МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ
Міне, аз уақыттан соң біз мектеп
табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама аламыз. Болашақта бізді
үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз
тәрізді біз де еліміздің дамуына зор үлесімізді қосуымыз қажет. Ол
үшін өзімізге ұнайтын жақсы мамандықты адаспай тауып, білгір маман
болуымыз қажет.
Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін,
білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік
қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған дұрыс. Бүгінде мамандықтың
түр-түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн.
Ұлы педагог Ушинский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз
болса және осыдан бар жігеріңізге сарп ететін болсаңыз, сізден
асқан бақытты жан болмайды», – деген екен. Кез келген түлек
мамандық таңдарда кедергілерге тап болуы ықтимал. Сол себепті әр
баланың болашағына ата-анасы, ұстазы жауапкершілікпен қарағаны
дұрыс.
Біздің бақытымыз – болашағымыз. Сондықтан,
достар, мамандық таңдауда қателеспейік!..
Болашақта кім болам?
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды
үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген
сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа
жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім
жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе
деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан
келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет
және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес
қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана
жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа
күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен
істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай
икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан
ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ
ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен
қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін
деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын,
өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген
науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай
мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай
білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы
мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар
еді.
Біздің елімізде аталған аурулар көбеюде.
Дегенмен бұларға қарсы вакциналарда бар. Мен Маңғыстау облысында
тұрамын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында
ісік ауруы орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын
болғандықтан қателесуге болмайды. Әр бір науқасқа диагноз қою
біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина
саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.
Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан
соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы
керек.
Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи
аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей
алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен,
ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты мұндай
азаптан құтқарғым келеді. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады.
Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен
өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда
жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дәрігер
мамандығының иесі боламын!....
Менің арманым.. .
.
Армансыз
адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған
арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай,
менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист
болу.
Бала
күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ
бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан
аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.
Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма
айналды.
Журналист
– қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек
шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола
алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген
адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді
адам.
Мен де,
жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да,
шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы
болғым келеді!
Кім
біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі
қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым
болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде
орындаймын!
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз
арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ
бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап
емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп
тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам
да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты
жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың
орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей
алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте
болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне
жетейік достар!