Материалдар / Сұлтанмахмұт Торайғыров.”Шығамын тірі болсам адам болып”

Сұлтанмахмұт Торайғыров.”Шығамын тірі болсам адам болып”

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

МДӘІЖО

Бекітемін: Сералиева Г.С



Қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні:

Кошкарбаева Айгул Токтаровна


Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 6-сынып


Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 1-апта, №1 сабақ


Тарау немесе бөлім атауы:

1-бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған


Сабақтың тақырыбы:

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»


Оқу мақсаттары:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау


Сабақ мақсаты:

6.1.2.1-Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1-Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;


Бағалау критериі:

  • шығарманың идеясын анықтайды;

  • шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді;

  • шығарманың бір эпизодының маңызын талқылап, оған негіздеме жасайды.


Құндылықтарды баулу Ұлттық мүдде.Талап.Ар-ұят.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі уақыты.



Уақыты

Кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

5-7 минут
















Ұйымдастыру Жаңа сабақ а)Оқушыларменсәлемдесу,түгендеу.Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

«Светафор» әдісі арқылы сұраққа жауап алып,үй тапсырмасын бекіту.

Белсенді болу.

Уақыт шегінде жұмыс жасау.


1. Күн

2. АЙ

3. ЖАРЫҚ

Қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңдер! Өткен сабақта «Қараңғы қазақ көгіне күн болып шығу» арманы болған, қысқа ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған С.Торайғыров шығармашылығы туралы өткенбіз. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы-өнер-білім.

ҚБ мұғалімнің мадақтауы.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріліді

Презентация,слайд,оқулық



































Жаңа сабаққа кіріспе.



3-4 минут


«Светафор» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Бүгінгі жаңа сабақта: С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі.

Сенің сабақта білетінің:

Жарқын болашақ үшін ақынның мақсат-тілегі

Сенің меңгеретінің:

























Сенің білетінің:

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің идеясы мен мазмұны

Сенің меңгеретінің:

  • өлең мазмұнын түсінесің;

  • мәтіндегі астарлы ойды анықтайсың;

  • өлең мазмұны бойынша идеясы мен тақырыбын, жанр түрін анықтайсың.



3-5 минут





































































1-3 минут



































1-3 минут

























1-3 минут



































2 минут















1 мин

Жаңа сабақ



а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу.





































































Тапсырмалар



































































































Бекіту
















Алдымен Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы мағлұматтарды еске түсіріп алайық. Ол кім?

Ой шақыру. Автор жайлы не білесің?



Өзіңді тексер. Автор 1893 жылы (Көкшетау облысы, Қызылту ауданы) туып, 1920 жылы (Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) дүниеден өткен.

Ақын, жазушы, ағартушы

Романдары:

«Қамар сұлу», «Кім жазықты?»

Поэмалары:

«Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Қайғы»

Өлеңдері:

«Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Бір адамға», «Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып» және тағы басқалары

С.Торайғыровтың нақылға айналып кеткен шумақтары мен пайымдаулары.

«Адамның ең ұлы қасиеті – бақытты болуға талпынуы»

-----------

«Балалықтың қанына ойын азық»

-----------

«Сүйемін туған тілді  – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.»



«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің мазмұнымен танысу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.





1 – тапсырма

Өлеңнің тақырыбын, жанры мен идеясын анықта.

Өзіңді тексер

Өлеңнің тақырыбы, жанры мен идеясы

* Тақырыбы – Адамдық (Автор өлең мазмұнында жақсы болуды, қоғамға пайдалы болуды, білім мен ізденістке құштар болуды насихаттайды)
*
Жанр түрі – өлең (ұйқасқа құрылған. Шумағы мен бунағы тәртіпке бағынып, әдемі тізбек құрған)
*
Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық (Жарық қуған жас ақын надандықты жойғысы келеді. Өзінің білім-ғылымға деген құштарлығын аса әсерлі баяндайды)



Тапсырма №2.

Өлеңді құрылысына талда.

Өлеңнің құрылысы


Дескриптор

  • өлеңнің шумағын анықтайды

  • тармақ санын анықтайды

  • буын санын анықтайды

  • ұйқас түрін анықтайды





Өзіңді тексер.

Өлең құрылысы

Өлең 3 шумақты,12 тармақты, 11 буынды қара өлең.

Шығамын / тірі болсам / адам болып //         а-11

Жүрмеймін  / бұл дүниеде / жаман болып //  а-11

Жатқаным / көрде тыныш / жақсы емес пе //    б-12

Жүргенше / өмір сүріп / надан болып //            а – 11



3 – тапсырма

Өлеңнің берілген шумағын оқып, түйінді ойды анықта. Өз пайымыңды жаз.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Shape1

Дескриптор

  • Үзіндідегі ойды анықтайды

  • Лирикалық қаһарманын табады

  • Берілген үзінді бөлігіне негіздеме жасайды















Өзіңді тексер.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.



Бұл шумақта шығарманың ең негізгі ойы баяндалған. Лирикалық қаһарман автордың өзі. Ол осы шумақта өзінің түпкі мақсатын ашық жазады. Надандыққа қарсы күресін тоқтатпайтынын, білімге ұмтылатынын, айналысын біліммен сусындататынын ашық баяндайды. Оны «Серт етіп, өз-өзіме еткем егес» деген тармағынан байқаймыз.

Shape2

1893 (Көкшетау облысы, Қызылту ауданы) – 1920 (Баянауыл ауданы, Павлодар облысы)



Shape3

Сұлтанмахмұт Торайғыров







Shape4

«Шығамын тірі болсам адам болып» атты шығармасының негізгі идеясы – білімге, ғылымға ұмтылу, надандықты жою.



Shape5

Ақын, жазушы, ағартушы







Shape6

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Оқып жүрген жастарға», «Бір адамға», «Шәкірт ойы» т.б. өлеңдері, «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» атты поэмалары, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары бар.













Қосымша тапсырма

Шығармашылық жұмыс

  1. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау

  2. «Жарқ етіп, жоқ болған жан» (С.Торайғыров туралы ойтолғау)



Автор жайлы мағлұматтарын тексеру















































Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту























Өлеңді талдау деңгейлерін анықтау



Светафор әдісі















































Түртіп алу әдісі

























Валейбол әдісі













Микрафон әдісі

































СКТ кестесі

















































































Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі