Студенттік өмір

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттік өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттік өмір мен үшін әрбір адамның өмірінің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен қайғысы, базары мен ажары қатар жүретін ең бір қайталанбас ғажап сәттерінің бірі. Бұл кезеңді әркім әрқалай түсінеді, әрқалай бағалайды. Бірі қиын шақ деп қарастырса, енді бірі қыдыратын, қызық қуатын уақытымыздың жеткені деп санайды. Мінекей, көзді ашып-жұмғанша өзім де студент болдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Студенттік өмір

Студенттік өмір мен үшін әрбір адамның өмірінің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен қайғысы, базары мен ажары қатар жүретін ең бір қайталанбас ғажап сәттерінің бірі. Бұл кезеңді әркім әрқалай түсінеді, әрқалай бағалайды. Бірі қиын шақ деп қарастырса, енді бірі қыдыратын, қызық қуатын уақытымыздың жеткені деп санайды. Мінекей, көзді ашып-жұмғанша өзім де студент болдым. Ал мен осы бір тұщылығы мен ащылығы қатар келетін кезеңді қалай елестеттім?

Сол бір ұшқан ұямда жүргенімде, «тезірек студент болсам екен, мына мектеп қабырғасынан тезірек кетсем екен» деген ойлар маза бермейтін. Сол сәтте мен студенттік кезеңді қайғысыз ең жеңіл шақ деп қарастырыппын. Өзімнің Астана қаласында оқитын әпкем болатын. Соған қарап қатты қызығатынмын. Студент деген де бір үлкен тұлға елестеп, солай қарастыратынмын. Ал әпкем болса, асықпа, мектептегі балалық күндеріңді бағалай біл дейтін. Мен болсам ол сөзге аса мән бермеппін. Алайда, «басында тұз да қант болып көрінеді» деген сөздің қалай орынды айтылғанын яғни, бұл ойымның толықтай қате екенін студент болғаннан кейін түсінгендеймін.

Қазір мен-студентпін. Яғни, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті, Журналистика факультетінің 1-курс студентімін. Иә, мен болашақ журналистпін. Мені мұнда бала күнгі арманым жетелеп әкелді.Мен осы қалаға, осы университетке түскендегі сезімім ерекше болды. Журналистика мамандығын таңдағанда талай қиындықтарға толы мың белесті бағындыруым керек екенін түсіндім. Себебі журналист атану- халықтың сөзін жеткізу арқылы қоғамды өз пікіріңе назарын аударту сияқты қастерлі міндетті арқалаған қасиетті мамандық деп білемін. Осы алдағы 4 жылдықта басты мақсатым- осы мамандықты толық игеріп, сана-сезіміммен түйсініп ұғыну. Және осы жолда оқуға деген бар ізденісімді салып, ынтамды арттырамын деген сенімдемін.Сонымен қатар, жастық шағымды да ұмытпаймын. Осы жастық шағымның қызықты өтуіне бірден-бір себеп - оқу орным деп ойлаймын. Қара шаңыраағымда оқу кезеңі мен студенттік өмірім де қызыққа толы әрі белсенді кейіпте өтпек. Оған себеп- универдегі әртүрлі бірлестіктер мен клубтар. Осы бір қысқа уақытта конвергентті журналистика сабақтарының негізін, қыр-сырын, негізін түсініп, мамандығыма деген қызығушылым одан сайын арта түсті. Міне оқу орнымның маған тигізген мың пайдасының бірі.

Әркімді осы бңр арман қалаға жетеліп келегн студенттік кезең кімге де болса қымбат. Осы күндерді бағалай білейік. Сондай-ақ ізденуші екенімізді ұмытпай сабаққа ден қоюды ұмытпайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2022
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі