Студенттердің мотивациясы мен құндылықтарының оқу үлгеріміне әсері
Қоғамға замануи психолог мамандарын дайындауда білім берудің алғашқы қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90 жылдық тарихы бар Қазақстанның бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі жоғары белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады. Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында таным көкжиектің шырқау шыңына шығып, іргетасы берік қалыптасқан маман болып қалыптасу – жоғары сапалы білім мен білікті дарытар қара шаңырақта.
Қазіргі психология – бұл іргелі және қолданбалы ғылымдар жүйесі. Заманауи психология дәстүрлі теориялар мен әдістерді дамыта отырып, жаңа зерттеу бағыттарына бағытталған, бұл оның ғылыми жетістіктерін өмірдің әртүрлі аспектілерінде қолдануға мүмкіндік береді. Психологияның маңыздылығы, ең алдымен, адамның өзі мен қоршаған ортаны түсіну қабілетінде.
Кез келген, еліне қызмет етер азаматтар мен азаматшалардың өркендеуінде, қазіргі осы жолда қалыптасушы студенттердің мотивациялық-құндылық бағдары мен оқу үлгерімінің өзара байланысының маңызы зор. Ауқымы кең. Қазіргі қоғамда өз ісін/мамандығын жүрекпен сүйіп істейтіндердің саны аз. Цифрлық қоғам тоқтаусыз дамуда. Уақыттың мәні мен құндылық деңгейі сарқылу үстінде. Қалыптасушы мамандарда осы қоғам темпінде уақыт ырқында шашыраңқы динамикаға ілесуде. Студенттердің үлгерімі белгілі тұлғаның психологиялық сипаттамалары, интеллект, өзіне деген сенімділік, тұрақтылық, өзін-өзі бақылау, метакогнитивті қабілеттер, оқыту стратегиялары және т. б. сияқты факторларға байланысты болып табылады.
“Оқу мотивациясы" көбінесе оқу іс-әрекетінің себебі немесе мақсаты ретінде түсініледі, алайда зерттеушілер атап өткендей, бұл тұжырымдама жеке тұлғаның сипаттамаларынан, оның бағалау пайымдауларынан және мақсатты бағдарлар мен өзін-өзі бақылау қажеттіліктерінен "ұжымдық бейнені" білдіретін қолшатыр құрылымы болып табылады. Қаншалықты мотивациясы мен құндылығы оқу үлгеріміне тең дәрежелі пара пар екені – өзекті мәселе болып отыр. Осы инновациялық даму мен автоматизацияланған қоғамға саналы кәсіби білікті мамандар қажет. Сонда адам мен әлем арасындағы таразы теңделіп, баланс сақталады. Оқу үлгерімі мотивация/құндылығына сәйкес келген студент келешектегі қоғам дамуына үлес қосар – білікті маман болып қалыптасады.
Өткен-қазір-болашақ ұғымдары арасындағы жұқа шекараны сақтау қажет. Яғни, қазіргі көрсеткіштер келешектің тұтастығын көрсетеді. Ал, тұтастық пазл түгел жиналғанда болады. Сүйіп айналысатын мамандықты таңдаумен ол бойынша жоғары білім алу, үлгерім арасында үлкен айырмашылық пен ұқсастық бар. Сол себепті, өз мотивация және құндылық бағдарыңды дұрыс қалыптастыру өміріңнің маңызды сценарийіне әсерін тигізеді. Яғни, студенттердің мотивациясы мен құндылық бағдарларын ескере отырып, оқу үлгерімін арттыру – болашақтағы табысты білікті маман қалыптастырумен тұспа тұс болмақ.
Қабылғажы Е.Е.
психология мамандығының студенті
Жубаназарова Н.С.
психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Тленчиева Н.С.
педагогика ғылымдарының кандидаты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Студенттердің мотивациясы мен құндылықтарының оқу үлгеріміне әсері
Студенттердің мотивациясы мен құндылықтарының оқу үлгеріміне әсері
Студенттердің мотивациясы мен құндылықтарының оқу үлгеріміне әсері
Қоғамға замануи психолог мамандарын дайындауда білім берудің алғашқы қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90 жылдық тарихы бар Қазақстанның бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі жоғары белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады. Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында таным көкжиектің шырқау шыңына шығып, іргетасы берік қалыптасқан маман болып қалыптасу – жоғары сапалы білім мен білікті дарытар қара шаңырақта.
Қазіргі психология – бұл іргелі және қолданбалы ғылымдар жүйесі. Заманауи психология дәстүрлі теориялар мен әдістерді дамыта отырып, жаңа зерттеу бағыттарына бағытталған, бұл оның ғылыми жетістіктерін өмірдің әртүрлі аспектілерінде қолдануға мүмкіндік береді. Психологияның маңыздылығы, ең алдымен, адамның өзі мен қоршаған ортаны түсіну қабілетінде.
Кез келген, еліне қызмет етер азаматтар мен азаматшалардың өркендеуінде, қазіргі осы жолда қалыптасушы студенттердің мотивациялық-құндылық бағдары мен оқу үлгерімінің өзара байланысының маңызы зор. Ауқымы кең. Қазіргі қоғамда өз ісін/мамандығын жүрекпен сүйіп істейтіндердің саны аз. Цифрлық қоғам тоқтаусыз дамуда. Уақыттың мәні мен құндылық деңгейі сарқылу үстінде. Қалыптасушы мамандарда осы қоғам темпінде уақыт ырқында шашыраңқы динамикаға ілесуде. Студенттердің үлгерімі белгілі тұлғаның психологиялық сипаттамалары, интеллект, өзіне деген сенімділік, тұрақтылық, өзін-өзі бақылау, метакогнитивті қабілеттер, оқыту стратегиялары және т. б. сияқты факторларға байланысты болып табылады.
“Оқу мотивациясы" көбінесе оқу іс-әрекетінің себебі немесе мақсаты ретінде түсініледі, алайда зерттеушілер атап өткендей, бұл тұжырымдама жеке тұлғаның сипаттамаларынан, оның бағалау пайымдауларынан және мақсатты бағдарлар мен өзін-өзі бақылау қажеттіліктерінен "ұжымдық бейнені" білдіретін қолшатыр құрылымы болып табылады. Қаншалықты мотивациясы мен құндылығы оқу үлгеріміне тең дәрежелі пара пар екені – өзекті мәселе болып отыр. Осы инновациялық даму мен автоматизацияланған қоғамға саналы кәсіби білікті мамандар қажет. Сонда адам мен әлем арасындағы таразы теңделіп, баланс сақталады. Оқу үлгерімі мотивация/құндылығына сәйкес келген студент келешектегі қоғам дамуына үлес қосар – білікті маман болып қалыптасады.
Өткен-қазір-болашақ ұғымдары арасындағы жұқа шекараны сақтау қажет. Яғни, қазіргі көрсеткіштер келешектің тұтастығын көрсетеді. Ал, тұтастық пазл түгел жиналғанда болады. Сүйіп айналысатын мамандықты таңдаумен ол бойынша жоғары білім алу, үлгерім арасында үлкен айырмашылық пен ұқсастық бар. Сол себепті, өз мотивация және құндылық бағдарыңды дұрыс қалыптастыру өміріңнің маңызды сценарийіне әсерін тигізеді. Яғни, студенттердің мотивациясы мен құндылық бағдарларын ескере отырып, оқу үлгерімін арттыру – болашақтағы табысты білікті маман қалыптастырумен тұспа тұс болмақ.
Қабылғажы Е.Е.
психология мамандығының студенті
Жубаназарова Н.С.
психология ғылымдарының кандидаты, доцент
Тленчиева Н.С.
педагогика ғылымдарының кандидаты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
шағым қалдыра аласыз













