Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күніне орай өткізетін әдеби кештің сценарийі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Төлеген Айбергенов атындағы №16орта мектеп
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай өткізілген
«Ақын есімі – ел есінде» атты әдеби кештің сценарийі
Мақсаты: Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, балалық шағы, білім алу жолдары, қызметі, алдына қойған мақсатқа жету жолын үйрету. Ақын шығармалары арқылы әдеби – теориялық білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұлттық патриотизмге , оқу-білімнің маңызын түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу
1- жүргізуші. Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі кешті қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына сөздерімен бастағым келіп отыр:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
2- жүргізуші.Бүгін сіздермен өткізгелі отырған С. Торайғыровқа арналған «Ақын есімі – ел есінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?
деген рухты жырларымен мәңгі өшпес із қалдырған ақын. Өскелең ұрпақтың идеалына айнала алатын дара да, дана ақынның бірі екені тағы да айшықтала түсті.
1- жүргізуші. Құрметті ұстаздар және оқушылар, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы деректеріне назар аударайық.
1-оқушы. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.
2-оқушы1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
3-оқушы Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелей білген адам. Ол – сол дәуірдің айрықша тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті.
4- оқушы.С. Торайғыровтың шығармалары
♦ Өлеңдері: «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім»
♦ Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»
♦ Прозасы: «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»
Әдеби - музыкалық композиция «Бір адамға» өлеңі (Дамир,Захар,Аслан)
Автор(Санжар)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады.
«Бір адамға» өлеңі.(мәнерлеп оқу: Аслан,Дамир,Захар,Думан)
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?...»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағына қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай - ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп.
Шәкірт ойы (Алтынай,Санжар мәнерлеп оқу)
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.
Шыны осы(мәнерлеп оқу Дильназ,Бану,Маржан,Лаура,Алина,Айжан)
Адам сәні барлық шақта
Аброй, бірлік ынтымақта.
Шында ғана тұрақтылық,
Күйе жұқпас көңіл аққа.
Менде ағайын, жақын жоқ па,
Зая қылар барды жоққа.
Қылдан тайса қылтық етіп,
Нысана ғып байлар оққа.
Көңілденсе көзге мақтап,
Жамандайтын сырттан мықтап.
Өзі мықты, өзі білгіш,
Қолдағанын қалмақ сақтап.
Ашуланса пәле жаппақ,
Аузын алсаң, алмақ ақтап.
Көпірме сөз көсіледі,
Іркілмей-ақ бойға шақтап.
Болыссызға кінә тақпақ,
Бар мініңді іздеп таппақ.
Жақынына опасыз жан
Кенелтпекші кімді жақтап.
Туысқанға өтпейді кек,
Кінәласса болғаны тек.
Ағайын боп бал жаласпақ,
«Түбі бірге түтпейді» деп.
Мұндай жақын кімге қымбат,
Кімге адамдық опа қылмақ.
Бұзылмалы сабындай-ақ,
Толқымалы болса сынап.
Өзіме өзім қойдым сұрақ,
Жауабымда шыннан шырақ.
Адал жолдас, жаны туыс,
Маңымда жоқ, бәрі жырақ.
Туған еліме өлеңін мәнерлеп оқу(Алмас,Думан,Бекзат,Нуридин,Мақсат)
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып?
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырап.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қақырық.
«Кімсің?» - дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып.
Қуат бітті бір күшті
Жеңілерлік тағдыр жаңылып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күш вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады,
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ал, қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.
Сахна қойылымы(Қамар сұлу романынан көрініс)Автор сөзі
Романның негізгі кейіпкері Қамар - жазушының суреттеуінде, аса сұлу, ақылды, ұстамды, сөзге шешен, ақын қыз. Сұлтанмахмұт оны романтикалық бейнеде алып, сирек туатын жан етіп суреттейді. Қыздың портреті мен мінездемесі де соған лайық берілген. Түр-тұлғасы, мінез-құлқы тең келген Қамарды ел әсемдіктің, ақылдылықтың белгісіндей көреді. «Бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе, «Уай, шіркін, мынау Қамардай екен!» - десуші еді»,- дейді.
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай?!
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай?!
Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай?!
Жұп-жұмсақ бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай?!
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі онан асып.
Өзгеден сып-сыпайы Һәм сүйкімді ,
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.
Талайы бозбаланың болған ғашық,
Уай, шіркін!Болсайшы деп бізге нәсіп.
Егер де Қамарменен тіл қатысса,
Құдай ұрып жым болар қара басып.
Қамар өзіне тең, жар боларлық адамды сұлудан, байдан іздемейді, ақылды, сырлас, мұндас адамдардан іздейді. Мұндай адам деп Ахметті таниды. Бірақ қыз ғашықтық сезіміне беріліп, күйректікке түспейді.
Қамар
. «Ахметті сүйемін-ақ... Сүйгенім үшін осынша күйемін-ақ. Ал, енді шыдамадым... Қараландым... Күні ертең ел-жұртым екеумізді екі айырып жібереді... Онда не болдым... Әке, ағаларым болса, оған бермек тұрсын, бұл жазғанын сезсе де, бұл күнімізді өзімізге көп қылады ғой», - деп ойлайды Қамар Ахметтен хат алғанда. Қыз ойының қорытындысы мынау болады:
« - Қой, бүйтіп күйік үстінде күйік-жалқын салмайын: өзімдікі қабірге бірге түсетін күйік қой, енді тағы Ахметті күйдіріп, кәрі әке-шешесінің обалына қалмайын; бірденеміз елге сезіліп қалса, Ахмет байғұстың талқаның шығарады ғой... Обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай солға басқан қазақтың қара ғұрпына болсын!».
А, құдай жасты-жасқа пар қылғаның,
Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.
Біреуге алтын, гауһар тақыт беріп,
Астана жұрт билеген хан қылғаның.
Біреуге мал мен бақгы үйіп беріп,
Акылсыз екі аяқты мал қылғаның.
Біреуге Аплатондай білім беріп,
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның.
Қыздарын теңге бермей, малға беріп,
Қазақты қара көңіл аң қылғаның.
Мейлі қоңыз болсын, доңыз болсын,
Малдыны кісімсітіп паң қылғанын, -
деген Қамар өлеңінен қоғамдық әділетсіздіктің адам тағдырына әсер етіп жатқанын түсінесің.. Автор.Ахмет - кедей шаруа ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, сөзге шешен ақын, ел аузына ерте ілінген қадірлі жастардың бірі.Қамар мен Нұрым тойында Ахмет айтқан «Жар-жарда» бұл идея жұмбақтап беріледі.
Қарт қара құс сұқсырға
Қалайша тең, зар-зар!
...Бірің – күнде, бірің – түн
Бір кемеге салса да,
Сыйысу жоқ, зар-зар!
Хор «Туған жер!»
1-жүргізуші: Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 21.05. 1920 жылы 27 жаста қайтыс болады.
Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті.
2-жүргізуші: Сұлтанмахмұт –– қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен асау арналы өзенінің бірі.
«Ел үшін еңбек етсең - халқың сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өшірмес.
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек», - деп ақынның өзі жырлағандай, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі үшін еткен еңбегі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ тарихында ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткерлердің бірі.
«Ақын есімі – ел есінде»
Осымен әдеби кешіміз аяқталды қош сау болыңыздар!