Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Шығарма.Мәңгілік ел, туған жер туралы
Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма мұғалімге көмек ретінде ұсынылып отыр. Мәңгілік ел, Туған жер тақырыбы бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Маусым 2018
1183
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мәңгілік елдің – мәңгілік тіліТәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Тәуелсіздік тірегі- тіл мен рух.
ЖоспарІ кіріспеІІ Негізгі бөлім
Тәуелсіздік! Бостандық! Кім – кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен демократиялық жаңару жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.Жол! Тәуелсіздік жолы. Ол алыс пен жақынды қосады. Кешегі мен болашақты жалғайды. Біз ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқан асылымыз – тәуелсіздік еді...Біз осы асылды іздеп, соқпаққа да, сүрлеуге де түстік, тығырыққа да тірелдік, сөйтіп осыдан он сегіз жыл бұрын бір жолға түстік. Бұл жай жол емес , даңғыл болып шықты. Ол тәуелсіздік даңғылы еді. Міне еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды. Зымырап алға озған уақыт кері қайырылмайды. Көзді ашып жұмғанша кешегі дүниеге келген жас сәби , енді міне , бүгін мүшел жастан шықты, бойжеткен мен бозбала болды емес пе?Адамзат қоғамның тарихы үшін жиырма бес жыл деген ұзақ мерзім емес. Дегенмен Қазақстан үшін бұл жылдар аса маңызды тарихи оқиғаларға толы болды: осы жылдар ішінде тәуелсіз қазақ мемлекеттік жүйесін бес ғасырлық үзілістен кейін қайтадан қалпына келтірілді, еліміз өз билігін өз қолына алды. Әлемнің жүзден астам мемлекеті Қазақстанның дербестігін таныды. Желтоқсан оқиғасы. Бұл сөзді естігенде кез келген қазақ баласының көзінде үйірілген жас толады, мұңға тұнады. Ел басына күн туған желтоқсан айы талай қазақ баласын , қаракөз қыздарды жан түршігер азапқа салған уақыт. Қайтаттай ұл мен Ләззаттай қызымыз – қаншама қыршын жас ел еркіндігін аңсап , өмірден өтті. Олар жай кеткен жоқ . тәуелсіздік жақын деген алғашқы қоғырауды соғып өтті. Желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндіргенімен әлі күнге дейін талай қандастарымыздың санасын сілкіндіре алмай келеді. Олай дейтін себебіміз , қазіргі таңда желтоқсан оқиғасынан хабарсыз жастарымыздың кездесуі, ал Кеңес дәуірінің тарихын оқыған жоғары буынның 1986 жылғы қанды жексенбіні білмейтіні кемде – кем.Осы орайда еліміздің егемендігін аңсаған ұл – қыздарымыздың тағдырын жырға қосқан ақындарымызға назар аударсақ , ең алдымен Мұхтар Шаханов поэзиясы тілімізге тиек бола алады. КСРО халық депутаттарының І съезінде басын бәйгеге тігіп , желтоқсан оқиғасы жөнінде алғаш рет мәселе көтерген , Шыңғыс Айтматовша айтсақ , «Кремльдің қабарғасында тұп – тура бомба жарылғандай» етіп сөз сөйлеген Мұхтар Шахановтың съезд мінберіндегі үш минуты болашақ үшін ақиқаттың бастауындай болған еді. Ақын тілімен айтсақ :Арман ойда күмбір – күмбір күй қызып,Арғымақтың жал құйрығын түйгізіп,Аңыратып , көсілтіп бір жүректің ,Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып.Үш – ақ минут шабыт – нөсер мырза шақ,Көк тіреді көңіл біткен бір жасап.Үш – ақ минут жетеді екен мәртікке ,Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап.Өз мүсінінің тұғырын соққан желтоқсандық жастардың қатарында ерекше орын алып, небары 22 жас жасап , жасындай қысқа ғұмыр кешкен ұлттық батырмыз Қайрат Рысқұловтың есімін, ерлігін білмейтін қазақстандықты табуымыз қиын.Осы ағамызға Көктеректе ескерткіш ашылғанда ақын Мұхтар ағамыздың оқыған жыры Қайраттың рухын бұрынғыдан да көтеріп жібергендей еді.Жігеріңмен көктен өтіп,Ұлт мүддесін шекпен етіп,Төбең бір сәт көкке жетіп,Өз өлкеңе ескерткіш боп,Оралдың ба айдарлым.Қиын сәтте жалау еткен намысын ,Бағың жансын , қайсар ұлым,Жанын қиған ел үшін.Алматыға Ноғайбайдың ұлы болып аттанып,Бар қазақтың мақтаны боп,айта оралған арысым!Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы Республикалық алаңда бас қосып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын есте қалдыруға арналған ескерткіш тақта орнату рәсімі болды. Бұл ескерткіш тақта – бүкіл қазақ халқының , қала берді республикамыздың мекендейтін барлық ұлттардың рухани жеңісі.Бұл тақта- аузынан ана сүті кетпей жатып , шашынан сүйретіліп сабалаған жазықсыз жалаға ұрынған бүлдіршін қыздың көз жасын қойылған ескерткіш. Бұл тақта –әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып үлгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе – бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші.Бұл тақта – негізсіз күдікке, қудалауға ұшыраған немесе ұл – қызын күтіп , түрменің тас есігінен сығалаған қанша аналарымыз бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш. Бұл тақтада: «Елдің сол кездегіде солақай басқаруға болмайды, ұлттың арысын , халықтың намысын аяққа басуға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды»,- дегендей тәуелсіздіктің шежіре – тарихы бардай сезінесің. Жиырма бірінші ақпанда Республика Жоғары Сотының пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтар – Қайрат Рысқұлбеков , Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев және тағы басқа желтоқсандықтар толық ақталды.Бұл азаматтар мен азаматшалардың түпкі мақсаты тілі, діні, рухын сақтап, және Тәуелсіз елді аңсап армандағыны.Біз - осы елдің тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Біз үшін мұнан үлкен мақтаныш жоқ шығар. Нендей жақсылық , ерлік жасасақ, өзіміздің тәуелсіз еліміз үшін , Отанымыз үшін жасайтын , ешкімге жалтақтамайтын еркін елдің ұрпақтарымыз!Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім, тарихым , тілім, дінім деп , осы елде туғанымды мақтан тұтамын. Арманы болған бабамның,Еркіндік бүгін төрімде.Құлпырып төсі даламның ,Рухтана түсті елім де.Қыраным көкте шарлайды,Әйгілеп сені туған жер.Еркіндік жайлы, ел жайлы,Шырқалсын мәңгі асқақ ән.Төбемде нұрлы азат күн ,Менің де нұрлы жанарым.Көтерген туын қазақтың,Ұланы болам даламның. Ана тіліміздің шұрайы мен шырайына сонау ерте замандардан – ақ шетел саяхатшылары , ғалымдары, ерекше мән берген. Ұлы А.С. Пушкин қазақ даласына келіп , «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты жырларымызға тамсанып , әйгілі ғалым В.В. Радлов: «қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, аса бай поэзияға ие», - деп жазған. Астанамызға көшірмесі әкелінген қажетті Күлтегін ескерткішін, әл – Фараби еңбектері , Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламаларымызды тани отырп кейінгі жас ұрпақ , біздер, ана тіліміздің бастауы тым әріде екеніне көз жеткіземіз, мақтанамыз. Батырлар жыры, аңыздар, әңгімелер, жұмбақ – жаңылтпаштар – ана тіліміздің бүгінге жеткен алтын қазынасы.Бұлар – біздің өткен тарихымыз.Ана тілін шексіз сүйетін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін осы орайда еске сала кетейін: «тарих пен тіл тамырлас». Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалдырған мирасы. Бізді өзге халықтардан өзгешелеп тұратын ерекшелігіміз.Қазақ тілі ұлы Абайдың, Шоқанның , Мұхтардың, Ғабит, Сәбиттің тілі! Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма , осы тілмен он бір жыл бойы білім алып , болашақ кәмелеттік өмірге жолдама аларда ана тілімде өз ойымды жеткізіп отырғаныма қуанамын. Әйгілі ақынымыз Әбділда Тәжібаев:Туған елім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!- деп жырлағандай, кешегі социалистік дәуірде тарихи жағдайларға сай өз жерінде , өз елінде қысым көрген ана тіліміз өшіп кете жаздады. Қазақ мектептері , балабақшалары жабылып , орысша оқыған заманның әсерінен бұл күндері қаншама «қаракөздер» ана тілінен жұрдай күй кешуде. Президентіміз өзі де үлгі көрсетіп, теледидардан қазақша сөйлегенімен , біздің көптеген замандастарымыз ана тілін әлі күнге дейін жеткілікті білмейді. Ана тілін білмеген- Ақысы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген-Халқын сүйіп жарытпас- дегендей, ана тіліне жаны ашымаған адам өз Отанын жаудан да қорғамайды деп ойлаймын. Ана тіліміздің қадірін кетіріп шұбарлап сөйлеу де қазір кеңінен ұшырасады. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау емес пе?Болашақта қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл дәрежесіне сай болатын күн алыс емес екеніне мен сенемін. Іс қағаздар қазақша қатесіз толтырылып, көшедегі жарнамалар ана тілінде ілініп тұратын болады. «Көш жүре бара түзіледі» дейді қазақ қазақ мақалы. Көш жүрді. Ардақты ана тіліміздің де бағы жанып , туы бейіктейтін күнде алыс емес.Қазақ халқы барда қасиетті қазақ тілі өлмейді деп ойлаймын. Ақиық ақын Мұқағалиша айтар болсақ:«Ал екінші бақытым – тілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім!» «Адасқанның айыбы жоқ , қайта үйірін тапқан соң» дегендей, өзге тілдің жетегінде жүрген қандастарымыз да ойланар, тілімізге мойын бұрар, көсегесі көгеретін кезең туар деген үмітпен шығармамды аяқтамақпын. Ана тілі туралы жайлы айтылар ойлар, пікірлер ешқашан таусылмайды. «Егер туған тілім ертең жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген ақын Расул Гамзатовтың сөзімен түйін жасамақпын. Халқыңмен мәңгі жаса, қадірменді Тәуелсіз елім мен рухым және ана тілім!
Жұмағалиева Мирамгүл ҚайыржанқызыШыңғырлау ауданы, Қуағаш негізгі орта мектебі.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тәуелсіздік тірегі- тіл мен рух.
ЖоспарІ кіріспеІІ Негізгі бөлім
- Тәуелсіздігім – теңдігім.
- Тәуелсіздігімнің айбары – желтоқсан.
- Анамның тілі- ардақтым менің.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)