Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
көркем еңбек пәні мұғалімі
Ахбердиев Багир Мамедгулиевич

СҮЙЕКТЕН СЫЙКӘДЕЛІК БҰЙЫМДАР ЖАСАУ
Жалпы, қазақтар арасында сүйекке өңдеу өнерінің шеберлері сүйекші аталған. Жұмыстың материалы жануарлардың сүйектері – мүйіз, жауырын, ірі-қараның, жылқының, түйенің, қой мен киіктің жіліншіктері мен қабырғалары болды. Материал қыс бойы жиналды, әдетте, жақсы бордақыланған малдың сүйектері пайдаланылды, өйткені олар серпімді және оюға жақсырақ бейім болды. Түрлі манипуляциялар арқылы олар оюға дайындалды.
Сүйек ұқсату өнері – халқымызда көнеден келе жатқан кәсіп. Қазақ халқы сүйек өңдеу мен одан жасалған бұйымдарды киелі санап, наным-сенімге балаған. Бұған ел арасында ру мағынасында айтылатын "сүйек", "сүйектес", "сүйегі бір" сынды атаулар, "сүйек жаңғырту", "сүйекке түсу", "сүйек шатыс" деген салт-дәстүрлер, қаралауды білдіретін "сүйекке түскен таңба" ұғымы және "ақсүйек", "асық" тәрізді ұлттық ойындар дәлел бола алады. Әдетте қазақ халқы асықты, бесіктің астына салатын шүмекті, шақшаны, тарақты, тұяқтас аспабын тек сүйектен жасайтын болған.
Сүйек бұйымдар – ел арасында таңсық дүние. Кейіпкеріміз қазіргі уақытта киізден, ағаштан, теріден жасалатын ыдыстар мен бұйымдар, тұрмыстық заттар көп болғанымен, сүйектен дайындалатын дүниелер сиреп бара жатқанын алға тартады.
Қож, қожы, қазбай – ұста-зергерлер көріктің көмейіне көмір салуға, ыстық шоқты көсіп алуға, күл шығаруға арнап малдың жауырын сүйегінен жасаған қалақты қож немес қожы, қазбай деп те атай береді. Қожыны әзірлеу үшін жауырынның ортасындағы ұзына бойы созылып жатқан қыр сүйекті шауып тастайдыжәне оны іліп қою үшін бас жағына қайыстан бүлдірге тағады.
Аттарақ – жылқы малын жоғары бағалаған қазақ оны баптап, күтетін құрал-жабдыққа да назар аударған. Бапкерлер бәйгеге қосатын сәйгүлігіне жабу жауып, әбден терлегенше желіп, ащы терін алған соң суытып, таң асырып қояды. теріден бөлінген тұз жылқы жабысып, сор болып кеуіп қалады. Соны үгіп түсіру үшін сүйектен әзірленген арнайы тарақты пайдаланады. Оны аттарақ деп атайды. Ондай тарақты жасау үшін жіліншік сүйекті қақ жарып, ағаштың аша бұтағына шегелейді. Қырлы қапталына бедерлеп егеумен тіс, жүз салады. Тарақ жүзінің тереңдігі пышақ сыртындай, яғни 3-5 мм-дей болуы керек.
Сояу, сүйрік – сүйектен істелген инені сояу немесе сүйрік деп атайды.Ондай инемен қап, қанардың аузын, жабағыны тігуге болады. Қамыс, қоғаның қылтиып жаңа шығып келе жатқан өркенін де қазақ сүйрік деп атаған. Аппақ, жұмыр сүйектен әзірленген сояу ине сол қамыс сүйрігіне қатты ұқсайды.Тіліміздегі «саусақтары сүйріктей» немесе «тырнақтары сояудай» деген сөз тіркестері содан қалыптасса керек.
Сыдырғыш – өрімшілер таспа тілгенде оны біркелкі етіп сыдыру үшін қатты ағаштан немесе мүйізден әзірленген сыдырғышты қолданады. Ағаштан, мүйізден істелген сыдырғыштың пышақ жүзі тиетін тұсы жұқарып, жылдам тозады. Ал ірі қаланың жіліншігінен жасалған сыдырғыш өте ұзақ тұтынуға жарайды.
Тоқубіз – тоқубіз қойдың, ешкінің кәрі жілігінің құрығынан әзірленеді. Кейде оны кәрі жіліктің «шыбығы», «қамшысы» деп те атайды. Кәрі жіліктің жанына жабыса біткен осы жанама шыбықты тазалап мұжып, қырнап алған соң үшкір жағын егеумен егеп, ілдіргі жасайды. Мұндай бізбен иірілген жіптен қолғап, шұлық, шәлі, мойынорағыш, тағы басқа киім-кешек тоқиды.
Батырғы – ірі қараның жіліншік сүйегін пышқымен жара тіліп, бір ұшын сүйір әрі қайқылау етіп егеген, ұзындығы бір сүйем құралды батырғы деп те атайды. Онымен былғары, көнек, торсық, кеукерін, т.б теріден жасалған бұйымдарға батырып, өрнек салуға болады.
Инелік - ірі қараның жіліншік сүйегін пышқымен жара тіліп, жұқартып егеп, бір басын доғалдау етіп жұмырлап, екінші ұшын тілшік қалдыра инелік жасауға да болады. Инелікпен балықшылар ау тоқиды.
Шүмек – қазақ баланы бесікке бөлегенде ағаш шүмекпен қатар сүйектен әзірленген шүмекті де пайдаланған. Ондай шүмекті қойдың, ешкінің асықты жілігінен жасаған. Ол үшін асық орналасқан басын тұйық күйінде қалдырып, қырларын егеп, жұмырлап алу керек.
Ұршықбас – ұршықтың басын, әдетте, ағаштан әзірлейді. Иірілетін жіптің ыңғайына қарай кейде ұршықбасты тастан да жасайды. Сол сияқты ірі қараның ортан жілігінің жамбас ұясына кіріп тұратын жұмыр басын шорт қиып алып та ұршыққа бас әзірлеуге болады.
«Ата көрген оқ жонар ана көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, балаға эстетикалық білім беруде ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралын орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін ерекше манызды технология сабағында оқушыларды енбекке, өнерге баулу арқылы кәсіптік бағдар берудін алғашқы қадамдары жасалады. Ұлттық салт дәстүрімізді одан әрі дамыту үшін көбірек біліп көп үиренуіміз керек. Бір күндігімізді ойламай ертенімізді де ойлап кейінгі өсіп келе жатқан жеткіншектерімізге қазақтың салт дәстүрлерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып ұлттық өнерімізге қызықтыра білуіміз керек. Қолөнер қоғам өміріндегі енбектің өнердің рөлін түсініп өнер адамдарына деген құрметке тәрбиелейді. Қолөнер жастарды қоғамдық пайдалы өнімді енбекке тәрбиелейді Болашақ бүгіннен басталатынын ұмытпағанымыз жөн! Оған заман талабына байланысты технологиялық әдістерді пайдаланып, қызықты және жан – жақты тәсілмен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1995 ж.
-
Н.А. Якупова Р.Ш.Алимсаева Технология 12 жылдық 7 сынып Алматы мектеп 2009 ж.
-
Е. В. Ермилова И.А. Товченик Технология 9 сынып Алматы мектеп 2009 ж
-
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
-
https://massaget.kz/koloner/suyekten-kadesyiy-jasaytyin-sheber-64203/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз