруға арналған. Ол мазмұнды жоспарлаудан бастап оны тестілеу кезеңіне дейін және білім беру процесіне енгізуге дейін электрондық курсты жобалау және енгізу үшін қажетті әрекеттер тізбегін ашады.

Осы кіші бөлімде мынадай аспектілер қарастырылады:

1. Курсты жоспарлау - оқу мақсаттарын қою, мақсатты аудиторияны анықтау, курстың құрылымын әзірлеу, Оқу материалын модульдер мен тақырыптар бойынша бөлу.

2. Мазмұнды әзірлеу - теориялық материалдарды дайындау, мультимедиялық ресурстарды (бейне, инфографика, презентациялар) құру, ақпараттың қолжетімділігі мен ғылыми негізділігін қамтамасыз ету.

3. Интерактивті элементтерді қосу - тестілерді, практикалық тапсырмаларды, форумдарды және оқушылардың материалмен және бір-бірімен белсенді өзара әрекеттесуінің басқа құралдарын біріктіру.

4. Курсты тестілеу және енгізу — сынақ тестілеуін өткізу, пайдаланушылардың кері байланысын талдау, ықтимал қателерді жою және курсты жаппай пайдалануға бейімдеу.

Сонымен қатар, бұл бөлімде электронды курсты құру кезеңдерін нақты көрсететін блок-схема ұсынылады, бұл даму процесін құрылымдауға және оның компоненттері арасындағы байланысты баса көрсетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, бұл бөлім web-платформада ақпараттық-білім беру ортасын құру әдіснамасын негіздеуде маңызды рөл атқарады және әзірленген курсты білім беру процесіне кейіннен практикалық енгізу үшін негіз болады.

Электрондық оқу курсын құру процесін көрнекі түрде көрсету үшін осы процестің негізгі кезеңдерін көрсететін блок-схема жасалды. Көрнекілік ақпаратты нақты құрылымдауға, әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуге және курсты дамытудың жеке кезеңдері арасындағы байланысты баса көрсетуге мүмкіндік береді. Электрондық курсты құру кезеңдері 6-суретте көрнекі түрде көрсетілген.

Shape4

Сурет 6. Электрондық курсты құрудың негізгі кезеңдері


Блок-схема төрт негізгі кезеңнен тұрады:

1. Жоспарлау - Электронды оқу курсын құрудың алғашқы және маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде бүкіл білім беру үдерісінің негізі қаланады, оның мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері анықталады. Жоспарлаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: Мақсатты аудиторияны анықтау: оқушылардың жасы, дайындық деңгейі, кәсіби мүдделері. Білім беру стандарттары мен құзыреттеріне сәйкес курстың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау. Курстың жалпы құрылымын дамыту: модульдерге, тақырыптарға, сабақтарға бөлу. Оқыту әдістері мен оқу іс-әрекетінің түрлерін анықтау (дәріс материалдары, тестілеу, практикалық тапсырмалар). Курсты игерудің уақыт шеңберін жоспарлау, оқу жүктемесін бөлу. Жоспарлау кезеңінде электронды курстарға қойылатын заманауи талаптарды ескеру қажет: модульдік, интерактивтілік, икемділік және оқытудың қол жетімділігі. Stepik платформасындағы «Web-платформада электрондық оқыту» курсының құрылымы 3 негізгі модульден тұрады. Мысалы, бірінші модуль – «HTML негіздері», екіншісі – «CSS стилін қолдану», үшіншісі – «Мультимедиа және финалдық жоба». Мысалы, «CSS блоктарды стильдеу» сабағына арналған тапсырмада оқушылар <div> элементтерін қолдану арқылы макет жасайды. Сабаққа бейне, тест, автоматтандырылған тексеру жүйесі және бос орындарды толтыру тапсырмасы енгізілген.

2. Мазмұнды әзірлеу оқу үдерісінде қолданылатын оқу материалдарын жасауды қамтиды. Мазмұнның сапасы мен толықтығы студенттердің курсты игеру жетістігіне тікелей әсер етеді. Курстың әр сабағына арналған дәрістер PDF форматында енгізілді, сондай-ақ бейнематериалдар мен инфографикалар қосылды. Мысалы, «HTML кестелер мен суреттер» тақырыбына инфографика жасалып, тапсырмамен бірге берілді.

Мазмұнды дамытудың негізгі аспектілері:

- мәтіндік материалдарды құру: дәрістер, сипаттамалар, әдістемелік ұсыныстар.

- мультимедиялық ресурстарды әзірлеу: бейне дәрістер, презентациялар, инфографика, анимациялар.

- білімді белсенді қолдану үшін практикалық тапсырмалар мен кейс-стади дайындау.

- мазмұнды әртүрлі қол жеткізу форматтарына бейімдеу (компьютерлер, планшеттер, мобильді құрылғылар).

- ұсынылатын ақпараттың ғылыми негізділігі мен өзектілігін қамтамасыз ету.

Материалды берудің логикалық құрылымына, оның қол жетімділігі мен көрнекілігіне ерекше назар аударылады, бұл студенттердің ақпаратты жақсы қабылдауына ықпал етеді.

3. Интерактивтілік тиімді электрондық курстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Бұл оқушыларды білім беру процесіне тартуға ықпал етеді, олардың мотивациясын арттырады және танымдық белсенділігін белсендіреді. «CSS стильдерін әртүрлі тәсілмен қосу» сабағына автоматтандырылған тест, практикалық HTML + CSS коды тапсырмасы және кері байланыс қосылған.

Интерактивті элементтер мыналарды қамтуы мүмкін:

- кірістірілген тесттер, викториналар және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар.

- оқушылар мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасқа арналған форумдар мен чаттар.

- қызығушылықты сақтау үшін ойын элементтері (белгішелер, ұпайлар, рейтингтер).

- интерактивті жағдайлар, модельдеу және практикалық тренажерлер.

- интерактивті элементтерді қосу практикалық дағдылар мен сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін динамикалық білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

4. Геймификация элементі ретінде визуалды жетістіктер белгісі және қадамдық марапаттау жүйесі қолданылды: әр сабақтың соңында автоматты түрде «Сабақты сәтті аяқтадыңыз» деген хабарлама шығады, бұл оқушылардың ішкі мотивациясын арттыруға бағытталған.

Курсты құрғаннан кейін міндетті тестілеу жүргізіледі, оның мақсаты ықтимал кемшіліктерді анықтау және жою болып табылады.

Тестілеу және енгізу кезеңдеріне мыналар жатады:

- оқушылардың шағын тобының қатысуымен курсты пилоттық тестілеу.

- мазмұнның сапасы, навигацияның ыңғайлылығы, платформаның техникалық аспектілері туралы кері байланыс жинау.

- алынған ақпаратты талдау және курстың материалдары мен құрылымына қажетті түзетулер енгізу.

- курсты білім беру платформасында ресми түрде іске қосу.

- пайдаланушыларды қолдау жүйесін ұйымдастыру және оқу барысын бақылау.

Мұқият тестілеу және түзету білім беру өнімінің жоғары сапасын және оқушылардың үміттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Осы бөлімде сипатталған электрондық курс құру кезеңдері мен принциптері менің Stepik платформасында әзірлеген Осы бөлімде сипатталған LMS жүйелері, мультимедиялық редакторлар мен интерактивті платформалар Stepik платформасында әзірлеген «Web-платформада электрондық оқыту» курсын жасау барысында тиімді пайдаланылды. Бұл технологиялық база келесі 2.3 бөлімде сипатталатын авторлық әдістемелік модельдің негізін қалады.



7. Электрондық оқыту курстарын құруда қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар


Заманауи электронды курстар оқытудың ыңғайлылығын, студенттердің қатысуын және білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін әртүрлі цифрлық технологиялар мен бағдарламалық шешімдерді біріктіру негізінде құрылады.

ELearning курстарын сәтті жүзеге асыру үшін оқытуды басқару жүйелері (LMS), мультимедиялық құралдар, сондай-ақ интерактивті элементтерді құруға арналған платформалар қолданылады.

Бұл бөлімде электрондық курстарды құруда қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар берілген.

Оқытуды басқару жүйелері (Learning Management Systems, LMS) электрондық білім беру процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Олар оқу материалдарын орналастыру, оқушыларды басқару, тестілеу және прогресті бақылау үшін функционалдық мүмкіндіктер береді.

Ең танымал LMS мыналарды қамтиды:

- Moodle - теңшеу және біріктіру мүмкіндіктері кең курстарды құруға арналған ашық платформа. Moodle әртүрлі жұмыс форматтарын, форумдарды, тестілеуді және сыртқы кеңейту модульдерін қолдайды.

- Canvas - қуатты тапсырмаларды басқару жүйесі, күнтізбелер, форумдар және мобильді қол жетімділік мүмкіндіктері бар заманауи бұлтқа негізделген LMS.

- LMS пайдалану оқу үдерісінің барлық элементтерін орталықтандыруға, оқытуды қолжетімді және ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сурет 7. Электрондық оқытуға арналған құралдар


7-суретте электрондық оқыту құралдарының негізгі түрлері көрсетілген.

Мультимедиялық материалдар курстардың көрнекі тартымдылығын арттырады және студенттердің ақпаратты жақсы қабылдауына ықпал етеді. Мұндай материалдарды жасау үшін арнайы құралдар қолданылады:

Canva - интуитивті графикалық редактор, ол терең дизайн дағдыларын қажет етпестен презентациялар, инфографика, плакаттар және басқа визуалды материалдарды жылдам жасауға мүмкіндік береді.

Genially - интерактивті презентациялар, инфографика және білім беру ойындарын құруға арналған платформа. Genially анимацияларды, қалқымалы терезелерді және басқа интерактивтілік элементтерін қосуға мүмкіндік береді, бұл оқу материалдарын динамикалық және қызықты етеді.

Stepik платформасында әзірлеген курсымда Canva арқылы жасалған инфографикалар, тақырыптық баннерлер және бейне тұсаукесерлер қолданылды. Мысалы, «HTML сілтемелер мен тізімдер» сабағына арналған инфографика Canva платформасында жасалып, .jpg форматында енгізілді.

Мультимедиялық құралдар курстардың мазмұнын едәуір байытады, оқу үдерісін қызықты етеді және студенттердің белсенді қатысуын ынталандырады. Интерактивті технологиялар оқушылардың қатысуын қолдауда және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Олардың арасында ерекшеленеді:

Kahoot - ойын форматында викториналар мен тесттер жасауға арналған онлайн-платформа. Kahoot пайдалану тікелей сауалнамалар, жарыстар және нақты уақыттағы білімді тексеруге мүмкіндік береді.

Mentimeter - интерактивті презентациялар, сауалнамалар және дауыс беру құралы. Mentimeter көмегімен студенттер өз пікірлерін жасырын түрде білдіре алады, сұрақтарға жауап бере алады және пікірталастарға қатыса алады.

Мысалы, «HTML мен CSS-тің байланысы» тақырыбында өткен қорытынды сабағымда Kahoot платформасы арқылы 10 сұрақтан тұратын тест жүргізілді. Сондай-ақ, Mentimeter қолданылып, оқушыларға «Қай сабақ ең пайдалы болды?» деген сұраққа онлайн дауыс беру ұйымдастырылды. Нәтижесінде, ең көп таңдалған сабақ - «CSS блоктарды стильдеу» болды.

Мұндай құралдарды электрондық курстарға біріктіру кері байланысты дамытуға ықпал етеді, оқушылардың белсенділік деңгейін арттырады және олардың мотивациясын ынталандырады. Осы бөлімде сипатталған LMS жүйелері, мультимедиялық редакторлар мен интерактивті платформалар Stepik платформасында әзірлеген «Web-платформада электрондық оқыту» курсын жасау барысында тиімді пайдаланылды. Бұл технологиялық база келесі 2.3 бөлімде сипатталатын авторлық әдістемелік модельдің негізін қалайды.



8. Stepik платформасында «Web-платформада электрондық оқыту» курсын құру әдістемесі


Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық оқыту ресурстары мен онлайн платформалар оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Әсіресе қашықтықтан оқыту, аралас форматтағы сабақтар және өзіндік білім алу үдерістерінде арнайы платформалардың маңызы арта түсуде. Осы тұрғыда, электрондық оқыту курстарын әзірлеуге арналған тиімді құрал ретінде Stepik платформасын қолдану - ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген орынды таңдау болып табылады.

Stepik - бұл ашық білім беру онлайн платформасы, ол авторларға оқу курстарын жасауға, ал оқушыларға оларды онлайн форматта меңгеруге мүмкіндік береді. Платформаның қарапайым және икемді интерфейсі кез келген пән бойынша электрондық курстар құруға жағдай жасайды. Бұл платформада интерактивті тапсырмалар, бейнематериалдар, тестілер мен рефлексия құралдары тиімді біріктіріле алады. Оның функционалдығы курсты толыққанды әдістемелік жүйе ретінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Stepik платформасының басты ерекшелігі - оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті байланысты автоматтандыру. Платформада тапсырмаларды автоматты түрде бағалау, қателерді бақылау, оқу прогресін визуализациялау және статистика жүргізу функциялары қарастырылған. Сонымен қатар, код жазу арқылы бағдарламалау тілдерін оқыту да мүмкін, бұл информатика пәнінің мазмұнына сәйкес келеді.

Stepik келесі функционалдық артықшылықтарымен ерекшеленеді:

- көп форматты контент енгізу - мәтін, сурет, бейне, код блоктары және сұрақтар;

- тапсырмаларды автоматты түрде тексеру - оқушылардың жауабына жедел кері байланыс беріледі;

- курстың құрылымын модульдік негізде ұйымдастыру - оқу материалы кезең-кезеңімен беріледі;

- қатысушылардың оқу статистикасын бақылау - үлгерім мен қатысу белсенділігі бойынша есеп;

- оқушылармен талқылау ұйымдастыру - комментарийлер арқылы өзара байланыс орнату;

- сертификат беру - курсты аяқтаған оқушылар үшін нәтиже ұсыну.

Stepik платформасының өзектілігі оның ашықтығы мен қолжетімділігінде. Бұл жүйе тегін, браузер арқылы жұмыс істейді және оқушылар үшін арнайы тіркеусіз де курстармен танысуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, платформада қазақ тілді курстарды әзірлеу мүмкіндігі бар, бұл отандық оқушылар үшін ана тілінде сапалы контент ұсынуға жол ашады.

Осыған байланысты, зерттеу жұмысының шеңберінде «Web-платформада электрондық оқыту» атты авторлық курсты әзірлеуде Stepik платформасы таңдалды. Бұл таңдау курс мазмұнын тиімді ұйымдастыруға, тәжірибелік тапсырмаларды енгізуге және педагогикалық эксперимент жүргізуге толық мүмкіндік берді. Stepik-тің оқыту жүйесін ыңғайлы, бейімделген және педагогикалық мақсаттарға сәйкес етіп ұсынуы оны web-платформалар ішіндегі тиімді таңдау етеді. Ол арқылы оқытушылар өз курстарын құрып, студенттерге онлайн түрде оқытуды ұйымдастырады. Бұл процесс бірнеше қадамнан тұрады:

Қадам 1: Stepik сайтына кіру

1. Браузерді ашып, мекенжай жолына теріңіз: https://stepik.org



2. Stepik платформасының басты беті ашылады;

3. Беттегі жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан «Войти» батырмасын (қолданыстағы бар аккаунтпен кіру үшін) немесе «Зарегистрироваться» батырмасын (жаңа пайдаланушы тіркелуі үшін) басыңыз.


Қадам 2: Stepik платформасында тіркелу жолдары

«Зарегистрироваться» батырмасын басқаннан кейін сізге келесі опциялар ұсынылады:

1. Google аккаунты арқылы (Sign in with Google) кіру:

- Sign in with Google батырмасын басыңыз;


Сурет 8. Тіркелу жолдары


- Егер сіздің құрылғыңызда Google аккаунттары бар болса, жүйе тіркелгілер тізімін көрсетеді.

- Қажетті тіркелгіні таңдаңыз;



- Бірінші рет кіргенде аты-жөніңізді, поштаны, тілді және рөліңізді (Instructor) растаңыз;



- «Instructor» (оқытушы) рөлін таңдаңыз;

- Расталғаннан кейін автоматты түрде Stepik платформасының басты бетіне өтесіз.



2. ВКонтакте арқылы (Sign in with VK) немесе GitHub арқылы тіркелу:

- «Sign in with VK» немесе «Sign in with GitHub» батырмаларын таңдаңыз;

- Тіркелгіңіз арқылы жүйеге кіресіз.



3. Электрондық пошта арқылы тіркелу (Email)

- E-mail өрісіне өз поштанызды жазыңыз;

- Password және Confirm password жолдарын толтырыңыз;

- Sign Up немесе Зарегистрироваться батырмасын басыңыз.



Тіркелу немесе кіру аяқталғаннан кейін Stepik интерфейсінде жоғарғы мәзірде сіздің атыңыз және «Преподавателю» бөлімі пайда болады. Бұл бөлім арқылы сіз өз курстарыңызды жасай аласыз.



Қадам 3: Stepik интерфейсімен танысу

Stepik жүйесіне тіркелгеннен кейін, сіздің алдыңызда платформаның негізгі интерфейсі ашылады. Платформа құрылымы қарапайым және қолдануға ыңғайлы.

Stepik басты бетінің жоғарғы панелінде келесі мәзір батырмаларын көресіз:

1. Каталог - барлық ашық курстардың тізімі;

2. Поиск - іздеу жолағы арқылы курс немесе тақырып табуға болады;

3. Учёба - сіз өтіп жатқан курстар көрсетіледі;

4. Преподавание - өзіңіз жасаған немесе модерациялаған курстар;

5. Уведомления - жүйелік және жеке хабарламалар;

Жоғарғы оң жақтағы аватар бейнесін немесе аты-жөніңізді басқанда келесі мәзір ашылады:

1. Мой профиль - аты-жөніңіз, аватар суреті, био ақпарат;

2. Настройки - интерфейс тілі, пошта хабарламалары, сертификаттар тілі;

3. Мои курсы - жасаған курстарыңыз тізімі;

4. Выход - аккаунттан шығу.

5. Язык интерфейса - төменгі жағында орналасқан, қазақ/орыс/ағылшын тілін таңдауға болады.



Сонымен қатар, Stepik ішінде қосымша мәзірлер мен функциялар бар:

Настройки аккаунта - электрондық пошта, профиль суреті, тіл және хабарландыруларды басқару;

1. Мои курсы - сіздің жасаған немесе бақылап отырған курстарыңыздың тізімі;

2. Прогресс - оқушы ретіндегі жетістіктеріңіз;

3. Поддержка - көмек және техникалық сұрақтарға жауап бөлімдері;

4. Группы - оқушыларды топқа бөліп, жеке статистикамен бақылау мүмкіндігі.

Stepik интерфейсі қарапайым әрі түсінікті, курстарды ұйымдастыруға және оқушылармен тиімді жұмыс істеуге арналған барлық қажетті функциялармен қамтамасыз етілген.

Ескерту: Осы бөлімдер арқылы сіз курс жасауға, мазмұн қосуға, оқушылармен байланыс орнатуға және нәтижені бақылауға толық мүмкіндік аласыз.

Қадам 4: Жаңа курс ашу

Stepik платформасында онлайн курс ашу бірнеше оңай қадамнан тұрады. Әр қадамды біртіндеп орындасаңыз, толыққанды электрондық курс құра аласыз.

1-қадам: «Преподавание» бөліміне өту

- Stepik жүйесіне кірген соң, жоғарғы оң жақтағы аты-жөніңізді басыңыз.



- Ашылған мәзірден «Преподавателю» бөлімін таңдаңыз.

- Бұл бөлімде сіз жасаған немесе жасап жатқан курстар көрінеді.

2-қадам : Жаңа курс құру

- «Преподавание» бетінде «Создать курс» немесе «Новый курс» деген жасыл батырманы басыңыз.

- Ашылған бетте курс атауын және сипаттамасын толтыруға арналған форма көрсетіледі.

3-қадам: Курстың негізгі параметрлерін толтыру

- Курстың атауын енгізу азвание курса) - курстың толық атауы (мысалы: «Веб-дизайн негіздері»);



- Қысқаша сипаттама (Краткое описание) - қысқаша сөйлемдік мазмұн (мысалы: «HTML және CSS тілдерін қолдана отырып, веб-бет құруды үйренеміз»)

- Курсты баптау

4-қадам. «Создать курс» батырмасын басқаннан кейін «Программа курса» беті ашылады:



- Ол жерден «Редактировать содержание» батырмасын басыңыз;

- «Редактировать содержание» батырмасын басқаннан кейін сіз «Описание» батырмасын басыңыз. Кейін «О курсе» бетшесіне өтесіз.



5-қадам. «О курсе» бөліміндегі баптаулар:

- Логотип жүктеу: PNG форматында, 230x230px өлшеміндегі суретті таңдаңыз; Обложка курса бөлімінде «Загрузить изображение» батырмасын басып, JPG немесе PNG форматындағы тартымды суретті жүктеңіз.



- Категория: «Категории курса» батырмасы арқылы өз пәніңізге сай келетін категорияны белгілеңіз;



- Қысқаша сипаттама: «Краткое описание» бөліміне курстың мәнін сипаттаңыз;



- Язык: Курстың өтетін тілін таңдаңыз (мысалы: қазақ тілі);



- Уровень: Курстың деңгейін анықтаңыз (бастапқы, орташа, күрделі);




6-қадам. Курсқа қолжетімділік түрін орнату

Курс жабық па, әлде ашық па таңдаңыз.

Доступ к курсу бөлімінен:

- Публичный - барлығына ашық

- Ограниченный - тек шақырылған оқушылар үшін;

- Приватный - әзірлеу кезеңі үшін жабық курс.

7-қадам. Оқыту нәтижелерін енгізу:

«Чему вы научитесь» бөлімінде курс соңында оқушылар меңгеретін дағдыларды жазыңыз:

- Әр дағдыны жеке жолға жазыңыз;

- Мысалы: «HTML бет құрылымын жасай алады», «CSS көмегімен мәтінді стильдей алады»;

- Блум таксономиясы бойынша етістіктер пайдаланыңыз (біледі, жасайды, қолданады).



8-қадам. Курстың толық сипаттамасы

- «О курсе» бөліміне курс мақсатын, мазмұнын, құрылымын және әдістемесін сипаттаңыз;

- Мәтінді логикалық бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің негізгі ойын анық көрсетіңіз.



9-қадам. Мақсатты аудиторияны көрсету

- Для кого этот курс - курс кімге арналған (мысалы: мектеп оқушылары, мұғалімдер, IT мамандығын енді бастап жатқандар);

- Курсты қандай деңгейдегі оқушылар үшін, қандай жағдайларда пайдалы болатынын көрсетіңіз (мысалы: мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, IT бастауыш мамандарына арналған).


10-қадам. Алдын ала талаптар.

- Начальные требования бөліміне оқушыда болу керек білім мен дағдыларды жазыңыз; Мысалы: «Интернетпен жұмыс істеу», Компьютерді қолдану негіздері».



11-қадам. Оқыту процесін сипаттау.

- «Как проходит обучение» бөліміне курс қалай өтетінін жазыңыз: бейне дәрістер, интерактивті тапсырмалар, форум, финалдық жоба және т.б.


12-қадам. Курстан алатын нәтиже

- Что вы получаете бөліміне нақты нәтижелерді жазыңыз:

- Дағды, сертификат, жоба, жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

- Әр тармақты жеке жолмен көрсетіңіз.



13-қадам. Сертификат беру мүмкіндігі

- Сертификат бөлімі тек ақылы немесе Enterprise форматындағы курстарға қолжетімді;

- Егер тегін курс болса, бөлім бұғатталған күйде тұрады.

- Ақылы курстар үшін сертификат беретін ұйымның атауын көрсетуге болады.



14-қадам. Авторлар мен оқытушыларды қосу.

- Создатели бөлімінде сіздің атыңыз автоматты түрде көрінеді;




- Қосымша авторларды қосу үшін олардың Stepik ID енгізіп, «Добавить» батырмасын басыңыз;

- Курстың карточкасында бұл авторлар көрінеді және курс бетінде көрсетіледі.

- Мұғалімдерді (преподаватели) енгізу. Егер мұғалімге толық рөл беру қажет болса, «Параметры → Права доступа» арқылы рұқсат орнатыңыз.



- Олар курс мазмұнын көре алады, бірақ әдепкіде курсқа өзгеріс енгізе алмайды;

15-қадам. Курсты сақтау

- Барлық өрістерді толтырған соң, беттің төменгі жағындағы «Сохранить» жасыл батырмасын басыңыз;



- Курс жобасы сақталады, әрі қарай модульдер мен сабақтарды құруға көшуге болады.

Осы қадамнан кейін сіз курс мазмұнын кезең-кезеңмен толтыруға дайынсыз: модуль қосу, әр модульге сабақтар енгізу, теориялық және интерактивті тапсырмалар құру.

Қадам 5: Модуль мен сабақ құрылымын енгізу

Негізгі элементтер:

1. Модуль - үлкен бөлім (мысалы: «HTML негіздері»)

2. Сабақ (Урок) - модуль ішіндегі нақты тақырып

Қолданылатын батырмалар:

- «Добавить модуль» - жаңа модуль қосу

- «+ Урок» - модуль ішіне жаңа сабақ қосу

- (үш нүкте) - әр модуль/сабақ жанында:

1. Редакциялау

2. Жою

3. Орнын ауыстыру

1-қадам. Курстың мазмұнын құруға көшу

- Курстың барлық сипаттамасы енгізілгеннен кейін, Stepik автоматты түрде сізге "Программа курса" бөлімін ұсынады;

- Бұл бетте «В курсе пока что нет ни одного урока» деген жазу және жасыл түсті «Редактировать содержание» батырмасын басасыз;

- Бұл батырманы басу арқылы сіз курс құрылымын - модульдер мен сабақтарды - құру редакторына өтесіз.



2-қадам. «Алғашқы модульді қосу.

1. «Программа курса» бетіне өтіп, «В курсе пока нет ни одного урока» деген жазудың астындағы « + Новый модуль» жасыл түймесін басыңыз;

Ашылған терезеге:

- Модульдің атауын енгізіңіз (мысалы: 1-модуль - HTML негіздері);

- Қысқаша сипаттамасын жазыңыз (мысалы: «HTML тіліне кіріспе және құрылымы туралы жалпы түсінік»);



- Курстың басталу уақытын орнатыңыз, ол үшін:

1. Курс мазмұнын енгізу алдында немесе кейін, сіз курстың қашан іске қосылатынын белгілей аласыз;

2. «Настройки запуска курса» бөлімінде «Начало курса» өрісіне курс басталатын нақты күнді енгізіңіз;



3. Қосымша баптауларды көру үшін «Расширенные настройки дат» сілтемесін басыңыз. Мұнда курс біту мерзімін, модульдердің ашылу ретін уақыт бойынша баптауға болады.



Кеңес: Курсты кезең-кезеңімен ашқыңыз келсе, әр модульге «Начало модуля» арқылы күн қойыңыз.

3-қадам. Алғашқы модульді толтыру

Бұл қадамда сіз алғашқы модульді құрып, оған сабақ қосасыз. Мұнда модульдің атауын енгізу, сипаттамасын жазу және басталу уақытын орнату қажет. Сондай-ақ сабақтарды осы модульге қоса аласыз.

1. Модуль атауын енгізіңіз - «Новый модуль» жолына модульдің нақты атауын жазыңыз. Мысалы: «1-модуль - HTML негіздері».



2. Қосымша сипаттама енгізіңіз - «Дополнительное описание» өрісінде модуль мазмұны туралы қысқаша түсініктеме жазыңыз. Бұл оқушыларға модуль не туралы екенін бірден түсінуге көмектеседі.


3. Басталу күнін орнатыңыз - «Начало модуля» өрісіне модуль басталатын нақты күнді енгізуге болады (қалауыңызша);


4. Кеңейтілген параметрлерді баптаңыз - қажет болса, «Расширенные настройки дат» батырмасын басып, модульдің көріну және аяқталу мерзімдерін баптаңыз;



5. Сабақ қосу - модульдің астында орналасқан «Введите название нового урока и нажмите Enter» жолына сабақ атауын енгізіп, «Создать урок» батырмасын басыңыз.


4-қадам. Бұрыннан бар сабақты қосу.

1. Егер сіз бұрын басқа курстарда жасалған сабақтарды қайта пайдаланғыңыз келсе, модульдің төменгі жағындағы «Добавить ваш существующий урок» сұр түймесін басыңыз;


2. Ашылған терезеден бұрын жасалған сабақтардың тізімін көре аласыз;

3. Сабақты іздеу үшін «Быстрый поиск уроков» бөлігіне сабағыңыздың атауын немесе id жазу арқылы тез таба аласыз


4. Қажетті сабақты таңдап, оны осы модульге қосуға болады:

- Ол үшін сізге ең алдымен таңдаған сабағыңыздың қасындағы « + » батырмасын басуыңыз қажет.



5. Өңдеу үшін ең алдымен сізге «Редактировать» батырмасын басу қажет



6. Әр сабақта бірнеше «Блоктар» болады: теория, тапсырма, тест.

Бұл әдіс сізге бір сабақпен бірнеше курсты толықтыруға немесе уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сабағыңызды қосқаннан кейін сізге көрініп тұрады және сіз ол сабақты өңдей аласыз.

5-қадам. Модуль параметрлерін басқару ( үш нүкте)

Модуль жанындағы үш тік нүкте белгішесін () басу арқылы келесі мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз:

- Копировать модуль - дайын модульді бір рет басу арқылы көшіруге болады;



- Импортировать банк задач - бұрын жасалған тапсырмалар базасын модульге енгізуге мүмкіндік береді;

- Удалить - модульді толықтай жою;

- Настроить - кеңейтілген параметрлер мен модульдің жеке баптауларына кіру мүмкіндігі.

6-қадам. Сабақ құрылымын құру

Stepik платформасында әр сабақ бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Сабақ мазмұнын құру үшін төмендегі нұсқаулықтарды орындаңыз:

1. Сабақтың ішіне кіріп, «Добавить шаг» батырмасын басыңыз.

2. Қажетті блок түрін таңдаңыз:

- Теориялық блок қосу – «Добавить шаг» батырмасын басып, «Теория» түрін таңдаңыз. Мұнда мәтін, сурет, видео, кесте, код блогын енгізуге болады;

- Кодпен жұмыс - егер сіз код жазу мүмкіндігін бергіңіз келсе, «Код» типіндегі блокты таңдаңыз. Бұл оқушыларға HTML немесе CSS кодын орындап көруге мүмкіндік береді;

- Тест қосу – «Тест» түрін таңдау арқылы сіз бірнеше жауапты тапсырмалар, сәйкестендіру немесе бос орынды толтыру сұрақтарын қосуға болады;

- Видео қосу - теориялық бөлімге YouTube немесе басқа платформадағы бейнематериалдың сілтемесін кірістіруге болады;

- Практикалық тапсырма - сабақ соңында жеке орындауға арналған практикалық тапсырма беріңіз (мысалы: «Өз атыңызды көрсететін HTML парақша жасаңыз»);

Әр сабақты соңында кері байланыс немесе рефлексия қадам қосқан пайдалы, соңында сақтауды ұмытпаңыз. Осылайша, курс мазмұны жүйелі әрі тартымды болады.

Қадам 6. Теориялық және код блоктарын қосу.

1-қадам. «Мазмұнды өңдеу» бөлімін толтыру.

  1. Курсыңыздың басты бетіне өтіңіз.

  2. Жоғарғы жағында «Редактировать содержание» (Мазмұнды өңдеу) жасыл батырмасын басыңыз.



Бұл батырма арқылы сізге барлық модульдер мен сабақтарды толық басқаруға мүмкіндік беріледі.

2-қадам. Сабақ қосқыңыз келетін модульді таңдау

Stepik платформасында жаңа сабақ қосу үшін оны белгілі бір модульдің ішіне орналастыру қажет. Модуль - бұл бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше сабақтардан тұратын бөлім (мысалы: «1. HTML негіздері және құрылымы»).

«Мазмұнды өңдеу» батырмасын басқаннан кейін:

1. Сіз курс құрылымын редакциялау бетіне өтесіз. Мұнда барлық модульдер мен олардың ішіндегі сабақтар тізімі көрсетіледі.



Бұл бетте курс құрылымы көрсетіледі. Мұнда әр модуль мен оның ішіндегі сабақтар (уроктар) тізімделеді. Әр сабақтың оң жағында өңдеу батырмасы (️) бар. Модуль атауы - «HTML негіздері және құрылымы», ал алғашқы сабақ - «1.1 Веб-сайт және HTML туралы түсінік».

2. Қажетті модульді таңдаңыз. Мысалы, сізге сабақ қосқыңыз келетін модуль: HTML негіздері және құрылымы

3. «+ Урок» батырмасын басыңыз. Әр модульдің астында немесе жанында «+ Урок» деген батырма болады (кейде сұр түспен).



Осы батырма арқылы сіз жаңа сабақ қосу терезесін ашасыз. Бұл - жаңа сабақ бастау нүктесі. Оны басқаннан кейін сізге сабақтың түрін таңдау ұсынылады: теория , тест, код жазу, сандық жауап, ашық сұрақ

3-қадам. Сабақ түрін таңдау және мазмұн енгізу.

1. «+ Урок» батырмасын басқаннан кейін

2. Сізге сабақтың түрін таңдау терезесі ашылады.

3. Stepik платформасы бірнеше түрлі сабақ форматтарын ұсынады.




Кесте 6. Сабақ түрлері және олардың мүмкіндіктері


Түрі

Мақсаты

Текст

Теориялық материал: мәтін, сурет, формула, бейне сипаттама

Видео

YouTube/Vimeo бейнесін қосу немесе жүктеу

Тест (задача)

Бірнеше жауап нұсқасымен тест сұрағы

Программирование

Код жазуға арналған (Python, HTML т.б.)

Текстовая задача

Ашық сұрақ – оқушы өз жауабын жазады

Численная задача

Сандық есептерге арналған жауап форматы

Табличная/Сопоставление

Кесте толтыру немесе сәйкестендіру

Пропуски

Бос орындарды толтыру тапсырмасы

Математическая задача

Формула арқылы есеп енгізу (LaTeX)

Свободный ответ

Ашық форматтағы жазбаша жауап

Программирование

Бағдарламалау арқылы есеп шығару (Python, C++, т.б.)

SQL Challenge

SQL сұраныс жазу

HTML и CSS задача

Веб-бет құрылымы мен стиль жазу

Задача на данные

Деректер жиынын өңдеу (Data Science)

External grader

Сыртқы тексеру құралымен біріктіру

LTI consumer

LTI провайдермен байланысқан тапсырма

Оценка преподавателя

Мұғалім өзі тексеретін тапсырма

Задача Парсона

Код блоктарын дұрыс ретпен орналастыру


Егер сіз теориялық түсініктеме бергіңіз келсе – «Теория», ал артынан тексеру сұрақтарын қосқыңыз келсе – «Тест» таңдаған жөн.

4-қадам. Қажетті сабақ түрін таңдау.

1. «Теория» батырмасын басыңыз.

2. Одан кейін төменгі оң жақтағы «Создать» (Құру) батырмасын басыңыз.


5-қадам.Сабақ редакторына өту және мазмұн енгізу

Сіз сабақтың атауын жазып, қадам түрін таңдаған соң, Stepik сізді сабақ редакторына өткізеді. Енді сіз осы сабақтың ішкі мазмұнын толтырасыз.

1. Сабақтың атауы:сабақтың жоғарғы бөлігінде оның атауын көресіз және өзгерте аласыз. Бұл атау оқушыға сабақ тақырыбын түсінікті көрсету үшін қажет. Мысалы: 1.3 HTML-де мәтінмен жұмыс



2. Мазмұнды енгізу (Markdown тілінде): Сабақ мазмұнын жазатын негізгі аймақ – бұл мәтіндік редактор. Мұнда сіз теориялық түсініктеме бересіз



Бұл редактор терезесінде сіз теориялық сабақтың мазмұнын енгізесіз. Мәтінге қоса суреттер, формулалар, бейне, кесте және код блоктарын қосуға болады. Жоғарғы панельде мәтінді өңдеуге арналған құралдар орналасқан.


Кесте 7. Панель құралдарының тізімі


Белгіше

Қызметі

B

Қою қаріп

I

Курсив

U

Астын сызу

</>

Код енгізу

?

Сурет қосу

?

Сілтеме қою

?

Видео кірістіру

?

Формула қосу

?

Кесте құру

? Source

HTML немесе Markdown кодын тікелей өңдеу


Сіз бұл редакторда қарапайым мәтінді ғана емес, визуалды мазмұнды да толық кірістіре аласыз. Markdown синтаксисін білмесеңіз - осы панель арқылы бәрін оңай қоюға болады.


Кесте 8. Қолдануға болатын элементтер тізімі (Markdown тілі)


Функция

Мысал

Нәтиже

Тақырып (үлкен әріппен)

# HTML деген не?

HTML деген не?

Қою қаріп

**мәтін**

мәтін

Курсив

*мәтін*

мәтін

Сілтеме

[сілтеме атауы](https://stepik.org)

сілтеме атауы

Сурет қосу

![alt мәтін](https://...)

? сурет көрсетіледі

Кесте

`

A


6-қадам. Видео қосу.

Stepik платформасы бейнематериалдарды тікелей қосуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе теориялық сабақтарды түсіндіруді көрнекі ету үшін өте маңызды. Видео қосу үшін:

1. Сабақ редакторындағы мәтін жазу аймағында жоғарыда орналасқан құрал-саймандар панелінен ? Видео иконкасын басыңыз.



2. Ашылған терезеге бейне сілтемесін енгізіңіз.



3. ОК немесе Қосу деген батырманы басыңыз - бейне сабаққа автоматты түрде кірістіріледі.

7-қадам. Сурет қосу.

Stepik теория сабағында суретті екі түрлі жолмен қоса аласыз:

Бірінші тәсіл панель арқылы.

- Мәтін енгізу аймағындағы құралдар панелінен ? сурет иконкасын басыңыз.

- Ашылған терезеде:

1. Сілтемесі бар суретті жүктеу үшін URL енгізіңіз.

2. Немесе файлды жүктеу батырмасы арқылы өзіңіздің құрылғыдан суретті таңдаңыз

3. Сақтаңыз - сурет мәтінге қосылады.



Екінші тәсіл Markdown көмегімен (кодпен). Бұл тәсіл бағдарламалауға бейім қолданушыларға ыңғайлы.

8-қадам. Сабақ мазмұнын сақтау.

Сіз мәтінді, суретті, бейнені және кестелерді енгізіп болғаннан кейін:

1. Төменгі оң жақтағы «Сохранить» - сабақ мазмұнын уақытша сақтайды (жұмыс жалғасады).

2. «Опубликовать» - сабақты жариялайды, оқушыларға қолжетімді болады.

Осылайша сіз толыққанды теориялық немесе интерактивті сабақты Stepik-ке қоса аласыз.

- Бірінші сақтап, кейін тексеріп көру ұсынылады.

- Сақталған сабақтарды кез келген уақытта өзгертуге болады.

9-қадам. Тест пен тапсырма қосу.

Сабаққа теорияны енгізген соң, оқушының түсінігін тексеру үшін тест немесе ашық тапсырма қосу қажет.

1. Қадам қосу (тест жасау үшін)

Егер сіз оқушылардың білімі мен түсінігін тексергіңіз келсе:

- Сабақ редакторының төменгі жағындағы қадамдар тізбесінен көк түсті «+» (жаңа қадам қосу) батырмасын басыңыз.


- Ашылған терезеден «Тест (задача)» түрін таңдаңыз.


2. Тест сұрағын енгізу.

- Сабақ ішінде «+» батырмасын басыңыз → Тест (задача) таңдаңыз. Сұрақ мәтінін жазыңыз:



- Жауап нұсқаларын енгізіңіз,



- Дұрыс жауапты оң жақтағы ? бармасын басу арқылы белгілеңіз.

- «Балл за задачу» өрісіне әрбәр сұрақ үшін қанша балл қойғыңыз келетінін жазыңыз (мысалы: 1). Бұл сан тест бағалау нәтижесінде оқушы алатын ұпайды білдіреді.


- Жауаптар саны. Количество правильных ответов бөлімінен өзіңізге қажетті нұсқаны таңдауңыз қажет:

1. Один - бір ғана дұрыс жауап

2. Несколько - бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін.



3-қадам. Жауап нұсқаларын енгізу және түсіндірме жазу.

- Жауаптардың әрқайсысын енгізіңіз: Мысалы: <a>, <img>, <div>, <p>

1. Дұрыс жауаптың жанына шартты белгі (шеңбер) қойылады.

2. Әр жауаптың астына түсіндірме жаза аласыз:

- «Бұл дұрыс жауап, себебі <a> – сілтеме жасауға арналған тег.»

- «Бұл дұрыс емес, <img> сурет кірістіруге арналған.»



- Қосымша опциялар. Мұнда түрлі параметрлерді орнатуға болады, 55-суретте көріп тұрғандарыңыздай қажетті параметрлерді орната аласыз. Сонымен қатар төмендегі 4-кестеден әрбір опцияның атқаратын жұмыстар туралы қарап шықсаңыз болады.




Параметр

Мақсаты

Жауаптар саны (4)

Оқушыға қанша нұсқа көрсету керек

HTML-тегтерді көрсету

Егер жауаптарда тегтер болса, оларды дұрыс көрсету

Араластыруды өшіру

Жауаптар орнын араластырмау

Қате жауаптан кейін түсіндірме көрсету

Жауапты таңдағаннан кейін кері байланыс беру


- Қосымша баптаулар. «Дополнительные настройки» батырамсын басу арқылы сіз қосымша баптаулар тізімін көре аласыз. Жауапқа түсіндірме:

1. Комментарий к правильному ответу - дұрыс жауап үшін жалпы түсініктеме жазуға арналған орын.

2. Комментарий к неправильному ответу - қате жауап үшін түсіндіру жазуға арналған орын.



3. Шешімдерді талқылау: бұл мүмкіндік оқушыларға тапсырманы орындағаннан кейін жауаптарды талқылауға, пікір қалдыруға немесе басқа қатысушылардың шешімін көруге рұқсат ету функциясы.

- Тек дұрыс жауаптан кейін (Только после правильного решения) Оқушы тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін ғана шешімдер бөліміне қатыса алады. Бұл әдіс оқушыны алдымен тапсырманы өздігінен шешуге ынталандырады.

- Белгілі бір сәтсіз әрекеттен кейін (Например, после 3 попыток). Егер оқушы тапсырманы мысалы, 3 рет қате орындаса, шешімді талқылау бөлімі ашылады. Бұл әдіс - оқушының қате себептерін түсініп, басқалармен пікір алмасуына мүмкіндік береді. Мұғалім осы жолмен көмек сұрауға жағдай жасайды, бірақ бірден емес, әрекеттен кейін.



4. Жіберу саны (ограничение числа попыток): Бұл баптау оқушының тестті неше рет тапсыра алатынын реттейді.

- Без ограничений – шектеусіз. Оқушы тапсырманы қалағанша шексіз рет орындай алады. Бұл тәсіл оқу-үйренуге бағытталған курстарға өте ыңғайлы. Қате жіберген сайын қайтадан байқап көру мүмкіндігі болады.

- Только 3 раза - тек 3 әрекет. Оқушы тапсырманы тек 3 рет тапсыра алады. Бұл әсіресе бақылау жұмысы, тестілеу немесе бағаланатын модульдерге арналған. Шектеулі әрекеттер оқушыны мұқият ойланып жауап беруге үйретеді.



4-қадам. «Задача на сортировку» тесттік тапсырманы қосу

Бұл тапсырма түрі оқушылардан берілген элементтерді дұрыс реттікпен орналастыруды талап етеді. Ол логикалық тізбекті, құрылымды немесе алгоритмді меңгергенін тексеруге ыңғайлы.

1. Жаңа қадам қосу.

- Сабақ бетінде «Редактировать содержание» батырмасын басыңыз.

- Қажетті сабақ ішіне кіріп, «+» (жаңа қадам қосу) белгісін басыңыз.

- «Задача на сортировку» түрін таңдаңыз (тестілік тапсырмалар ішінен).



2. Сұрақ мәтінін енгізу

- «Условие» (Сұрақ шарты) деген жерге тапсырманың мақсатынтүсіндіріңіз.



3. Элементтерді енгізу.

- Әрбір элементті жеке жолға жазыңыз.

- Сұрыптау тапсырмасына қажетті мәтін бөліктерін немесе код жолдарын енгізу.

- «+ Добавить элемент» батырмасын басыңыз.



- Әр басқан сайын жаңа жол (элемент) қосылады.

- Әр жолға бір элементтен жазыңыз.

- Элементтерді дұрыс реттілікпен орналастыру қажет - бұл жүйе үшін дұрыс жауап болады.

Бұл элементтерді оқушы тінтуірмен сүйреп, дұрыс ретке келтіреді.

Жүйе бұл элементтердің сіз көрсеткен ретін дұрыс жауап ретінде белгілейді.


«В тексте элементов есть HTML-теги» құсбелгісі туралы. Бұл баптау Stepik жүйесінде «Задача на сортировку» тапсырмасын жасағанда, элементтер мәтінінде HTML-тегтер бар екенін көрсету үшін қолданылады. Егер сіз енгізген элементтерде мынадай HTML тегтер болса: <html>, <head>, <body>, <a>, <img> және т.б. онда бұл тегтерді Stepik платформасы жай мәтін емес, HTML ретінде өңдеуі мүмкін. Яғни, олар браузерде жоғалып кетуі немесе дұрыс көрінбеуі ықтимал. Егерде құсбелгіні белгілеп сохранить батырмасын бассаңыз, сізде төмендегі көрсетілгендей жағдай пайдал болады.



Осы жағдайды болдырмау үшін: «В тексте элементов есть HTML-теги» құсбелгісін қою қажет.



Бұл құсбелгі не істейді?

1. Элементтерді код ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

2. HTML тегтері экранда дәл сол қалпында (текспен) көрінеді.

3. Мысалы, <a> тегі сілтеме болып көрінбейді, дәл осылай көрсетіледі: <a> . Егер сіздің сұрыптау тапсырмаңыздағы элементтер HTML код жолдары болса. Яғни оқушы тегтердің ретін дұрыс орналастыруы қажет болса. Егер бұл құсбелгі қойылмаса: <html> немесе <body> сияқты тегтер интерпретацияланып, көрінбей қалуы мүмкін. Бұл оқушыны шатастырады, тапсырма дұрыс жұмыс істемейді.

5-қадам. «Табличная задача» тесттік тапсырманы қосу.

Бұл тапсырма оқушыларға объектілер мен олардың қасиеттерін сәйкестендіріп, дұрыс ұяшықтарды белгілеу міндетін қояды. Мысалы: HTML тегтер мен олардың қолдану аймақтарын байланыстыру.

1. Қадам түрін таңдау.

- Курстың немесе сабақтың ішіне кіріңіз.

- «Мазмұнды өңдеу» (Редактировать содержание) батырмасын басыңыз.

- Сабақ ішінде «+» батырмасын басып, қадам түрлерінен «Табличная задача» таңдаңыз.



2. Сұрақты жазу

- «Условие» өрісіне тапсырма мәтінін енгізіңіз.



3. Жолдар мен бағандарды енгізу.

- Жолдарға (вертикаль) - HTML тегтерін жазыңыз: <a>, <img>, <table>һ

- Бағандарға (горизонталь) - олардың қолданылатын аймағын жазыңыз: сілтеме, сурет, кесте.



- Кестедегі дұрыс ұяшықтарға ? қойыңыз.

Бұл белгілер студент дұрыс жауап беруі тиіс жерлер болады. Жолдар мен бағандар енгізу кезіндегі қосымша элементтердің мүмкіндіктері жайында:

- Добавить ряд. «Жол қосу» дегенді білдіреді. Бұл батырма кестеге жаңа жол (қатар) қосады. Егер сіз жаңа HTML тегті немесе объектіні қосқыңыз келсе (мысалы: <a>, <img>), осы батырманы басасыз.



- Удалить последний ряд. «Соңғы жолды жою» дегенді білдіреді. Бұл батырма ең соңғы жолды (қатарды) өшіреді. Егер жол артық қосылып қалса немесе қажетсіз болса — осы батырма арқылы жоюға болады.


- Добавить новую колонку. «Жаңа баған қосу» дегенді білдіреді. Бұл батырма кестеге жаңа баған қосады. Баған - әдетте сипаттама, функция немесе санаттарды білдіреді (мысалы: «Сілтеме», «Сурет», «Кесте»).



- Удалить последнюю колонку. «Соңғы бағанды жою» дегенді білдіреді. Бұл батырма ең соңғы бағанды өшіреді. Қате қосылған немесе артық бағанды алып тастау үшін қолданылады.



Сонымен қатар тест құрастыру барысында назар аудару қажет бірнеше қосымша баптаулар бар:

1. Перемешивать порядок рядов. Мағынасы: Жолдардың ретін араластыру. Бұл белгі қойылса, әр оқушыға жолдар әртүрлі ретпен көрсетіледі. Яғни <a>, <img>, <table> секілді жолдар әр тапсырмада басқа ретпен көрсетілуі мүмкін. Егер сіз оқушылардың жаттап алуын емес, шын түсінгенін тексергіңіз келсе - осыны қосыңыз. Автоматты түрде жаңаша реттілік әр оқушыға ұсынылады.

2. Перемешивать порядок колонок. Мағынасы: Бағандардың ретін араластыру. Бұл белгі қойылса, бағандар (мысалы: сілтеме, сурет, кесте) әр тапсырмада араласқан түрде көрінеді. Егер дұрыс жауаптар нақты бағандарға байланбаған жағдайда, араластыру оқушыларды шатастырмайды. Бірақ логикалық байланыс сақталуы керек.


3. Любой ответ верный. Мағынасы: Кез келген жауап дұрыс болып есептеледі. Бұл белгі қойылса, оқушы кестеде не белгілесе де - бәрі дұрыс деп есептеледі. Бұл баптау оқу-үйрену немесе сауалнама форматында ғана пайдаланылады. Бағаланатын тапсырмада бұл параметрді қоспау керек!

6-қадам. «Табличная задача» тесттік тапсырманы қосу

Бұл тапсырма оқушыдан екі тізім арасындағы логикалық байланыс бойы

1. Қадам түрін таңдау.

- Курстың немесе сабақтың ішіне кіріңіз.

- «Мазмұнды өңдеу» (Редактировать содержание) батырмасын басыңыз.

- Сабақ ішінде «+» батырмасын басып, «Задача на сопоставление» түрін таңдаңыз.


2. Сұрақ мәтінін жазу.

- «Условие» деген жерге тапсырманың шартын жазыңыз.


3. Жұптарды енгізу.

Сіз екі баған енгізесіз:



- Сол жақ тізім - сұрақ немесе кілт элемент (мысалы: <img>)

- Оң жақ тізім - жауап немесе сипаттама (мысалы: Сурет қосу)

- Әр жұп бір жолда жазылады.

- Stepik жүйесі осы жұпты дұрыс жауап ретінде таниды.

4. Сақтау және жариялау

Барлығы дайын болған соң:

- «Сохранить» - уақытша сақтау батырмасын басыңыз.

- «Опубликовать» - оқушыларға көрсету үшін батырманы басыңыз

Тесттік тапсырмалар бойынша қадамдық нұсқаулықтарды аяқтадық. Көрсетілген барлық түсіндірулер мен скриншоттарға сүйене отырып, енді сіз Stepik платформасында сабаққа қажетті интерактивті, бағаланатын тесттер мен тапсырмаларды еркін құра аласыз. Бұл әдістемелік құрал сіздің электронды оқу кешеніңізді жүйелі құруға толық мүмкіндік береді.

7-қадам.»HTML и CSS задача» тапсырмасына көңіл бөлейік

Бұл тапсырма түрі - Stepik платформасындағы күрделі, бірақ өте маңызды форматтардың бірі. Ол оқушылардың HTML және CSS код жазу дағдыларын практикада тексеруге бағытталған.

1. Қадам түрін таңдау

- Курсыңыздағы сабақты ашыңыз.

- «Мазмұнды өңдеу» батырмасын басыңыз.

- Сабақ ішінен «+» батырмасын басыңыз.

- Ашылған терезеден «HTML и CSS задача» таңдаңыз.



2. Тапсырма шартын енгізу (Условие)

«Условие» өрісіне оқушыға қойылатын нақты тапсырманы жазыңыз.



3. Бағдарламалық құрылымды енгізу

Бұл қадамда сіз Stepik-ке қандай файлдар тексерілуі керек екенін көрсетесіз. Файл атаулары:

1. index.html - негізгі HTML құрылым

2. style.css - бөлек жазылған стильдер (CSS)

Оқушы осы файлдарға код жазады, ал Stepik оны автоматты түрде тексереді. Келесі бөлікте «Рецензирование» тоқталамыз. Рецензирование - бұл оқушы тапсырма орындағаннан кейін басқа оқушының жұмысын қарап, бағалау немесе пікір қалдыру процесі. Мұғалім бұл жүйені қосу арқылы: Оқушылар арасында өзара тексеруді ұйымдастырады; Критерийлер арқылы әділ бағалау жүргізілуін қамтамасыз етеді.



HTML/CSS тапсырмаларында кодтың сыртқы түрі немесе құрылымын бағалау керек болғанда. Тапсырма шығармашылық сипатта болса (мысалы: «Өз сайтыңыздың басты бетін жасаңыз»). Оқушылар бір-бірінен үйреніп, бағалауға дағдылансын десеңіз. Бұл мүмкіндік арқылы сіз:

- Бағалау жүктемесін азайтасыз,

- Оқушылардың аналитикалық және сын тұрғысынан ойлауын дамытасыз,

- HTML тапсырмаларын тек автоматты емес, визуалды сапа мен стиль жағынан да тексере аласыз.

4. Эталон шешімді енгізу (Образец решения)

Эталон шешім - Stepik платформасы оқушы жазған HTML/CSS кодын осы дұрыс нұсқамен салыстырады. Егер оқушы жауабы эталонмен сәйкес келсе - дұрыс деп бағаланады.

- HTML құрылымын жазу

Тапсырмаңызда HTML элементтері қолданылатын болса (мысалы: <h1>, <div>, <img>, т.б.), сіз толық HTML құжат құрылымын жазуыңыз қажет. Мысал (HTML ішіне CSS ендірілген нұсқасы):




Бұл жерде <style> тегі арқылы CSS код тікелей HTML-дің <head> бөліміне жазылған. Бұл нұсқа оқушылардың кодын бір файлда тексеруге ыңғайлы.

5. CSS-ті бөлек файл ретінде жазу (style.css)

Егер сіз тапсырманы екі файлмен: HTML + CSS ретінде жасағыңыз келсе, онда:



HTML файл ішіндегі <head> бөлімінде CSS файлы <link> арқылы қосылады. CSS коды бөлек файлда - бұл шынайы веб-жобада қолданылатын стандарт. Эталон шешімді мұқият жазыңыз, себебі Stepik DOM құрылым мен стильдердің дәл сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Егер кодта кішкене айырмашылық болса да (мысалы, бос орын, қате тег), жүйе қате жауап деп бағалайды.

Қадам-7: Бағалау және курс параметрлері

Курс сапасын анықтайтын және сертификатпен аяқталуын қамтамасыз ететін соңғы кезең. Бұл - әр тапсырманың курс ішіндегі маңызын анықтап, жалпы бағалау жүйесіне әсер ету үшін қажет.

1-қадам: Әр тапсырмаға ұпай мен салмақ (важность) белгілеу

- Курсыңыздың «Мазмұнды өңдеу» бетіне кіріңіз.

- Әрбір тапсырма түріне кіріңіз (мысалы, Тест, HTML и CSS задача).

- «Баллы за задачу» немесе «Балл» жолына қажет ұпай санын жазыңыз (мысалы: 1, 5 немесе 10).


- Егер салмақ баптауы ашық болса, «важность» деген жолда тапсырманың курстағы үлесін белгілей аласыз.

2-қадам: Сертификат беру үшін өту шегін (%) орнату

- Курс бетінде жоғарғы оң жақтан «Настройки курса» (Курс баптауы) бөліміне кіріңіз.

- Сертификат бөлімін табыңыз.

- «Минимальный процент прохождения курса для получения сертификата» деген жерге, мысалы, 70% деп жазыңыз.

- Қажет болса, автоматтық сертификатты PDF форматында жүктеу параметрін қосуға болады.

3-қадам: Курсты жариялау (Опубликовать)

- Курсыңыз дайын болса, сол жақ мәзірден «Опубликовать» немесе «Жариялау» батырмасын басыңыз. Stepik жүйесі сізден:

1. Курстың аты

2. Сипаттамасы

3. Бағыты (мысалы: Информатика, Веб-дизайн)

4. Мақсатты аудитория туралы мәлімет сұрайды - толтырыңыз.

5. Жарияланған соң, курс іздеу жүйесінде көрінеді

4-қадам: Курстың сілтемесін бөлісу

- Курстың негізгі бетіне өтіңіз.

- Браузердің мекенжай жолынан немесе Stepik ішінен «Курс сілтемесін көшіру» батырмасын басыңыз.

- Осы сілтемені оқушыларға жіберіңіз.

Осылайша, Stepik платформасында толыққанды электрондық оқу курсын құрудың барлық кезеңдерін қадамдап меңгердік:

- теориялық мазмұн енгізу,

- интерактивті тапсырмалар мен тесттер қосу,

- HTML және CSS практикалық бөлімдерін құру,

- бағалау жүйесін реттеу және курс жариялау.

Енді сіз өзіңіздің авторлық курсыңызды заманауи талаптарға сай, құрылымы нақты әрі қызықты форматта жасай аласыз. Бұл курс оқушылардың цифрлық білімін арттырып қана қоймай, сіздің педагог ретіндегі кәсіби тәжірибеңізді жаңа деңгейге көтереді. Осы тарауда Stepik платформасында электрондық оқыту курсын әзірлеу қадамдары нақты сипатталды. Әр кезең практикалық қадамдармен және визуалды материалдармен сүйемелденіп, оқыту мазмұнын сапалы құрылымдауға мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік модель келесі тарауда сипатталатын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізіне айналды.













ҚОРЫТЫНДЫ



Цифрлық дәуірде білім берудің жаңа форматтары мен құралдары қарқынды дамып келеді. Электрондық оқыту - осы өзгерістердің маңызды көрінісі ретінде заманауи білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл оқу құралында web-платформада электрондық оқыту курсын әзірлеу, атап айтқанда, Stepik платформасы негізінде интерактивті оқу курсын құрудың теориялық және практикалық аспектілері жан-жақты қарастырылды.

Зерттеу барысында ақпараттық қоғам жағдайында ақпараттық-білім беру ортасын құрудың ғылыми-теориялық негіздері, электрондық оқытудың эволюциясы мен түрлері, педагогикалық принциптері мен әдістемелері, сондай-ақ web-платформалардың функционалдық мүмкіндіктері талданды. Электрондық курстарды әзірлеудің негізгі кезеңдері мен құралдары, сонымен қатар платформаны қолдану ерекшеліктері нақты мысалдармен сипатталды.

Stepik платформасында курс әзірлеу әдістемесі нақты тәжірибелік ұсыныстар мен құралдар арқылы сипатталып, оқытушылар мен білім беру саласының мамандарына қолжетімді әрі тиімді нұсқа ретінде ұсынылды. Платформаның интерактивті мүмкіндіктері, оқу материалдарын бейімдеу және білім алушының белсенділігін арттырудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Оқу құралының мазмұны – электрондық оқыту жүйелерін меңгергісі келетін педагогтерге, әдіскерлерге, цифрлық білім беру бағытында зерттеу жүргізетін ғалымдарға, сондай-ақ web-негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға қызығушылық танытқан мамандарға пайдалы болатынына сенімдіміз.

Қорыта айтқанда, интерактивті электрондық курстарды құрастыру -педагогикалық, технологиялық және шығармашылық үйлесімді талап ететін күрделі, бірақ заманауи білім беруде ерекше маңызға ие үдеріс. Бұл құрал осы бағыттағы тиімді қадамдарды айқындап, болашақ зерттеулер мен тәжірибелерге негіз бола алады.
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. – Астана: ҚР БҒМ, 2023. – 80 б.

2. Сабитаева М.Д. Stepik платформасындағы қазақ тіліндегі курстарға авторлық шолу. – 2023. – URL: https://stepik.org – (қолжетімділігі тексерілген күні: 10.05.2025).

3. Әбдіманапов Т.Ә. Web-платформаларды қолданудың тиімділігі // Білім беру мәселелері. – 2016. – №3. – Б. 45–49.

4. Айтбаева А.Б. Moodle платформасында қазақ тілінде курс әзірлеу әдістемесі // Білім және ғылым әлемі. – 2020. – №4. – Б. 115–118.

5. Әтірбек Қ., Кадирбаева, Р. Болашақ математика мұғалімдеріне аралас оқытуды ұйымдастыруда Stepik платформасын пайдалану. ILIM, 2025. 43(1), 35–57.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі