Материалдар / шығарма Абай Құнанбаев 175 жыл

шығарма Абай Құнанбаев 175 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушыларға қосымша ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2019
1777
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы атамыздың 175 жылдық мерейтойына!


Абай Құнанбаевтың шығармашылығы - даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа балалық кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.
Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай атамыз ақындық жолына бағыт бұрады. Абай атамыз өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Абай атамыз 1885 жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абай атамыздың шығармасы болып, ақындық жолдағы ізденісін танытты. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған.
Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным деп білемін. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға.

Ақын тек адамгершілік бейнені, ізгілікті ғана емес, табиғатты, болмысты, өмір шындығын, ақылпарасатты, адамның мүмкіндіктерін, барлық тіршілікке қатсытыны ұштастырып бейнелеген.

Абай атамыз аудармашылықпен де айналысып, халқымызға шет елдердің көп шығараларын ұсынған ақын. Халқы үшін жасаған ісі зор.

Құнанбай әкесі Абайды жайдақ сумен теңеген. Оның себебі Абай атамыздың қарапайымдылығы еді. Ол қатарластарының арасында сауатты, ауқатты болса да қарапайым халыққа қызмет етуді мақсат еткен жан еді.

Абай ата – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.

Мен ақынның өмір , шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Біздің бүгінгі таңда бар мүмкіндіктеріміз жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға ұмтылмасқа?» – деген сауал еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» - деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр.

Мен де болашақта Абай атамыз сияқты ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем деймін. Ол үшін көп еңбек етіп, қайратты болуым қажет. Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым ата-бабамыздан қалған асыл мұра, аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат жасамаған халық. Мен өз замандастарымды жарқын болашаққа шақырамын. Ұлы атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып, атамызға деген сый-құрметімді білдірсем деймін. Абай атамызды танымайтын кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Ұлылығын мақтан еткім келеді. Абай сияқты аталары бар мына біз, өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік үлкен. Сол миссиямызды адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз асқақ болмақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ