Материалдар / Шығармашылық есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне көмек үлгі ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
303
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп- интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какимова С.Ш-ның 2018-2019 оқу жылының 1-ші жартысында жүргізген жұмыстарының рефлексивті есебі

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.Мұғалімдер өз жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек,оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес,жалпы алғанда оның оқуын барынша даралап,оқушының бойында –қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып,оны тұлға ретінде дамытуға икемділі танытулары тиіс.Сондықтан шығармашылық зерттеушілікке «Оқу үшін бағалаудың оқушының өзін-өзі реттеуіне ықпалы» тақырыбын алдым.Мақсат:Оқу үшін бағалау арқылы әрбір оқушыны өзін-өзі реттеуге дағдыландыруМіндеттері:-Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай тапсырмалар бойынша оқу үшін бағалауды тәжірибеде жүйелі пайдалану-Өзін-өзі және өзара критериалды бағалау арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту және өзін-өзі реттеуге бейімдеу-Оқу үшін бағалау әрбір оқушының білімдік дамуына,пәнге қызығушылығына,өзін-өзі реттеуіне ықпал ететініне көз жеткізуНәтиже:Білім сапасы артады,оқушы өзін-өзі реттейдіКездескен қиыншылықтар:-Блум таксономиясы бойынша деңгейлік жұмыс жасауда тапсырмалар күрделірек болып кетті-Тапсырмалардың күрделілігінен сабақта уақыт тиімді пайдаланылмады-Топтарда бағалау шынай жүргізілмедіҚол жеткен жетістіктер:-Сабақты жоспарлаудың жаңа үлгісін үйрендім,ОМЖ,ҚМЖ Блум таксономиясының ойлау деңгейлері бойынша құрдым-Топтық жұмысты ұйымдастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйрендім-Топтық жұмыс барысында бағалаудың бірнеше түрлері қолданылдыКелешекте атқарылатын жұмыстар:-Блум таксономиясы негізінде ізденіспен жұмыс жасауды жалғастырамын-Жеті модульді сабақ жоспарына ықпалдастыра отырып,ресурстар қорын жинақтаймын-Оқу тиімділігін арттыруда жаңа технологияларды жүйелі пайдаланамын-Сабақтарда оқушыларды ойландыратын жоғары деңгейлі тапсырмалар жүйесін дайындаймын-Оқушының өзіндік,жұптық,топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруде ынтымақтастық ахуал орнатуды жандандырамын.Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі -ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өмірге икемді тұлға қалыптастыру. Сондықтан, мектеп мұғалімінің басты мақсаты - оқушыға тиянақты білім беру және алған білімін қолдана алатын деңгейге жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оқушыларды шығармашылыққа үйрету, оқушылардың сенімін бекемдеп, білімге деген ынтасын арттыру басым міндет. Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және адами қасиеттерді, қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыруда, функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiкті сезiнуде, қазіргі әлемде Қазақстанның орнын түсінуде және ел әлеуетін көтерудегі өз үлесін ұғынуда әдебиет пәнi үлкен рөл атқарады. Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Өз іс – тәжірибемде инновациялық технологияларды, ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ұмтыламын . Әр сабақта деңгейлік тапсырмалар, логикалық тапсырмалар орындату арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытып отырамын. Пәндік олимпиадаларға, пікір сайыс ойындарға, сырттай өтетін интеллектуалдық сайыстарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Әдебиет сабағында мен қолданатын әдіс-тәсілдер: «Аялдамамен оқу», «Оқу және түсіну», «Әдебиет үйірмесі», «РАФТ стратегиясы», «Кейіпкерге хат», «Семантикалық карта», «Дебат-әңгіме» т.б. Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, ойлауға дағдыланады, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықталады, білімге құштарлықты дамиды, зерттеуге ынталанады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі. Диалогтік оқытудың Мерсер айтқан 3 түрінің бірі-әңгіме-дебат пікірталасқа тартуда баланың ана тілін, мемлекеттік тілді мазмұнды, мағыналы таза сөйлеуге мән беріп отырамын. Оқушыларға өтілген тақырып төңірегінде сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға боладыСонымен қоса,сабақтан тыс іс-шараларға да оқушылар белсене араласады. Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 17-22 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі.Осы олимпиаданың қалалық кезеңінде 9-сынып оқушылары Мұхтархан Жансая 1-орын,Анарбек Ақмарал 2-орын,Жұмабеков Арнұр 3-орын иеленді. 09—10. қараша күндері 9-10-сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талқылау бойынша республикалық семинарны қатысып,модератция жасадым. Тоқтыбаева Г.О.- оқулық авторы «Арман-ПВ» баспасы;Рауандина.А.К- оқулық авторы «Атамұра» баспасы;Арын Е.О. оқулық авторы «Атамұра» баспасы;Абдрахимова Г.Д. – оқулық редакторы«Мектеп» баспасы;Қапалбек Б.С. – оқулық авторы «Мектеп» баспасынан келіп пән мұғалімдерімен пікір алмасты.Баспа авторлары жаңартылған мазмұндағы оқулықтар презентациясын жасап жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен таныстырды. Пән мұғалімдері талқылау сұрақ-жауаптар арқылы қорытынды шығарып ұсыныстар жасады. Қарашаның 15-күні Астана қаласында ғылым және білім министрмен кездесуде болдым.Жаңартылған білім бағдарламасы,оқулықтағы тапсырмалар жүйесі,репетиторлықты заңдастыру мәселелері туралы келелі пікірлер айтылып талқыланды. Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтіп "педагог-шебер" біліктілік санатына құжаттар тапсырылды.9б-сыныбында әдебиет пәнінен ашық сабақ өткізіліп ОӘО-ң әдіскері сабаққа қатысып жоғары баға берді. -сайтына материалдар : сабақ жоспары,презентация,қмж т.б Материалдар жарияланып сертификаттар мен алғыс хатқа ие болдым. Пән мұғалімі Какимова С.Ш
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!