Материалдар / Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Егер А нүктесі α жазықтығында жатса, онда оны арқылы белгілейді. Ал жазуы В нүктесі α жазықтығында жатпайды немесе α жазықтығы Внүктесіарқылы өтпейді дегенді білдіреді. Егер а түзуінің әрбір нүктесі α жазықтығында жатса, онда а түзуі α жазықтығында жатады немесе α жазықтығы а түзуі арқылы өтеді. а түзуі α жазықтығында жатады, ал b түзуі мен α жазықтығының жалғыз ортақ С нүктесі бар. Мұнда α жазықтығы b түзуімен С нүктесінде қиылысады деп атайды және оны былай белгілейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
1938
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары

Сабақтың мақсаты: Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары туралы, түзу мен жазықтықтардың кеңістікте өзара орналасуын білу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Математикалық тілде ойлап, ғылыми тілде айта алуға үйрену.

Сабақтың түрі:  Жаңа оқу материалдарын оқытуда іскерлік пен дағдыны дамыту  сабағы.

1-кезең. Ұйымдастыру:

1.Сабақ өту бөлмесінің жарықтылығын, тазалығын тексеру.

2.Сабаққа қатынасуын тексеру.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4.Үй тапсырмасын тексеруде 7-9 сыныптардағы планиметрия курсында өтілген тапсырмалардан әр топқа 10 сұрақтан сызбалар бойынша табу жұмыстары беріледі.

2-кезең. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Стреометрия бөлімі, аксиомалары.

2.Аксиомалардың қарапайым салдарлары.

3. Түзу мен жазықтықтардың кеңістікте өзара орналасуы.

3-кезең. жұптық жұмыс

  • 1.Іздену:

Салдардың теоремаларын дәлелдеу

  • 2.Талдау:

СІ,СІІ,СІІІ аксиомаларын тұжырымдап, олардың мағынасын сызба арқылы түсіндіріңдер

Кесте толтыру.

  • 3. Салу:

Сөйлеммен  берілген есептерді математикалық символдарды пайдаланып қысқаша жазу және салу

4.Тұжырымдау:

Математикалық тілмен берілген есептерді дәлелдеп, сөзбен тұжырымдаңдар

5. Үйге тапсырма:

57 есеп.

6. Қорытындылау:

Рефлекция (кері байланыс)

«Жеміс ағашы»

Конец формы

4-кезең. Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша ең негізгісін еске түсіріп, топтық жұмыстарға және жеке оқушылардың жауаптарын бағалайды.



Үй тапсырмасын тексеру.

Планиметрия курсын қайталау сұрақтары.


Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды көрсет


 сйкес бұрыштарды ата.


3

______a

______b      с

е _____

Параллель және перпендикуляр түзулерді жазыңдар.


4.Үшбұрыштың қандай түрлері көрсетілген


5.Параллелограммның белгілерін айтып бер


6.Төртбұрыштың түрлерін ата


7.Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығының қандай қасиеттерін білесің?


8.Пифагор теоремасын тұжырымда және элементтерін көрсет


9.Тік төртбұрыштың, параллелограм, үшбұрыш және трапеция аудандарын тап және тұжырымда.


10.Дөңгелектің ауданы, шеңбердің ұзындығы қандай формуламен анықталады?


амасыз қабылданады. Стереометрияда жазықтықтар саны көп. Олардың әрқайсысында планиметрия курсында оқылған фигуралардың барлық қасиеттері орындалады. Жалпы геометрияда жазықтықты шексіз тегіс бет деп қарастырады.Жазықтықты параллелограмм түрінде немесе кез-келген облыс түрінде бейнелейді.

Оларды көбнесе грек алфавитінің әріптерімен α, β, γ, δ, ε т.с.с. белгілейміз. Нүктелерді латынның А, В, С, D, ...  бас әріптерімен, ал түзулерді латынның  a, b, c, d,… кіші әріптерімен немесе түзу бойында жататын AB, CD,  AC, … қос нүкте арқылы белгілейміз.


Егер А нүктесі α жазықтығында жатса, онда оны  арқылы белгілейді. Ал  жазуы В нүктесі α жазықтығында жатпайды немесе α жазықтығы Внүктесіарқылы өтпейді дегенді білдіреді. Егер а түзуінің әрбір нүктесі α жазықтығында жатса, онда а түзуі α жазықтығында жатады немесе α жазықтығы а түзуі  арқылы өтеді. а түзуі  α жазықтығында жатады, ал b түзуі мен α жазықтығының жалғыз ортақ С нүктесі бар. Мұнда α жазықтығы b түзуімен С нүктесінде қиылысады деп атайды және оны былай белгілейді.

Егер α және β жазықтықтарының екеуі де а түзуі арқылы өтсе, онда α жәнеβ жазықтықтары а түзуі бойымен қиылысады дейді. Және оны      түрінде жазады.

Стереометрия аксиомалары жүйесі планиметрияның аксиомаларына қоса мынадай үш аксиомадан тұрады.

СІ. Әрбір жазықтықтың бойында жататын және оның бойында жатпайтын нүктелер табылады.

СІІ. Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі жазықтық осы ортақ нүктесі арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады.

СІІІ. Егер әр түрлі екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі түзу арқылы жазықтық жүргізуге болады және бұл жалғыз болады.

Конец формы

Начало формы

Теорема, 1. Бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді.

Теорема, 2. Түзу мен оның бойында жатпайтын нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді.

Теорема, 3. Егер түзудің екі нүктесі берілген жазықтықта жатса, түзу толығымен осы жазықтықта жатады.

Сонымен жазықтықты: 1) Қиылысатын екі түзу;

2) бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте;

3) түзу және оның бойында жатпайтын нүкте арқылы толық анықтауға болады.

Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулерді параллель түзулер деп атайды. Қиылыспайтын және бір жазықтықта жатпайтын түзулерді айқас түзулер деп атайды. Ал ортақ нүктесі бар екі түзу қиылысатын түзулер деп атайды.

Кеңістікте екі түзу үш түрлі жағдайда орналасады

- қиылысады ;

-  параллель ;

-  айқас орналасады (а мен b-айқас түзулер).

Кеңістікте екі жазықтық екі түрлі жағдайда орналасады

жазықтықтар түзу бойымен қиылысады ;

жазықтықтар параллель болады .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!