«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз»
Кулмаханова Шынара Нуруллаевна
1983 жылы 13-ші сәуір күні Мақтаарал ауданы, Бірлік ауыл әкімшілігі
Алғабас ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласында орналасқан Қазақ
Өзбек Инженерлік Гуманитарлық Университетін тамамдаған соң 2003
жылы Еркінабад ауылында орналасқан №113 жалпы орта мектебінде
өзінің еңбек жолын бастады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов :
«Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай
болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете
білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.
Ғасырға жуық уақыт өтсе де , Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.
Балаға бімі мен мейірімін аямаған білікті ұстаз, жаңашылдыққа жаны
құмар әріптесіміз №32 жалпы орта мектебінің география пәнінің
мұғалімі Шынара Нуруллақызы ұстаздық жолында 20 жылдан бері қызмет
атқарып келеді. Ол өзінің еңбек жолында жас ұрпаққа білім мен
тəрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып
жатқан өзгерістерді ескеріп, зама талабына сай шәкірт тәрбиелеуді
алға мақсат етеді. Өз мақсатын жүзеге асыру барысында география
пәніне оқушылардың қызығушылығын арттырып, пәндік білімдерін
жетілдіріуде. Мектепте жыл сайынғы түлектерді ҰБТ дайындап грант
иегері атануға үлкен үлес қосып жүрген шығармашыл ұстаз. Оқушыларды
пән олимпиадаларына дайындап көптеген жетістіктерге жеткен.
Шәкірттері аудандық, обылыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары.
География — қоршаған табиғи ортаның ерекшелігі туралы жазылған
ілім. Географияны оқу — табиғатты танып-білу. Табиғи ортаны, ондағы
өзгерістерді танып білу жас ұрпақтың дүниетанымы, білім мен
тəрбиеге байланысты қалыптастырыу мақсатында мектепте «Жас эколог»
клубына жетекшілік етеді. Жас эколог клубының мүшелері көптеген
экологиялық сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленген. Оқушы
жетістігі қашанда ұстаздың мерейін өсіреді демекші, ауданда
ұйымдастырылған экологиялық фестивальдің бірнеше жыл 1 орын алып
обылыс көлемінде жүлделі орындар иеленген. Жас экологшыларды
«Ornis-2018» байқауына шеберлікпен дайындап «Тоты құс» командасы 3
орынды иелені үшін марапатталды. Дарынды оқушылардың даралығы мен
дарынын, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып «Зерде», «Дарын»
ғылыми жұмыстарының жеңімпаздарына жетекшілік етуде. Шәкірті «Жас
ғалым» медальімен марапатталған. Жетекшісі ретінде обылыстық білім
басқармасының алғыс хатымен марапатталған. Қазіргі уақыттағы ең
басты мəселелердің бірі болашақ педагог мамандарын дайындау болып
табылады. Бүгінгі жас маман — ертеңгі мектеп мұғалімі, оның кəсíби
шеберлігін, білім мен тəрбиенí ұштастыра білуін үйрету — тәлімгер
мұғалімдерінің міндеті. Шынара апай мектепте бірнеше жылдан бері
жас мамандарға тәлімгерлік етіп келеді. Білікті маманнан тәлім
алған жас мамандардың да кәсіби дамуы, білім беру саласында да
жоғары нәтижеге жетуде. Ол білім беру жүйесінде тұлғаны
шығармашылыққа тəрбиелеуде, жастардың қабілетін, іскерлігін
дамытуда, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін
сезінуде, жер бетіндегі тіршілікті сақтауда география пәні үлкен
роль атқаратынын үнемі атап өтуде. Халқымыздың педагогикалық
тəжíрибесí ғасырлар сонарында қалыптасқан ұшан-теңіз үлгі-өнегеге,
ізгілікті дəстурге бай рухани қазына. Ұлы Аристотель
«тəлíм-тəрбиенің негізі — халық тәжірибесінде» деп көрсеткендей,
Шынара апай өзінің іс-тәжірибесін аудан, облыс көлемінде таратып
жас ұстаздарға үлгі болуда. География пәніне байланысты
педагогикалық идеяларды, авторлық, әдістемелік бағдарламаларды
құрастырып таратушы автор практик болып табылады. Жақсы ұстаз-бұл
қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуальдық,
шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Шынара әріптесіміз оқытудың жаңа
технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы
жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп
есептеймін. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін
оқытудың көптеген жаңа әдіс –тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибесінде
ұтымды пайдаланып, шәкіртінің білімін шыңдаған ұстаз – шын жаңашыл
ұстаз деп білемін. Шынара Нуруллақызы әріптестері арасында зор
беделге ие, шәкірттерінің сүйікті
ұстазы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шығармашыл ұстаз жаңашыл ұстаз

шағым қалдыра аласыз