Материалдар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басты басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілеті.Жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті - бұл сыбайлас жемқорлықтың қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін зияны туралы білімді қамтитын жеке тұлғаның қасиеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2022
193
0 рет жүктелген
770 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1905–1907 жж бірінші орыс революциясының қазақ зиялыларына ықпалы.

Қазақ ұлттық интеллигенцияның қалыптасып, саяси көзқарасының толысып, ұлттық тәуелсіздік жолына топтасуына әрине 1905–1907 жылдардағы орыс революциясының маңызы әсері болғандығы анық.

Ресейдегі 1905–1907 жылдардағы революцияның Қазақстан үшін де тарихи кезең болғандығы даусыз факті. Бұл жылдары Ә.Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Бірақ тарих ғылымында 1905–1907 жылдардағы революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ қоғамына тигізген ықпалын талдауда объективті ғылыми әдіс емес, белгілі бір саяси мүдделерді көздеу, тарихи фактілерді сол тұрғыдан сұрыптау және бағалау үстемдік алып келді. Негізінен осы бағытта жазылған кеңестік тарихнаманның басты тұжырымы мынаған сайды: біріншіден, «Қазақстандағы революциялық қозғалыс Ресейдегі бірінші халықтық революцияның құрамдас бөлігі» болды, екіншіден, бүкіл империя көлеміндегідей «мұнда да бұл қозғалыстың гегемоны большевиктік партия бастаған орыс пролетариаты» еді және, үшіншіден, «революциялық қозғалыстың даму барысында қазақ еңбекшілерінің орыс жұмысшыларымен және қоныс аударған шаруалармен интернационалдық ынтымақтастығы нығайды».

Ал бұл көтерілістің қазақ даласына қаншалықты әсері болғандығын сол уақыттарда орын алған қоғамдағы жағдайлар көрсетіп бере алады.

1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалалырында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Мысалы, оралды Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А. Байтүрсынв пен М. Бекметовтар және т.б. ерекше белсенділік көрсетті. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшысы қуғынға ұшырады. А. Байтүрсынов Орынборға, Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Қазақ интеллигенциясының 1905–1907 және одан кейінгі жылдардағы қызметін прогресті құбылыс ретінде бағалаушылардың қатарында Т.Рысқұлов, С.Асфендияров сияқты ірі зерттеушілер де болды. Бірақ олар 20-жылдардың екінші жартысынан бастап елде қалыптасқан ауыр саяси жағдайға байланысты бұл мәселе бойынша өз пікірлерін толық жеткізе алмады. Біздің пікірімізше, бүгінгі тарих ғылымының біз қарап отырған мәселеге байланысты міндеті осы 20-жылдары қалыптаса бастаған тарихи шындыққа жақын көзқарасты жаңа әдістемелік және фактілік негізде одан ары жан жақты тереңдете зерттеу болып табылады.

Осындай бүкілимпериялық толқулар болып жатқан кезеңде ұлттық интеллигенция өкілдері де бей жай қалмады.

Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті.

Ұлт зиялыларының саяси күрес жолына шығып, саяси партиялармен, демократиялық күштермен бірігіп, топтасуында сол уақыттағы Ресейдегі жоғары оқу орындарындарының әсері болғандығы сөзсіз.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары білім алған ірі орталық, әрине, Петербург қаласы. Империяның саяси оқиғаларға толы астанасында бұл кезеңде, яғни 1889 – 1894 жылдары орман шаруашылығы институтында Ә.Бөкейхан, 1900 – 1905 жылдары темір жол транспорты институтында М.Тынышбаев білім алды. Қазақ жастары үшін, әсіресе нағыз білім шаңырағына айналған Петербург университеті еді. Ресей империясында ғана емес, бүкіл Еуропа мәдениеті мен ғылымында өзіне лайық орны бар бұл оқу орнында өткен ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың бас кезінде (17 жылға дейін) 20 жуық қазақ студенті оқып, жоғары білім дипломын иемденді. Олардың қатарында Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сұлтанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков сияқты ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы саяси өміріне белсенді араласқан қайраткерлер болды.

Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі саяси орталықтарда оқуы, сол тарихи кезеңдегі саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп, куә болуы, қоғамдық жаңғыру жолына қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардың ықпалын басынан кешіруі олардың қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей қоймады. Архивтік және басқа деректер студент қазақ жастарының қоғамдық белсенділігінің айтарлықтай жоғары болғандығын көрсетеді. Мәселен, Петербургтегі орман шаруашылығы институтының студенті Ә.Бөкейхановтың студенттік ортадағы белсенділігі туралы «\Семипалатинский листок» газетінің тілшісі мынадай куәлік келтіреді: «Орман шаруашылығы институының суденті бола жүріп ол (Бөкейханов) барлық студенттік істерде үлкен белсенділік танытты, әруақытта тым солшылдар жағында табылды. Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады». Болашақ Алаш қозғалысы лидерінің студенттік және одан кейінгі алғашқы жылдары марксистік бағытта тұрғандығын басқа да деректік материалдар қуаттайды...

Петербургтегі қазақ студенттерінің астанадағы саяси өмірге енуі олардың сол тұстағы түрлі саяси ағымдарға қатынасы туралы өте құнды деректерді Халел Досмұхамедовтың кейіннен ОГПУ орындарына берген жауап тексінен кездестіреміз. Ол былай деп жазды: «Петербургте 1- революцияның қарсаңында, яғни арасында студенттер де бар демократиялық күштер іштей тынып тұрған шақта бардым да, бірден студенттік өмір иіріміне сүңгіп, өзімнің саяси сауатымды ашуға кірістім, түрлі партиялардың бағдарламалық талаптарымен таныстым, түрлә студенттік үйірмелерде болдым, тек сонан кейін ғана орыс мемлекеті өмірінің ішкі мазмұнын түсіне бастадым. Мені және басқа қазақ студенттерін бәрде бәр саяси партияның немесе үйірмелердің бағдарламалары қанағаттандыра алған жоқ. Социал демократтар тек жұмысшылар жөнінде... кадеттер өзге халықтар турасында бір ауыз сөз айтпай, тек орыс халқының ұлылығы жөнінде айтты, ал оңшылдар болса орыстан басқа жұртты кемсітумен болды. Біз бір топ қазақ студенттері, кездейсоқ барып тыңдаған Милюковтың баяндамасында айтылған сөздерді ешуақытта ұмыта алмаспыз. Ол сөзінде «патша үкіметі жат жұрттарды дөрекі және арсыз түрде қанап, тура сол істі еппен істеп, көздеген нәтижеге жетуге болатындығын ескермей отыр» дедеі. Бұл айтылған сөз біздің сол кезеңдегі интеллигенция арасында үстемдік құрған кадет партиясына қатынасымыздың тағдырын шешті. Сол уақытта Петербургте жүрген 10 шақты қазақ студенті өз үйірмемізді құрып, Қазан және Мәскеудегі сондай үйірмелермен хат алыстық. Осы үйірмеде алғаш рет біздің негізгі тілектеріміз қалыпқа түсті. Ол: қазақ еліне толық мәдени және саяси теңдік, автономия берілуге тиіс, мұсылмандық шығыспен емес, батыс елдерімен қатынасты ныңайту, Түркиядан емес, Жапониядан үйрену, Бұқар мен басқа шығыс елдерінде емес, Ресей және батыс елдерінде білім алу, жаңа негіздегі білім мен мәдениет үшін күресу, бір сөзбен айтқанда, осы үйірмелерде тұңғыш рет кейін алашордалық қозғалыста үстемдік алған пікірлер бір арнаға түсті. 1-революция тек студенттерді ғана емес, біздің қызметтегі интеллигенцияны оятты, ең негізгі сол – мұғалімдер арасында қозғалыс ұрығын септі, ал бұл қозғалыстың басында Байтұрсынов тұрды».

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов сияқты қайраткерлер ұлттық интеллигенцияның дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күреске араласуын 1905 жылдан басталғандығы туралы пікірлерін келтіруге болады. Ол туралы да М.Дулатов «Қазақ» газетінде 1913 жылы былай деп жазған: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жол жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды»

Сонымен 1905 жыл қазақ азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси сүрес болса ең алдымен патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тәуелділіктегі қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер батыста Оралда, орталықта \Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста Жетісуда, басқаша айтқанда, кең қазақ даласының барлық аймақтарында жазылды. Жетісу облысы Лепсі уезінің қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам, арнайы делегация арқылы Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал белгілі Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді.

Ұлтттық интеллигенцияның ұлт-азаттық майданына шығып, халықты бодандық езгісінен азат ету жолында демократиялық бағытта қалыптасуына әрине бірінші орыс революциясының прогресссивті ықпалы зор деп айтуға болады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995.- 256 б.

  2. Қойгелдиев М. «Алашты» бұғаудан қашан босатамыз? // Арай.-1990.- №8.-6 б.

  3. Байтұрсынов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей. 1919.-№27(39) 3 августа.

  4. Қазақстан тарихы. Хрестоматия / Құрастырғандар: М.Қ.Қозыбаев, І.М.Қозыбаев.- Алматы, 1994. 256 б.( 63-64)

  5. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Оку құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 231б.

  6. Әбжанов X., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.-Алматы,1992. – 126б.

  7. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда . . 256 б.

  8. Қойгелдиев М. Алаш қозгалысы,- Алматы: Санат, 1995.-3686.

9. Аманжолова Д.А Партия Алаш: история и историография. Учебное пособие (Семипалатинский педагогический институт им.Шакарима) 1993 г. - 137с.; Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. - Москва:НЦ "Россия молодая" 1994.-216 с.

10. Қозыбаев М. "Еліміз Алаш, керегеміз ағаш".// Қазақ өдебиеті. №50. 16 желтоқсан 1997.

21. Омарбеков Т. 20-жылдардағы Қазақстан қасіреті.-Алматы:Санат, 1999.-2386.

12..Қойгелдиев М,, Омарбеков Т. Тарих тагылымы не дейді?-Алматы: Ана тілі, 1993. - 2086.


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!