Студентке МІНЕЗДЕМЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студентке МІНЕЗДЕМЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті «6В01601 – тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зертеуші, гуманитарлық пәндер оқытушы» мамандығының күндізгі I курс студенті: Руслан Пангерейұлы Хамзаға МІНЕЗДЕМЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
«6В01601 – тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зертеуші,
гуманитарлық пәндер оқытушы» мамандығының
күндізгі I курс студенті:
Руслан Пангерейұлы Хамзаға

МІНЕЗДЕМЕ

Руслан Пангерейұлы Хамза – «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 12.04.2021 – 01.05.2021 жж. аралығында оқу-танысу практикадан өтті. Оқу-танысу практикадан өту кезінде Руслан Пангерейұлы Хамза өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.

Күнделікті мектепке келіп практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Руслан Пангерейұлы Хамза тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне өндірістік практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.

Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі.

Руслан Пангерейұлы Хамза болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.

Оқу-танысу практиканы 100% (үздік) деп бағалаймыз.



Х. Доспанова атындағы жалпы білім беретін
орта мектеп директоры
Далиев Д.



Практика жетекшісі,
тарих пәнінің мұғалімі
Жакупова Ш.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2023
25633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі