Материалдар / Шығарма Сәлем,сары күз 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығарма Сәлем,сары күз 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр жастағы оқырмандарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Тамыз 2018
471
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлем саған,алтын күз!Табиғат бір жыл ішінде өзін төрт түрге құбылтады.Бұл табиғаттың түрленуі-жыл мезгілдері.Жыл мезгілдеріне:қыс,көктем,жаз,күз жатады.Әр жыл мезгілі өзіне тән сұлулығымен ерекшеленеді.Мысалға:қыс-жер беті аппақ мамықтай жұмсақ қармен төселуі,жылтырап тұрған сырғанақ мұз,жапырақсыз болса да,өз әдемілігін жоғалтпаған ағаштар.Көктем-еріп жатқан мұз,бүршік атып жатқан ағаштар.Жаз-айналаның бәрін жап-жасыл кілемге төсеп,жан біткеннің барлығы қысқа дайындалуы.Ал күз ше,күз мезгілі несімен ерекшеленеді?Мен сол туралы жазғым келді...Күз келді...Бұл сөздердің өзі де бірталай нәрсені еске түсіреді.Жер бетіне басқа маусымдарға ұқсамайтын ерекшеліктерімен күз де келіп жетті.Ол жәй келген жоқ,жердің төрін қызыл,сары,қызғылт түстерге бояп келеді.Қарап тұрсаң,бұл түстердің өзара қосылып,әдемілікпен үйлесуі «алтын» түске ұласады. Халқымыз:«Күз-молшылықтың белгісі»,-деп бекер айтпаған.Осы күз мезгілінде диқаншылар өз астықтарын жинап,қоймасын толтырады.Оның ішінде сап-сары үлбіреген бидай да бар.Бұл қыстың салқын ызғарына дайындықтың соңғы бөлімі.Осы себептерге байланысты күзді «Алтын күз» деп атайды. Күздің келуінің айрықша білінетін сәті-ауа-райының күрт өзгеруі.Сұр бұлттардың аспан төрін басып алуы,қоңыр салқын ауа,әлсін-әлсін соғатын жел,найзағай мен жаңбыр,жаңбырдан кейінгі дымқыл тұман.Бұл табиғат құбылыстарынсыз күз мезгілінің келгені де байқалмас еді,сондықтан да табиғат құбылыстары жыл мезгілдерінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады.Ауа-райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне және тұрмыс-тіршілігіне үлкен әсер тигізеді.Күздің тағы бір ерекшелігі,ол-«Алғашқы қоңырау».Құшақ-құшақ әдемі гүлдерін ұстап,мектепке асыққан оқушылар.Аппақ бантик пен мектеп формасын сақтап келген әдемі қыздар мен галстук таққан ұлдар.Бұл мерекедегі әр адамның басындағы ойларын елестете де алмайсың.Кейбіреуі-алғаш рет мектеп табалдырығын аттап өтетінін,оқып,жазып,басқа да жаңа нәрселерге үйренетінін ойлап қуанып тұрса.Кейбіреулері-осы мектептің оқушысы ретіндегі соңғы жылы екенін,болашаққа,ересек адам қатарына енетіні туралы ойлап қаймығуда...Күз тек қана осы ерекшеліктерімен ғана шектелмейді.Бұл мезгілдің басқа да біз білмейтін сырлары көп.Табиғат өзінің осындай тылсым дүниелерімен өте әлемі.Күзді әр адам әрқалай елестетеді.Бірақ әрбір адам оны үлкен қуанышпен қарсы алады...

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!