Шығарма: "Нұрлы жол"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма: "Нұрлы жол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма жазушы оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, жеке дербес ел ретінде дамудың даңғыл жолына түсті. Ел басқарушы қайраткерлерге зор міндеттер мен үлкен жауапкершілік жүгі жүктелгені белгілі. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы тәуелсіз мемлекет құру жолында қаншама адамның қажыр –қайраты, еңбегі кетті, десеңізші?! Енді ғана дүние есігін ашқан сәбидей жас мемлекетке тәжірибе жинақтау болды. Сол себепті қоғам қайраткерлері және Үкімет бірігіп тұтастай ұлт болып ұйысқан қазақ елі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ұйымшылдықпен жұмыла жұмыс жасау керек болды. Мемлекеттің өсіп-өркендеп дамуы қашанда экономикаға тәуелді екендігі белгілі. Осы орайда нақты мақсатты анықтап жаңа реформалар қабылдау қажет болды. Халықтың денсаулығы мен әлеуметтік-материалдық әл-ауқатын көтеріп білім мен ғылымды дамыту межесі тұрды. Бұл жылдары валютамыз төл теңгеміз айналымға енді.

Туған тіл- тұғырың,

Туған ел- қыдырың,-

Демекші өз ана тілімізді мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеріп, мемлекеттік тіл ретінде жарияланды. Қазақстан - көпұлтты мемлекет болғаннан кейін барлық ұлт пен ұлыстардың басы қосылып, этносаралық татулықтың арқасында Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды.

Мұндай жас мемлекеттің аяғынан нық тұруына елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған реформаларының арқасында болды деп есептеймін. Тәуелсіз Қазақстан жолында әлемдегі ең жас астана елордамыз Астананы тұрғызды. «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан», « Қазақстанның Бірыңғай тұтастығы мен толеранттылығы», «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» осылардың барлығы Қазақстанның дамушы мемлекеттер қатарына қосылып, халықаралық аренадағы беделінің артуына зор ықпал еткені сөзсіз.







Нұрлы жол - жарқын болашақ,

Қазаққа қонған алтын бақ,

Межелер жүзеге асса егер,

Мемлекет алға дамыр хақ.

Перзенттік парыз жолында,

Өтелген борыш тұр мұнда.

Қыруар іс тындырды,

Билік бар кезде қолында.

Жасасын қазақ халқымыз,

Сөнбесін шырақ, парқымыз.

Алпауыт елдерге қосылып,

Шарқ ұра берсін даңқымыз!!!





Егеменді, демократиялы ел болғанымызға отыз жылға жуықтағаны аян. Осынау Ұлы жолда береке мен бірліктің, ұйымшылдық пен татулықтың арқасында Қазақстан қуатты мемлекетке айналды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2018
732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі