Су тіршілік көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Су
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абсолюттік биіктік (лат. absolutus - толық, сөзсіз) - мұхит деңгейінен есептелетін биіктік.

Абсолютті монархия - монархтың билігі шексіз болады (Бруней, Бахрейн, Катар, БАӘ, Оман және т.б.).

Абсолюттік ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері. Ол граммен есептелінеді (г/м3).

Автохтондар, аборигендер - биологияда: белгілі бір орында эволюциялық жолмен пайда болған және осы уақытта дейін өмір сүретін организмдер (өсімдіктер мен жануарлар). Мысалы, бұған Аустралияның қалталы жануарлары жатады.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) - халық шаруашылығының аса маңызды құрамдас бөлігі.

Азимут - бақылаушының тұрған нүктесіндегі меридианның бағыты және сол нүктеден діттеген затқа қарай жүргізілетін бағыттың арасында пайда болатын бұрыш. Сағат тілінің айналу ретімен 0°-тан 360°-қа дейін есептелінеді. Азимут нағыз және магниттік болып ажыратылады. Нағыз азимут географиялық меридианнан, ал магниттік азимут магниттік меридианнан есептелінеді. Магниттік азимут тұсбағдармен өлшенеді.

Антиклиналь - тау жыныстары қабаттарының жоғары қарай иілген қатпары. Ядросы ежелгі тау жыныстарынан тұрады, үстіңгі қабаттарын жасырақ жыныстар құрайды.

Антициклон - атмосфера қысымы жоғары облыс. Қысым орталығынан шетіне қарай азая береді.

Антрацит (гр. antrax - көмір) - қара түсті, металл сияқты жалтыраған, сапасы өте жоғары көмір. 

Апартеид - нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі, ОАР билеуші топтары ашық жүргізіп отырған мемлекеттік саясат. БҰҰ апартеид саясатын жүргізуге тыйым салу және оған айыптыларды жазаға тарту туралы документ қабылдаған.

Арна - аңғардың түбіндегі ағын өтетін ойыс. Өзеннің эрозиялық әрекетінің нәтижесінде жасалады. Аса ірі өзендерде ені бірнеше км-ге дейін жетеді.

Артезиан суы - су өткізбейтін қабаттардың аралығындағы сулы қабатта жайласқан қысымды жер асты суы.

Архипелаг - бір-біріне жақын жатқан аралдар тобы. Әдетте негізі ортақ болады және теңіздің ішіндегі орнына байланысты біріктіріледі. Мысалы, Франц Иосиф жері, Малай және Антил аралдары.

Атлас - бір жүйемен жасалған географиялық карталар жиынтығы. Атлас деген атты тұңғыш рет XVI ғасырдың соңында Голландия картографы Меркатор қолданған.

Атмосфера - Жер шарын айнала қоршаған ауа қабығы. Ауа, негізінен, оттегі мен азоттан тұрады. 1% мөлшерде аргон, көмірқышқыл газы және басқа газдар бар. Сонымен қатар ауаға су буы мен шаң-тозаң араласады. Атмосфера қысымы мен тығыздығы биіктік артқан сайын азая береді. Оның массасының жартысына жуығы төменгі 5-6 км-лік қабатта, 99%-ы 90 км-ге дейінгі қабатта шоғырланған. Жоғары биіктікте (200-400 км) ауа сирейді. 3000 км-ден жоғары атмосфера тығыздығының планетааралық кеңістіктің тығыздығынан оншалықты айырмашылығы болмайды. Сондықтан бұл биіктік шартты түрде атмосфераның жоғарғы шекарасы ретінде қабылданған. Атмосфера температурасының таралу сипатына қарай тропесфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына бөлінеді.

Атмосферадағы конвекция - температурасы мен тығыздығының айырма жасауына байланысты ауаның жеке бөліктерінің вертикаль бағытта алмасуы.

Атмосфералық жауын-шашын - атмосферадан жер бетіне сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Бұлттан жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық жауады. Ауаның жер бетіне жақын қабатынан тікелей бөлініп, шық, қырау, көк мұз тұрады. 

Атмосфералық қысым - ауаның жер бетіне түсіретін қысымы.

Атмосфералық фронт - қасиеті әр түрлі екі ауа массасының арасын бөліп жататын өтпелі өңір. Ені жер бетінде бірнеше км-ден бірнеше ондаған км-ге дейін, ұзындығы бірнеше 100 км-ден бірнеше 1000 км-ге дейін барады.

Атолл - мұхиттың ортасындағы білезік тәріздес маржан аралы. Білезіктің ені 100-200 м, ал бүкіл атолдың диаметрі 200 м-ден 50-60 км-ге дейін жетеді. 

Ауа массасы - тропосфераның температуасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі т.б. қасиеттері бойынша бір тектес ірі бөлігі. Шығу тегіне қарай арктикалық, антарктикалық, қоңыржай (полярлық), тропиктік және экваторлық ауа деп ажыратылады. Экваторлық ауа теңіздің, құрлықтың үстінде өте дымқыл, температурасы жоғары болады.

Ауыл шаруашылығын интенсивті жолмен дамыту - жан-жақты механикаландыру, электрлендіру, жерді мелиорациялау және тыңайтқыштар қолдану, мал тұқымын асылдандыру шараларын жүзеге асыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту.

Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту - жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, асылдандырмай-ақ мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін арттыру.

Б

Бағара - көбінесе суармалы егісті аудандарда ауыл шаруашылық дақылдарын суармай егетін жер. Оңтүстік Азияның жауын-шашын көбірек түсетін тау алды өңірінде және оазистердердің шеттерінде таралған. Бағара егіншілігі Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Закавказьеде жүргізіледі.

Бағдарлау - жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажырату. Күнге, темірқазық жұлдызына, жергілікті белгілерге қарап бағдарлауға болады. Дәл бағдарлау үшін магниттік тұсбағдар мен топографиялық карта пайдаланылады.

Базальт - көбінесе ең көп тараған қара түсті эффузивік тау жынысы. Көпшілік жаңартаулардың лаваларын құрайды.

Барометр - ауа қысымын өлшейтін құрал. Екі түрі бар: сынап барометрі және ангроид барометрі. Сынап барометрі сынап құйылған шыны түтіктен және оның жанындағы қысым мөлшері жазылған шкаладан тұрады. Анероид барометрде сынап қолданылмайды.

Барқан - шөлдерде жер үрлеп үйген қол орақ немесе жарты ай тәріздес құм төбе.

Батпақ - құрлықтың ұзақ уақыт артық ылғалданатын, шымтезек басқан және ерекше ылғал сүйгіш өсімдіктер өсетін алқабы. Батпақ жер бетіне су іркіліп жинақталған немесе көлді, бөгенді өсімдік басып кеткен жағдайда пайда болады. Батпақта шымтезектің мол қоры шоғырланған. Батпақ артық ылғалданатын тундра және орман зоналарында таралған.

Белдеулік уақыт - халықаралық келісімге сәйкес 15° бойлық сайын белгіленген меридиандармен шектелген белдеулер (жалпы саны 24) бойынша жүргізілетін уақыт есебі. Әр белдеудің бүкіл өң бойындағы уақыты бірдей болады.

Бенилюкс - Бельгия, Нидерланды және Люксембург қрған экономикалық сауда одағының қысқаша аты. 1958 жылы Гаагада 50 жылдық мерзімге жасалған шарт бойынша бұл елдер өзара біртұтас рынок құруға, жұмыс күші, тауарды және капиталды бір-бірімен еркін алмасып тұруға және бірыңғай сыртқы саясат жүргізуге келіскен.

Бергштрих (нем. berg - тау, strich - сызық) - топографиялық картада горизонтальға кесекөлденең қойылған қысқаша сызықша. Ылдидың бағытын көрсетеді.

Биіктік және тереңдік шкаласы - құрлық пен теңіз түбі бедерінің сипатын көрсету үшін белгісі 1 м сайын горизонтальдармен шектеліп, бояу арқылы бөлінген сатылар.

Биосфера - Жердің тірі организмдер тіршілік ететін ерекше қабаты. Бүкіл гидросфераның, тропосфераның мен литосфераның бірнеше ондаған, сирек жағдайда жүздеген метр тереңдікке дейінгі беткі қабатын қамтиды.

Бора (жел) - қыста теңізге жақын жатқан таулардың беткейімен төмен қарай көбінесе дауыл түрінде соғатын өте күшті, суық жел. Қыста теңіз бен құрлықтың үстіндегі қысым мөлшерінің бір-бірінен үлкен айырма жасауына байланысты пайда болатын жергілікті жел. Мысалы, Азов, Қара теңіздері.

Бөген - өзен суын бөгетпен бөгеу арқылы түрлі шаруашылық мұқтаждарын өтеу мақсатында қолдан жасалынатын су алқабы. Бөген суы СЭС-тің турбиналарын айналдырады, кеме қатынасын, жер суаруға, сумен жабдықтауға пайдаланылады. Дүние жүзіндегі ең ірі Братск (Ангара ) бөгенінің аумағы 170 км3. Қазақстанның ең ірі бөгендері: Бұқтырма (Ертіс), Қапшағай (Іле), Шардара (Сырдария).

Бриз - теңіздердің, ірі көлдер мен кейбір үлкен өзендердің жағасында тәулік ішінде бағытын қарама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.

Бұғаз - Дүниежүзілік мұхиттың жек бөліктерін бір-бірімен қосатын жіңішке су айдыны. Бұғаз материктердің (Беринг бұғазы), материктер мен аралдардың (Татар бұғазы) немесе аралдардың (Маточкин Шар бұғазы) арасымен өтеді.

В

Вегетациялық кезең - өсімдіктің көктемдегі соңғы үсіктен күзгі алғашқы үсікке дейін созылатын өсіп-өну кезеңі. Метеорологиялық жағдайлармен, әсіресе ауа температурасымен тығыз байланысты.

Г

Гейзер - мезгіл-мезгіл ыстық бу мен суды шашып тұратын қайнар бұлақ. Мысалы, Камчатка, Исландия, Жапония аралдары. 

Географиялық карта - табиғат пен қоғамдық құбылыстардың орналасуын, жай-күйін және өзара байланысын көрсететін жер бетінің кішірейтілген бейнесі. 

Географиялық координаттар - нүктенің Жер бетіндегі орнын белгілейтін шамалар. 

Географиялық қабық - атмосфераның, гидросфера мен литосфераның тоғысып, біріне-бірі әсер етуінің және бірімен-бірінің зат алмасуының нәтижесінде түзілген Жердің ерекше қабығы.

Геология - Жердің құрылысын, құрамын және даму тарихын зерттейтін ғылым. Геология және даму тарихын зерттейтін ғылым. Геология салалары: петрография тау жыныстарын, минералогия тау жыныстарын құрайтын минералдарды; тектоника Жер қабығындағы қозғалыстар мен олардың әсерінен түзілетін тау жыныстарының жату формаларын; тарихи геология Жер қыртысының даму тарихын; динамикалық геология Жер қыртысын өзгертетін күштерді; палеонтология Жер бетіндегі тіршіліктің шығуы мен дамуын; палеогеография өткен геологиялық дәуірлерді физикалық-географиялық жағдайларды зерттейді.

Геологиялық карта - Жердің беткі қабатының геологиялық құрылысын бейнелейтін карта.

Гигрометр - ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал.

Гидросфера - Жердің су қабаты. Гидросфераны мұхиттар мен теңіздер, құрлық бетіндегі, су, сонымен бірге жер асты суы мен мұздықтар құрайды.

Гипоцентр - жер сілкіну кезінде пайда болатын тереңдегі ошақ. Одан жер сілкіну толқындары жан-жаққа таралады. Гипоцентр көбінесе 50 км-ге дейінгі тереңдікте орналасады, кейде одан да тереңге тіпті 700-800 км-ге дейін кетеді.

Глинозем (алюминий тотығы) - алюминий рудаларын (боксит, нефтелин, алунит) химиялық жолмен өңдеу арқылы алынатын жартылай фабрикат. 2 тонна глиноземнен 1 тонна алюминий қорытылып алынады.

Горизонтальдар - географиялық карталарда жер бетінің мұхит деңгейінен бірдей биіктікте жатқан нүктелерін қосатын сызықтар.

Горст - Жер қабығының терең тектоникалық жарықтарды бойлап, зор шоңғал түрінде көтерілген алқабы. Таулы өлкедегі жақпарлы жоталарды құрайды.

Грабен - жер қабатының терең тектоникалық жарықтарын бойлап опырылған алқап.

Градус торы - картада немесе глобус бетінде жүргізілген меридиандар мен параллель сызықтарының бірін-бірі қиюынан пайда болған тор.

Грунт суы - Жер бетінен есептегенде бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы, кәдімгі құдық қазғанда шығатын су.

Гумус - қарашірік топырақтың беткі қабатындағы қоңыр түсті органикалық бөлік.

Д

Дата өзгерту сызығы – Жер шарындағы бір мезгілде күнтізбелік даталары бір-бірінен бір тәулікке айырма жасайтын жерлерді бөліп жататын шартты сызық.

Дәнді дақылдар – бидай, күріш, жүгері, қара бидай, сұлы, арпа, тары, сорго, т.б. Егілетін уақытына қарай дәнді дақылдар күздік және жаздық түрлерге бөлінеді.

Демаркациялық шекара – іргелес елдер арасындағы даулы территорияға ерекше келісім бойынша уақытша белгіленетін шекара.

Демография – халықтың саны, құрылымы, өзгерісі, өсу қарқыны, кәсіби құрамы, таралуы туралы ғылым.

Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді.

Доминион – бұрынғы Британ империясының өзін-өзі басқарған бөліктерінің аты.

Дюна – теңіздің, көлдің немесе өзеннің жайдақ жағасында желдің айдап үюінен пайда болған құм төбелер.

Е

Еңбек өнімділігі – белгілі бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім мөлшері. Еңбек өнімділігінің артуы – еліміздің ұлттық табысы көбеюінің негізгі жолы.

Еңбек ресурстары – еңбекке қабілеті бар халықтың бөлігі.

Еңбекті көп қажет ететін өндіріс – өндірілетін өнім бірлігіне еңбек көп жұмсалатын өндіріс салалары.

Ж

Жаға – құрлық пен су алқабының (теңіз, көл, бөген, өзен) астарласқан жеріндегі үнемі сумен шайылып отыратын жіңішке өңір.

Жазық – жер бетінің аз тілімделген, жеке нүктелерінің биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайтын біршама тегіс немесе белесті алқабы.

Жайылма – өзен аңғарынан тасыған су басатын арнаға іргелес, жайдақ бөлігі. Мысалы Обь өзені -(40-45 км).

Жалпы географиялық карталар – алынған территорияға жалпылама сипаттама беретін карталар.

Жанартау (вулкан) – конус формалы тау. Көмекейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жынысары атқылап тұрады, жер бетіне отты-қоймалжың зат (лава) шығып төгіледі.

Жанартаулық арал – мұхиттың немесе теңіздің түбінен жанартау атқылауы әсерінен пайда болған арал. Солтүстік Мұзды мұхитта ғана жоқ. Мөлшері лаваның жайылу қасиетіне байланысты.

Жанартаулық бомба – жанатау атқылағанда кратерден атылған лава кесектері. Іші кеуекті, сыртқы шыны сияқты жылтыр. Лаваның тұтқырлығына қарай түрлі формада (домалақ, сопақ, жапа тәріздес) кездеседі.

Жанартаулық тау жыныстары – жанартау атқылауынан түзілген тау жыныстары. Екі түрі бар:

1)төгілген тау жыныстары жер бетіне шығып жайылған лаваның қатуынан пайда болады (базальт, андезит т.б.);

2)атпа тау жыныстары: жанартаулық бомба, күл, құм.

Жан басына шаққан өнім – бүкіл шығарылған өнімді ақшамен есептеп немесе сол қалпында (тонна, кВт/сағат т.с.с.) бүкіл халықтың санына бөлгенде әрбір жеке адамға тиетін үлес.

Жартылай фабрикат – шикізатты өңдеу арқылы жасалынған, бірақ әлі де әрі қарай өңдеуді қажет ететін бұйым.

Желбағдар (флюгер) – метеорологиялық станцияда желдің бағыты мен жылдамдығын өлшеу үшін қолданылатын құрал.

Жер бедері – жер беті бедерінің жиынтығы.

Жер сілкіну – жер беті алқабының табиғи себептермен тербеле қозғалуы.

Жон – төбесі жайпақ, беткейлері түйетайлы, ұзынша келген аласа қырат.

Жылым – қыста мұз құрсап жататын теңіз, көлдің немесе өзеннің түрлі себептерден қатпайтын жері.

Жылымшы – мәңгі тоң аймағындағы ойдымдар. Жыл бойы температурасы 0°-тан жоғары, суы сұйық күйінде болады.

Жунгли – тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ағаш, бұта және биік шөп өсімдігі араласып өсетін, шырмауық аяқ аттап бастырмайтын қалың орман.

Жүк айналымы – көліктің жүк тасу жөніндегі жұмыс көлемі. Тасылған жүктің жалпы салмағы тасу қашықтығына көбейту арқылы анықталады (тонна/километр).

З

Зенит – Жер бетінің кез келген нүктесінде тұрған бақылаушының тас төбесіндегі нүкте, тіп-тік жүргізілген сызықтың аспан күмбезіне тірелген жері.

Зоналық заңдылық – табиғат комплекстерінің географиялық ендікке сәйкес өзгеру заңдылығы.

Зоогеография – жануарлар географиясы. Жануарлардың жер бетіне таралу заңдылығын зерттейтін ғылым.


Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б. әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.

Аллювий – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.

Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.

Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

Антропогенді ландшафт – адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.

Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Аэротермикалық градиент – ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.

Бедленд (шөл адыр) – эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.

Биогенді кешен – территориялық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.

Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.

Биотикалық фактор – ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.

Биоценоз – тіршілік жағдайларда азды-көпті біркелкі болып келетін аймақты мекендейтін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.

Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.

Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

Гамада – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы.

Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.

Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң учаскесі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.

Геофизика – Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.

Гербицид – арам шөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.

Гидротермиялық градиент – ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.

Гидротермиялық коэффициент – ылғал балансын жылу балансына бөлгендегі шама. Территориялық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінін, артық екенін көрсететін өлшем.

Гидрофизика – өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым.

Гляциальды-нивальды зона – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тараған жер.

Гравитациялық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы.

Гравитациялық процесс – заттардың түрліше гравитациялық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б.

Гравитациялық энергия – заттардың гравитациялық қозғалысының күші. Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу.

Гумидті процесс – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.

Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.

Дефляция (лат. deflatіo – үрлеу) – топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі.

Дендрология (грек. dendron – ағаш және логия) – ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы.

Дендро бағы – жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.

Денудациялық процесс – тау жыныстарының үгілу және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.

Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.

Дигрессиялық ландшафт өзгерісі – ландшафтының құнарсыздануы.

Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.

Жер беті жыныстарының аэрациясы – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.

Зоомасса – территориялық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.

Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

Инсоляциялық беткей – күнгей беткей.

Интрузия (лат. іntrudo – итермелеп енгізу) – 1) жер қыртысының жоғарғы зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып үлгірмеген магманың енуі; 2) осы магманың қатаюынан пайда болған магмалық дене.

Интрузивтік тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.

Қайназой эрасы – жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60–70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген.

Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

Каппилярлық су – топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.

Киммериялық тектогенез – мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау таулары түзілген.

Консервативті ландшафт – барлық кешендері динамикалық тепе-теңдік тапқан ландшафтылар.

Күн радиациясының интенсивтілігі – күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см2 бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

Күннің тік радиациясы – күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

Қалқанды жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған.

Қатқыл – беткі қабаты қабыршақтанып қатып жататын сор.

Моласса – тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйінділер.

Мортмасса – өсімдіктер мен жануарлардың қурап қалған қалдықтары.

Морфомүсін – сыртқы күштер (су, жел, мұздық т.б.) әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)

Морфоқұрылым – ішкі және сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.

Неотектоникалық қозғалыс – неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.

Нивальды белдеу – таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

Оазис (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

Органогенді шөгінді – органикалық жолмен тараған тау жынысы.

Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

Палеоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.

Палеозой эрасы – жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340–350 млн жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі-ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыз дардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.

Перьм дәуірі – палеозой эрасының ең соңғы дәуірі, 55 млн жылға созылған. Орал – Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.

Платформа жазығы – іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық.

Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы.

Регрессия – теңіз, көл денгейінің қайтуы, ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.

Рекреакциялық жүйе – көрікті, саялы жерлер.

Реликтілі ұсақ шоқы – қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық (Мысалы, Сарыарқа).

Сапрофаг – шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.

Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).

Су буының сублимациялануы – ауадағы су буының төмен температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

Тақыр – шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

Тартпа сор – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті – тау беткейінің күн сәулесін тосып қалу әрекеті.

Тау беткейінің айналымдық әрекеті – тау беткейінің ауа ағысын тосып қалу әрекеті.

Тектоника (грек. tektonіkos – құрылыс) – геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құрылымдарын планетаның (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

Тектоникалық жарық – жердің ішкі күшіне байланысты жер қыртысының жарылуынан пайда болған жарық.

Тектоникалық қозғалыс – жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.

Теңіз трансгрессиясы – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.

Триас дәуірі – мезозой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен дәуір. 35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.

Циркті ойыс – аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.

Шашыранды радиация – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.

Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.

Ылғалдану коэффициенті – нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.

Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады).

Экзогендік геоморфологиялық процесс – сыртқы күштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.

Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.

Экологиялық жағдай – айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).

Экологиялық фактор – айналадағы ортаның тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күн қызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).

Эол (грек. aіolos – жер әміршісі), Аккумуляция (лат. accumulatіo – жиналу). Жел ұзақ уақыт айдап көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгі аймақтағы эолдық құмдар) болады.

Эффузия (лат. effusіo – төгілу) – жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау жыныстары).

Эффузиялық тау жыныстары – лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.

Агломерат (латынның aglomeratus - деген сөз) - металлургияда темiрдi әк таспен және кокспен қыздырып күйдiргенде алатын темiр рудасының кесектерi.

Акционер - акция ұстаушы, басқалармен бiрге акционерлiк кәсiпорынның ортақ иесi.

Акционерлiк қоғам - нарықты қатынастар жағдайында қаржыны орталықтандырудың бiр түрi. Бiрнеше жеке қаржының бiрiгуi арқылы акция шығарып оны сатудан түскен пайданы өзара дивидент түрiнде бөлiсуге бағытталған қоғамдастық.

Акция - иесiнiң акционерлiк қоғам капиталына белгiлi мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол дивидент түрiндегi пайданың бiр бөлiгiн алуға құқық бередi.

Аренда - жердi, малды, егiстiктi, кәсiпорын, құрылысты, техниканы, үйдi, мүлiктi уақытша немесе ұзақ мерзiмге пайдалану үшiн жасалған шарт бойынша белгiлi уақытқа жалдап алу немесе жалға беру, келiсiлген аренда ақысы төленедi.

Ауыспалы егiс - топырақтың құнарлығын сақтау үшiн егiстiк жерге дақылдарды ауыстырып егу.

Аудан - белгiлi бiр көрсеткiштерге: экономикалық, физикалық- географиялық, әкiмшiлiк көрсеткiштерге негiзделе бөлiнген аумақ.

Ассоциация - бiрыңғай экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, саяси мүдделердi iске асыру мақсатымен құрылған дербес кәсiпорындардың, ұйымдардың ерiктi бiрлестiгi.

Б

Байыту - қажетi жоқ заттардан арылту немесе жаңа затты қосу жолымен руданың, топырақтың пайдалы сапаларын жақсарту.

Бәсекелес - әдетте бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топ-топқа бөлiнген адамдар тобы және фирмалар мен кәсiпорындар түседi. Бәсекелестердiң әрекет етуi әр түрлi сипатта болуы мүмкiн шаруашылықтар арасындағы бәсеке - бұл жұмыс нәтижесiн жақсартуға бағытталады.

Банктер - ақша айналымы және несие қатынастарын жоспарлы түрде қамтитын және несие беру, есеп айыру, касса опреациялары арқылы кәсiпорындардың шаруашылық қызметiне есеп және бақылау жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер.

Банкнот - мемлекеттiк банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игiлiктердi бейнелейтiн және айналыстағы ақша қызметiн атқаратын билеттер.

Банкрот - жекелеген азаматтардың, кәсiпорындардың т. б. өз қарыздарын төлеуге қабiлетсiздiгiн бiлдiретiн ұғым. Банкрот кәсiпорындардың жабылуына не таралуына әкеп соқтырады.

Бартер - алмасу, айырбас деген ұғымды бiлдiредi. Мұнда тауарлар мен көрсетiлген қызметтер ақшасыз негiзде алмасырылады, айырбасталады.

Бизнес - жеке бастық, мекеменiң пайдасын арттыруға бағытталған iс, кәсiпкерлiк, сауда.

Бюджет - белгiлi бiр мерзiмде түсуге тиiстi болған кiрiс және жұмсалуға тиiстi шығыс ақшаларын алдын ала есептеу.

Бiрлестiк - бұл кәсiпорындардың бiрiгiп, өнiм өндiру үшiн бiрлесуi. Ол бiрнеше бiрыңғай құрылым мен бөлiмшеден тұрады, шаруашылық есеп негiзiнде жұмыс iстейдi, мұнда барлық күш қуат және қаржы бiр жерге шоғырландырылуы, өндiрiс бiрлестiгi әдiспен басқарылады.

Баж - баж салығы, салық. Басқа мемлекеттерден әкелiнетiн немесе соған шығарылатын тауарлардан, мүлiктерден ақшалай алынатын мемлекеттiк салық.

Бiрлескен кәсiпорындар - бiрлесiп күрделi қаржы жұмсаудың, басқарудың және шаруашылық есеп негiзiнде екi немесе одан да көп елдердiң, республикалардың арасында өнеркәсiпте, жол қатынастарында (транспортта), ғылыми-техникалық салада, саудада және қызмет көрсету салаларында құрылатын кәсiпорындар.

Валюта - бiр мемлекетте қабылданған (әр елдiң) ақша өлшемi, бiрлiгi (теңге, доллар, марка, франк т. б.) және оның түрлерi (алтын, күмiс, қағаз ақша).

Д

Дефицит - зәру, зиян, қат, тапшылық, жетiмсiздiк. Кiрiстен (табыстан) шығыстың көп болуы. Бiр нәрсенiң тұтынуға қажеттi мөлшерден аз болуы, тапшылығы, жетiмсiздiгi, зәрулiгi.

Дивиденд - акционерлiк қоғамның пайдасы есебiнен әр ақша үшiн акционерлерге ұдайы (жыл сайын) төленетiн кiрiс (сома), яғни акция иесiнiң табысы, акция иесiнiң алатын табысы.

Демография - халықтың құрамы мен ондағы өзгерiстердi (саны мен өсу) бала туып, некелесудi, өлiмдi зерттеумен айналысатын статистикасының бiр бөлiгi.

Дүниежүзiлiк нарық - өзара сыртқы сауда, тағы басқа да экономикалық қатынастар түрлерi арқылы байланысқан елдердiң арасындағы нарықтарының жиынтығы, яғни тауар айналасының өрiсi. Дүниежүзiлiк нарықтың тауар айналымы халықаралық еңбек бөлiнiсiне негiзделедi. Дүниежүзiлiк нарықта бәсеке заңы әрекет етедi, сол үшiн бәрi де тырысады.

Е

Еркiн сауда аймағы - экономикалық интеграцияның сатысы (құрылуы). Еркiн сауда аймағының шеңберiнде оған кiретiн елдердiң - аймақ мүшелерiнiң арасындағы тауар айналымына тарифтiк және мөлшер жағынан шек қоюшылық жойылатын болады.

Еңбек биржасы - жұмысшы күшiн, еңбектi алып-сату кезiнде жұмысшылар мен кәсiпорындар арасындағы делдалдық қызметтi жүйелi атқаратын мемлекеттiк мекеме.

Егiннiң шығымдылығы - егiс көлемiнiң 1 га-нан центнер есебiмен алынатын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мөлшерi.

Ж

Жалпы өнiм - кәсiпорынның белгiлi бiр мезгiлде (ай,жыл) ақшаға шаққандағы шығарған өнiмi.

Жүк айналымы - белгiлi бiр мерзiм iшiнде тасылған жүктiң сандық мөлшерi.

Жалпы айналым - кәсiпорынның өз iшiндегi өндiрiс көлемi қозғалысын, өзгерiсiн көрсететiн көрсеткiштердiң бiрi. Бұл кәсiпорынның барлық бөлiмшелерi белгiлi бiр уақыт iшiнде шығарған өнiмнiң және өнеркәсiптiк сипаттағы жұмыстардың ақша түрiнде бейнеленген (өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi осы кәсiпорынның өзiнде - ақ өндiрiс үшiн пайдаланылғанына қарамай) сапасының жиынтығы.

Жалақы, еңбек ақы - жалақы дегенiмiз жұмысшының өндiрiске, жасаған еңбегiне алатын ақысы. Жалақы еңбекке қарай бөлудiң түрi. Қажеттi еңбек шығынын толтырады. Жалақы қызметкердiң қоғамдық өндiрiсте жұмсаған еңбегiнiң саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей тұтынуына келiп түсетiн, қажеттi өнiмнiң негiзгi бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi. Жалақының екi түрi бар. Мерзiмдi жалақы және кесiмдi жалақы. Мерзiмдi (күндiк, айлық) жалақы мөлшерi нақты iстелген жұмыс уақыттың ұзақтығына және жұмысшының мамандығына, ал кесiмдi жалақы сапалы шығарылған өнiмнiң көлемiне байланысты болады. Жалақы жүйелерi: көтермелеу, сыйлық беру, факторлар жүйесi (техниканы жақсырақ пайдалануға, материалдарды үнемдеуге т. б.) жалақы номиналды және нақты жалақы болып бөлiнедi. Номиналды жалақы дегенiмiз жұмысшының ақша түрiнде алатын жалақысы. Нақты жалақы - бұл номиналды жалақыдан кейiн оның қолында қалатын ақшалай ақысы.

Жұмыссыздық - бұл әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, тұрақты жалақысы жоқ, еңбекке жарамды халықтың жұмыссыз жүруi. Жұмыссыздыққа әсер етушi факторлар: өндiрiстi автоматтандыру, механикаландыру; еңбектi интенсивтендiрудiң артуы, өнеркәсiптiк т. б. мекемелердiң күйзелiске ұшырауы, жабылуы, мамандануының бiржақтылығы.

Жүк айналымы - белгiлi бiр мерзiм iшiнде тасылған жүктiң сандық мөлшерi.

Жекешелендiру - мемлекет қарамағындағы кәсiпорындардың, транспорт құралдарының, тұрғын үй ғимараттарының, шағын дүкендердiң, асханалардың, қызмет көрсету саласындағы басқа объектiлердiң және басқалардың жеке меншiкке, коллективтiк немесе меншiктiң басқа түрлерiне көшiрiлуi.

Жарнама - тұтынушыларды тауарлармен, көрсететiн қызметтермен, олардың қасиеттерiмен таныстыру, iрi насихаттау жариялау.

Жартылай фабрикат - бұйым, ол қосымша өңдеудi қажет етедi.

Жеке меншiк - өндiрiс құрал жабдықтарының жеке адамдардың меншiгiнде болуы жеке меншiк иесiнiң құқығы заңмен қорғалады.

Жалгер- арендаға алушы, жалға алушы мүлiктi, техниканы т. б. шарт бойынша қабылдап алған адам.

И

Импорт - шетелден тауар әкелу. Бiр елдiң iшкi рыногына шетелден тауар әкелу.

Инвестиция - пайда не түрлi табыс табу мақсатымен өз елiндегi не шетелдегi белгiлi бiр халық (шаруашылығы саласына: кәсiпорындарға, өнеркәсiпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа) күрделi қаржының капиталдың ұзақ мерзiмге жұмсалуы.

Интенсивтi - (латынның ihlehsio- қарқынды, үдемелi деген сөзiнен)-үдемелi,үнемдi. Интенсивтендiру-өндiрiстiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жұмсалатын қаржы мен еңбектiң артуына байланысты ресурстарды анағұрлым тиiмдi пайдалануға негiздеп өндiрiстi өркендету.

Инфраструктура - инфрақұрылым. Экономиканың дамуы мен адамдардың тiршiлiк әрекетiнiң жағдайын жақсартып қамтамасыз ететiн шаруашылық салаларының жиынтығы.

І

Iшкi нарық - тауарлардың тек ел iшiнде ғана айалым жасауы, сатылуы, iшкi сауда шаруашылықтың даму процесiнде, қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң өркендей түсуi нәтижесiнде пайда болады.

Iшкi сауда - бұл өндiрiлеген тауарларды елдiң iшкi рыногiнде сату үшiн құрылған шаруашылықтың бiр саласы. Iшiк сауда елдегi өндiрiс құралдары (материалдық-техникалық жабдықтау түрi) мен өзiнiң тұтынатын заттарын қамтиды. Iшкi саудаға көтерме және бөлшек сауда салалары кiредi.

К

Көмекшi қосалқы өндiрiс - өндiрiстiк процестiң құрал-саймандар, жабдықтар әзiрлеп, оларды жөндеп отыратын бөлiмдерi. Қосалқы өндiрiс сонымен бiрге негiзгi өндiрiске көмекшi қызмет көрсетiп отырады. Қосалқы өндiрiске құрал-сайман, жөндеу, энергетикалық, транспорт және басқа осы сияқты цехтар мен шаруашылықтар кiредi.

Конверсия - азаматтық және әскери өнiмдер шығарудан азаматтық бұйымдар өндiруге бағытталуы. Халық тұтынатын бұйымдар шығаруға бейiмделедi.

Консорциум - араласу, қатысу, бiрлестiк. Бiрнеше банкiлер немесе өнеркәсiп, тағы басқа компаниялардың арасында сайланған басшыларына бағынады.

Концерн - бұл өндiрiстiк, ғылыми-техникалық даму, сондай-ақ инвестициялық, финанстық сыртқы экономикалық және басқа да қызмет функцияларын ерiктi түрде орталақтандыру негiзiнде құрылған кәсiпорындар бiрлесiтiгі.

Корпорация - бiрлестiк, қоғам одақ. Бұл көбiнесе мекемелердiң, жеке адамдардың өздерiне пайда келтiру үшiн құрған бiрлестiгi.

Концентрат - пайдалы затты байытудың (шоғырландырудың) нәтижесiнде алынатын өнiм.

Кен өндiретiн өнеркәсiп - кен шығаратын өнеркәсiп. Бұлар шығарған кендерiн (шикiзатын) өңдеу өнеркәсiбiне жiберiп отырады. Бұл өнеркәсiпке ағаш кесу, балық аулау, теңiз өнiмдерiн өндiру және су электр станциялары жатады.

Кредит (финанс) қарыз, несие - ақшаны немесе бұйымды уақытша қарызға беру.

Комбинат - түрлi өндiрiс салалары бар өнеркәсiп - шаруашылық бiрлестiгi. Өндiрiстi бiрiктiрудiң жаңа түрi - агрокомбинат аграфирма, агроөнеркәсiп бiрлестiктері.

Комплекс - (латынның comrlexus - ұштастыру деген сөзiнен) - бiртұтастықты құрастыратын өзара байланысты бөлiктердi ұштастыру. Мысалы, территорияның өндiрiс комплексi (ТПК) - қандай да болсын бiр территорияда өркендейтiн өзара байланысты салалар мен өндiрiстердiң ұштасуы.

Көтерме сауда - халық тұтынатын тауарларды, шикiзаттарды кәсiпорындарға және ұйымдарға сату.

Кеден - шекара арқылы өткiзiлетiн тауарларды тексеретiн және салық алатын арнаулы мекеме.

Қ

Құрамдастыру - бiр кәсiпорында технологиялық процесi ұқсас бiрнеше өндiрiстердiң жинақталуы. Оның шикiзатты бiртiндеп өңдеу (шойын – болат – прокат), шикiзатты толық немесе кешендi өңдеу және қалдықты пайдалану түрлерi болады.

Қоспа металдар - хром, никель, титан, ванадий, вольфрам металдарын қосқанда металл қортпаның сапасы жақсарады.

Қалдықсыз технология - кәсiпорындардың өнiдiрiс кезiнде шикiзат пен материалдарды, энергияны мейлiнше ұтымды да тиiмдi пайдаланатын қалдықсыз технологиялық процесс.

Қаржыландыру - мемлекет бюджетiнен бөлiнген ақша есебiнен кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi қаржыландыру.

Қызмет көрсету географиясы - халыққа әртүрлi қызмет көрсету түрлерiн (денсаулық, оқу-ағарту, сауда, тамақ және туризм) орналастыру жөнiндегi экономикалық географияның бөлiгi.

М

Мемлекеттiк меншiк - мемлекет қоғамдық байлықтың белгiлi бiр бөлiгiн (жердi, суды, оның байлықтарын, өндiрiстiң мемлекеттiң өмiр сүруi үшiн аса маңыздыларын) өз меншiгiне алады.

Миграция - көшiп қону. Бұл еңбекке жарамды адамдарды жұмыс бабына байланысты бiр елдi мекенге ауысуы.

Материалдық - техникалық база – шаруашылықтың барлық салаларын түгелдей электрлендіру, осының негiзiнде өндiрiстiң технологиясын, техникасының ұйымдастырылуын жетiлдiру;

Мамандыру - кәсiпорынның бiрыңғай өнiмдер шығаруға, мысалы: трактор немесе станоктар шығаруға бейiмделуi.

Менеджер - өндiрiс, өткiзу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөнiндегi кәсiптенген маман, оның қолында белгiлi бiр әкiмшiлiк - шаруашылық дербестiк болады.

Менеджемент - өндiрiстi дамыту, оның тиiмдiлiгi мен қарқындылығын арттыру мақсатында қолданылатын басқару негiздерiнiң, әдiстерiнiң және құралдарының жиынтығы.

Меншiк - материалдық игiлiктердi иемденудiң тарихи қалыптасқан түрi, белгiлi бiр тарихи қоғамның өндiрiстiк қатынастарының ең негiзгi сипатын бейнелейдi.

Мемлекеттiң әлеуметтiк - экономикалық мiндеттерi - бұл алға қойылған негізгi әлеуметтiк - экономикалық мiндеттердi, мақсаттарды шешу, яғни адамдардың әл-ауқатын одан әрi арттыруға, олардың еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, денсаулығын сақтауға, бiлiм алуына, жеке адамның жан жақты жетiлуiне, өмiр дағдысын жетiлдiруге жағдай жасау.

Мүлiк - шаруашылық айналымына қажеттi бiреудiң қарамағындағы заттар мен түрлi мүлiктердiң жиынтығы.

Маркетинг - нарық қоғамдық сұраныс пен нарықтың қатал талабына сай өнiм шығару үшiн өндiрiстi ұдайы икемдеп отыру жолында көп бағытты шаралар қолдану арқылы кәсiпорындарды басқару.

Ө

Өзiндiк жеке меншiк - қоғамның әрбiр мүшесi өз қажет жұмсалатын еңбек табыстары, жинақ қорлары сонымен қатар өзiндiк көмекшi шаруашылықта пайдаланылатын өндiрiс құрал - жабдықтары, тұрған үйлерi, т. б. жатады.

Өндiрiстi корпорациялау - бұл жекелеген дербес кәсiпорынның негiзгi өнiмдi өндiруге керектi шикiзат, материал, шала фабрикат, дайын бұйымды шығаруға қажеттi заттармен дер кезiнде қамтамасыз етi үшiн бiрлескен өндiрiс байланысы.

Өнiм көлемi - жеке бiр кәсiпорынның, шаруашылықтың не саланың белгiлi уақыт iшiнде шығарған немесе iстеп шығаруға тиiстi өнiм мөлшерi.

Өндiрiс құралдары - өндiрiс құралдары еңбек құрал - жабдықтарының негiзгi және басты бөлiгi. Оған әр түрлi машиналар, приборлар, саймандар, т. б. кiредi.

Өсiм - мiндеттеменi дер кезiнде орындамаған, төлемдердi өтелмегенi үшiн белгiлi бiр пайыз есебiнде айып түрiнде алынады.

Өнiм бұйым - белгiлi бiр уақыт iшiнде тиiстi кәсiпорынның, өнеркәсiп саласының немесе бүкiл шаруашылықтың жасап шығарған өнiмнiң жиынтығы. Өндiрiстiң шығарған өнiмi.

Өндiрiс саласы - шаруашылықтың материалдық игiлiктердi өндiретiн және оны тұтынушыларға жеткiзетiн салаларының жиынтығы. Өндiрiс саласына өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы құрылыс, транспорт, байланыс, сауда, т. б. кiредi.

Өндiрiс циклы, айналымы - еңбек заттарының (шикiзат, материалдар) өнiмдi әзiрлеуден бастап дайын өнiм шығарғанға дейiн өндiрiс процесiнде болу мерзiмi, уақыты.

Өнеркәсiп бiрлестiгi - бұл бiрыңғай шаруашылық есептегi өндiрiстiк - шаруашылық кешенi, қарамағындағы өнеркәсiп кәсiпорындары, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау конструкторлық, технологиялық және кәсiпорындар мен мекемелер болады.

Өнеркәсiп - шаруашылықтың негiзгi саласы; қоғамның өндiргiш күштердiң дамуына шешушi ықпал етедi. Өнеркәсiп қазып шығаратын және өңдеушi, өндiрiс құрал - жабдықтарын өндiретiн және халық тұтынатын бұйымдар өндiретiн өндiрiс болып екiге бөлiнедi.

Өзiн - өзi өтеу - кәсiпорынның жұмсалған шығындарын өз табысымен (өнiмдi сатудан түскен) жауып өтедi.

Өзiндiк құн - өнiм өндiруге жұмсалған барлық шығын. Өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнына барлық жұмсалған шығындар: шикiзат, материал, электр энергиясы, еңбек ақы, т.б. кiредi.

Пайда, кiрiс - табыстың, кiрiстiң жұмсалған шығыннан артық болды.

Р

Ресурстар - ол еңбек, материалдық және табиғи ресурстар, т. б. болып бөлiнедi.

Реэкспорт - ертеректе шетелден әкелген шикiзатты ешбiр өңдеуден өткiзбей алып - сату, сол сияқты тауарларды да қайта сату.

Рынок (нарық) базар - (тауар айырбасының жүйесi). Жоспарлы түрде қызмет ететiн қоғамның тауар айналымы нарығын, яғни тауар сатушылар (өндiрушiлер) мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жинтығын құрайды.

Рыноктық (нарықтық) қатынас - нарықта тауар айырбасы кезiндегi сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынас.

С

Сыртқы сауда бiрлесiтiгi - бұл дербес сауда ұйымы, заңды құқы бар мекеме, шаруашылық есеп жағдайында мемлекеттiк заңға сәйкес әрекет етедi. Бiрлестiк ереже бойынша делдал ретiнде сыртқа тауар шығаруды қамтамасыз етушiлермен және сырттан тауар әкелушiлерге тапсырма берушiлермен арадағы қарым-қатынасты шаруашылық келiсiм негiзiнде ал шетелдiк контрагенттермен (мiндеттеменi шарт бойынша алатын адам немесе мекеме) келiсiмдiлiк және шарттар негiзiнде жүргiзiледi.

Сыртқы сауда айналымы - бiр немесе бiрнеше мемлекетте белгiлi бiр уақыт аралығындағы (ай, тоқсан, жыл) сыртқа шығарылған тауарлар мен сырттан әкелiнген тауарлар құнының саласы.

Сыртқы сауда - бiр елдiң, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелу (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Бұл мемлекеттердiң бiр-бiрiмен экономикалық тұрғыдан жақындай түсуiне, олардың мемлекеттiк және экономикалық тәуелсiздiгiн нығайтуға мүмкiндiк туғызады.

Салықтар - жеке адамдардың, кәсiпорындардың және мекемелерде мемлекеттiк немесе жергiлiктi бюджетке төлейтiн мiндеттi төлемi.

Сала - өнiдiрiстiң жеке саласы, қызметтiң белгiлi өрiсi.

Серiктес, әрiптес - белгiлi бiр жұмысты бiрiгiп жасаушы, әрiптес, серiктес адам не мекеме.

Т

Табыс, кiрiс, түсiм - белiгiлi бiр өнiмдi өндiру, жұмысты атқару нәтижесiнде тиiстi кәсiпорындарға, сауда-өнеркәсiп мекемелерiне және жеке адамдарға түсетiн ақшалай табыс немесе материалдық игiлiктер.

Тәлiмi егiншiлiк - ауыл шаруашылық дақылдарын суармай өсiру.

Тұтынушы - шығарылған өнiмдi сатып алып тұтынатын адам не мекеме.

Табиғи ресурстар - олар адам еңбегiмен жасалмаған және адамдарға тәуелсiз табиғат байлықтары. Адам баласы материалдық байлықты табиғат ресурстар көмегiмен жасайды.

Тендер - белгiлi бiр жұмыстарды орындауға қажеттi тауарларды немесе мердiгерлiк iстi тапсыру үшiн тапсырма берудiң ерекше түрi.

Технология - технология 1) белгiлi бiр өндiрiс процесiн iске асыру, материалдар мен бұйымдарды өңдеу жөнiндегi жұмыстардың жиынтығы; 2) материалдар мен бұйымдарды белгiлi бiр тәсiлмен өңдеп шығару жөнiндегi жұмыс әдiстерi.

Урбанизация - қоғам дамуда өнеркәсiптi, халықты және рухани мәдениет ошақтарын iрi қалаларға шоғырландыру.

Ф

Фермер - жердi жалға алып немесе өз жерiмен кәсiп етушi адам.

Ферроқорытпа - (латынның ferrum-темiр деген сөзiнен)- сапалы болат алу үшiн пайдаланылатын темiрдiң басқа металдармен қорытпасы.

Шоғырландыру - iрi кәсiпорындарға топтастыру, яғни қуаты жоғары кәсiпорындар. Мысалы, Қазақстандағы шойын, болат және прокат өнiмдерiнiң Қарағанды толық циклдi және қайта қорыту комбинаттары бередi.

Э

Энергетика жүйелерi - жоғары вольтты электр жеткiзу желiстерiмен қосылған және бiр орталықтан басқарылатын әр түрлi типтегi электр станцияларының тобы.

Экономика - 1) қоғамның белгiлi бiр дәуiрiндегi өндiргiш күштерге сай келетiн өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдiк етушi өндiрiс тәсiлi. 2) шаруашылықты белгiлi бiр саласының ұйымдастырылуы, құрылымы жағдайы.

Экономикалық өсу - өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсатта өнiм шығаруды және қызмет көрсетудi ұлғайту.

Экономикалық-географиялық жағдай - объектiнiң (қаланың, ауданның) оның дамуына белгiлi бiр ықпал жасайтын, одан тыс жатқан объектiлерге (транспорт жолдарына, ауданға, мемлекеттiк шекараларға, iрi өнеркәсiп базаларына) қатынасы.

Энергетикалық дағдарыс - энергетикалық ресурстардың ең алдымен мұнайдың өте-мөте тапшы болып әрi қымбаттап кетуi. Энергетикалық дағдарысты монополиялар әдейi туғызады, сөйтiп олар энергияны көбiрек тұтынуға итермелейдi, сонымен қатар бiрқатар елдерде мұнай өндiрудi әдейi тежеп тастайды, сол арқылы мұнай өнiмдерiнiң бағасын қымбаттатады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі