Студенттік кездер-ай
Студент, көңілге көктем, жүрекке жастық орнататын сөз. Студенттік кезең – қызығы мен шыжығы мол кезең. Балалықтың желі әлі де есіп тұрған жасөспірімге, оқушыдан студенттік образға бірден ену оңай емес. Алғаш колледж табалдырын аттағанымызда, қайда келдік, бізді не күтіп тұр деген сансыз сұрақтар мазалады. Өзін куратормын деп таныстырған апайымыз алып-ұшып тұрған көңілімізге тыныштық орнатқандай. Бірте-бірте студенттік өмірдің қызығын көріп, қиындығын сезіне бастадық. Мектептің 45 минуттық сабағының аяқталуын асыға күтетін біздер үшін, 90 минутқа созылған әр пән, расында да ауыр болды. Ата-ананың ұлым ертең маман атанады деген үміті бізге сабырлық беретіндей.
Уақыт өте келе, өзіміздің балалықты артқа тастап, үлкен өмірге алғаш қадам басуымыз екенін түсіндік. Әр күнімізді жаңа нәрсені үйренуге, түсінуге және болашақты жоспарлауға арнадық. Достық пен сатқындықтық, ақ пен қараның, адал мен арамның арасын ажырата бастағандаймыз. Бойымыздағы өнерге деген қабілетімізді де байқадық. Біріміз мәнерлеп жыр оқыса, біріміз сахнада сан құбылған актерлік шебер екенміз. Әрине, мұның бәрі бізге әрдайы жанашыр бола білген кураторымыз бен оқытушыларымыздың көмегі. Бізге қашанда бағыт-бағдар беруге дайын оқытушылармыз,әрбір жетістігіміз бен жеңісіміз үшін қуана білді. Сол үшін оларға мың алғыс! Сіздің алдыңызда басымызды иеміз!
Бәрі де ұмытылуы мүмкін, алайда колледж қабырғасында өткен студенттік күндер ешқашан ұмытылмайды. Ол бізге тек қана тәтті естелік емес, бізге сабақ, өнеге.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Студенттік кездер-ай
Студенттік кездер-ай
Студент, көңілге көктем, жүрекке жастық орнататын сөз. Студенттік кезең – қызығы мен шыжығы мол кезең. Балалықтың желі әлі де есіп тұрған жасөспірімге, оқушыдан студенттік образға бірден ену оңай емес. Алғаш колледж табалдырын аттағанымызда, қайда келдік, бізді не күтіп тұр деген сансыз сұрақтар мазалады. Өзін куратормын деп таныстырған апайымыз алып-ұшып тұрған көңілімізге тыныштық орнатқандай. Бірте-бірте студенттік өмірдің қызығын көріп, қиындығын сезіне бастадық. Мектептің 45 минуттық сабағының аяқталуын асыға күтетін біздер үшін, 90 минутқа созылған әр пән, расында да ауыр болды. Ата-ананың ұлым ертең маман атанады деген үміті бізге сабырлық беретіндей.
Уақыт өте келе, өзіміздің балалықты артқа тастап, үлкен өмірге алғаш қадам басуымыз екенін түсіндік. Әр күнімізді жаңа нәрсені үйренуге, түсінуге және болашақты жоспарлауға арнадық. Достық пен сатқындықтық, ақ пен қараның, адал мен арамның арасын ажырата бастағандаймыз. Бойымыздағы өнерге деген қабілетімізді де байқадық. Біріміз мәнерлеп жыр оқыса, біріміз сахнада сан құбылған актерлік шебер екенміз. Әрине, мұның бәрі бізге әрдайы жанашыр бола білген кураторымыз бен оқытушыларымыздың көмегі. Бізге қашанда бағыт-бағдар беруге дайын оқытушылармыз,әрбір жетістігіміз бен жеңісіміз үшін қуана білді. Сол үшін оларға мың алғыс! Сіздің алдыңызда басымызды иеміз!
Бәрі де ұмытылуы мүмкін, алайда колледж қабырғасында өткен студенттік күндер ешқашан ұмытылмайды. Ол бізге тек қана тәтті естелік емес, бізге сабақ, өнеге.
шағым қалдыра аласыз


