Шығарма
«Қорғалжын-қара
шаңырақ!»
Қорғалжын
қорығым,
Биік қой
орының
Қоқиқаз
құсымен,
Әлемге
танылдың.
Қорғалжын –туған
жерім,қасиетті мекенім. Мен осы өлкеде туғанымды мақтан етемін.
Менің ата-анам және мен осынау құт дарыған қара шаңырақта туып-өсіп
келемін. Қорғалжын елі әнші-күйшілерді ,талай өнерпаздарды дүниеге
әкелген киелі мекен.
Мен туған жерімді
құрметтеп,аялаймын. Менің туған жерім дүние жүзіне танылған ел.Бұл
жерде аты аңызға айналған киелі орындар көп.Атап айсам,Бытығай
кесенесі, Қорғалжын қорығы,әлемге әйгілі Дудар мен Мариямның әні
шыққан жер. Сонымен қатар, тарихта аты қалған Мәдін Рахымжан
атамыз,Үлебай ақын, Кенжебек Күмісбековтей композитор мен Рабиға
Есімжановадай жезтаңдай әнші апамызды дүниеге әкелген қара
шаңырақ.
Осы қара шаңырақта сол тарихта
алтын әріппен жазылған аталарымыз бен апаларымыздың есімімен бір
көше және мәдениет үйі мен балалар музыка мектебі
бар.
Міне,бұл дегеніміз үлкендерге
деген құрмет пен зор ілтипат деп түсінемін. Қорғалжын-қара шаңырақ
деп атаудың да өзіндік мәні осында деп түсінемін.Қара шаңырақта осы
елден шыққан, аты аңызға айналған келешек ұрпаққа ерліктері мен
еңбектерін айтып отыратын үлкендеріміз
бар.
Біздің мектепте де оқушыларға
Қорғалжын туралы сынып сағаттары мен әңгіме сағаттарында үнемі
айтып отырады.
Мен өзім туған жеріме арнап
өлеңдер жаздым.
Қорғалжын құт
мекенім,
Өзіңде мен
өсемін.
Қағаз бен қалам
алып,
Жыр жазып, әндетемін
.
Қорғалжын-киелі
өлкем!
Сенде туып, сенде
өскем,
Жер барма екен сендей
көркем?
Неткен әсем, ғажап
мекен,
Осы менің, туған өлкем,-деп
өзімнің жүрек жарды жырымды осы туған өлкеме
арнаймын.
Қорғалжын-киелі мекенім,туған
жерім жылдан-жылға көркейіп келе жатыр.Осынау өлкенің жас
жеткіншегі болғаныма қуанамын.Туған өлкемде Қорғалжын мемлекеттік
табиғи қорығы бар. Ол қорыққа жылда барып,қорықтағы құстар мен
өсімдіктерді тамшалап қайтамын.Сонымен қатар, Қаражар қорығына
барып,аты аңызға айналған киелі құс Қоқиқазды өз көзіммен көріп
тамашаладым..Қандай керемет табиғаты сұлу екенін көрдім. Қорғалжын
туралы айтарым көп.Қорғалжынның топырағынан жаралған күміс көмей
әншілер мен бишілердің орнын басқан қаншама талантты тұлғалар бар.
Оларды айтатын болсам, Рысты Оразалина,Марат Әлімжанов, «Дудара-ай»
халықтық ансамблі, «Фламинго» бишілер тобын
білемін.
Бұлар Қорғалжынның
мақтаныштары деп есептеймін. Әркім өзінің туған жерін
құрметтейді.Туған жерді жырламаған,туған жерге ән-жыр жазбаған ақын
жоқ шығар деп ойлаймын.
Биылғы жыл Қорғалжын
ауданындағы Кенжебек Күмісбеков атындағы мәдениет үйіне 40 жыл
толып отыр.Осы 40 жыл ішінде бұл мәдениет үйінен қаншама өнер
тарландары өсіп-өнді.Олар Қалимұса Құсайынов,Сапар Оразалиндей
атақты режиссер аталарымыз деп білемін.Ол кісілердің ерен
еңбектерін болашақ ұрпақ білуіміз керек. Мен олар туралы осы
мәдениет үйінің қабырғасынан көрдім.Ол жерде көптеген
аға-апаларымыздың аттары мен фотолары ілулі тұр. Кішкентай бала
жүрегіммен менде шамам жеткенше, осынау құт дарыған елімді жырға
да,әнге де қосқым келеді. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел
болмас» дегендей әркімге өз туған жері өзіне ыстық.Меніңтуған өлкем
өсіп,өркендей берсін.Қорғалжын-қара шаңырақ.Биыл қасиетті мекеніме
90-жыл толып отыр.90 деген ақ уақыт емес,қара шаңырағым мәңгі жасай
берсің.Шаңырағымыз шайқалмай,биіктен көріне берсін
демекпін.
Үшсарт негізгі
мектебінің 5-сынып оқушысы
Балташ
Айсана