Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жас мерейтойы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жас мерейтойы

Материал туралы қысқаша түсінік
: Білім алушылардың дарынды қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлы ғұламалардың өлеңдерін жатқа айту, әрбір білім алушының бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Білім алушыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»________

Мектеп директоры

Солтаналинова К.А


«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру »бағдарламасы бойынша

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жас мерейтойына арналған

әдеби кештің сценарийі


Өткізу мерзімі:18 қазан

Уақыты:15.00

Орыны:Мектеп кітапханасы

Жауапты: Абетова Р.К



«Сөз сұлтаны — Сұлтанмахмұт» 

С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби кеші


Мақсаты:
 Білім алушылардың дарынды қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлы ғұламалардың өлеңдерін жатқа айту, әрбір білім алушының бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Білім алушыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Түрі: әдеби кеш

Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріліп, кештің тақырыбы ілінеді. Керекті құралдар : үлкен экран, компьютер,. Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік. Сезім.

Барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:

Іс- шараға қатынасушы білім алушылардың әзірлігін бақылау, түгендеу. Сахнаға шығу реттік санын бойынша білім алушыларды дайындау. Жүргізушілер мерекелік үлгіде киінген.

«Сөз сұлтаны — Сұлтанмахмұт» » атты әдеби кешіне сценарий.

Жүргізушілер: Сахнаның екі жағынан шығып, бастарын иіп

сәлемдеседі.

1- Жүргізуші Бүгінгі біздің  шарамыз Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолында  «Сөз сұлтаны — Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеші өткізіледі.

2- Жүргізуші: : C.Торайғыров – қазақ тарихында ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткерлердің бірі.

1- Жүргізуші: Ақынның өмірі ұмтылыс пен ізденіске толы болды. Әлеуметтік оқиғалардың шиеленісті дәуірінде өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты шындығын тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті. Сұлтанмахмұттың екі жасында анасы өліп, болашақ ақын жетімдік пен жоқшылықтың қасіретін бірдей көріп өседі.

2- Жүргізуші: Ақын халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяны көтереді. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды.

2- Жүргізуші: Сұлтанмахмұт – тым ерте оянған және халық, ел мұңын ерте түсініп, жырлаған ақын. Ол бала жігіт кезінде жазған өлеңдерінің кезінде әлеуметтік теңсіздікті, қазақ халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін, ескі ауылды езіп жанышқан әдет-ғұрып заңдарының қырсығын анық көрсетеді. Өз дәуірінің озат ақыны, ауырпалықтарға жаны ауыра қарады.

Видео С.Торайғыровтың өмірбаяны

1- Жүргізуші: «Қамар сұлу»романы, «Кедей», «Адасқан өмір», аяқталмаған «Айтыс» деген поэмалары бар. «Кедей» поэмасында қазақ кедейінің басынан кешкен ауыр тұрмысын, тіршілік жағдайын суреттей отырып, оның өз ортасынан бөлінуін көрсетеді. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Поэма 5 бөлімнен тұрады. Бұлардың бірі- адамның сәби шағын, 2-сі жігіт шағын, 3-сі ұлғайған тоқтаған кезін, 4-сі кәрілік кезін, 5-сі өлген мезгілін суреттейді. 

2- Жүргізуші: «Қамар сұлу» - өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алғанмен, сол арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыдан талдайды. Романның негізгі идеясын Сұтанмахмұт әр қилы тағдарлар, адам бейнелері арқылы ашуға тырысады. Оның кейіпкерлері көзқарасы әр түрлі адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі. Қамар, Ахмет және оларджақтаушы Омар ұнамды кейіпкерлер ретінде танылып, жорға Нұрым, Қалтан қажы, Оспан билер жаңалыққа қарсы іс-әрекеттерімен көрінеді

1- Жүргізуші: Романның өткен өмірді, ондағы әділетсіздікті реалистікпен суреттей отырып, еңбекші халықты надандыққа, феодалдық кертартпа салсанаға қарсы күреске үндеуде ерекше маңызы бар.

Қазақ әдебиетіндегі алғашқы публицист-жазушылардың бірі Сұлтанмахмұт атамыздың өлеңдері сан түрлі тақырыптарға жазылған. Отанына арналған «Туған еліме» өлеңі. Даянқызы Алтын

2-Жүргізуші: Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында ақындық өнерін шыңдап, поэзия саласында өлең жазып, жеке шығармашылығын ұсынып отырған .

2- Жүргізуші: С.Торайғыровтың өлеңдері

2- Жүргізуші: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ірі өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың таңдаулы шығармалары арқылы қазақтың әдебиеті мен әлеуметтік ой- пікірі тарихында көрнекті орын алды. Ақын қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтерген суреткер, реалист болып табылады. Ол аз ғұмыр жасаса да, соңына мол әдеби мұра қалдырды. Өз тұсындағы қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды. Жазушының тіл шеберлігі, ақындық ерекшеліктері Ыбырай, Абай дәстүрлерінің негізінде жазылды.

1- Жүргізуші: Әдеби кешімізді Сұлтанмахмұт атамыздың «Оқып жүрген жастарға» деген өлеңінің мына шумағымен аяқтаймыз:

2- Жүргізуші: Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз.

Қабылбек Диянаның орындауында әншашу орындалады.

Жүргізіші:Қортынды сөз кезегі ,мектеп директоры Солтаналинова Канымгул Айтпекқызына және қазақ тілі пән мұғалімі Ертаева Ақмарал Хамитқызына беріледі.


Келгендеріңізге рахмет , қош сау болыныздар!





«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ











«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жас мерейтойына арналған әдеби кештің сценарийі






Жауапты : Абетова Р.К









2018 жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі