Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан болып танылған, Уәлиханов Шыңғысұлы Мұхамедханафия - қазақтың шоқ жұлдызы ретіндегі өз дәуірінің әлемге танымал жас ғалымы. Өйткені, оның әр маржан сөзі мен көркем сыны, тәжірибелі сабағы мен зерттеу жинағы мәңгілік мұра. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі десек, аз ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан еңбекқор зерттеуші. Бүгінгі ғылымда оның зерттеу жұмыстары жоғары бағаланған жазбалардың қатарында екенін айқын білеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы,

Бейімбет Майлин ауданы,

«Тобыл орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Нурсейтова М.Ж



Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар.

Шоқан болып танылған, Уәлиханов Шыңғысұлы Мұхамедханафия - қазақтың шоқ жұлдызы ретіндегі өз дәуірінің әлемге танымал жас ғалымы. Өйткені, оның әр маржан сөзі мен көркем сыны, тәжірибелі сабағы мен зерттеу жинағы мәңгілік мұра. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі десек, аз ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан еңбекқор зерттеуші. Бүгінгі ғылымда оның зерттеу жұмыстары жоғары бағаланған жазбалардың қатарында екенін айқын білеміз. Мектеп қабырғасынан Абылайханнан тараған ұрпағы екенін, оның Сырымбет тауының бөктерінде балалық шағы өткенін біле келе, қазіргі буынға өз білгенімізді толықтыра жеткізудеміз. Алғашқы білімін туған ауылы Құсмұрында алғанымен, балалық шағы далада өткен Шоқан араб, парсы, қазақ тілдерін, сонымен қатар сурет, шығыс поэзиясын оқиды. Әкесі - Шыңғыс Уалиханов - аға сұлтан, әрі полковник шенінде болған білімді адам. Атасы - Абылайдың көптеген ұлдарының бірі, Орта жүздің соңғы ханы. Әжесі Айғаным білімді, бірнеше тіл білетін әйел. Жалпы әжесі де, әкесі де баланың бойына өз халқының дәстүрлерін білуге және зерттеуге деген сүйіспеншілікті дарытқанынан болар, Шоқан кішкентайынан зеректігін байқатты. 12 жасар ұлын әкесі сол заманның ең таңдаулы оқу орны болған Сібір кадет корпусына орналастырған күннен болашағына атқарған рөлі қалыптасқан. Сол кадет корпусында Шоқанның ой-өрісінің тереңдігін, өзімен оқыған балалар арасындағы абыройлылығын, тілді тез меңгеріп, зерек болғандығын мақтан ете келе, досы Потанин де орыс жолдастарын басып озғандығын айтқан. Зеректігін байқатқан ол, Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында саналы, терең ойлы, жан-жақты іскер, әрі білімді, көзқарасы тереңнен қалыптасқан, халқының керек-жарақтарын тауып, зерттеп түсінген. Көбіне демалыс уақыттарында ел аузынан тараған ауыз әдебиеті үлгілерін және жыр-дастандарды жинақтаған. Оның алғашқы жазған шығармаларының бірі лиро-эпостық жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры», және ең көлемді жыр «Ер Көкше». Оның қолжазбасында «Едіге» жырының да нұсқасы бар. Ал «Абылай туралы жыр» шығармаларының ең көрнектісі, сонымен қатар «Он сегізінші ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз-әңгімелер» деген еңбегінде маңызды деректер сақталған. Сол дәуірдің белгілі қайраткерлері жайында он төрт әңгіме берілген. Сол әңгімелерде Абылайға, Бөгенбайға, Жанатайға, Сырымбетке, Жәнібекке, Байғазыға, Оразымбетке, Елшібекке, Малайсарыға, Баянға қатысты сөздер болады. Қалмақ ханы Қалден Церенмен болған соғыстар мен қарым-қатынастар жөнінде мәліметтер бар. Соған қарағанда қазақ хандығы тұсында да сауаттылық, саяси мәдениет өз деңгейінде қалыптасқан. Оны сол тұстағы батырлар мен билер, хандар мен сұлтандар айғақтайды. Демек, қазіргі таңда бізге үлкен мұра ретінде қалдырушы Шоқан біз үшін өте құнды дерек жинақтаған. «Тоқтамыс жарлықтары» ғылыми ізденісі шығыстанушы ғалым Н.И. Березиннің сұрауымен кейбір сөздерінің мәнін анықтауымен аңғарылады. Ол тек қазақ тілі ғана емес түркі-монгол көлеміндегі тілдерге де жіті көңіл бөліп, оны зерттеумен айналысқан. Айтар болсақ, ол «орда», «оң қол, сол қол», «майсара» секілді сөздерді өзге ұлтқа түсіндіріп бере алуының өзі білімдарлықтығын көрсеткені. «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбектің аса маңыздысы өлең жанрының ерекшелігін ашып, сипаттама беріп, жіктей алды. Міне, қазақ фольклортану тарихындағы жемісті жеңісі осылай болғаны, оның ғылыми нәтижесінің ізденісін көрсетті. Ол тек қазақ поэзиясын зерттеуімен ғана емес, қырғыз поэзиясын зерттеуімен көзге көрінді. Үш топқа бөліп қарастырған қырғыз фольклорын алитерация мен ассонстың жиі кездесетінін айтқан. Ол қырғыздардың «Манас» жырына сахараның» Илиадасына» ұқсайтынын айтады. Жырдың қызықты жерін жазып алуы мен орыс тіліне аударуы мәңгі өшпейтін тарихи шежіре болып қалды. Көрші қырғыз елі біздің танымал этнограф, жерлес ғалымымыз Шоқанды өз қайраткерлерінің қатарына үндестіріп қойған, әрі құрметтейді. Ол іскер шығыстанушы, әлемге танымал болуының себебі, оның демократтық, гуманистік, ағартушылық көзқарасына байланысты. Шығыс елдері тарихын, тілін танып, зерттеу оның игі бастамалары болып отырды. Қысқа ғұмырында орыс еліне шығыс тарапынан ғылыми көзқарасы мен еңбектерімен көзге ілініп, дүниетанымын және заман мәселелерін түсінуімен дарынды болған тұңғыш ғалым, саясаттанушы, фольклорист деп танылған. Жалпы, Шоқанның қазақ халқының тарихы туралы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Ол шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды ғалым сипатында да, суреткер көзімен де бағалай білген. Халық мұрасының қалдырған сабақтарын ел мүддесіне таратуда, өркениеттің даңғыл жолына түсу қажеттіктеріне жаратып, оқу-білім және ғылым жүйесіне мол мұра қалдырды. Өзі кешкен ғұмырдың және оған дейінгі ғұмырдың тарихи әлеуметтік, көркем әдебиеттік сабақтастығынан туындаған құбылыстарды қазіргі таңдағы жастар үшін жеткізгендей болды. Әдебиет және оның теориясы жөнінде тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз елінің тіршілігі мен дамуына әсер етуімен қатар, әдебиетті құрастырушы ғана емес, оны қоғамдық әлеуметтік өмірге сәйкестендіруші ретінде атқарған рөлі де зор. Халық арасындағы сөз өнерінің ерекшелігін, ол адамдарды тәрбиелейді деп түсініп, дәстүрлерді назарға ала отырып, жастар жеп-ішер мінез, айлакерліктен бойын аулақ ұстауға шақырады. Адамгершілікке тән емес жексұрын қасиеттердің қажет еместігі, адам етуден қалдыратындығын айтқан. Ал оны айтушы, тәрбиелеуші халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері деп тұжырымдайды. Демек, Шоқан Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық көзқарасы өз заманымен салыстырғанда әлдеқайда биік болғанын көрсетеді.

Ш.Уәлихановтың өмірі мен мұрасы: ескі сұрақтарға жаңа жауаптар барысында ғаламтор желісінен Шоқан Уәлиханов турасында бес деректі бағдарласақ:

1. Оның сүйікті авторлары – Диккенс пен Теккерей болды деседі. Ол он екі жасқа дейін орыс тілмепті, ал әлемдік әдебетпен хабардар болуға мүмкіндігі болмаған. Содан соңғы Омбы кадет корпусына түсіп, атаулы авторлармен танысып, зерттеп оқып білген екен. Оның орыс дос-жарандары алдында алғыр, олардан оқу барысында оза жүруі елден ерекше болған. Қабілеті мол, аса жауапкершілікпен өз-өзін жетілдірген болашақ ғалым, өз талантын оқуға түспес бұрын сурет салуымен де аңғарта білген. Оны орыс досы Григорий де қолдап, мақтан еткен.

2. Шоқанның әзілқой, әрі сәнқой болуын да көптеген ақпараттардан естіп келеміз. Тарих пен мәдениет саласының керемет үздігі ретінде өзіне әдемі мүсіншелер сатып алып, сирек кездесетін кітаптар сатып алып жинақтаудан жалыққан емес, әрі әріптестері қызыға қарайтын сәнқой азамат болған. Оның бұл әрекетін орыс достары ғана емес, басқа адамдар да, ақсүйектің балалары мен қыздары қызыққанын білеміз. «Әрқашан ұқыпты киінген киімдері, жүрген жүрісі, әрі қыста киген құндыз жағалы әскери сырт киіміне дейін ерекше сәнді болған. Тіпті гигиеналық тұрғыда тырнақтарына дейін ұқыптылықпен қарап, бір саусағындағы тырнақты «қытайша» өсіргенін де айтып жатыр. Өз талғамына қарай әдемі заттарды өте жақсы көріп, ол заттарды бағасына қарап емес, әр сурет, өрнек, ой беретініне орай таңдайтынын Жарылқап Бейсенбайұлы масаттана айтқан.

3. Әкесінің анасы Айғаным әженің маноры тұңғыш ғалым Шоқанның суреттері бойынша қалпына келтірілгендігін, Айғаным қонысы – Солтүстік Қазақстан аймағындағы ең көрнекті туристік жерлердің бірі екен. Осы бір көркем шатқалда 19 ғасырдың басында император Александр біріншінің жарлығымен Уәли ханның жесіріне арналған үйлері мен мектеп, мешіт, медресе, монша және тұрмыстық қосымшалар болды.

4. Сүйікті жары Айсарамен Шоқан алты ай ғана өмір сүрген екен. Жалпы, Шоқан өмірінің соңғы жылы туралы ақпарат аз зерттелген. Бұрынғы Верный, қазіргі Алматыдан Омбыға барар жолда нашарлап, ауыр науқастанады. Алтынемелге жақын жерде жас ғалым, сұлтан-полковник Тезек Нуралиннің ауылына келеді. Өйткені, Қытайдағы мұсылмандардың ұлт-азаттық қозғалысының дамуы туралы ақпарат жинау да оған ұсынылған екен. Әйткенмен, ауылда ғалымды ұстап тұрған жұмыс барысы ғана емес, Тезек сұлтанның немере ағасы Көшен Ералиннің қызы, әсем қыз Айсара болатын. Күз келісімен олардың некелері қиылған екен. Ең өкініштісі, Шоққанның некесі ұзақ уақытқа созылмапты. Жарты жылдан соң, қазақ халқының дархан көңілді, аса еңбекқор кемеңгері жас ғалымы, жалықпайтын сұлтан-полковник Шоқан Уәлиханов көз жұмды. Артынан қалған тұяғы жоқ, тек қана жан жары Айсара, әмеңгерлік дәстүр бойынша оның ағасы Жақыпқа әйел болады.

5. Тұңғыш ғалым, географ, әрі этнограф өлімінің құпиясы да түрлі ақпараттан беріліп жатыр. Ол туберкулез, яғни өкпе ауруына шалдығып, оның ашық түрінен марқұм болды десе, қазіргі зерттеуші-ғалымдар түрлі ақпараттардың берілуіне байланысты күмандана түсті. Соған байланысты қазақ даласының қыраны қымыз ішіп өскендіктен, оның қымызды өте жақсы көргендігін, туберкулез ауруына шалдығуы мүмкін емес екендігін айтып, Шоқан өліміне келген аурудың сенімсіздік тудырғанын айта бастады. «Сібір әкімшілігі оның Санк-Петербургте патшамен танысқанына, патшаның оң қабақ танытқанына ренжіді», -деген А.Гайнс жазбасының да бекер қалмағаны болар. «Барлық деректер құпия күйінде қалды. Бірақ бұл аздаған үзінділер Уалихановтың империяның шет-шетіне қуғындалып, кейіннен уланып өлтірілгендігін көрсетеді», - деп айтқан екен Дастан Елдесов. Демек, қазақ халқы өз ұлының, тұңғыш дара дарынды ғалымның қалай болғанда да, жұмбақ өлімнің құпиясы әлі ашылмағандығын ақпараттардан оқып білуде. Сан соқтырар осындай хабар ел есіндегі еріміздің сол дәуірде көрген күнін көре алмаушылықтан туған-ау, деседі. Қайран Шоқан – ел мақтан ететін ірі тұлға, белгілі қайраткер болайын деп емес, ол еңбектері мен ғылыми ізденістерін ең құнды екенін біліп жинақтаған ғой. Оның берер үлгісі қазіргі таңда ұласып жатыр емес пе?! Түрлі деректерді зерделеп қарасақ, жай ақпарат емес-ау дейміз! Қорыта айтқанда, өз заманының феномені делінген Шоқан Уәлиханов жайында мына сілтемеде https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019... КТК телеарнасы тың ақпарат порталдарын ұсынады. Сол жерден әлі де тың дүниелер өрімінен жазар дүние көп десек те болады. Отыз жыл өмір сүріп артына өшпес мұра қалдырған қазақ даласының қаһарман ғалымы Шоқанның құпияға толы өмірі мен өлімі туралы көптеген ескі сұрақтарға жауап табылғандай ел ішінде тың жаңалықтар тарап жатыр. Алайда біз үшін маңыздысы, ол өшпес мұраны елі үшін жинақтап, зерттегені ақиқат. Мол еңбегінің жемісін зерттеп әлі де Шоқан Уәлихановтай жалғасын табар жас ғалымдар жасай бермек. Жерлесіміздің еңбегі ерен, шежіресі мол екенін баяндай келе, жатқан жері жарық болсын ғалым баба дегім келеді...Ел есінде, Ер есімі мәңгі қалмақ, ұлы даламыздың қырағы қыраны аспанда қалықтап жүр. Өскелең ұрпақ елеусіз қалдырмайтын еңбегін әлі-ақ, аңыз қып айта түседі және зерттейді. Шоқан туралы ескі сқрақтарға жаңа жауап табылуына көз жеткізер ғалымдардың боларына еш күманым жоқ. Шоқандай асыл адам туған қазақта, әлі де туады деп ойлаймын. Өткен күннен бүгіндері құпиясын ашатын болашақ ғалымдар дамып, өз деңгейлерінде қалыптасары анық. Өйткені, Шоққанның рухы биікте, шабыты ғылыми еңбектерінде деп ұғынамын. Оның ой-өрісін жаңа ғасыр ғалымдары оқып танитынына сенімдімін. Шоқан – қазіргі жас буын ғалымдарға ой салатын, әрі ғылыми еңбектерімен шабыт беретін ұмытылмас этнограф, географ-ғалым.





Библиографиялық тізімдер:

1. Исмаилов Иминов, Орденбек Мазбаев «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» 2016 жыл

2. Уәлихан Құлбаев. «Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер»

3. Асылбек Жаңбырбай «Қазақ поэзиясының түрлері жөнінде»

4. Пиалаш Сүйінкина «Шоқан Уәлиханов – 185» Даланың дара дарыны»

5. «Абай» энциклопедиясы566 -567 беттер

6. https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019... сілтемеден ақпарат алынды











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі