Студенттермен кездесу кеші

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Студенттермен кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттермен кездесу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Бекітемін: Мектеп директоры

Н.Б.Ибраев________________

Келісемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі

Н.Шакимардан____________







«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»

студенттермен кездесу кеші







Ұйымдастырған:

Ж.К Тумарова

А.К Тлеуканова

М.Ш Семейханова

П.Т Дүйсенова

А.Б Жаманкөзова







2024 ж

«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»

студенттермен кездесу кеші


Мақсаты:

а)Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

ә)әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту,7- 8-10-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

б)бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;

в)мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру;


1-жүргізуші: Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым!

1- жүргізуші: Бүгін бізде студенттермен кездесу кеші

2-жүргізуші: Кешті жүргізуші — және мен –

1-жүргізуші: Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым еді іңкәрің,

Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.


2-жүргізуші: Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.

1-жүргізуші: Құрметті, кеш қонақтары! «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда, біздің қазақ мектебін 2020-2021 жылы бітіруші түлектердің __ қазіргі таңда студент қатарында .


1-жүргізуші: Олардың – 8-і жоғарғы, қалғандары арнаулы кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.

2-жүргізуші: Бұл студенттер Семей, Астана, Алматы қалаларында білім алуда!

1-жүргізуші: Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!

2-жүргізуші: Бұлар – елімізді болашағы!

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы – білімді жастарға қошемет, ағайын!

1-бөлім. «Танысу»

2-жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

1-жүргізуші: Сөз кезегін ______________________________________


2-бөлім. «Ашық микрофон» сұрақ-жауап бөлімі

2-жүргізуші:

  • Фархат! Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы оқушыларға мәлімет беріп, өз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!Иә, сіз грант ұтып алыпсыз! Осы жетістікке қалай жеттіңіз? Мүмкін, бұның бір сыры бар шығар.

  • Бауыржан! Сіз оқитын оқу орнының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіз.

  • Гүлнара! Сіз – болашақ мұғалім екенсіз.Бұл мамандықты таңдауға кімдер әсер етті?

  • Жаннұр! Сіз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!

Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.

  • Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?

  • Айырмашылығы болса қандай?

  • Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?................

1-жүргізуші: Жалпы сұрақ! Сіздер елден жырақ – тәуелсіз қазақ елінің бірің солтүстік,бірің батысында оқисыздар. Шындарыңызды айтыңыздаршы,мектептегі өмірді, ауылды сағындыңыздар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар?

2-жүргізуші: Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Рахмет!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

1-жүргізуші: Ойын «Құпия қорап»

2-жүргізуші: Ойын «Сәйкестендіру»



3-бөлім. «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы»

1-жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.

Алысыңда сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.


2-жүргізуші: Өз қайығың бар болса, өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық келешегің.


Әр адамның басынан қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?


1 - жүргізуші: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.


Студенттерге берілетін жағдаяттар.

Сізді ақпанның 20 - жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.


Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?


Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?


Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе. Сіздер қалай ойлайсыздар?


Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын

досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз.


Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа қарсы бәрі бөлмелерін кілттеп, үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ. Сіздің қарныңыз ашып, мазаңыз кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері жоқ. Сіздің әрекетіңіз.


Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз.


Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз.


4-бөлім. «Ақ тілектер» ҰСТАЗ – СТУДЕНТ – ОҚУШЫ - СТУДЕНТ


1-жүргізуші: «Тілек ағашы»

2-жүргізуші:

  • Келесі сөз студенттерге беріледі. Биылғы түлектерге деген жүрекжарды тілектеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар!

  • Ал, оқушылар! Сіздер келіп отырған қонақтарға тілектеріңізді жолдаңыз!


1-жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын

Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.

Қайда барсаң жолдарың ашық болып,

Біліміңе бар әлем тәнті болсын!


2-жүргізуші: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеті бар»-деген екен Толстой, олай болса, әрқайысың да таңдаған мамандықтарыңның алтын қолды иесі болып, мамандықтарыңыз – өнерге, өнерлеріңіз – өмірге айналып,үлкен өмірде сіздерді тек БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен бүгінгі студенттермен кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.02.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі