Штрафбаттағы ержүрек
қызымыз
Халида Есенқұлқызы
Маманова.
«Егер мен халық
жауы болсам,
онда штрафбатқа
жіберіңіз.
Егер, тірі
қалсам, менен және
туыстарымнан
бүкіл айыпты алып тастаңыз!»
Халида Есенқұлқызы
Маманова 1918 жылы 24
наурызда қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында
туған. Ғалым, медицина ғылымдарының доктары
(1967), профессор (1969). Алматы медициналық институтын
бітірген (1941).
Әкесі Есенқұл
қажы
белгілі Мамания
мектебін ұйымдастырушылардың бірі
болды. Халида
Есенқұлқызы сол мектепте
оқыған алғашқы қазақ
қыздарының бірі.
1942–46 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери
дәрігер болып, медициналық қызметтің капитаны атағын алған, 1946–51
жылдары Алматы медициналық институтында ассистент,
1951–54 жылдары кәсіподақтар жүйесінде қызметкер, 1959 жылдан
өмірінің соңына дейін Ақтөбе медициналық институтының
(қазіргі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
медициналық Академиясы) патология
кафедрасының меңгерушісі
болды.
Патология,
физиология мәселелеріне арналған 40-тан астам ғылыми-әдістемелік
еңбектердің авторы. Оның басшылығымен 1-ғылым докторы, 5-ғылым
кандидаты дайындалды.
«Қызыл
Жұлдыз», «Құрмет белгісі” ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941—1945
жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»», «Ерен еңбегі
үшін» медальдарымен және көптеген Мақтау
Грамоталарымен марапатталған.
Халида
Маманова өз өмірбаянында «Талдықорған облысы Ақсу ауданы
Қарағаш деген жерде, ірі
малшы Есенқұл
Мамановтың отбасында дүниеге келдім» деп, жазған екен. Шын
мәнінде әкесі малшы емес, керісінше, ол жылдары тек Жетісу өңіріне
ғана емес, бүткіл қазақ жұртына мәлім болған, аса
ауқатты Маман байдың
баласы еді. Маманның
тегі, 13- ғасырдағы
Баян
ханнан басталып, Матай Бөрібай батыр, Қаптағай батыр, Қыдырәлі
би, Қалқабай Досетұлы, Тәнеке
батыр болып
жалғасады. Халиданың әкесінің туған
ағасыТұрысбек
Маманов та үлкен кәсіпкер,
меценат ретінде танылады. Осы өңірде болыс болып, орыс патшасының
қолынан «граф» атағын
иеленген. Әкесі
Есенқұл мен оның тағы бір
бауыры Сейібаттал
да саудагерлікпен айналысқан. Ұлы Жібек жолында сауда
орындарын ашып, керуеншілерден алым-салық жиып
тұрған.
Маманның ұрпақтары тарихта тек
байлығымен ғана емес, қазақ даласындағы алғашқы мектептердің
бірін (Мамания
аталған) ашқан әулет ретінде ізгілікті іздерін қалдырған. Бұл
мектеп қабырғасында болашақ қазақ инттеллигенциясының біртуар
азаматтары, жұлдызды шоғыр тобы білім алып шығады.
Жалпы, Маманның
әулеті және олардың өңір тарихында қалдырған игілікті істері
жөнінде, бүгінгі уақытта қажетті мағлұматтарды көптеген дерек
көздерінен толығымен алуға болады, арнайы кітаптар да шығарылған.
Сондықтан, оларды бұл мақалада қайталап жатуым дұрыс
болмас...[1]
Қазан төңкерісінен кейін,
Мамановтар
әулеті толығымен жаңа биліктің каһарына ұшырайды. Осы
тұқымнан шыққан 15 адам ату жазасына кесіледі, 36 отбасы жер
ауады. 1928 жылы Халиданың әкесі
Есенқұл сотталып, бар мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен
үш жылға Қазақстаннан тыс жерге, Ресейдің Чкалов қаласына жер
аударылады. Есенқұл қара жұмысқа
тұрады, анасы фабрикаға тігінші
болып орналасады. Алты баланың
үлкені Халида ол кезде он жаста
екен. Айдауда жүріп Есенқұл құрт ауруынан көз
жұмады, екі кішкене баласы
шетінейді.
Қалған отбасына тек
1932 жылы үлкен қиыншылықтармен Алматыға көшіп келуіне
мүмкіндік туады. Халида
Есенқұлқызы әуелі қысқа мерзімді курстарда, содан кейін
мединституттың даярлық курсында оқып, 1937 жылы осы оқу
орнының бірінші курсына түседі. Алайда «байдың қызы» деп қудаланып,
комсомолдан, сосын оқудан шығарылады.
Кейіннен, Халида әрең дегенде
қайтадан оқуын жалғастырады. Бірақ отбасы әрдайым «қайтадан
айдалып кету» қаупымен, күнделікті қорқынышты
күймен 1958 жылға дейін өмір
кешті.
Халида
Маманова 1941 жылдың 31
желтоқсанында Молотов атындағы Қазақ медицина институтын тәмамдап,
«емдеуші-дәрігер» мамандығын алды.
Одан
соң, Қазақ Ғылым академиясында Физиология институтының аспиранты
болып оқуда қалдырылады.
Алайда,
оны одан ары жалғастыра алмайды. 1941 жылы соғыс басталады, ал 1942
жылдың ақпанында Халида
Маманова медицина
институтының түлектерінің бірі болып ретінде әскер
қатарына шақырылады.
Мединститут түлектеріне бірден лейтенант дәрежесі берілсе де,
ол Халидаға «байдың тұқымы» болғаны үшін
берілмейді. Тіпті, медбике болып жұмыс істеуіне де рұқсат етілмей,
қолына күрек беріліп, тек өлілерді жерлеу мен окоп қазу сияқты қара
жұмыс бұйырады.
Содан, бір жағы намысқойлығы бар, екіншіден
патриоттық сезімдегі Халида: «Егер мен халық жауы болсам, онда штрафбатқа
жіберіңіз. Егер, тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты
алып тастаңыз!» деп,
Сталинге хат жазады. Нәтижесінде ол
майданға, ұрыстар ортасына жіберіледі, бірақ қылмыскерлер мен саяси
тұтқындардан құрылған сол штрафбатқа кіргізіледі. Ол жауынгерлер
арасындағы жалғыз қыз еді. Таза адамгершілік қасиеттерімен
қасындағы майдангерлердің мейірімі мен сыйластығына
бөленген Халида, әрдайым қамқорлыққа алынып,
қорғашталып отырылады.
Біраздан
соң, Халида 821-ші авиабатальонға ауыстырылып,
амбулаторияның бастығы болып тағайындалды. Батальонмен бірге
Сталинградтың түбіндегі кескілескен айқасты басынан өткізді. Одан
соң, 4-ші Украина, 3-Беларусь майданының құрамында Балтық жағалауын
азат етіп, 1 және 2-Украина майдандарының құрамында Польша,
Чехославакия, Германия, Австрияны азат етті. 1943 жылы ғана
медициналық қызметтің аға лейтананты атағы беріледі.
Осылайша Халида
Есенқұлқызына Германияға,
Берлинге дейін тірі жету бұйырады. Содан 1945 жылғы 26
желтоқсанда жараланған ол, капитан дәрежесінде елге
оралады.[2].
Елге келген
соң, Халида 1946 жылдың ақпанынан бастап Қазақ медициналық
академиясының «Патологиялық физиология» кафедрасына ассистент болып
орналасады. 1950 жылдың қыркүйегінде кандидаттық диссертациясының
тәжірибелік кезеңін аяқтады. Бірақ, тағы да сол «байдың баласы»
болғандығы алдынан шығады
да, Халидаға ғылыми жұмысын қорғауға рұқсат етілмейді. Содан соң
оған өзінің ғылыми жетекшісі, белгілі фатофизиолог,
профессор О.С.Глозманның кеңесімен
Қырғызстанға кетуге тура келеді. Содан кейін ғана «еңбегін»
Мәскеуде қорғауға мүмкіндік
алып, Халида «медицина ғылымдарының кандидаты» деген атаққа ие
болды. Бірақ, көп ұзамай, Кеңес елінде басталған «дәрігерлер
ісі», тағы да Халида
Есенқұлқызын шарпып кете жаздайды. Сол жетекшілерінің
кеңесімен ол сырт жаққа кетіп қана, кезекті «аласапыраннан» аман
қалады.
Содан
кейін, Халида 1954-59 жылдары
Қарағанды қаласындағы медицина институтына орналасып, қалыпты
физология кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады. 1959
жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау Министрлігінің
тапсыруымен Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған медицина
институтына жіберіліп, ол жерде патология
кафедрасын ұйымдастырады және меңгерушісі болып, оны аяғынан
тұрғызады. Сол қызметте жиырма жыл тапжылмай жұмыс істеп,
әрқашан өзінің білім мен ғылымға деген ерекше құштарлығын
көрсетіп, басқаларға, әріптестері мен студенттерге ерінбей
еңбек етудің үлгісі болады. 1967 жылы Мәскеу қаласында
диссертациялық еңбегін қорғап, медицина ғылымдарының докторы
атанды. «Қатерлі ісіктер туралы» ғылыми еңбектері Парижде өткен
халықаралық конгресте оқылды . Осы институт
қабырғасында Х.Е.Маманова әр жылдары
факультеттердің деканының орынбасары, деканы, институт кәсіподағы
ұйымының төрағасы болады, қалалық Кеңестің депутаты болып
сайланады.
Сол
жылдары Халида
Есенқұлқызы мединститут студенттері арасында халық аспаптары
ансамблін құру туралы көтерген бастамасы, облпартком құлағына
шалынып, бюросына шақыртылады, ол жерде «ұлтшыл», «социалистік
ағарту және білім беруге қауіп туғызушы» ретінде айыпталды. Ол атау
және «бай тұқымы» екендігі кейінірек тағы да алдынан
шығып, Мексика мен Орталық Америкаға ғалым
ретінде шақырту келгенде КСРО Сыртқы істер министрлігі
тарапынан рұқсат берілмейді. Тек, социалистік Болгарияға баруға
ғана рұқсат етіліп, Халида
Есенқұлқызы Ақтөбелік дәрігерлер делегациясының құрамында сол
елге аттанады.
Бірақ, бұл сапар ол үшін
қайғылы аяқталады. Бірнеше күннен кейін, сол демалыс орнынан
әлдеқайда алыс
жерден Халиданың суға кеткен денесі табылған. Сот-медициналық сарапшылар
«марқұм кешкі уақытта суға батып өлді» деген қорытынды
жасайды. Оған туыстары мен таныстары оның ондай уақытта
мезгілде суға түскенді ұнатпайтынын және де марқұмның
денесінен көгерген үлкен дақ байқалғанын алға тартады. Оны
сарапшылар «теңізде бетонға соғып алған болар» деп топшылайды да,
әлдебіреудің соққыға жығуы туралы болжам мүлдем жасалмайды.
Туысқандарының айтуынша, бұл іспен Қазақстан мен Болгарияның Ұлттық
қауіпсіздік комитеттері айналысып, марқұмның денесін екі апта
бойы ұстайды. Алайда, қайғылы оқиға себептері содан бері
жұмбақ күйінде
қалды...
Қорытындылай келе қиындыққа
қарсы тұрған қайсар қызымыз, штрафбаттағы жалғыз қазақ қызының, бар
қазактың есіңде мәңгілікке қалғанынан артық құрмет
жоқ!
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Интернет кітап – газета
«Алтын ұям – Ақсуым» авторы
С.Серікбек
2.Медициналық, ақпараттық
танымдық газет, Баспа «БАҚ»